Болон процесі орталығының жетекшісіне қызметтік нұСҚАУ



жүктеу 59.26 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі59.26 Kb.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университеті





БОЛОН ПРОЦЕСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІНЕ

ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУ

Орал,2014

Бет:5-тің 2-сі

Ақпараттық мәлімет::


  1. Дайындалды: 01.09.2014 ж. Л.А.Садыкова

  2. Алғаш рет енгізілді

  3. Енгізілген күні: 10.09.2014 ж.

  4. қайта қаралады: 10.09.2017 ж.

  5. Өзгертулер:






Енгізілген күні

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5









Бет: 5-тің 3-сі




Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолдану саласы

  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттігі

  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

Бет: 5-тің 4-сі



    1. Мақсаты

Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойыша - БҚМУ) Болон процесі орталығының жетекшісінің бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.


    1. Қолданылу саласы

2.1 Осы нұсқау БҚМУ Болон процесі орталығының жетекшісі үшін жарамды.


    1. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

3.1 Осы нұсқауда қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелеріне сәйкес келеді. Негізгі ережелер мен сөздік.

3.2 Қолданылған қысқартулар БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ. 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.




    1. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

4.1 Болон процесі орталығының жетекшісі жауапты:

4.1.1 білім берудің үшдеңгейлік жүйесін қамтамасыз етуге;

4.1.2 оқытудың академиялық еркіндігін қамтамасыз етуге;

4.1.3 ECTS сайтының жұмысын бақылауға;

4.1.4 дипломның еуропалық үлгідегі қосымшасына көшуге;

4.1.5 білім беру бағдарламаларының рейтингісі мен жоғары білім берудің сапасын бақылау бойынша шараларға қатысуға;

4.1.6 студенттердің халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуын қадағалауға және ұйымдастыруға;

4.1.7 студенттер мен магистранттарды Болон процесіне тартуға;

4.1.8 білім беру мазмұнын әлемдік және еуропалық стандарттарға келтіруге (біріккен бағдарламалар, қосдипломды бағдарламалар, инновациялық әдістемелер мен технологияларды қолдану);

4.1.9 модульдік білім беру бағдарламаларының құрылуына қатысуға;

4.1.10 академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша шетелде оқуын жалғастыратын студенттер мен магистранттардың қашықтан оқуын қадағалауға;

4.1.11 көп тілді білім беруді енгізу бағдарламаларына қатысуға;

4.1.12 студенттердің рейтингісін өткізуге қатысуға;

4.1.13 қазақстандық және шетел жоо-ларымен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарттар дайындап, жүзеге асыруға;

4.1.14 қазақстандық және шетел жоо-ларымен біріккен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі келесімшарттаға ұсыныстарын енгізуге және дайындауға;

4.1.15 ішкі және сыртқа академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттардың құжаттарының дайындалуын қадағалауға;

4.1.16 ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатырған студенттер, магитсранттармен байланысты қадағалауға;

4.1.17 ғылыми Кеңес шешімдері, өкімдер мен бұйрықтардың уақытылы орындалуын қадағалауға;

4.1.18 орталықтың жоспарына сәйкес оқыту семинарлары мен курстарды ұйымдастыруға және өткізуге;

4.1.19 құжаттарды жүргізуде СМЖ әдістемелік нұсқауларын орындауға;

4.1.20 БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексін сақтауға.
Бет: 5-тің 5-сі
4.2 Болон процесі орталығының жетекшісі құқылы:

4.2.1 БҚМУ-да Болон процесінің параметрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4.2.2 университетте академиялық ұтқырлықты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

4.2.3 академиялық ұтқырлық бойынша университет студенттері мен магистранттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге;

4.2.4 факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерінен студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы жөніндегі ақпарат алуға;

4.2.5 өз біліктілігін көтеруге;

4.2.6 бөлім қызметкерлерін жұмыс нәтижесі бойынша материалдық және моральдық ынталандыруға ұсынуға.


    1. Сипатталуы

5.1 Бағыныстылық

5.1.1 Болон процесі орталығының жетекшісін БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 Болон процесі орталығының жетекшісі тікелей оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректорға бағынады және өз жұмысында оның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарын, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2  Болон процесі орталығының жетекшісі болмаған кезінде оның орнына қызметін бөлімнің әдіскері атқарады.

5.3 Болон процесі орталығының жетекшісі ҚР Конституциясын, ҚР «Білім» туралы Заңын, ҚР үкіметінің білім саласы жөніндегі қаулыларын, жоғары білім саласындағы қатынастарды қарастыратын нормативті құқық заңдарын, Университет Ережелерін және Жарғыларын, СМЖ талаптарын білуі тиіс.

5.4 Біліктілік талаптары:

5.4.1 Болон процесі орталығының жетекшісі қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс, жоғары білімі және жоғары оқу орнында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.
6 Жазбалар

-

7 Дәйектемелер

7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4 Қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығы;

7.5 БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет