«бта online» жүйесінде банктік қызмет көрсетуге шарт қ. 200 жыл



Дата14.03.2018
өлшемі306.86 Kb.
#20870

«БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсетуге

ШАРТ

_____________ қ. «__» _______ 200_жыл


«БТА Банкі» Акционерлік Қоғамы, бұдан әрі «Банк» деп аталады, __________№ _____Жарғы / Сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын __________________________________________арқылы бір жағынан, және _____________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын __________________________________________арқылы, бұдан әрі “Клиент” деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп “Тараптар” деп аталады, төмендегілер туралы осы Шартты жасады:
Осы Шартта пайдаланылатын терминдер:

«БТА Online» жүйесінақты уақыт тәртіптемесінде Интернет ғаламдық желісі арқылы Банк клиенттерінің банктік шоттарын қашықтан басқару жүйесі.

«БТА Online» жүйесінің пайдаланушысы – «БТА Online» жүйесінде есептік жазбасы берілетін осы Шартқа (бұдан әрі – Тіркеуге өтініш) №2 Қосымшада көрсетілген форма бойынша «БТА Online» жүйесінде Пайдаланушыны тіркеуге/өзгертуге берілген өтініште Клиентпен көрсетілген, жеке тұлға, Клиенттің уәкілетті қызметкері.

Негізгі тасушы – Банкпен Клиентке электронды цифрлы қол қоюды тану және Негізгі тасушыны қабылдау-тапсыру туралы Акт бойынша берілетін және «БТА Online» жүйесінде сәйкестендіру үшін Клиентпен пайдаланылатын e-Token немесе смарт – карта.

Оқу құрылғысы - Клиентке Негізгі тасушыдан ақпаратты оқуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Қауіпсіздік процедурасы – Клиентті сәйкестендіру үшін арналған «БТА Online» жүйесінің бағдарламалық – техникалық шаралары, Электронды құжаттарды құрастыру, тапсыру және тексеру,

- Электронды құжат, Клиентпен / Пайдаланушымен Түпнұсқаландырудың белгілі құралдарын пайдалана отырып, берілу мақсатында;

- Электронды құжат мазмұнында қателерді және/немесе өзгерістерді табу мақсатында.

Түпнұсқаландыру – Банкпен белгіленген қауіпсіздік процедурасын пайдалану жолымен Электронды құжат түпнұсқалылығы мен құрастыру дұрыстығын растау.

Электронды құжат – Банкке электронды тәсілмен берілетін және Электронды цифрлы қол қоюы бар, Банкте ашылған банктік шот бойынша операцияларды жасау туралы Клиенттің қашықтан берілген өкімі.

Электронды цифрлы қол қою (ЭЦҚ) – криптографиялық қорғаныш арқылы жасалған және Электронды құжаттың растығын, оның Клиентке тиесілілігін және мазмұнының өзгермеуін растайтын, электронды цифрлы символдар жинағы.

Құпия кілт – электронды цифрлы қол қоюдың жабық кілті – Клиентке/Пайдаланушыға белгілі және Электронды цифрлы қол қою құралдарын пайдалана отырып Электронды цифрлы қол қоюды жасауға арналған электронды цифрлы символдар тізбектілігі.

Көпшілік кілті - электронды цифрлы қол қоюдың ашық кілті – кез келген тұлғаға қол жетерлік және Электронды цифрлы қол қоюдың Электронды құжаттағы түпнұсқалылығын растауға арналған электронды цифрлы символдар тізбектілігі.

Операциялық күн – уақыт кезеңі, соның ішінде Банкпен ақша аударымы туралы нұсқаулар және клиенттерден осындай нұсқауларды тоқтата тұру немесе кері шақырту және олардың пайдасына ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты хабарламаларды беру туралы өкімдер жүзеге асырылады.

  1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Банк, операция жүргізу кезінде қолданыста болған Банк тарифтеріне сай, ақылы негізде жүзеге асырылатын, «БТА Банкі» АҚ-дағы өзінің барлық банктік шоттарына қашықтан басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «БТА Online» жүйесінде Клиентке қызмет көрсетуді жүзеге асыруға міндеттенеді.

1.2. «БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету шеңберінде, Банк Клиентке келесі мүмкіншілікті береді:


  • қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру;

  • өздерінің банктік шоттарынан ақшалар аударуын жүзеге асыру;

  • шетел валютасын сатып алу және сатуды жүзеге асыру;

  • өзінің банктік шоттарының жағдайын қадағалап отыру, уақыттың кез келген кезеңі бойынша жүргізілген операциялар бойынша үзінді көшірме алу;

  • анықтамалық және басқа ақпаратты алу.

1.3. «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету Клиенттің нұсқауы бойынша Интернет желісі арқылы жүргізіледі.

1.4. Клиент, «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету құқығын, осы Шартты жасаған соң, Негізгі тасушыны сатып алған соң және электронды цифрлы қол қоюды тану туралы Актіге қол қойған соң және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Негізгі тасушыны қабылдау-тапсырудан кейін алады.

1.5. Егер Банкпен тексеру кезінде Электронды цифрлы қол қою сенімді болып танылса және Электронды құжатты қабылдау сәтіне Банкпен Клиенттің Негізгі тасушыны немесе банктік шоттарға қол жеткізуді блоктау туралы өтініші беркіленбеген болса, Клиент пен Банк Электронды құжаттардан шығатын барлық міндеттемелерді толық көлемде өздеріне қабылдауға міндеттенеді.
2. ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
2.1. Клиенттің «БТА Online» жүйесінде операцияларды жүргізу туралы нұсқауы электронды тәсілмен Электронды құжат түрінде, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресімделген қағаз жүзіндегі құжаттарға теңестірілетін Клиенттің Электронды цифрлы қолымен расталып беріледі.

2.2. Клиенттен Электронды құжаттарды қабылдау Банкпен тәулік бойы, демалыс және мереке күндерін қоса жүргізіледі.

2.3. Банктің операциялық күні Алматы уақытының 10.00-ден 16.00 дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа әр жұмыс күніне белгіленеді. Клиентпен 16.00-ге дейін жіберілген электронды төлем құжаттары Банкпен сол операциялық күні орындалады. Алматы уақытының 16.00 кейін жіберілген электронды төлем құжаттары Банкпен одан кейінгі операциялық күні орындалады.

2.4. Электронды төлем құжаттары, оларды Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресімдеген және Клиенттің Электронды цифрлы қолдарының болуы жағдайында ғана Банкпен орындауға қабылданады.

2.5. Банк, Клиенттің Электронды цифрлы қолы бар Электронды төлем құжаттарын қабылдауды дереу тоқтатады және оның банктік шоттарына рұқсат етілмеген қол жеткізу қаупіне күмән туындаған кезде онымен байланысқа шығады. Рұқсат етілмеген қол жеткізу қаупі болып саналатындар:


  • зақымдалған Электронды құжаттардың пайда болуы;

  • парольды жариялау;

  • Клиенттің банктік шот(тар)ынан ақша аудару қарқынының өзгеруі;

  • рұқсат етілмеген қол жеткізу қаупіне күмән туғызатын басқа жағдайлар.

2.6. «БТА Online» жүйесінде жұмыс істеу үшін, Клиентте телефон желісі мен модемнің болуы міндетті шарт болып табылады. Интернетке қосылу Клиенттің өзімен, сондай-ақ Банктің модемдік пулдарымен қамтамасыз етіледі. Клиентпен қолданылатын бағдарламалық қамсыздандыру келесі талаптарға жауап беруі керек:

  • Операциялық жүйе:

  • Windows 2000. Service Pack 4

  • Windows XP. Service Pack 2

  • Internet Explorer болжамы - 6.0 төмен емес

2.7. Клиент, осы Шарттың 2.8.т. көрсетілген Банк пен Клиент арасында құжаттарды тапсыру кезінде пайдаланылатын Электронды цифрлы қолды және ақпаратты шифрлау әдісін таниды.

2.8. «БТА Online» жүйесінде  операцияларды жүргізу кезінде, Банкпен USB-кілттерде, микропроцессорлық карталарда және т.б. аппараттық немесе MS Windows операциялық жүйесінде бағдарламалық өткізілген RSA-дан SHA1 шифрлау алгоритмдері пайдаланылады, сондай-ақ Oracle Application Server Certificate Authority өнімінің, есептер үдерісіне үшінші тұлғаның араласуына мүмкіндік бермейтін, берілетін ақпараттың растығы мен құпиялығына кепілдік беретін Көпшілік кілттерінің (РКІ) инфрақұрылымы ретінде. Криптографиялаудың пайдаланылатын жүйесі, байланыс арналарындағы ешқандай бөгеуілдер және нақты ықпал етулер шығатын төлем құжаттарында қандай да бір өзгерістерге әкелмейтіндігіне кепілдік береді, я болмаса зақымдалған құжаттар банк жүйесімен өңдеуге қабылданбайтын болады.

2.9. Тараптар, есеп-айырысу операцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары мен осы шартты басшылыққа алады.
3. ШАРТ БОЙЫНША ТӨЛЕМ

3.1. Клиент төлейді:

3.1.1. бір мезгілде – оны «БТА Online» жүйесінде тіркеу құны және Клиентке берілетін барлық Негізгі тасушылардың құны;

3.1.2. ай сайын - «БТА Online» жүйесіндегі операциялық қызмет көрсету үшін абоненттік төлем;

3.1.3. қажеттілік туған кезде, Клиенттің өтініші бойынша қосымша қызметтер құны (кадрлық қайта қоюлар кезінде оқытудың қайталама курсы, жоғалтуына байланысты жаңа Негізгі тасушыны беру және басқа).

3.2. осы шарттың 3.1. тармағында көрсетілген қызметтер үшін төлем, операцияларды жасау сәтінде қолданыста болған Банк тарифтеріне сай өндіріп алынады.

3.3. Төлем, «БТА Банкі» АҚ-да №__________ Клиентінің банктік шотынан Банкпен ақшаны акцептсіз өндіріп алу жолымен, сәйкес операцияны жасау сәтінде жүргізіледі.
4. НЕГІЗГІ ТАСУШЫ ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ПАРОЛІ
4.1. Негізгі тасушы(лар) және Негізгі тасушы(лар)ға қол жеткізу парол(дер)і Банкпен жабылған конвертпен тікелей Клиентке беріледі. Конверт ашылып және одан Негізгі тасушы(лар) және Негізгі тасушы(лар)ға қол жеткізу парол(дер)і бар құлақша(ларды)ны алған соң, Клиент қысқа мерзім ішінде Негізгі тасушы(лар)ға қол жеткізу парол(дер)інің ауыстыруын жүргізуі, ал парол(дер)і бар құлақша(ларды)ны жоюға міндетті.

Клиент басқа тұлғаларға Негізгі тасушы(ларды)ны беруге және Негізгі тасушы(лар)ға қол жеткізу паролін хабарлауға құқылы емес. Ұқсас жағдайлар туған кезде, Клиентке келтірілуі мүмкін, болуы мүмкін залалдарға Банк жауапты емес.

4.2. Ішінде Негізгі тасушы(лар) және есептік жазбалары бар материалдар пакеттерін тапсыру, осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын «Электронды цифрлы қол қоюды тану және Негізгі тасушыны қабылдау-тапсыру туралы Актіге» Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қою жолымен жүзеге асырылады. Тараптармен қол қойылған «Электронды цифрлы қол қоюды тану және Негізгі тасушыны қабылдау-тапсыру туралы Актісі» болмаса, осы Шарттың заңды күші болмайды.

4.3. Негізгі тасушы(лар)да ішінде Клиенттің (құпия және көпшілік) меншік кілттері және Банктің көпшілік кілттері бар файлдар бар. Негізгі тасушы(лар)да көрсетілген ақпарат құпия болып табылады.

4.4. Клиенттің Негізгі тасушыға қол жеткізуі парольмен қорғалған, ол Клиентпен өз бетінше өзгертіле алады.

4.5. Негізгі тасушыда сақталатын ақпаратты өзгертуге жол берілмейді.

4.6. Клиентті Банктің қауіпсіздік процедурасымен сәйкестендіру үшін оқу құрылғысындағы Негізгі тасушы тексеріледі: Клиентке Негізгі тасушыға қол жеткізу паролін енгізу ұсынылады. Негізгі тасушының Клиентке тиесілі болуын тексерудің жағымды нәтижесі және ұсынылған Негізгі тасушыға пароль енгізу дұрыстығы кезінде, Клиентке «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсетуге қол жеткізу ашылады.

4.7. Электронды құжат алынған соң Банк дереу Клиентке Банкпен Электронды құжатты қабылдауға рұқсат ету немесе бас тарту туралы хабарландыратын операция кодын хабарлайды.

4.8. Негізгі тасушыны жоғалтқан/зақымдаған жағдайда я болмаса Клиенттің тілегі бойынша, Банк жаңа Негізгі тасушыны әзірлейді және оны Клиентке __(_____) жұмыс күнінің ішінде, оған Клиент Банкпен бекітілген тарифке сай төлеген соң береді. Негізгі тасушыны және оның паролін қалпына келтіру – мүмкін емес.


  1. БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

5.1. Банк құқылы:

5.1.1. «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсетуге тарифтерді біржақты тәртіпте өзгертуге.

5.1.2. Клиенттің кез келген банктік шоттарынан ақшалардың акцептсіз алынуын жүргізу:


  • «БТА Online» жүйесінде ұсынылатын қызметтерді төлеу есебіне;

  • Клиенттің банктік шоттарына қателесіп есептелгендерді;

  • Банк алдында Клиенттің кез келген берешегі туған жағдайларда;

  • Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларда.

5.1.3. Клиентке, «БТА Online» жүйесінде операция жүргізуге және электронды құжаттарды орындауға қабылдауға, Клиентпен жасалатын операциялардың деректемелері толық көрсетілмеген, Клиенттің электронды цифрлы қолының болмауы, егер Клиент нұсқауларының мазмұны Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмесе, сондай-ақ белгілі операция жүргізілуі керек Клиенттің банктік шотында ақшаның жетіспеуі (сонымен қатар жасалатын операция үшін Банкке сыйақыны төлеу үшін) жағдайында бас тарту.

5.1.4. Клиенттің Негізгі тасушысын блоктау, оның іс-әрекет мерзімі өткен жағдайда және жоғалтқан немесе зақымданған кезде Негізгі тасушыны блоктау туралы жазбаша өтінішті Банкке ұсынған жағдайда.



5.2. Банк міндетті:

5.2.1. «БТА Online» жүйесінде Клиентке тиісті банктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

5.2.2. Клиенттің сұратуы бойынша оған Клиентті сәйкестендіру және Электронды құжаттарды қалыптастыру үшін түпнұсқаландыру құралдарын беру.

5.2.3. Оған сеніп тапсырылған ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету.

5.2.4. Клиент операциялары бойынша құпияны сақтау және олар бойынша үшінші тұлғаларға мәліметтерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен қарастырылған жағдайда ғана ұсыну.

5.2.5. Клиентке, оның банктік шоттары бойынша жүргізілген операциялар бойынша ақпаратты ұсыну.

5.2.6. Банкке Клиентпен берілетін Электронды құжаттарда Электронды цифрлы қол қоюды пайдалануға мүмкіндік беретін және Клиентті сәйкестендіретін Негізгі тасушы (eToken немесе eToken Smartcard құрылғылары) және есептік жазбалары бар және тіркеуге Өтінішпен белгіленген саны мен қасиеттері бар материалдар топтамасын Клиентке беру.

5.2.7. Қызметтерге төленген соң екі күннің ішінде осы Шарттың 3.1.1.т. сай, Клиентті «БТА Online» жүйесінде активтендіру.



6. КЛИЕНТТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


6.1. Клиент құқылы:

6.1.1.Осы шартпен көзделген шарттармен «БТА Online» жүйесі қызметтерінің толық жинағымен пайдалануға.

6.1.2. Өзінің банктік шоттарындағы ақшаларға өз бетінше иелік етуге.

6.1.3. Келесі жағдайларда Негізгі тасушыны ауыстыру туралы өтінішпен Банкке шығуға: егер Негізгі тасушы зақымдалған болса, егер Клиент Негізгі тасушыға қол жеткізу паролін ұмытып қалса, Клиенттің тілегі бойынша.



6.2. Клиент міндетті:

6.2.1. «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету бойынша Банктің қызметтерін, операция жасау сәтіне қолданыстағы Банк тарифтері бойынша төлеуге.

6.2.2. Банктік қызметтер құнын қоса, сұратылып жатқан операцияларды жүргізу үшін қажетті ақша сомасының банктік шоттарда болуын қамтамасыз етуге.

6.2.3. Осы Шарттың 4.1.т. сай, Негізгі тасушыға қол жеткізетін парольдің ауыстырылуын қысқа мерзімде жүргізуге.

6.2.4. Валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген барлық қажетті құжаттарды Банкке ұсынуға.

6.2.5. Үшінші тұлғалардан дербес кодты және Негізгі тасушыға қол жеткізу үшін парольді құпия сақтауға.

6.2.6. Негізгі тасушыны жоғалтқан жағдайда және/немесе Клиентке тиесілі банктік шоттар бойынша рұқсат етілмеген операцияларды өткізу жағдайлары анықталған кезде, Негізгі тасушыны блоктау талабымен Банкке дереу шығуға.

6.2.7. Банктік шоттарды блоктау туралы талапты Банкке ұсынылған жазбаша өтінішпен 3 банктік күн ішінде растауға.

6.2.8. Электронды құжаттарды ресімдеу және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және осы Шартпен белгіленген талаптарды басшылыққа алуға.

6.2.9. Электронды құжаттардағы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге.

6.2.10. Негізгі тасушының, Электронды төлем құжаттарының және қатты дискіде орналасқан үзінді көшірмелер мұрағаттарының сақталуы Клиентке жүктеледі.

6.2.11. Банкті өзінің барлық деректемелеріндегі өзгерістер жөнінде хабарландыру: мекенжай, телефон нөмірлерінің, электронды мекенжайлар және басқалары, жазбаша түрде хабарлау жолымен, 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде.



7. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Тараптар, басқа Тараптың кінәсі болмаған жағдайда басқа Тарап көтерген заладар үшін жауапты емес, Электронды құжаттарды пайдалану нәтижесінде, сонымен қатар қате Электронды құжаттарды орындау кезінде, егер осы құжаттар бір Тараппен тиісті түрде ресімделген және жеткізілген, ал басқа Тараппен тексерілген және қабылданған болса.

7.2. Банк, Клиенттің үшінші тұлғалармен Негізгі тасушыны рұқсатсыз пайдалануынан болған залалдары үшін жауапты болмайды.

7.3. Клиент, Негізгі тасушы(лар) және Негізгі тасушы(лар)ға қол жеткізу парол(дер)інің сақталуына жауапты болады.

7.4. Клиент, Банкпен Негізгі тасушыны блоктаған сәтке дейін үшінші тұлғалармен Негізгі тасушыны пайдалана отырып жасалған «БТА Online» жүйесіндегі банктік шоттар бойынша операциялар үшін жауапты болады.

7.5. Тараптар осы шарт пен одан шығатын міндеттемелерді жариялағаны үшін жауапты болады. Келтірілген залал, кез келген Тараппен Негізгі тасушыға қол жеткізу паролін жариялау немесе үшінші тұлғаларға беру салдарынан болған, жіберіп алған пайданы қоса кінәлі Тарапқа жүктеледі.

7.6. Банк Клиенттің алдында ақшаның сақталуына, Клиент тапсырмаларын орындаудың дұрыстығы мен дер кезде берілуіне жауапты.

7.7. Банк, Клиенттің қатты дискісінде орналасқан төлем құжаттарының мұрағаты мен үзінді көшірмелеріне, Негізгі тасушының сақталуына жауапты емес.

7.8. Клиентпен 6.2.1.т., 6.2.2.т. көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, Банк «БТА Online» жүйесіндегі әрі қарайғы қызмет көрсетуді доғарып және берешек сомасын акцептсіз тәртіпте Клиенттің кез келген банктік шотынан өндіріп алуға құқылы.


8. ФОРС – МАЖОР
8.1. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелер орындалмағаны немесе тиісті түрде орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер орындалмау немесе тиісті түрде орындалмау тежеусіз күш жағдайларының (форс-мажор) салдарынан болып табылса.

8.2. Тежеусіз күш жағдайлары ретінде Тараптар, төтенше сипаттағы болжанбаған және қайтпайтын оқиғалар нәтижесінде Шартқа қол қойылған соң туындаған жағдайларды түсінеді. Мыналардай: аудандарда болып жатқан, осындай болып танылған, соғыс және әскери әрекеттер, табиғи немесе басқа апаттар, осы Шарттың мәніне тікелей жататын қызметке тыйым салатын немесе шектейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы заң шығарушы және/немесе атқарушы билік органдарының әрекеттері.

8.3. Осы Шарттың 8.2.т. көрсетілген жағдайлардың салдарынан Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкін емес жағдай туған Тарап, кешіктірместен басқа Тарапты хабарландыруы керек және қарсы Тараптың бірінші талап етуі бойынша форс-мажорлық жағдайлардың басталуы және/немесе тоқтатылуын растайтын дәлелдеуді ұсынуы керек. Көрсетілген жағдайлардың басталуы және ұзақтығына, құзіретті органдармен берілген жазбаша құжаттар дәлел бола алады.

8.4. Осы шарттың 8.1 – 8.3. тармақтарымен көзделген жағдайларда, Шарт бойынша орындау мерзімі, осындай жағдайлар және олардың зардаптары әрекет ететін уақытқа қарайлап жылжып отырады.


9. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
9.1. Тараптар, осы Шартқа байланысты және оған қатысты барлық дауларды (келіспеушіліктер) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы хұкім соттарында қарауға келісімге келді.


  1. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

10.1. Шарт, оған екі Тараппен қол қойылған сәттен бастап күшіне кіреді және Тараптардың келісімі бойынша немесе Тараптардың біреуінің бастамасы бойынша оны бұзғанға дейін қолданыста болады. Осы Шартты бұзуға бастамашы болған Тарап, бұзуға болжанған күнге дейін 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде басқа Тарапты алдын-ала хабарландыруға міндетті.

10.2. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, Тараптардың уәкілетті тұлғаларымен қол қойылып және оларды мөрмен бекітіп, осы Шартқа Қосымша келісімді жасау жолымен.

10.3. Шарттың бұзылуы осы Шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерден бас тартуға негіздеме бола алмайды. Шарт, Тараптар арасындағы барлық өзара есеп-айырысулар аяқталған соң бұзылды, деп саналады.

10.4. Осы Шарт екі түпнұсқалық данада құрастырылған, әр Тарапқа бір бірден. Осы Шартқа барлық Қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.

10.5. Клиент, «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсетуге, осы Шартты жасау сәтіне қолданыста болған Банк тарифтерімен таныстырылды және Банк өзінің қарауы бойынша қолданыстағы тарифтерді өзгерту құқығына өзінің келісімін береді.


БАНК:

«БТА Банкі» АҚ


Қазақстан Республикасы, ________________ қ., ___________________ к-сі, __-үй,
Корреспондент шоты № _____________,
СТТН ______________,
ФАА 190501306 халықаралық есеп айырысулар үшін, код ____ _______________қ. бойынша есеп айырысулар үшін.
___________________________________

қолы, МО
КЛИЕНТ:

_______________________________________________________

Қазақстан Республикасы, ________________ қ., ___________________ к-сі, __-үй,


Банк шоты № _____________, _______________________,
СТТН ______________,

___________________________________

қолы, МО

«БТА Online» жүйесінде

банктік қызмет көрсету Шартына

1 қосымша


Электронды цифрлы қол тану және

негізгі тасушыларды қабылдау – тапсыру туралы Акт
_____________ қ. «__» _______ 200_жыл
«БТА Банкі» Акционерлік Қоғамы, бұдан әрі «Банк» деп аталады, __________________ №______ Жарғы/Сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ____________________________________ арқылы бір жағынан, және _____________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын __________________________________________арқылы, бұдан әрі “Клиент” деп аталады, екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп “Тараптар” деп аталады, төмендегілер туралы осы Актіні жасады:

1. Тараптар, «БТА Online» жүйесінде операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын, ҚР Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес жасалған және электронды цифрлы қолмен расталған электронды құжаттар қағаз жүзіндегі құжаттарға сәйкес келетіндігін және осы Шарт бойынша ұқсас құқықтар мен міндеттемелерді тудыратындығын таниды.

2. Тараптар, осы Шарт бойынша олармен пайдаланылатын телекоммуникация, өңдеу және ақпаратты сақтау жүйелері электронды құжаттарды қабылдау, тапсыру, өңдеу және сақтау кезінде сенімді және тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатындығын мойындайды.

3. Тараптар, осы Шарт бойынша олармен пайдаланылатын ақпаратты қорғау жүйесін, Пайдаланушылар құқықтарын растау үшін және электронды құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген қол жеткізуінен қорғау үшін жеткілікті, деп таниды.

4. Клиент, онымен Банктен алған Негізгі тасушы жалғыз данада шығарылғандығын мойындайды.

5. Клиент, Негізгі тасушыны пайдалана отырып электронды цифрлы қол қоюды қалыптастыру алгоритмінің сенімді екендігін мойындайды, және электронды құжатты қалыптастыру Пайдаланушыда Негізгі тасушының болуы және оның Негізгі тасушыға қол жеткізу паролін білген жағдайда ғана мүмкін.

6. Банк берді, ал Клиент жабылған конверттерді қабылдады, онда Негізгі тасушы және Негізгі тасушыға қол жеткізу паролі бар, саны ________ дана, соның ішінде:


  • ____ дана, қол қою құқығы бар Пайдаланушылар үшін,

  • ____ дана, оператордың қызметін орындайтын Пайдаланушылар үшін.

7.  Тараптармен осы Актіге қол қою, электронды цифрлы қол қоюдың өзара тануын білдіреді. Электронды цифрлы қол қою осы Актіге қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

8.  Осы Акт «___» _________ 200_ ж. №___ «БТА Online» жүйесінде қызмет көрсету Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.


БАНК:
___________________________________

қолы, МО
КЛИЕНТ:


___________________________________

қолы, МО


«БТА Online» жүйесінде

банктік қызмет көрсету Шартына

2 қосымша



«БТА Online» жүйесінде

Пайдаланушыны тіркеуге / өзгертуге

өтініш



Заңды тұлғаның аталуы (Шаруа қожалығының, жеке кәсіпкердің)

………………………………………………………………………………

СТТН

………………………………………………………………………………

Мекенжай:

………………………………………………………………………………

Тұлғасында:

………………………………………………………………………………

Негізінде әрекет етеді:

………………………………………………………………………………


Өтініш етеді:


  • Келесі жеке тұлғаларды тіркеуді:

  1. ________ (Аты-жөні, жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні, СТТН, қол қоюдың қандай деңгейіне ие екенін көрсету (бірінші, екінші) алып отырған лауазымы);

  2. ________ (Аты-жөні, жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні, СТТН, қол қоюдың қандай деңгейіне ие екенін көрсету (бірінші, екінші) алып отырған лауазымы);

  3. ________ (Аты-жөні, жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні, СТТН, қол қоюдың қандай деңгейіне ие екенін көрсету (бірінші, екінші) алып отырған лауазымы);

«БТА Online» жүйесінің тізілімінде Пайдаланушылар ретінде және жүйеге қол жеткізуді рұқсат ету

«БТА Online» «__» ______ 200_ жылғы №____ «БТА Online» жүйесінде банктік қызмет көрсету Шартына сай.


  • құпия кілттерді және ашық кілт сертификатын қайталап дайындау
    (сертификаттың іс-әрекет мерзімі өтуіне байланысты, пайдаланушының дербес деректерін өзгерту, сертификатты жоюмен).
    керегінің астын сызу

  • Пайдаланушының жаңа негізгі тасушысын тіркеу (Аты-жөні, жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні, СТТН, қол қоюдың қандай деңгейіне ие екенін көрсету (бірінші, екінші) алып отырған лауазымы)
    (жоғалтуына, зақымдануына байланысты).
    керегінің астын сызу

  • «БТА Online» жүйесінің тізілімінен Пайдаланушы ________________________________ (Аты-жөні, жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні, СТТН, қол қоюдың қандай деңгейіне ие екенін көрсету (бірінші, екінші) алып отырған лауазымы) алып тастау.

  • «БТА Online» жүйесіне Пайдаланушыға (Аты-жөні, жеке тұлғаны куәландыратын құжат нөмірі және берілген күні, СТТН, қол қоюдың қандай деңгейіне ие екенін көрсету (бірінші, екінші) алып отырған лауазымы) қол жеткізуге тыйым салу

  • «БТА Online» жүйесіне келесі Пайдаланушыға қол жеткізуді рұқсат ету:




Тегі




Аты




Әкесінің аты




UID пайдаланушы сәйкестендіргіші




Лауазым




Азаматтығы




СТТН




Жеке куәлік нөмірі




Куәлікті берген күні




Ұялы телефон нөмірі




Электронды пошта мекенжайы




Негізгі тасушы сәйкестендіргіші

  • Жаңа негізгі тасушы

  • Негізгі тасушыны қайта тіркеу







Негізгі тасушы мына атқа тіркелген







«…» …………….2008 ж.





Заңды тұлғаның аталуы





Лауазым




Аты-жөні






Қолы








мо

БАНК:
___________________________________

қолы, МО


КЛИЕНТ:
___________________________________

қолы, МО


«БТА Online» жүйесінде

банктік қызмет көрсету Шартына

3 қосымша



«БТА Online» жүйесінде

шартты тіркеуге / өзгертуге

өтініш

00.00.0000 ж. № ………. Шарт


Заңды тұлғаның аталуы

………………………………………………………………………………

СТТН

………………………………………………………………………………

Мекенжай

………………………………………………………………………………

тұлғасында

………………………………………………………………………………

Негізінде әрекет етеді

………………………………………………………………………………

«БТА Online» жүйесінде қызмет көрсетуге шартты тіркеуді (өзгертуді) сұрайды :
Банктік шот жүйесінде тіркеу



Шот №

Валюта

Филиал

БСК

Есептен шығаруға тыйым

þ (Иә)


1
















2
















3
















4
















5
















6
















7
















8
















9
















10

















Төлем құжаттарын бекіту саясатын баптау (авторландыру)



Қол қою лимиті

(бос өріс – шектелмеген)



Лимит валютасы


Төлем құжаттарында талап етілетін қол қою саны

«екінші» деңгейдің қолы

Міндетті ме ?

þ (Иә)


1













2













3














Төлем құжаттарын бекіту құқықтарын ұсыну (электронды цифрлы қол қою).

Қол қою деңгейі

Аты-жөні

Лауазым

UID сәйкестендіргіш



Лимит үшін қол қою үлгісі
«Б» бірлескен (үндеместен)

«Ж» жеткілікті

«М» міндетті


№1

№2

№3

«Бірінші»

















































































































































«Екінші»

















































































































































Пайдаланушылар құқықтарын шекаралауды қамтамасыз ету (жүйелік рөлдер).





Аты-жөні

UID

þ Үзінді көшірме Есеп берулер

þ Құжаттарды жасау

þ Үлгілерді жасау

þ Үлгілерді авторландыру

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8



















9



















10



















11



















12



















13



















14



















15



















16



















17



















18



















19



















20



















21



















22



















23



















24






















«…» …………….2008 ж.





Кәсіпорын аталуы





Лауазым




Аты-жөні






қолы








мо


БАНК:
___________________________________

қолы, МО


КЛИЕНТ:
___________________________________

қолы, МО


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет