Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы Абдуллина Р. И. Экономика қаржылық секторындағы есебі оқу құралы Қостанай, 2012


Тақырып. Экспорттық операцияларының есебі



жүктеу 1.04 Mb.
бет4/8
Дата21.04.2019
өлшемі1.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

4 Тақырып. Экспорттық операцияларының есебі




Мақсат: Экспорттық операцияларының есебі мен тансу


Жоспар:

 4.1 Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi

 4.2 Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi  ұлттық ұйымның мақсаттары мен мiндетi

 4.3 Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және қадағалау


4.1 Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi

Экспортты дамыту – отандық өндiрушiлердiң тауарларды экспорттау қабiлетiн дамытуды ынталандыратын жағдайлар жасауға бағытталған, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк саясат шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi.Экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесi – өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлетуге бағытталған шаралар кешенi. Экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдары – экспортты сервистiк қолдау және экспорттаушылардың өңделген отандық тауарларды сыртқы нарықтарға iлгерiлетудегi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу. Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйым – өңделген отандық тауарлар экспортын дамыту және iлгерiлету жөнiндегi мемлекеттiк шараларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға. Экспортты iлгерiлету – Қазақстан Республикасы экспорттаушыларының сыртқы нарықтарға кiруiне жәрдемдесуге бағытталған, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мемлекеттiк саясат шеңберiнде жүзеге асырылатын iс-шаралар кешенi. Экспортты сервистiк қолдау – өңделген отандық тауарларды дамытуға және сыртқы нарықтарға iлгерiлетуге бағытталған шаралар кешенi. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары: 

- халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 

- сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 

-Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 

- Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

- сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестiк қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.



4.2 Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi  ұлттық ұйымның мақсаттары мен мiндетi

Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйым қызметiнiң мақсаттары:


      - экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң институционалдық жүйесiн құру;
      - отандық тауар өндiрушiлердiң экспорттық қабiлетiн дамыту болып табылады.
Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi ұлттық ұйымның мiндетi экспортты дамытудың және iлгерiлетудiң экономикалық құралдарын iске асыру болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметтiң бiрыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың атауы мен оның коды;

-өңiрдегi тауардың қалғандарын, олар бар болған кездегi мемлекеттiк резервтердi, өндiрiс көлемдерiн, импортты, экспортты және тұтынуды талдауға негiзделген, жекелеген тауарды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеудi енгiзу қажеттiгiн растайтын ақпарат;
      -тауарларды берушiлер туралы мәлiметтер, тауарлардың сәйкестендiру белгiлерi, тасымалдаудың белгiлi тәсiлдерi, әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеудi енгiзу ұсынылатын тауарды анықтауға мүмкiндiк беретiн өзге де ақпарат;
     - жекелеген тауарларды әкетуге сан жағынан шектеу енгiзу үшiн квота мөлшерi болуға тиiс.
Берiлген рұқсат басқа өтiнiм берушiлерге қайта ресiмдеуге жатпайды. Рұқсат жоғалған жағдайда өтiнiм берушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың телнұсқасын бередi.

Бiр немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы, осы санкцияларды күшiне енгiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.

Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берiлетiн жекелеген тауарлар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.



4.3 Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және қадағалау

Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

Тауарларды импорттау кезiнде қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану.  Тауарларды импорттау кезiнде қорғау, демпингке қарсы және  өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

Тауарларды сату жөнiндегi аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезiндегi тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды. 

Аукциондық сауда жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық  заңдарымен реттеледi.

Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөнiндегi қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.  Тауарды елдi мекен шегiнде жеткiзу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткiзу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады. 

Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.

Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

-тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;

-тауарларды тиiсiнше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;

-сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берiлетiн құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттерi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;

- сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетiмдi жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;

- сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетiнше тексеру мүмкiндiгiн беруге;

- Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын (белгiленген үлгiдегi бланкiлердегi көшiрмесiн) не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;

Сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы сауда қызметi субъектiлерiне тауарлар беру туралы шарт жасасудан негiзсiз бас тартудан не көрiнеу кемсiтушiлiк сипаттағы шарт жасасудан көрiнетiн және:

- сауда қызметi субъектiсiне осындай қызметтi жүзеге асыратын басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптармен басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;

- тауарлар берудi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсiнiң осындай қызметтi жүзеге асыратын басқа да сауда қызметi субъектiлерiмен жасасатын шарттары туралы мәлiметтер беруiн талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желiлерiне немесе iрi сауда объектiлерiне жетуiн шектеуiне тыйым салынады.

Егер сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсi мен өнiм берушi арасында сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiнде қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсiне мұндай тауарларды бергеннен кейiн белгiлi бiр уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгiлеу үшiн мұндай тауарларға ақы төлеу мерзiмi мынадай қағидалар бойынша айқындалады:

- сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсi жарамдылық мерзiмi күнтiзбелiк он күннен кем болып белгiленген азық-түлiк тауарларына мұндай тауарлар берiлген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ақы төлеуге тиiс;

-сауда желiсiн немесе iрi сауда объектiлерiн ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген, жарамдылық мерзiмi күнтiзбелiк он және одан да көп күн болып белгiленген азық-түлiк тауарларына мұндай тауарлар берiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде ақы төлеуге тиiс. Белгiленген мерзiмдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар берудi жүзеге асыратын сауда қызметi субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтiк құқықтық актiлерiне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөнiндегi мiндеттерiн орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тiлдерiнде жапсырмаларда, затбелгiлерде, қосымша парақтарда болуға тиiс. Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшiн қауiпсiздiк талаптарының сақталуы, оның iшiнде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшiн арнайы арналған көлiк құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда жүзеге асырылуға және белгiленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиiстi құжаттардағы жазбалармен расталуға тиiс.

Сауда қызметi субъектiсi:

- сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);

- сатылатын тауарлардың ассортиментiн;

- жұмыс режимiн;

Сауда қызметi субъектiсi өзiнiң мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды мемлекеттiк органдардың қарауы үшiн ұсынуға құқылы.

Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

-Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

-Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

-Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

-Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

- Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.

Бақылау сұрақтар:

1 Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi

2 Экспортты дамыту пайдасы

3 Экспортты iлгерiлету жөнiндегi  ұлттық ұйымның мақсаттары

4 Экспортты дамыту және iлгерiлету жөнiндегi  ұлттық ұйымның мiндетi

5 Жекелеген тауарлар түрлерiнiң экспортын және қадағалау






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет