Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев сейсмологиялық болжамдардың қаншалықты дұрыс екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Алматыда өткен брифингте Дәулет Сәрсенбаев сейсмологтардың “қуатты жер сілкінісі болмайды” деген болжамына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ аталған болжамдардың не себепті орындалмағанын түсіндірді.

“Комиссия отырысында бірінші кезекте қуатты және жойқын жер сілкіністеріне қатысты қорытындылар берілетінін атап өткім келеді. Тіркелмеген оқиғаларға келсек, Алматы мен облыста жылына 600-700-ге дейін сейсмикалық құбылыстар болып, оның 10-15-і ғана сезіледі. Біздің комиссия жинала отырып, орта мерзімді перспективада бір жылға, қысқа мерзімді перспективада бір аптаға аралық баға береді. Біздің болжам орындалмайды деу дұрыс емес. Біз Алматы ғана емес, Алматы облысы мен Жамбыл облысы сейсмикалық қауіпті аймақта тұрғанын ұмытпауымыз керек. Біздің аймақта бұған дейін жер сілкінген, сілкініп жүр әлі де дүмпулер болады”, – деді Дәулет Сәрсенбаев. 

  • "Вертикалды жер сілкінісі": Ғалым бүгінгі зілзаланың қаңтармен салыстырғанда анағұрлым күшті болуының себебін түсіндірді
  • Түнде жер сілкінісі болатыны туралы қауесет алматылықтардың үрейін ұшырды: ТЖД басшысы желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Сейсмология институтының директоры олардың болжам жасамайтынын, тек аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға беретінін атап өтті. Сондай-ақ ол әлемде ешкім жер сілкінісіне қатысты нақты болжам жасай алмайтынын айтты.

Бұған дейін ТЖД қауіпсіз болып саналатын университет пен мектептен не себепті оқушыларды үйлеріне қайтарып жібергенін түсіндірген еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.