Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы Абдуллина Р. И. Экономика қаржылық секторындағы есебі оқу құралы Қостанай, 2012


Тақырып. Шетел валюталар операциялардың есебі. Шетел іс сапар бойынша есебі



жүктеу 1.04 Mb.
бет3/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

2 Тақырып. Шетел валюталар операциялардың есебі. Шетел іс сапар бойынша есебі.



Мақсат- шетел валютасымен валюталар есебiн және шетел компаниясының шоғырландырылған есебiн құрастыру әдiстемесiн оқып-зерттеу.

Жоспар:

2.1 Шетел валютасымен операциялар және оларды есепке алудың жалпы принциптерi.

2.2 Ағымдағы есепте валюталық қаражаттарды бағалау.

2.3 Шетел компаниялардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн құру әдiстемесi.


2.1 Шетел валютасымен операциялар және оларды есепке алудың жалпы принциптерi

Шетел валютасымен операциялар – бұл кәсiпорын мына жағдайларда шетел валютасымен жүзеге асыруды қажет ететiн мәмiлелер:

а) бағалары шетел валютасымен бекiтiлген тауарлар мен қызметтердi сатады және сатып алады;

ә) алуға немесе төлеуге тиiстi сомалар шетел валютасымен бекiтiлген сомаларға займ алса немесе ұсынса;

б) шетел валютасында мiндеттемелердi өзiне алса, төлесе, активтердi сатып алса немесе сатса.

в) басқа жолмен активтердi сатып алады немесе сатды, өзiне мiндеттемелердi алады немесе берiлген мiндеттемелердi шетел валютамен өтейдi.

Шетел валютасында жүргiзiлетiн операциялар бойынша бухгалтерлiк есептегi жазулар ҚР Ұлттық банкiсiмен бекiтiлген бағамға шаққанда теңгемен көрсетiлуi тиiс.

2.2 Ағымдағы есепте валюталық қаражаттарды бағалау

Курстық айырмашылық – бұл валюталық есептiлiкте басқа валюталық курс бойынша шетел валютасының бiрдей бiрлiктерiн есепте көрсетi кезiнде пайда болатын айырмашылық. Курстық айырмашылықтар шаруашылық операцияны жасау мерзiмi мен осы операцияны есептеу немесе есептi күнде көрсету арасында пайда болады.

Бухгалтерлік есепте және есептілікте келесі себептерден пайда болатын курстық айырма көрсетіледі;

- шетел валютамен көрсетілген дебиторлық немесе кредиторлық берешекті толық немесе жартылай өтеумен байланысты операциялар, егер есепті кезеңде бухгалтерлік есеп жүйесінде бұл дебиторлық немесе кредиторлық берешектің көрсету күніне валюта курсы есеп айырысу күніне ҚР-ның Ұлттық банкінің курсынан айрықша болса.

- әр есепті күнге шетел валютада ақша құралдарының қалдықтарының қайта есептеумен байланысты операциялар бойынша және бұл шоттардағы құралдар қозғалысы бойынша әр операцияның алдында.

Шетел кәсіпорынның қаржылық есептерін өз қаржылық есептеріне кіргізу үшін қайта есептеу кезінде есеп беруші кәсіпорын келесі принциптерді қолдану қажет:

- шетел кәсіпорынның ақшалай және ақшалай емес активтері мен міндеттемелері есепті кезең соңына курс бойынша кайта есептеуі қажет;

- шетел кәсіпорынның табысты және шығынды баптарын операция жасалатын күніне айырбас курсы бойынша қайта есептеу қажет, айрықша жағдай – шетел кәсіпорынның өз есебін гиперинфляциондық экономикалы ел валютасында дайындаса, бұл кезде табысты және шығынды баптарды есепті кезеңнің соңына курсы бойынша қайта есептеу қажет.

Бухгалтерлiк немесе қаржылық есептiлiкте курстық айырмашылықтар оларды есептеу кезеңiне және қаржылық есептiлiк құрастырылған мерзiмде көрсетiледi. Курстық айырмашылықтар субъектiнiң табыстары мен шығындарының құрамына енгiзiледi және бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде табыс пен шығыстың басқа түрлерiнен жеке көрсетiледi.

2.3 Шетел компаниялардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн құру әдiстемесi

Есеп беретiн кәсiпорынның ажырағысыз бөлiгi болып табылатын шетелдiк бөлiмшенiң қаржылық есебiн жоғарыда көрсетiлген стандарттарға сәйкес қайта есептеу қажет.

Шетел мемлекеттің қаржылық есептерін қайтадан есептеуі курстық айырманы тануға әкеліп соғады. Ол келесі жағдайда болады:

а) оепрациялардың жасалу сәтіне айырбас курсы бойынша табыс және шығыс баптарын қайта есептеу, есепті кезең соңына айырбас курсы бойынша активтер мен міндеттерді қайта есептеу;

ә) шетел кәсіпорынға салынған таза инвестицияның, ол есепке кіргізілген айырбас курсынан басқа курс бойынша кезең басына қайта есептеу;

б) шетел кәсіпорынның меншікті капиталдың басқа өзгерістерде;

Шетел кәсіпорынның есептен шығуынан соң осы кәсіпорындармен байланысты барлық курстық айырмашылықтардың жиынтығын осы кәсіпорынның шығуынан пайда болған табыстар мен шығыстар танылатын кезеңде табыстар немесе шығыстар ретінде тану керек.

Қаржылық есеп беруде анықтау қажет:

а) есепті кезең үшін таза табыс немесе шығын есебіне кіргізілген курстық айырмалар сомасын;

ә) меншікті капиталдың жеке компоненті ретінде ерекшеленетін таза курстың айырмаларды және де есепті кезеңнің басында, аяғында осындай курстық айырма сомаларын келеістіруді;

б) рұқсатылған альтернативті (балама) жолмен активтің баланстық құнына кіргізілетін, есепті кезең бойы пайда болатын курстық айырмалар сомасын.

Субъект шетел кәсіпорын сатып алғанда пайда болатын гудвилл мен әділ құнының дұрыстауын қайта есептеуді жүргізген әдісті айқындау қажет.

Баланстық есеп беруден кейін валюталар айырбастау курсының өзгеруі өте маңызды болса, субъект өзгерудің нәтижелерін айқындауы қажет.

Бақылау сұақтар:

1. Шетел валютасымен операциялардың түсінігі

2. Шетел валютасымен операцияларды есепке алу принциптерi

3. Ағымдағы есепте валюталық қаражаттарды бағалау

4. Шетел компаниялардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiн құру әдiстемесi

5. Курстық айырмашылық – бұл... .

6. Шетел кәсіпорынның қаржылық есептерін өз қаржылық есептеріне кіргізу үшін қайта есептеу кезінде есеп беруші кәсіпорын келесі 0андай принциптерді қолдану қажет?

7.Шетел мемлекеттің қаржылық есептерін қайтадан есептеуі курстық айырманы тануға әкеліп соғады. Ол келесі қандай жағдайда болады?




3 Тақырып. Несие операцияларының есебі
Мақсаты: Несиелік операциялар есебін ұйымдастырумен танысу.

Жоспар:

3.1 Несиелеуді ұйымдастыру

3.2 Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау
3.1 Несиелеуді ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған қаражаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85%-ы ұсынылған қарыздарды төлеу түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады. Коммерциялық банктердің шығындар құрылымын 80%-ға жуық салымдар мен депозиттер бойынша несиенің пайыз төлеу шығындары құрайды.

Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.

1. Кредиторлар бойынша:

- орталықтандырылған, бюджеттік, банктік, банктік емес қаржылық ұйымдар, коммерциялық, сыртқы;

2. Қарыз алушылар бойынша:

- қаржылық институттарға, үкіметке (Қаржы министрлігі), бюджеттен тыс қорларға, банктерге, банктік емес қаржылық ұйымдарға несиелер;

- экономиканың салалары бойынша барлық меншік түрлері, ауыл шаруашылығына, өнеркәсіпке, саудаға және т.б.

- жеке кәсіпкерлер (занды тұлға емес қызметті іске асыру);

3. Банктік несиені қолдану (пайдалану) мерзіміне байланысты мынадай түрлерін ажыратуға болады:

- қысқа мерзімді;

- ұзак мерзімді.

4. Қолдану сипаты мен бағыты бойынша: негізгі қорларға несиелер, айналым капиталына несиелер;

5. Қамтамасыз ету түрлері және қолда болу бойынша:

- қамтамасыз етілген: түрақсыз, кепілмен, тапсырыспен, кепіл затымен;

- сақтандырылған;

- қамтамасыз етілмеген: бланкті (сенімді).

6. Ұсынылған валюта бойынша: шетел валютасымен, теңгемен.

7. Ұсынылған шарт бойынша: авальді, акцепті, акцепті-рамбурсты, аукционды, валюталық, ипотекалық несиелер, консорциалды, дебетті сальдоны жабу несиесі (овердрафт), лизингті, ломбардты, жеңілдікті, онкольді, тұтыну несиесі, револьверлі, резервті, маусымдық несие, факторинг, форфейтинг.

8. Несиелеудің объектісі бойынша: меншіктік айиалым құралдарының жетіспеушілігін толықтыру; материалдық қорлардың жиынтығын; экспортты және импортты тауарларды әкелу және ішкі экономикалық іс-әрекетінің шығындары, жеке еңбекпен айналысатын азаматтар тұтынған шикізат, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер, ломбардтың кепілді-несиелік операциялары, театрлардың табыстары мен шығыстарының арасындағы маусымдық үзілістер; күрделі салымдарды қаржыландыруға; еңбекақы төлеуге; тиімділігі жоғары және қайтымы тез шараларды несиелеу.

Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалды құндылықтарта, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.

Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.

Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өзі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі тандайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құқылы.

Қалыптасқан несиелік механизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады. Коммерциялық банктің жұмысына талдау жүргізу оның ақша қаражатын мобилизациялау мүмкіндігі тек жартылай ғана қолданылатынын көрсетеді. Сонымен бірге ресурстарды сату фактісін және несиелеу жүйесіндегі жалпы «сауда» акцептін сөзсіз оң құбылыс ретінде сипаттауға болады.

Қазіргі несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сондай-ақ ҚРҰБ белгілеген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі пруденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие механизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара келісіп шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын да жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болды. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.

Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері - оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы-материалдық құндылық қорларының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбады, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептелді. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.

Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану кағидасына енгізілді. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режімі қолданылатын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы болғаны бәрімізге мәлім.

Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуекелділігін төмендететін клиенттің несиеқабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлемқабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.

Өзгертулер несиені қамтамасыз ету қағидасына да әсер етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамасыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түріне өту қарастырылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып табылады. Аталған формаларды іске қосатын несие механизмі банкке өзінің тәуелсіздігін күшейтуге мүмкіндік бере отырып, несиелік тәуекелді төмендетуге қол жеткізеді. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Қаржы-несиелік механизмінің қызмет ету тиімділігі уақытында түрлі шаруашылық бірліктерінен ақша алу ғана емес, сондай-ақ жалпы елдің экономикалық өсу қарқынына әсер етеді. Несие жүйесінің қызмет ету механизмі оның ұйымдық құрылымдарының, несиелік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық формаларда, несиелеу әдісі мен формаларының өзгеру әсеріне байланысты әрқашан ауысып отырады. Пайда алу көзқарасы тұрғысынан коммерциялық банктер қызметінің негізгі түрі несие ұсыну болып табылады. Қаражатын әр түрлі несиелік операцияларға орналастыра отырып, банк басшысы бір мезгілде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандырады әрі өздері де табыс алу көзі деп санайды. Несиелік шарттың өтімділік деңгейінің маңызы бар. Мысалы, банк кейбір жағдайларда ғана басқа институттар мен жеке тұлғаларға несиені қайта бере алады, себебі ақша талаптарының аталған түрінде екінші реттегі нарық жоқ, бұған тұрғын үйді кепілдікке салу түріндегі несие ғана жатпайды.

Сонымен қатар банк басшысы «несиелік қоржын» ішінде ақша қаражатын бөлуді қарастыруы керек, демек бөліп-бөліп төлеу, сауда-өнеркәсіп компаниялары, жылжымайтын мүліктер сияқты несие түрлеріне бөлу. Оңдай бөлудің негізі ретінде салыстырмалы несие табысы, әр түрлі шектеулері бар несиелерге сұраныс қарастырылды. Банк қаражаттарын әр түрлі активтер түріне орналастыру әр түрлі заңдар мен реттеуші актілерге байланысты.

«Қаражаттардың жалпы қоры» әдісіне сәйкес орналастырылуына коммерциялық банк басшысы жауап беретін қаражат әр түрлі көздерден түседі, оның ішінде талап еткенге дейінгі салымдар, жинақтық, мерзімдік салымдар және банктің меншікті капиталы жатады. Бұл әдіс негізіне банктердің ресурстарды біріктіруі алынған. Одан кейін жинақ қаражаты сәйкес деп саналатын активтер түрінің арасында бөлінеді. Қаражатты орналастыру құрылымын анықтаудағы бірінші мәселе, алғашқы резерв ретінде қарастырылатын үлестерін белгілеу. Көп жағдайда алғашқы резерв рөлінде «басқа банктердің қарыздары және қолда бар ақшалары» бабына кіретін активтер қарастырылады. Оған басқа коммерциялық банктің корреспонденттік шотындағы ақша және де инкассолау үрдісіндегі басқа да құжаттар кіреді. Қаражаттарды орналастырудағы екінші мәселе, белгілі бір табыс алып келетін «кассалық емес» өтімді активтерді құру мәселесі. Бұл резервтері жоғары өтімді табысты активтер, олар өз кезегінде жоғалту тәуекелі төлем және ең аз пайызды ұстай отырып қолма-қол ақшаға айнала алады.

Қаражаттардың жалпы қоры әдісі бойынша қаражаттарды орналастырудың үшінші кезеңі – несие қоржыны портфелін құру. Банк бірінші және екінші реттегі резервтер мөлшерін белгілегеннен кейін, ол өз клиенттеріне несие ұсына алады. Бұл банктің табыс әкелетін қызметінің ерекше түрі. Несие банктік активтердің ең маңызды бөлігі, ал несиелер бойынша табыс банктік пайданың ең ірі құрушысы. Несиелік операциялар банктің өте тәуекелді қызметі.

Активті несиелік операциялар – біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операциясынан; екіншіден – басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады. Пассивтің несиелік операциялары үшінші түлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады. Аталған сипаттамалардан несиелік және қарыз беру операцияларының, несие мен қарыз арасындағы ерекшелікті көруге болады. Несие – банктің қаражатын ұйымдастыру көзі және оларды салудың әр түрлі нысандарын ұсынатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі нысандарын қарастыратын кең мағынадағы түсінік. Қарыз болса –нәтижесінде қарыз шотын ашуға болатын, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана нысаны. Сонымен бірге, несиелік қатынастар тек банктік несие шеңберінде ғана ұйымдастырылып қоймайды, сондай-ақ кәсіпорын кредитор және қарыз алушы болатын коммерциялық несиелеу ретінде де ұйымдастырылады. Ал олардың арасындағы несиелік қатынас векселмен рәсімделеді. Бұдан әрі коммерциялық несие, банкке векселді кепілге қоя отырып, банктік несиеге айналуы мүмкін. Тікелей банктік несиелеу, яғни кәсіпорынның несиелік қатынасы басында банкпен арақатынасынан басталады, сонымен бірге жанама банктік несиелеу, яғни алдымен кәсіпорындар арасында несиелік қатынас пайда болады, нәтижесінде олар банкке жедел түрде вексель бойынша ақша алу әдісін іздестіру үшін жүгінеді.

Сондай-ақ несиені контекорренттік шот ашу арқылы беруге болады. Бұл шотта бір жағынан түсімдер, екінші жағынан несие және төлемдер және де кредиттік пен дебеттік сальдо көрсетіледі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын шот. Контокорренттік шот бойынша банк әрбір қарыз алушы үшін контокорренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді.

Лимиттер әрбір клиент үшін саралап белгіленеді. Контокорренттік несие қарыз алушыға контокорренттік шот ашу арқылы клиенттің төлем құжаттарын төлеу негізінде беріледі. Контокорренттік шотты ашудың негізі клиентпен контокорренттік несие беру туралы шарт жасасу болып табылады. Несиені беру кезіндегі өте маңызды, бірақ әрқашанда міндетті емес мәселе банк беретін несиені қамтамасыз ету.

Несиені қамтамасыз ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, сондай-ақ банк пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік міндеттерді рәсімдеу, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың бағалы қағаздары, жылжитын және жылжымайтын мүліктердің кепілін рәсімдеу тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәландырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің орындалуымен бірге тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңында тоқтатылады. Тапсырманың ерекше нысаны кепілдік беру болып табылады.

Шаруашылық субъектілер берген кепілдіктер кепілді банкте сақталады және несиелеуші банк кепілдікті қабылдау туралы кепілді банктің хабарламасын бірге ұсынады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабылдаған кезде клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.

Несиелік мәмілені рәсімдеу қарыз алушының өтініші бойынша жасалады және оған қарыз алушы мен кредитор арасында несиелік шарт жасасу туралы қарыз алушының анкетасы қосылады. Несиелік келісімшартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:


  • несиенің мақсаты;

  • берілетін несиенің жалпы сомасы;

  • несиенің валютасы;

  • несиені өтеу мерзімі;

  • несиені өтеу әдісі;

  • қамтамасыз ету;

  • сыйақы мөлшерлемесінің көлемі.

Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған құжат мерзімді міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті. Негізгі құжаттар келесілер:

-қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;

-егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған кұрылтай құжаттардың көшірмесі;

-қарыз алушы атынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;

-жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;

-клиенттің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық компанияның қорытындысы;



  • егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;

  • несиенің пайдаланылу мақсатын растайтын құжат;

  • заңды тұлғаның бизнес-жоспары;

  • несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емес қорларға салық және аударымдар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;

  • басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.

Егер ұсынылған несие жылжымайтын мүлік түрінде кепілмен қамтамасыз етілсе, онда несиелік құжаттама бойынша қосымша құжаттарға келесілер кіреді:

  • мемлекеттік тіркеуден өткен ипотека және кепіл шарының түп-нұсқасы;

  • кепілге қойылған мүліктің нарықтық құнын бекітетін және дәлелдейтін бағалау құжаты;

  • егер несие осы мүлікті алу үшін берілсе, онда кепіл мүлкінің сатып алу бағасын бекітетін құжат.

Несиелік құжаттамаға жылжымалы мүлік кепілінің нысанында қарыз алушының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету жағдайына ұсынылғаннан басқа, кепіл шарты, кепіл заты туралы ақпарат және олардың құнын анықтау әдісі ұсынылады.

Егер қарыз алушы несиені құрылыс саласында қолданатын болса, онда құжаттамаға жоспарланған жұмыс бойынша жобаланған сметалық құжат және тексеру есептері немесе жұмыстың орындалуын бекітетін қарыз алушының қабылдау-өткізу актісі қосылады. Несие бойынша міндеттемелерді орындау кепілмен немесе кепілгерлікпен қамтамасыз етілсе, несиелік құжаттамаға мынадай қосымша құжаттар тігіледі:



  • кепіл және кепілгерлік шарты;

  • кепіл берушінің немесе кепілгердің қаржылық жағдайын растайтын аудиторлық ұйымның қорытындысы;

  • кепіл беруші атынан кепілдік шартқа немесе кепілгер атынан кепілдеме шартына қол қоюға құзыреті бар тұлғалар өкілеттігін дәлелдейтін кұжаттар;

  • несие беру алдындағы соңғы есепті кезеңнің қаржылық есебі.

Несиелеу үрдісіндегі маңызды кезең – ұсынылған несиеге кеткен қаражат шығындарына бақылау жасау. Банктің кәсіпорынның қаржылық жағдайына бақылауды күшейтуі белгілі бір күдік туған кезде жүргізіледі.

Несиені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін қарыз сомасы қарыз алушының есеп айырысу шотынан сызылады. Несие мемориалды ордер ретінде қолданылатын мерзімді міндеттемелер негізінде өтеледі. Төлеушінің қаражаты болмаған кезде қарыз сомасы мерзімі өткен несие шотына жатқызылады. Кей жағдайларда өтеу фактісі келгенге дейін мерзімі ұзартылады.

Заңды және жеке тұлғаларға несие өндіріс тиімділігін жоғарылату, жаңа, тиімділігі жоғары өнім түрлерін шығаруды ынталандыру, халыққа әр түрлі қызмет көрсету және т.б. мақсаттарда беріледі.

Әрбір банктің ішкі несиелік саясаты туралы ережесі болады. Оның негізгі мақсаты жұмысшылардың банк белгілеген талаптарын және несиелеу тәртібін орындау арқылы несиелік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі тәуекелді төмендету болып табылады.

Несиелер мыналар есебінен беріледі:

- жеке және заңды тұлғалардың депозиттік және басқа шоттарында тартылған қаражаттары және меншікті қаражаттары қосылатын банктің меншікті әлуеті;

- шетелдік несиелік желілерден, банкаралық несиелік нарықта алынатын несиелік қарыз ресурстары.

Несие мынадай несиеқабілеттіліктің негізгі критерийлеріне сай келетін қарыз алушыларға ұсынылады:

- жоғары пайда нормасында қаржылығы тұракты, барлық қаражаттың 30% көлемінде меншікті капиталмен қамтамасыз етілген, айналымдағы дебиторлық қарызы қысқа мерзімді;

- қарыз алушының беделі;

- шығарылатын өнімінің бағасы, өткізілуіне келіп жататын ұсыныстар, ұсынылатын қызмет сипаты;

- экономикалық конъюнктурасы (бизнестің даму перспектикасы, капитал салу көздерінің, бизнес жоспарының болуы).



3.2 Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау

Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндегі оның қаржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер негізінде жүргізіледі.

Қазіргі кезде барлық банктерде арнайы уәкілетті орган құрылған. Осы уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдерді қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың қарауына ұсынылады. Несиелік комитеттің құрамына басқарма өкілдері, несиелік және заң, валюталық және коммерциялық бөлімдері, сонымен қатар банктің қаржылық директоры кіреді. Құжаттар пакеті несиелік бөлімге беріледі. Несиелік бөлім және басқа бөлімшелер банкте бекітілген мерзімде заңды тұлғаның жобасына зерттеу жүргізеді. Оның нәтижесінде сараптама қорытынды жасалады. Ол шамамен алты бөлімнен тұрады, оларда қарыз алушы кәсіпорын туралы ақпарат жобаға қысқаша мінездеме, жобаның қаржылық бағасы, қаражаттың қайтарылуын қамсыздандыру және тәуекелдерді талдау.

Сонымен қатар мұнда компанияның барлық қызмет түрлерінің сипаттамасы қамтылады, негізгі қордың барлығы, қарыз алушыныңменшігінің құрылымы, несиелік тарих және қарыз алушының жағдайына қаржылық баға, несиеқабілеттілікті бағалауда негізгі мезет – қарыз алушының жағдайына қаржылық баға беру.



Бақылау сұрақтары:

1. Несиелеуді ұйымдастыру рәсімі

2. Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау

3. Қысқа мерзімді несие түсінігі

4. Ұзақ мерзімді несиеге түсінігі

5. Жалпы несиелік операциялар екі үлкен қандай топқа бөлінеді?

6.Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі қандай нысандарға ажыратылады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет