Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 

Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.

Сонымен қатар Астана қаласында күту парағында тұрған, бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.

“Медициналық зерттеп-қараудан кейін комиссияның шешімі бойынша 26 жастағы реципиент анықталды. Ол бүйректің V терминалды сатысы диагнозымен 6 жыл бойы гемодиализде болған. Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығында дәрігерлер ересек пациентке кадаверлік бүйректі трансплантациялауды сәтті жүргізді. Реципиент палатаға ауыстырылды, қазір жағдайы жақсы. Бүйрек толық жұмыс істеп тұр”, – деп хабарлады ведомство.

Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.

Үшінші ағза — жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.