Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен ATP 250 сериясы турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: metaratings.by

Финалда АТР рейтингінде 27-орында тұрған қазақстандық хорватиялық Борна Коричті 5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Матч 2 сағат 18 минутқа созылды. Кездесу барысында Александр 19 эйс жасап, тоғыз брейк-пойнттың төртеуін жүзеге асырды.

Бұл 26 жастағы Александр Бубликтің мансабындағы төртінші титул.

  • Әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек пен теннистегі жеңістер: Қазақстандық спортшылар 2023 жылы қандай жетістіктерге жетті
  • Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатына жолдама алды

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің екінші кезеңіне шыққаны туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.