Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы Абдуллина Р. И. Экономика қаржылық секторындағы есебі оқу құралы Қостанай, 2012



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы

Абдуллина Р.И.



ЭКОНОМИКА ҚАРЖЫЛЫҚ СЕКТОРЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
Оқу құралы

Қостанай, 2012

УДК 657(075.8)

ББК 65.052я73

Э 40

Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Р.И.



Рецензенттер:

Ержанов М.С. – «Grand Torlton» аудиторлық комапаниясының бас директоры, э.ғ.д., профессор

Турежанов С. –«Экономика және басқару» кафедрасының доценті, э.ғ.к.

Құрастырушы:

Э 40 Экономика қаржылық секторындағы есебі. Оқу құралы. Абдулина Р.И. – Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011 – 66б.

ISBN 978-601-7322-76-2


Оқу құралымда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп беру қағидалары қарастырылған. Құралым бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша заңңамалар, ұлттық және халықаралық қаржылық есеп беру стандарттар негізінде оқу бағдармаламаға сәйкесқұралған. Оқулық негізінде пайдалануға болады. Оқулық дәрістерден, бақылау сұрақтары мен білімдерін тексеруге арналған тестілік тапсырмалардан құралады.

050508- Есеп және аудит мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған.

УДК 657(075.8)

ББК 65.262.я73


А. Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің № 4 хаттама « 23 » ақпанда 2012 ж. мақұлданды

© А. Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университеті

Мазмұны



Кіріспе.............................................................................................................

4

1 Тақырып. Қаржылық секторындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы ережелері...........................................................

5

2 Тақырып. Шетел валюталар операциялардың есебі. Шетел іс сапар бойынша есебі................................................................................................

10

3 Тақырып. Несие операцияларының есебі................................................

13

4 Тақырып. Экспорттық операцияларының есебі....................................

20

5 Тақырып. Импорттық операцияларының есебі ....................................

25

6 Тақырып. Лизингтік операциялар есебі...................................................

33

7 Тақырып. Инвестициялар есебі................................................................

45

8 Тақырып. Қаржылық секторындағы компаниялардың қаржылық есеп беруі........................................................................................................

53

Әдебиеттер тізімі...........................................................................................

64



Кіріспе
Экономика қаржылық секторындағы ерекшелігі бұл сала өндірістен тыс болып табылатындығында.

Экономика қаржылық секторындағы есебі материалдар, импорт, экспорт, реэкспорт, реимпорт және инвестициялар операциялар есебін жүргізу ерекшеліктерің білдіреді.

Осы көрсетілген ерекшелікке байланысты шығарылымға есепті нақты шамасын алу үшін операциялардың шамасына қарай есептеледі

Оқу құралының негізгі мақсаты – экономика қаржылық секторындағы ерекшелігі бұл сала өндірістіктен тыс болып табылатындығында. Бұл оқу құралының өзектілігі экономика қаржылық секторындағы жүргізілетін бухалтерлік есеп ерекшелігін көрсетеді. Жүргізілетін есептеулерге арналған ақпараттық база инвестиция салалары бойынша кезеңділігі айлық және жылдық статистикалық байқаулардың нысандары.

Көрсетілген статистикалық есептілікті заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері тапсырады. Егер құрылымдық бөлімшеге бас кәсіпорын есеп тапсыру бойынша өкілеттік берген болса, онда ол есептілікті өзінің орналасқан жері бойынша тапсырады. Басқа жағдайда (құрылымдық бөлімшенің өкілеттілігі жоқ болса) бас кәсіпорын құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде олардың орналасқан жерін көрсетіп есеп тапсырады.

Сондықтан бүгінгі таңда экономика қаржылық секторындағы бухгалтерлік есеп сапасын арттырып оның тиімділігің жоғарылату барысында міндеттердің орындалуына ұйымның қызметін бақылау және басқарудың маңызды ақпараттық базасы (негізі) ретінде бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше.

«Экономика қаржылық секторындағы есебі» курсы «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын тандаулы пәні болып табылады. Курс экономика қаржылық секторындағы бухгалтерлік есепті жүргізу теориялық және методологиялық сұрақтарды анықтайды. Оқулықтың манызы бакалавр бойынша оқу бағдарламаға сәйкес құрастырылған.

Оқулық дәрістен, бақылау сұрақтарынан құралады.

Курстың мақсаты: экономика қаржылық секторындағы бухгалтерлік есептің жүйесін студенттерге қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

-экономика қаржылық секторындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін зерттеу;

- экономика қаржылық секторындағы бухгалтерлік есепті меңгеру;

-экономика қаржылық секторындағы бухгалтерлік есебінің ерекшеліктерін, заңдылықты реттелуі туралы мағлұматтарды қалыптастыру;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет