Боксшының жеке дайындығын психологиялық тұрғыдан бақылау. Боксшыны жарысқа дайындау



Дата24.11.2022
өлшемі77.02 Kb.
#179349
Байланысты:
дәріс бокс


Дәріс тақырыбы: Боксшының жеке дайындығын психологиялық тұрғыдан бақылау.Боксшыны жарысқа дайындау.
Жарыс алдында боксшыларды психологиялық дайындаудың үлкен маңызы бар. Психологиялық дайындықтың бірнеше әдістері бар: Психология – педагогикалық, медициналық – биологиялық және боксшыларды өзін - өзі психологиялық дайындауға үйрету. Психологиялық – педогогикалық әдіске сөз-әңгімемен әсер ету, боксшыға жан – жағындағы жақсы әсер ететін адамдардың не ұжымның ықпалын пайдалану,жарысқа қатысудың пайдалы жақтарынаынталандыру және дайындық пен демалысты тиімді
пайдалана білу. Медико – биологиялық әдіске талдамалардың белгілі бір аймағына
әсер ету, жүйкені реттеу және сергіту жаттығулары, жүйке – терепевтік тәсілдер, жүйке дәрілерін қолдану, боксшыны өз күшіне сендіру.Боксшыны өз - өзін психологиялық ұйымдастыруға тәрбиелеуге – боксшыға өз мінез – құлқы мен жүйке – санасы қандай күйде болмасын сана мен нерв мүмкіндіктерін ұрыста жеңу жағына қарай жұмылдыра білуге сана, өзін реттейтін әдістерді жетілдіру өз еркін ұстай білу және басқалар жатады. Боксшыларды жарыс алдында психологиялық дайындау келесі мақсаттарға тіреледі: - Боксшыларды жарыс алдында психологиялық дайындау келесі мақсаттарға тіреледі:
-болатын жарыстың шарттары және қарсыластары жөнінде мәлімет алу.
-қарсыласының психологиялық дайындығы жөнінде мәлімет алу.
-боксшының өзімен оның дайындықдеңгейін талқылау:
-жарысқа жақсы дайындалу үшін бар мүмкіндігінше еркін күштерін жұмылдыруды
қалыптастыру, дайындық кезеңіндегі қиындықтар мен оқастан кездесетін кедергілерді жеңе білу:
-өз күшіне және жарыстың сәтті болатынына сенімін қалыптастыру.
-боксшының психикалық жағдайына жақсы, пайдалы әсер ететін мүмкіндіктер туғызу:
-боксшының өз психикалық жағдайын реттей білу қабілетін жетілдіру.
Болатын жарыс туралы мәліметтерге: оның болатын жері,ол жердің табиғи ерекшеліктері,ауа райы,боксшылардың жататын орны, мүмкіндік болса төрешілердің құрамы,көрермендердің назары т.б. жатады.Өзінің қарсыласы туралы мәліметтерге: оның спорт дәрежесі, қатысқан жарыстары, ұрыс жүргізу тәсілдері, техника, әдіс – айла ерекшеліктері,ерік санасы, сапа жүйке тұрақтылығы т.б. жатады. Қарсыласының психикалық дайындығы туралы, оның дайындық жаттығулары жөнінде күн тәртібі,
жеңіске деген сенімі, ерік санасы, көңіл – күйі т.б. жайында білу керек. Осы аталып өткен мәліметтерді боксшыға жаттықтырушысы әңгіме кезінде айтуы керек. Жаттықтырушы боксшымен оның психологиялық ерекшеліктеріне мұхият талдау жасайды. Дайындықтың тиімді әдістерін талдада жаттықтырушы боксшымен жаттығу жұмыстарының жүйесін, демалыс мазмұнын, жалпы дайындығы мен арнаулы дайындық әдістерін қиындықтарды, өткен жарыстармен болатын жарыстағы ұрыстарды талдап, осылар туралы оның пікірін білу керек, сана жүйке қасиеттерінің пайдалы, зиянды жақтарытуралы, жеңіске кедергі келтіретін тұстарын түзету жөнінде пікір алысқан дұрыс. Жарыс алдында өтетін дайындық жиыны кезінде боксшы көңілін өтетін жарыстың сәтті болып, жеңіске жететініне сендіру керек. Жаттықтырушы боксшымен әңгімелесе отырып өтетін жарыстағы жеңістің
оның болашақтағы табыстарына, спорт шеберлігінің өсуіне маңызын түсіндіреді. Боксшы да өзі үшін және өз ұйымы алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, жеңіске табанды, күнделікті дайындық еңбегінің арқасында жететінін түсіну керек. Боксшының бар білімі мен білгенін дайындық жұмыстарына жұмсауы үшін оның санасында жеңіске жетемін деген сенімін туғызу керек. Дайындық кезінде, жарыс кезінде кездесетін қиындықтар мен ауырлықтарға, кенеттен болатын өзгерістерді жеңе білуге алдын – ала бірте – бірте үйретіп, дайындау керек.Жарыс алдындағы дайындықтар жарыс кезіндегі жағдайларға неғұрлым жақындау етіп өткізіледі. Арнаулы және снарядтағы жаттығуларды үдемелілікпен, «жұлқу» қарқынмен жасату керек.Дайындықты ашық аспан астында, әртүрлі ауа райы жағдайында өткізген де дұрыс.Әріптесімен дайындық ұрыс жасағанда, қарсыласын әртүрлі әдісі бар
боксшылармен алмастырып отыру керек. Боксшыны психологиялық дайындаудың ең негізгі міндеті,оның бойында өз күшіне деген сенімін ояту және соған сендіру. Ол үшін боксшыға дайындық кезінде оның техникалық, әдіс – айла және жалпы дене дайындығынан жақсы дәрежеде өскендігін, қазіргі уақытта жақсы спорттық қалыпта екенін айту керек, және қарсыласы қандай күшті және дәрежелі болса да оның бәрібір бір жетімсіздігі болатынын, егер жеңіске жетемін десе бар күшін дайындық
жұмыстарына салу керектігін түсіндіру қажет. Болатын жарысқа жалпы баға беріп, онда кездесетін қарсыластарының ұрыс жүргізу тәсілдеріне талдау жасап, жарыс алдында күн тәртібін, өз салмағын қалай ұстау керектігін, жарыс кезінде өз күшін қалай сақтай білуді айта отырып қандай қарсыласы болса да дайындық деңгейі ұрысты сәтті аяқтауына толық мүмкіндік беретіні түсіндіріледі.Онымен қоса қарсыласын өзінен төмен де жоғары да қоюға болмайды.Еркін шартты ұрыстардағы не спаррингтегі
оның ұрыстарын, дайындық шеберлігін көтермелеп, мақтап қойған дұрыс.Өз ұйымының оған сенетіндігін айту керек.Сонымен қоса өмірде кездесетін зиянды әсерлерден де боксшыны, әсіресе жарыс алдында қорғай білу керек.Зиянды әсерлер – табиғат жайсыздықтары, тұрмыс жайсыздықтары,адамдармен қарым – қатынас,жарыстағы қарсыластары жөнінде өзіне жайсыз мәліметтер, жұмыс не
оқуындағы, жанұясындағы жайсыздықтар т.б. болады. Сол сияқты дайындалатын жердің, құрал – жабдықтардың қолайсыздығы, нашар дайындық қарсыластарынан қорқыныш т. б болады. Жарыс алдында болатын дайындық жиындарында кездесетін осындай қолайсыз жағдайларды болдырмау жаттықтырушының негізгі міндеттерінің бірі. Дайындық жұмыстарымен қоса боксшылардың демалыс уақыттарын дұрыс ұйымдастыра білу олардың пихологиясына жақсы әсер етеді.Дайындық жиындары кезінде күн тәртібі қатаң сақталғанымен, демалыс пен көңіл көтеру
боксшының өз көңіліне қарай жасалады.Мысала коно көру,ән-күй тыңдау ,той жиындарда болу т.б. шаралармен көңіл көтеруіне болады.Қорыта айтқанда боксшының дайындық жыйыны кезіндегі психологиялық көгіл күйі оның күн тәртібімен, тұрмыс жағдайымен, демалысымен дайындық жұмысы
жоспарының оның жеке ерекшеліктерін ескеріп жасалуымен, айналасындағы боксшылармен және жаттықтырушымен қарым қатынасымен тығыз байланысты.
Боксшының бұл психологиялық дайындығы тек жарыс алдында ғана емес ұрысқа түсер алдында,ұрыстағы үзіліс кезінде де пайдаланатын шаралар.«Патриоттық іс-әрекет әрбір жеке адамның,елінің,туған жерінің келешегі үшін, отан мұддесі үшін сапалы түрде өз еркімен адал қызмет етуімен анықталады.Боксшы жарысқа келгенде,техникалық әдіс айла, психологиялық жағынан жоғарғы
дайындықта болып, жұмыс қабілеті жоғары деңгейде болып, кездесетін кез-келген шиеленіс жағдайлар мен қиындықтарға төтеп бере алатын жағдайда болуы керек. 7-8 күнге созылатын жарыстарда боксшы 4-5 ұрыс жасайды. Осы уақытта ұрыс жүргізуде қорғануда,шабуылға шығуда өзіне тән ерекшеліктерібар боксшылармен кездеседі. Осындай боксшылармен сәтті ұрыс жасап, үлкен әдіс-айла шыдамдылық,
ептілік көрсетумен қатар, жеке ұрыстарда ғана емес, жарыстың аяғына дейін өз күшін дұрыстап сақтап, қиын ұрыстарда да жеңіске жететін дәрежеде болу керек. Сондықтан жарыс кезінде боксшының психологиялық дайындығы өте жақсы болу керек. Әр боксшының өзіне тән мінез-құлқы, көңіл-күйі, жарысқа өз көз қарасы болатындықтан, оларды психологиялық дайындаудың өзі әртүлі.Жарыстың
бірнеше күні жеребие салынған соң боксшының қарсыласы белгілі болады, егер қарсыласы күшті боксшысы болса,бар күші осы ұрысқа салу керек.Кейінгі қарсыластары алғашқыдай күшті болмауы мүмкін,бұл жағдайда күштің көбін соңғы ұрысқа сақтаған дұрыс болады.Салмақ қуатын боксшыларға салмағы қалпына келгенше қиындау болады.Олар жарыстын соңғы күндері өздерін жақсы сезінеді.
Сондықтан қарсыласы салмақ қуатын болса, боксшы онымен жарыстың алғашқы күндері кездескенін қалайды. Боксшымен оның жаттықтырушысы жеребие өтіп, қарсыласы белгілі болған соң әдіс айла дайындығын қарсыласының күшіне дайындайды. Бірақ қарсыласының күшін өзінен жоғары санау өзіне
сенімсіздік туғызуы мүмкін.Сондықтан қарсыласы өзінен басымдау болса, жаттықтырушы шәкіртіне қарсыласының әлсіз тұстарын атап, ал шәкіртінің басым жақтарын көрсетіп, он жігерлендіре білу керек.Қарсыласының әлсіз тұстарына оның дайындығының жетімсіздгін немесе оның жасытығын (тәжирбиесі аз, еркі әлі шынықпаған) не үлкендігін (жылдамдығы, шыдамы төмендеу айтуға болады)
сонымен қоса жоғары қарқынмен ұрыс жүргізе алмайтын бір ғана ара қашықтықта ұрыс жүргізетін т.б. жетімсіздіктері бар қарсыластары болуы мүмкін.Ал қарсыласынан өзін басым санаған жағдайда,қарсыласы бар күшін жұмылдырып,бұл күтпеген қарсылық көрсеткен жағдайда ұтылып қалуы да мүмкін,жаттықтырушының жарыс кезде секундант болуы өте жауапты кезең.Ұрыстың алғашқы
раундын мұқият бақылап тұрып,өз шәкіртінің де оның қарсыласының да ұрысын бақылайды. Раунд біткен соң шәкіртіне әрі қарай қалай ұрысты жүргізу керек екенін айтады, қарсыласының әлсіз жерлерін оны қалай пайдаланып ұруға болатынын, боксшының өзінің дұрыс, дұрыс емес жерлерін түсіндіріп ұрыстың бірнеше раундта қалай өткенін айтады. Спортшы ұрыста бақылап тұрған секундантқа ұрыстаң
қалай болып жатқаны, шәкіртінің қалай ұрып, қай жерде қандай қателік жібергені сияқты әрекеттері жақсы көрініп тұрады.Сондықтан үзіліс кезінде оның берген кеңестері боксшыға жақсы кеңес береді.«Жақсы төбелестің осылай жалғастыра бер, бұл раундта қарсыласың жеңілді, бірақ келесі раундта ол шабулды күшейтуі мүмкін, сондықтан қимылыңды өзгертіп, алдамшы әдіске көш»- деген сияқты кеңестер беруге болады. Раундта шәкірті жеңіліп қалған кезде, оның жеңілу себептерін оған түсіндіріп,
келесі раундта қалай ұрысты жүргізу керек екенін айтады. Екінші раундтан кейін кімнең басымдылығы көрінеді. Бұл кезде екінші боксшы да шаршаңқырайды. Шаршағанын, ұрыстың қиындығын жеңе білген боксшы ғана жеңіске жетеді. Сондықтан екінші боксшы да шаршаңқырайды.Шаршағанын ұрыстың қиындығын жеңе білген боксшы ғана жеңіске жетеді.Сондықтан екінші үзілісте боксшыға психологиялық жағынан әсер ету керек.«Осы ұрыста ұтсақ, спорт шеберінің мөлшерін орындайсың
немесе құрама командыға кіресің немесе сенің жеңісіңмен команданың жеңісі шешіледі». т.с.с боксшының намысын, шешімін оятатын сөздер айтылады. Алғашқы ұрыста күшті қарсылас кездесіп,
оны жеңген боксшы кейінгі ұрыстарда босаңсып кетуі де мүмкін, жаттықтырушысы мұндай жағдайды болдырмауға тырысуы керек. Боксшының барлық ұрыстарын жоғары дәрежеде өткізуді, әрине, бола да бермейді, жасаған барлық ұрыстарда күшті де бірдей пайжалану мүмкін емес, сондықтан реті келсе ұрысты ерте бітіру (накаут) оның келесі ұрысқа шаршамай, тың келуіне мүмкіндік береді.
Спаррингтерде, бакылау дайындықтарында 3-4 раундты жоғарғы қарқынмен, боксшыларды алмастырып отырып, жасатукерек. Боксшыларды тандау спаррингінде әр боксшы өзіне тән қарқынмен, өз әдіс -ерекше ліктерімен ұрыс жасайды.Спаррингтан кейін снарядтарда жаттығулар жасаткан дұрыс. Жарыс аддындағы дайындықгьң соңғы аптасында әр тәсілді жылдам боксшылармен (қарқында,солақай,әдісқой) еркін ұрыстар жасайды. Дайындық деңгейін көтеруде массаж, моншаның маңызы үлкен.Дайындық кезінде уакытылы ұйкының маңызы көп, ауасы желпітілген бөлмеде 8 сағат
түнгі ұйқы және түстен кейін 1 - 1.5 сағат ұйықтаған дұрыс.Әртүрлі жаттьпулар, спорт ойындары, таза ауада қыдыру, жеңіл кросс жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу сияқты демалыстың пайдасы көп.Бұлай жаттығу боксшыньң дене дайындығын дамытып кана коймайды, сонымен қоса ағзаның қалыпқа келу жағдайларына, жұмыс қабілетінің артуына себепкер болады.Осылай жаттығумен үдемелі жүктілікті алмастырып отыра дайындау арнаулы дайындық кезеңнін 2-3 аптасында болтаны дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет