"Ботаника" пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Даражарнақтылар класы. Астық тұқымдастары



жүктеу 1.19 Mb.
бет7/8
Дата10.03.2018
өлшемі1.19 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Даражарнақтылар класы. Астық тұқымдастары.

Дара жарнақтылар класы 4 класс тармағынан , 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000- дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. (бір, екі, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтаылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы флоэмасында тін паренхимасы болмайды., сондықтан да ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік жасушалардан тұрады. Өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары екі қатар түзіп орналасады. Артық қор заттары және метаболизм өнімдері ( эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысцы біршама қарапайым болып келеді. Дара жарнақтылардың ішінде жоғары деңгейлі маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ , бадана, түйнектер, пиязшықтар түрінде өткізеді. Галофиттері батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклі қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. Астық немесе қоңырбастылар тұқымдасы.

Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5-10 мың және 700 дей туыс жатады . Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады .Тамаққа пайданылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде оларды халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер . Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді.Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындақтарына қарай өсімдіктерді түптенген ,сирек түптенген және тамыр сабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақ тамырлы, сабақтары буыннан және буын аралықтарынан тұрады. Астық түқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының түп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма меристемелар арқылы өсу деп атайды.

Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың ,сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары улпалармен толтырылған болып келеді. Мұндай сабақты сабан деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының буын аралықтары да улпалармен толтырылған болып келеді.

Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді .Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады,одан жапырақ кетеді.Астық тұқымдасында қынапша буынаралығында туп жағында орналасқан,және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады .Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдасы басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жерінде пленка тәрізді өскіні немесе тілшесі болады.Ол сабақпен қынапшаның арасынан судың өтуіне мүмкіндік бермейді.Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын-масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын-күрделі масақ, сыпырғы түзеді.Астық тұқымдасының барлығы дерлік әрбір масағынаң түп жағында екі масақтың қауызы болады. Масақтарындағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес ,біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасының көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы ,3 аталығы және1 аналығы болады .Соңғысының, яғни екінші бетіне аналығының сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы ауызы болады. Гүл түйіні жоғарғы , барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Масақшасының және гүлінің құрылыстары сызба-нұсқа және диаграмма түрінде берілген.

Гүлінің формуласы:↑Р(2)+2А3G(2).

Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір тұқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жатпайды, ол оған бүйір жағынан жанасып ,қалқанша деп аталатын жалғыз тұқымжарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды. Ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәндерін астық деп атайды. Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі :бамбук тәрізділер, қаңырбас тәрізділер,тары тәрәздәлер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі.Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды:бидай,қарабидай,жүгері, арпа.Шырмауықтар тұқымдасы. 1500дей түрлері бар. Дүние жүзінің тропиктері мен субтропиктерінде,аздап екі ендіктің де қоңыржай климат облыстарында өседі .Негізінен шөптесін өсімдіктер, сиректеу буталар немесе ағаштар . Жапырақтары кезектесіп орналасады, тұтас , қалақты немесе қауырсынды тілімделген ,қосалқы жапырақшалар болмайды.Жапырақтары мен сабақтарында сүтті шырындарды бөліп шығаратын клеткалары болады. Гинецейі 2жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні жоғарғы жемістері қауашақ тәрізді, жаңғақша тәрізді. Тропикалық және субтропикалық елдерде, сиректеу қоңыржай климатты облыстарда өсетін 200 дей түрі бар.Түрлерінің көп кездесетін орталығы Жер орта теңізі жағалауы. Өмірлік формалары бұталар ,жартылайбұталар, көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер.

Жемістері қауашақ тәрәзді. Қоңыржай климатты зонада далалық шырмауық атпа тамырлы көпжылдық шөптесін өсімдік .Сабағы шырмалып өсетін және 100-120 см ге дейін ұзындыққа жетеді. Гүлдері ақ немесе ақшылдау ,ашық қызғылт түсті болып келеді және аздап жағымды иіс шығарады.Егістіктің аса қауіпті күресуге қиын арамшөбі, кейде егілген астықтың сабағының жатып қалуына әкеліп соқтырады,сүтті шырындарының көп болуына қарамастан оның ірі қара мал жақсы жейді.Шырмауық гүл туысының 300 дей түрі бар. Бір жылдық жіне көп жылдық шөптесін өсімдіктер, негізінен тропикалық елдерде өседі.Батат шырмауық гүлін крахмал беретін түйнектер үшін себеді. Түйнектері жанама тамырларында пайда болады. Оның шыққан жері орталық Америка, егілген жерлері Орта Азия мен Кавказ.

Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

П.М.Мырзақұлов.,Ә.Ә.Әметов. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000ж .


Тәжірибелік сабақтардың қысқаша мазмұны .

Тақырып 1. Ботаника пәні, мақсаты және әдістері. Микроскоптың құрылысы және онымен жұмыс жасау.

Сабақтың мақсаты: Микроскоптың бөліктерімен танысу. Онымен жұмыс жасау ережелерін меңгеру.

1. Микроскоп құрлысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау.



  1. Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін және уақытша препарат дайындау әдісін меңгеру.

  2. Суретін салып, тиісті белгілерін қой.

Бақылау сұрақтары:

1. Ботаниканың және оның бөлімдерінің алдында қандай міндеттер тұр.

2. Өсімдіктердің табиғаттағы рөлі қандай. Олардың қандай ерекше

қасиеттері болады.

3. Ботаниканың құрамына қандай жекелеген ғылымдар кіреді. Морфология нені зерттейді. Ол қандай арнайы маманданған ғылымдардың басын құрайды.

4. Микроскоптың қандай түрлері бар.

5. Цитологияда зерттеудің қандай тәсілдері қолданылады.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (65-71 бет)



Тақырып 2. Өсімдік жасушасы және оның компаненттері.

Сабақтың мақсаты: Пияздың шырынды қабыршағы эпидермасының жасушалық құрылысын зерттеу. Сужапырақ жапырағындағы хлоропластар және алғашқы крахмалды зерттеу. Цитоплазманың су жапырақ жапырағындағы айналмалы қимылын және плазмолиз , деплазмолиз құбылысын зерттеу.

1. Пияздың эпидермасынан уақытша препарат дайындау.

2. Препаратты кіші және үлкен объективпен қарап, жасушаның пішініне, орналасуына көңіл аудару.

3. Сужапырақ жапырағын бір тамшы суға салып, жабындық шынымен жауып, жапырақтың хлоропласт аз жерін тауып микроскоппен зерттейміз. Ядроны айналып қозғалып жүрген хлоропластарға назар аудар. Түсіндір.

4. Әртүрлі өсімдіктер жемісіндегі / итмұрын, шетен, қызыл бұрыш / хромопластардың пішінін, түсін анықта.

5. Траденсканция жапырағынан жүйкеге жақын астыңғы үлпек қабатынан препарат дайындап, микроскоп арқылы қарап, түссіз лейкопластарды тап.

6. Қараған объектінің суретін салып, белгілеу.





Пияздың шырынды қабыршағы эпидермасының клеткалық құрылысы:

А – пияз жуашағы; Б –эпидерма клеткасы;

1-клетка қабықшасы; 2-цитоплазма; 3-ядро; 4-ядрошық; 5-вакуоль;


Піскен жемістер жұмсак етінін клеткалары:I - итмұрын; II — шетен; III - долана; хромпластар; 2 — ядро; 3— клетка қабықшасы
Бақылау сұрақтары:

1 Жасушаның өлі компаненттеріне нелер жатады.

2. Биологиялық универсалды мембрананың құрылысы, қасиеті қандай.

3. Ядроның атқаратын қызметі қандай.

4. Пластидтердің қандай түрлері бар.

5. Пластидтердің эволюциясы қандай.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (72-91 бет)
Тақырып 3. Түзуші және жабындық ұлпалар. Құрылысы мен функциясы.

Сабақтың мақсаты: Өркеннің, тамырдың бой конусын зерттеу. Дара және қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасын зерттеу.

1. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы сужапырақ өркенінің бой

конусынан жасалған тұрақты препаратты қарап, жапырақ бастамаларын, одан төмен сабаққа кеткен ұсақ жасушалар тобын тап. Ол прокамбий жасушалары.

2.Сужапырақтың 1см ұзындықтағы өркенін жапырақтарынан тазалап,мөлдір бой конусын тап. КОН немесе ИаОН 5% ерітіндісін тамызып, жабындық шынымен жауып, кіші және үлкен ұлғайтқыштар арқылы зертте.Жасушалардың пішіні мен көлеміне назар аудар.

3. Өркен апексінің суретін салып, белгілерін қой.

4. Микроскоп арқылы дара және қос жарнақты өсімдіктердің жапырағынан үлпекқабатының тұрақты препараттарын зертте. Үлпекқабат жасушаларының ерекшеліктерін ата.

5. Жапырақтың көлденең кесіндісінен жасалған препараттан лептесік аппаратын қарастыр.

6.Қазтамақ және традесканция жапырақтарының үлпекөабатынан уақытша препарат дайындап, микроскоп арқылы лептесіктердің орналасу ерекшеліктері мен түктердің құрылысын анықта.

7. Қорытынды жаз, суреттерін салып, белгілерін жаса.

Бақылау сұрақтары.

1.Ұлпа деген не.

2.Меристемалық ұлпаның негізгі белгілері қандай.

3.Меристемалар қалай жіктеледі.

4.Қандай меристема органның ұзындыққа өсуін, ал қандайы жуандыққа өсуін қамтамасыз етеді.

5.Эпидермичс жасушаларының құрылысының ерекшелігі неде.

6.Устьица аппараты қандай компаненттерден тұрады. Атқаратын қызметі

7.Қыртыс қалай пайда болады және қандай гистологиялық элементтерден тұрады.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (128-135 бет)
Тақырып 4. Арқаулық және өткізгіш ұлпалар. Құрылысы және функциясы.

Сабақтың мақсаты: Колленхиманы, склеренхиманы, склереиданы зерттеу. Төменгі және жоғарғы ағыс жолдарын зерттеу. Коллатеральды, биоколлатералды, концентрлі шоқтарды зерттеу.

Тапсырма


1. Асқабақ сабағы мен бегония сағағынан жасалған препараттарды микроскоп арқылы зерттеп, колленхима мен склеренхиманы тап. Колленхиманың түрін анықтап , склеренхимамен салыстыр.

2. Шайшөп жапырағының тұрақты препаратын микроскоп арқылы склереид жасушаларын тауып, ерекшеліктерін сипатта.

3. Асқабақ немесе күнбағыс сабақтарының көлденең кесіндісінің тұрақты препараттарын микроскоппен зерттеп, флоэма, ксилема, камбийді тап. Аталған өсімдіктердің сабағының ұзын бойынан дайындалған микропрепараттан трахея түрлерін зертте.

4. Арқаулық ұлпалардың және ксилема, флоэма өткізгіш элементтерінің суреттерін салып, қорытынды жаз.



Бақылау сұрақтары.

1. Арқаулық ұлпаның атқаратын қызметі.

2. Склеренхима жасушаларының колленхима жасушаларынан айырмашылығы неде.

3. Қандай өткізгіш ұлпалармен органикалық заттар, ал қандайымен минералды заттар тасымалданада.

4. Флоэма мен ксилема қандай гтстологиялық элементтерден тұрады.

Дара және қосжарнақты өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына қандай шоқтар тән.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (139-144 бет)
Тақырып 5. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- тамыр

Сабақтың мақсаты: Тамыр жүйелерін зерттеу. Жас тамыр ұшының құрылысын зерттеу. Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын және анатомиялық соңғы құрылысын зерттеу.

1. Кеппешөптен әртүрлі өсімдік тамырларының түрлерін, жүйесін ажырату.

2. Жас өскін тамырынан уақытша препарат дайындап, препараттан тамыр аймақтарын және жасушасының ерекшеліктерін қарастыр.

3. Тамыр аймақтарының және тамырдың алғашқы құрылысының суретін сал.



Бақылау сұрақтары.

1. Шығу тегіне қарай тамырдың қандай түрлері бар. Тамыр жүйесі деген не.

2. Тамыр қандай аймақтардан тұрады.

3. Тамырдың алғашқы құрылысының соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (179-186 бет)
Тақырып 6. Өсімдіктің вегетативті мүшесі- сабақ.

Сабақтың мақсаты: Сабақтың морфологиялық құрылысын зерттеу. Өсімдік сабақтарының кеңістіктегі түрлерімен және сабақтардың пішінімен танысу. Қос жарнақты және дара жарнақты шөптесін өсімдіктердің, сүректі өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысын зерттеу.

1. Кеппешөптен әртүрлі өсімдік сабақтарының кеңістіктегі түрлерін ажырату. Сабақтың қырларына көңіл аудару.

2. Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы жүгері және құртқашаш өсімдіктерін сабағын зерттеп, ұлпалардың және өткізгіш шоқтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу. Өткізгіш шоқтар түрін анықта.

3. Кирказон сабағын зерттей отырып, дара жарнақты өсімдіктермен салыстырғанда қос жарнақты өсімдіктердің сабағының ерекшелігін ата. Шоқтың орналасу ретіне назар аудар.

4. Жүгері, кирказон сабақтарының суретін сал.

Бақылау сұрақтары.

1. Сабақтың алғашқы құрылысы қайда және қашан қалыптасады.

2. Сабақ пен тамырдың алғашқы құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай.

3. Сабақтың соңғы құрылысына ауысуы қалай жүреді. Ол қандай өсімдіктерде болады.

4. Шөптесін, дара және қосжарнақты өсімдіктерлің сабақтарының құрылысының ерекшеліктері.

5. Сүректе жылдық сақиналардың пайда болуының себебі неде.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (249-250 бет)


Тақырып 7. Өсімдіктің вегетативті мүшесі-жапырақ.

Сабақтың мақсаты: Жапырақ бөліктерін және жапырақ тақтасының морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Камелия, фикус, селеу , қарағай жапырағын зерттеу.

1.Кеппешөптен әртүрлі өсімдік жапырақ тақтасының пішініне, жүйкеленуіне көңіл аудару. Жай және күрделі жапырақтарды, орналасуына қарай ажырату.

2. Шайшөп жапырағын микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқышы арқылы зерттеп, ұлпалардың жапырақта орналасу ерекшеліктерін анықта. Үстіңгі және астыңғы үлпекқабат жасушаларын салыстыр.

3. Кәдімгі қарағай қылқанының тұрақты препаратын кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей келіп, жапырақ пен қылқан құрылысы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықта.

4. Өркеннің бұтақтануын қарастыр. Бүршіктің құрылысын қарастырып, сабақта орналасуын қарастыр.

5. Шайшөп жапырағы мен қарағай қылқанының суреттерін салып, белгілерін қой.



Бақылау сұрақтары.

1. Өркен деген не. Буын, буынаралығы деген не.

2. Бүршік деген не. Оның құрылысы қандай.

3. Жапырақтың орналасуының қандай варианттары болады.

4. Гетерофилия деген не.

5. Жапырақ қалай түседі. Оның мәнісі неде.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (224-231 бет)

Тақырып 8. Гүлдің морфологиясы. Андроцей. Геницей. Гүл формуласы. Жеміс.Тұқым

Сабақтың мақсаты: Гүлдің құрылысын зерттеу. Аналық және аталықтың анатомиялық құрылысымен танысу. Гүлшоғырлардың типтермен танысу. Жемістің құрылысын зерттеу. Жеміс түрлерімен және таралу жолдарымен танысу.

1. Табиғи материалдан жемістің құрылысымен танысып, төмендегі топтарға бөл: 1) қақырайтын құрғақ жеміс, 2) қақырамайтын құрғақ жеміс, 3) бір тұқымды шырынды жеміс, 4) көп тұқымды шырынды жеміс.

2. Табиғи материалдан жалған жеміс түрлерін ажырат.

3. Асбұршағының, арпа мен бидайдың дәнінің көлденең кесіндісін дайын препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қарап, одан жемісқаппен, ұрықпен және эндоспермен бірігіп кеткен тұқым қауызын табады. Микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен дәннің ұрықтық тамыршадан, сабақшадан, бүршікшеден, тұқым жарнағынан тұратындығын көруге болады.

4. Жеміс түрлерінің, дәннің көлденң кесіндісінің суретін салып, белгілеулерін қой.

Бақылау сұрақтары

1. Гүлшоғырының жалпы сипаттамасы.



  1. Гүлшоғырының классификациясы.

  2. Жабықтұқымдылардың өмірлік циклі қандай

  3. Гүлдің шығу тегі қандай.

  4. Көбеюдің түрлері

  5. Вегетативті көбею

  6. Қалемшелеу деген не

  7. Түбін ажырата көбейту

  8. Жемістерді классификациялағанда қандай белгілерді негізге алады.

  9. Жемістің шығу тегімен құрылысы қандай және ол не үшін қажет.

  10. Тұқымның құрылысы қандай .

  11. Эндоссперм неден түзіледі.

  12. Жемістің шығу тегі мен құрылысы қандай.

  13. Жеміс пен тұқымның таралу жолдары.

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (338-346 бет)

Тақырып 9. Өсімдіктердің көбеюі

Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің вегетативті , жыныссыз және жынысты көбеюі туралы түсінік беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Көбею деген не?

2. Телу деген не?

3. Қалемшелеу деген не

4. Түбін ажырата көбейту

5. Тамыр атпалары арқылы көбейту.

6.Ұрпақ алмасу және ядро фазаларының алмасуы қалай жүреді?

7. Өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі қалай жүреді?

Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманқұлова С. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. –Алматы, «Санат», 1998ж. (273-290 бет)

Тақырып 10. Балдырлар бөлімі

Сабақтың мақсаты: Осциллиятория, хламидоманада және диатомды балдырлардың құрылысын зерттеу

1. Судың түбіндегі тұнбадан жиналған үлгіден ине ұшымен алып ұсақтап, уақытша препарат жасаңыз.



  1. Уақытша жасалған поепараттардан осциллятория, хламидоманада және диатомды балдырын тауып, суретін салып, белгілерін жаса.







Пиннулярия: А-белдеу жағындағы көрінісі,Б-қақпа жағындағы көрінісі,В-ұзыннан кесіндісі, Г-көлденең кесінді, Д-вегативті көбеюі , 1- генетика, 2-гипотека, 3-тігіс, 4-тұз, 5-хлоропласт, 6-пиреноид, 7-цитоплазма, 8-ядро, 9-вокуль.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жасыл балдырлардың морфологиялық структурасы

  2. Хломидоманада балдырының клетка құрылыстары

1. Диатомды балдырлардың классификациясы.

2. Диатомды балдырлардың клетка құрылысы.

3. Диатомды балдырлардың жыныстық процесстері.

4. Бентостың және планктонды балдырлардың ерекшеліктері.

5. Диатомды балдырлардың табиғаттағы маңыздылығы

Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

В.Г.Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. 1989г.

Тақырып 11 Саңырауқұлақтар және қыналар бөлімі.

Сабақтың мақсаты: Хитридиялықтар қатарына жататын ольпидиум, сапролигниялықтар қатарының өкілі сапролигния, зигомицеттер класының өкілі мукор саңырауқұлағының ерекшеліктерімен танысып, зерттеу. Қыналар. Анатомиялық құрлысындағы ерекшеліктерді қарастыру.

1. Капуста көшетінің ольпидиум саңырауқұлағымен зақымдалған жерлерінен уақытша препарат жасап, микроскоп арқылы қарау.

2. Сапролигния саңырауқұлағы өсірілген субстраттан ине ұшының

көмегімен мицелийдің кішкене бөлігін алып препарат жасау қажет.

3. Картоптың зақымданған жапырағының төменгі жағынан оның қоңырқай тартқан бөлігімен зақымданбаған бөлігінің арасынан паразиттің гифасынан тұратын ақ жолақ табылады. Зақымданған жапырақтың көлденең кесіндісінен мезофилдің клеткаларының арасында орналасқан гифаларды сонымен бірге устьица қуысы арқылы сыртқа шығып тұратын бұтақтанған споронгия сағақтарын спорангилерімен қарастырады. Зақымданған жапырақтың суретін сал. Мицелидің аздаған бөлігін спорангилерімен зат айнасының бетіндегі судың тамшысының үстіне салып бетін жабын айнасымен жабады.Микроскоптың кіші үлкейткішімен қатты тармақталып бұтақтанған гифаларды спорангшия сағағын спорангиін споралырымен зерттеп қарастырады. Мицеллидің бір бөлігін спорангилерімен және зиготасымен суретін салып детальдарын белгілейді.

4.Қыналардың коллекцияларын қарап, әртүрлі талломдағы қыналардың бірнеше түрлерінің суретін салу керек.

5. Талломның беткі жақтарында орналасқан жыныс органдарына көңіл

бөле отырып, лупа арқылы апотеций, соредий, изидийлердің

құрылыстарымен танысу қажет.

6. Қарастырылған обьектілердің суретін салып белгілерін жасау.


1-сурет. Мукор: Спорангийі бар мицелии, Б спорангиидің пайда болуы; В-зиготаның өсуі; Г-гаметангиогамия


2-сурет. Қынаның анатомиялық құрылысы.

1-гетеромерлі қабат, 2-қына құрамындағы балдыр, В-гомомерлі қабат
Бақылау сұрақтары.

1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері.

2.Саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері.

3. Хитридиялық саңырауқұлақтар класының жалпы қасиеттері.

4.Синхитридиум және ольпидиум саңырауқұлаұтарының негізгі ерекшеліктері. Көбею жолдары. Күресу шаралары.

5.Сапролегния саңырауқұлағымен күресу жолдары.

6. Қыналардың жалпы биологиялық қасиеттері.

7. Қыналардың анатомиялық құрылыстарындағы ерекшеліктері.

8. Қыналардың құрамына кіретін саңырауқұлақтар мен балдырлардың

түрлерін атаңыз.

Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

В.Г.Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. 1989г.




Тақырып 12. Мүктәрізділер және плаунтәрізділер бөлімі.

Сабақтың мақсаты: Көкек зығырының құрылысын зерттеу. Түйреуіш тәрізді және селагинелл плаундарының құрылыстарындағы даму кезеңдеріндегі ерекшеліктері ажырату.

Кәдімгі көкек зығырының, түйреуіш тәрізді және селагинелл плаундарының гербарийге салынған үлгісі. Морфологиялық сипаттама жазу. Сипаттаманы мына үлгі бойынша жүргізеді.

1. Гаметофит

а) өркеннің өсуінің формасы: тік, көтеріңкі, төселіп;

б) сырт кескіні: ағаш тәрізді, бұта тәрізді, тармақталған;

в)жапырақ: жалпақ, толқындалған,

2. Спорогон

а) орналасқан жері: гаметофиттің жоғарғы жағында, бүйірінде;,

б)қақпашасы: суреті


Қолданылатын әдебиеттер: Әметов.Ә.Ә. Ботаника. Алматы. 2000 ж.

В.Г.Хржановский, С.Ф. Пономаренко. Практикум по курсу общей ботаники. Москва. 1989г.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет