Бюджет (шұғыл деректер)



жүктеу 60.37 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі60.37 Kb.

Бесқарағай ауданының 2006 жылғы 9 айға арналған әлеуметтік экономикалық дамытудың қорытындылары туралы АҚПАРАТ

Бюджет (шұғыл деректер)

Бесқарағай ауданының бюджеті 2006 жылғы 9 айға арналған кірістер бойынша 99,7 пайызға орындалды, 2006 жылғы 9 айға арналған түсімдердің жинақ жоспарында 119741,0 мың теңгені, кірістер бойынша түсімдер 119411 мың теңгені құрайды.

2006 жылғы 9 айға арналған бюджеттің шығыс бөлігі 92 пайызға, жоспарда 400553 мың теңгеге және кассалық орындалуда 397654 мың теңгеге орындалды.

Бесқарағай ауданында 2006 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша кредиторлық қарыздар жоқ (шұғыл деректер).

2006 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша дебиторлық қарыз жоқ.

Білім беру.

2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бесқарағай ауданының білім беру бөлімімен 2006 жылғы 9 айға білім беру мекемелерімен бірлесе оқу орындарының материалдық техникалық базасын нығайту, кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қабілетті балалардың шығармашылық дамуы бойынша маңызды жұмыстар атқарылды.

Мектептердің материалдық техникалық базаларын нығайтуға 2006 жылғы 9 айға арналған жергілікті бюджеттің қаржаттарынан 7553 мың теңге бөлінді және меңгерілді.

Семиярка орта мектебі үшін 650,0 мың теңгеге қазандық, Глуховка орта мектебіне 1222,0 мың теңгеге электрлі қазандық, Семиярка орта мектебіне 30 мың теңгеге хоккей формасы, барлық мектептер үшін 550,0 мың теңгеге спорт құралдары, Семеновка орта мектебіне 40,0 мың теңгеге орындықтар сатып алынды; автобустардың жөндеулеріне 1153,0 мың теңге, Семеновка орта мектебінің жылу трассасын жөндеуге 800,0 мың теңге, 930,0 мың теңге жалпы сомасына М-Владимировка орта мектебінің, Кривинка орта мектебінің, Баймұратов атындағы орта мектебінің, Семиярка орта мектебінің, Белокаменка бастауыш орта мектебінің, Беген толық емес орта мектебінің, Долон орта мектебінің жөндеулері, қазандықтардың қосалқы бөлшектері сатып алынды. Беген толық емес орта мектебінің, Лесной орта мектебінің 210,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеулері, аудандық Білім беру бөліміне 140,0 мың теңгеге компьютер сатып алынды.

Жыланды негізгі мектебінің шатырына 1917,0 мың теңге сомасына, Березовка орта мектебінің шатырына 2498,0 теңге сомасына күрделі жөндеулер жүргізілді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету.

2006 жылғы 1 қаңтарға кедей жанұялардың саны 1199 адам тұратын 253 жанұя құрайды, 2006 жылғы 1 қазанға кедей жанұялардың саны 1185 адам тұратын 247 жанұя құрайды.

Бесқарағай ауданында 5900 алушыларға 16744,0 мың теңге сомасына көмек көрсетілді; оның ішінде:

демеушілер есебінен 2464,0 мың теңге;


бюджеттің есебінен 14280,6 мың теңге;
онымен қоса:

-«Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру шеңберінде 776 алушыларға 5834,0 мың теңге төленді.


-«Балалары бар жанұялардың мемлекеттік жәрдемақылары туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 8 айға 1222 алушыларға 663 мың теңге төленді;
-үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға 34 алушыларға 1434,0 мың теңге тағайындалды және төленді;
-15 алушыларға 88,0 мың теңгеге тұрғын үй көмегі;
-Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі №104 қаулысымен бекітілген азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру тәртібі туралы Ережесіне сәйкес 102 алушыларға 292,0 мың теңге төленді, оның ішінде:
-өтініш бойынша 12 алушыларға 112,0 мың теңгеден көмек көрсетілді;
-аудан әкімінің 30 ауғандықтармен, чернобыльдіктермен, жағдайлары төмен мүгедектермен кездесуі өтті, Наурыз мейрамы мерекесінің құрметіне концерт қойылды, дастархан жайылды және әр қайсысына 2000 теңгеден көмек көрсетілді;
- Ұлы Отан соғысы жеңісінің 61 жылдығын мерекелеудің құрметіне аудан әкімінің «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында айбынды еңбектері үшін» медальмен марапатталған Ұлы Отан соғысының 30 қатысушыларымен кездесуі өтті. Концерттік бағдарлама қойылды, мерекелік үстел жасалды және әр қайсысына 2000 теңгеден көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту.

Халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғаудың белсенді түрі боп жұмысқа орналастыруға, кәсіптік дайындыққа, біліктілікті жоғарылатуға, қоғамдық жұмыстарды дайындауға, ұйымдастыруға, «жастар тәжірибесі» және жұмыссыздардың әлеуметтік жұмыс орындарына жәрдемдесу болып табылады.

2006 жылғы 1 қазанға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте 178 адамдар тұр. Жылдың басынан бастап жұмысқа орналасуға көмек сұрағандар 252 адам, оның ішінде 77,4 пайызды құрайтын 195 адам жұмысқа орналастырылды. 2006 жылғы 1 қазанға экономикалық белсенді халықтың арасында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,34 пайызды құрайды.

«Жастар тәжірибесіне» 5 адам жіберілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 4 адам жіберілді.

2005 жылы кәсіптік оқытуға және біліктілікті жоғарылатуға 2006 жылы оқуларын бітірген сылақтауға 2 адам жіберілді. 2006 жылы «Отан» ЭЕМ операторға 6 адам оқытылды, Семей қаласындағы «Болашақ» КТМ-да – 2 кондитер, 2 шаштараз, Семей қаласындағы құрылыс колледжінде 3 жұмыссыздар автомобильді жөндеу бойынша слесарь оқуын оқыды. 200? жылы барлығы 15 адам оқуларын бітірді. 2006 жылғы 1 қазанға Семей қаласындағы «Болашақ» КТМ-ға шаштараз оқуына 7 адам, аспазшы-кондитер оқуына 5 адам, Семей қаласындағы құрылыс колледжіне 4 адам, оның ішінде 2-уі газды дәнекерлеуге, 2-уі автомобильді жөндеу бойынша слесарь оқуына жіберілді.

Қоғамдық ақылы жұмыстарда 238 адам қатысты. Олардың еңбекақыларын төлеу бойынша 4 млн. 129 мың теңге меңгерілді.

Денсаулық сақтау.

Ауданға медициналық көмек көрсету 51 кереуетті аудандық орталық ауруханамен, 25 кереуетті өкпе ауруы ауруханасымен жүзеге асырылады.

Ауданда есеп беру кезеңіне 2 аурухана, 10 жанұялық дәрігерлік амбулаториялар, 20 фельдшерлік акушерлік және фельдшерлік пунктер жұмыс істейді.

2006 жылғы 1 ақпанға 50-ден аса халқы бар Қарабаш ауылында жеке ғимараты жоқ, 0,25 ставкасымен 1 медицина қызметкері жұмыс істейді.

2005-2007 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау және дамыту өңірлік Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде республикалық бюджеттің қаражатынан аудандық аурухананың құрылысы басталды, 2006 жылға 50 млн. теңге жоспарланды және меңгерілді. Глуховка ЖДА-ның жөндеуіне 1100,0 мың теңге, Б-Владимировка, Березовка ЖДА-ның жөндеулеріне 800,0 мың теңге жіберілді және меңгерілді. Ауданның барлық медициналық мекемелерінде ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Мәдениет.

Аудан аумағында жұмыс профилінің негізімен жеке тұлғаның сенім басқаруына берілген 16 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб жұмыс істейді. Ауылдық клуб үйлерінде ауылдық клубтардың мәдени ұйымдастырушыларымен әртүрлі мәдени іс-шаралар, ауыл жастары үшін дискотекалар өткізіледі. Көркем өнерпаздар ұжымы облыстық конкурстар мен фестивальдарға белсенділікпен қатысып, жүлделі орындарға ие болып, дипломанттар аталуда. Есеп беру кезеңінде мәдениет мекемелерімен әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді, олар: театрландырылып-әшекейленген «Наурыз» мерекесі, жас таланттардың «Ақ қайың» конкурсы, спорттық іс-шаралар және т.б.

Ауданда 1 орталық кітапхана, 15 ауылдық филиалдар жұмыс істейді. Жалпы кітап қоры 382012 дананы құрастырады. Оның ішінде 114853 дана мемлекеттік тілде.

Тұрғын үй құрылысы.

2006 жылы 460 кв.м. жалпы көлемді тұрғын үй енгізу жоспарлануда, 2006 жылғы 1 қыркүйекке пайдалануға 974 кв.м. немесе жылдық жоспардың 200 пайызы енгізілді.

Халық қаражатының есебінен пайдалануға 510,1 кв.м. немесе алты тұрғын үй салынды, олардың біреуі Ескі Қорған ауылында, Б-Владимировка ауылында екі үй, «Балапан» учаскесінде екі үй, біреуі «Сары Қамыс» учаскесінде және жалпы көлемі 464 кв.м. республикалық бюджеттің қаражатының есебінен «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесі үшін төрт тұрғын үй салынды. Қазіргі уақытта Беген ауылындағы Советскя көшесі бойынша тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда, құрылысшы – Ж. Садыков, жалпы көлемі – 80 кв.м., Глуховка ауылдық округіндегі Бірлік ауылында «Балке» шаруа қожалығы өзінің жұмысшылары үшін 68 кв.м. екі тұрғын үйдің құрылысын бітіруде, бірақ құрылысқа арналған жер учаскелері ресімделген жоқ.

Канонерка ауылындағы Гагарина №96 көшесі бойынша құрылысшы А.Д. Шакуровтың жеке қаражатының есебінен 60 кв.м. жалпы көлемді тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сосновка ауылдық округіндегі Ленина көшесі бойынша құрылысшы С. Мухамедиевтың жеке қаражатының есебінен 120 кв.м. жалпы көлемді тұрғын үй, Басколь ауылдық округіндегі Ново-Николаевка ауылының 1 Мая көшесі бойынша құрылысшы Е. Кешеубаев 80 кв.м. жалпы көлемді тұрғын үй, Башкуль ауылының Целинная көшесі бойынша Л.Р. Хамитов 110 кв.м. жалпы көлемді тұрғын үй құруда.

Аудандық орталықта Большая Владимировка ауылында С. Сейфуллина көшесінде, Д.А. Матвеев, Пионерская көшесі бойынша Т. Адильев 3 тұрғын үй, ал А. Молдабеков 2 қабатты тұрғын үй құруда.



Сумен қамту.

Ағымдағы жылғы 9 айда Малая Владимировка ауылының су құбырлары жүйелерін күрделі жөндеуге 23837 мың теңге бөлінді және меңгерілді.



Автожолдар.

Жергілікті маңыздағы автожолдар, жалпы ұзындығы 408 км., сонымен қатар 237 км. қара ұсақ таспен, 122 км ұсақ таспен жабылған, 49 км жабусыз. 2006 жылы аудандық бюджетте ағымдағы жылдың 9 ай ішінде жергілікті маңыздағы автожолдардың жөндеуін ұстауға 7900 мың теңге қарастырылды және меңгерілді. Шұңқыр жөндеуі, автожолдардың жағасын және жабусыз, ұсақ таспен жабылған автожолдарды тазалау жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет