Қазақстан құрамасының спортшысы Бекзат Таңатар Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан турнирде өзбекстандық Самандар Джалоловты жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Бес боксшымыз Баку қаласында өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” турнирінің жартылай финалына жолдама алды. 48 келідегі Теміртас Жүсіпов жарысты бірден ширек финалдан бастап, жергілікті боксшыдан басым түссе, 60 келідегі Талғат Сырымбетов венгриялық Марк Адоль Балохты жеңіп, жартылай финалға шықты. 71 келіде жұдырықтасатын Дархан Дүйсенбай жергілікті боксшы Наби Искандаровты ұтса, 86 келідегі Бекзат Таңатар  өзбекстандық Самандар Джалоловты жеңді. 92 келідегі Сағындық Тоғамбай да қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыстың жартылай финалына шықты. 

Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 6 алтын жеңіп алды

Айта кетейік, бұған дейін олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановтың алғашқы айналымында ұтылып қалғанын жаздық. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.