Болон процесі орталығының консультант-аудармашысына қызметтік нұСҚАУ



жүктеу 53.35 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі53.35 Kb.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университеті




БОЛОН ПРОЦЕСІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ

КОНСУЛЬТАНТ-АУДАРМАШЫСЫНА

ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУ

Орал,2014

Бет:5-тің 2-сі

Ақпараттық мәлімет::


  1. Дайындалды: 01.09.2014 ж. Л.А.Садыкова

  2. Алғаш рет енгізілді

  3. Енгізілген күні: 10.09.2014 ж.

  4. қайта қаралады: 10.09.2017 ж.

  5. Өзгертулер:






Енгізілген күні

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5









Бет: 5-тің 3-сі




Мазмұны:





  1. Мақсаты

  2. Қолдану саласы

  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттігі

  5. Сипатталуы

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

Бет: 5-тің 4-сі



    1. Мақсаты

Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығына сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойыша - БҚМУ) Болон процесі орталығының консультант-аудармашысының бағыныстылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатымен дайындалған.


    1. Қолданылу саласы

2.1 Осы нұсқау БҚМУ Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы үшін жарамды.


    1. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

3.1 Осы нұсқауда қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелеріне сәйкес келеді. Негізгі ережелер мен сөздік.

3.2 Қолданылған қысқартулар БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ. 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ  әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.




    1. Жауапкершілігі және өкілеттілігі

4.1 Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы жауапты:

4.1.1 студенттердің халықаралық оқыту бағдарламаларына қатысуын қадағалауға және ұйымдастыруға;

4.1.2 студенттер мен магистранттарды Болон процесіне тартуға;

4.1.3 студенттердің рейтингісін өткізуге қатысуға;

4.1.4 білім алушылардың академиялық ұтқырлығы мен Болон процесінің мәселелері бойынша университет сайтын үнемі жаңартып отыруға;

4.1.5 жұмыс жоспары мен орталық жетекшісінің нұсқауларына сәйкес тапсырмаларды орындауға;

4.1.6 факультеттердің академиялық ұтқырлық бойынша координаторларымен бірлесіп, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруға және жетілдіруге;

4.1.7 шет тілдерінің курстарын ұйымдастыруға;

4.1.8 шетелдік оқу орындарына баратын студенттер мен магистранттардың құжаттарын дайындауға, шығындар сметаларын құруға;

4.1.9 академиялық ұтқырлық бойынша білім алып жатырған студенттер, магитсранттармен байланысты қадағалауға;

4.1.10 академиялық ұтқырлық бойынша серіктес жоо-лармен жүргізілетін келіссөздер мен хаттарды, мәтіндерді аударуға;

4.1.11 құжаттарды жүргізуде СМЖ әдістемелік нұсқауларын орындауға;

4.1.12 оқу үрдісіне байланысты тапсырмаларды орындауға;

4.1.13 БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексін сақтауға.

4.2 Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы құқылы:

4.2.1 академиялық ұтқырлық бойынша университет студенттері мен магистранттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуге;

4.2.2 өз біліктілігін көтеруге;

4.2.3 кәсіби қызметіндегі табысына орай марапатталуға;

4.2.4 гигиена және қауіпсіздік ережелеріне сәйкес еңбек жағдайларына;

4.2.5 қажетті ақпаратты іздеу мақсатында Интернетке қосылуға.

Бет: 5-тің 5-сі



    1. Сипатталуы

5.1 Бағыныстылық

5.1.1 Болон процесі орталығының консультант-аудармашысын БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.

5.1.2 Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы тікелей Болон процесі орталығының жетекшісіне бағынады және өз жұмысында оның нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативттік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2  Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы болмаған кезінде оның орнына қызметін орталықтың консультанты атқарады.

5.3 Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы қызметтік міндеттерін орындауы үшін мемлекеттік тілді, шет тілін білу тиіс, жоғары білімі және жоғары оқу орнында 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы керек.

5.5 Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестация.

5.5.1 Болон процесі орталығының консультант-аудармашысы БҚМУ қызметкерлеріне аттестация жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.
6 Жазбалар

-

7 Дәйектемелер

7.1 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

7.2 БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері;

7.3 Жұмысшылар қызметтері мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

7.4 Қызметшілер қызметтерінің біліктілік анықтамалығы;

7.5 БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексі.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Халыќаралыќ экономика курсы бойынша баѓдарлама
dmdocuments -> Бқму-да оқу үрдісінде ақпараттық және білім беру технологияларын пайдалану
dmdocuments -> Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
dmdocuments -> Барлығы – 180 сағат
dmdocuments -> Барлығы – 135 сағат
dmdocuments -> Жаратылыстану-математика факультеті деканы
dmdocuments -> Семинар 30 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 60 сағат СӨЖ 60 сағат
dmdocuments -> Тақырып: Ауыл шаруашылығы тарихы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы
dmdocuments -> Бастапқы әскери мамандығы бойынша Оқу әдестімілік комплекстік пәні бойынша арналған Атыс дайындығы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет