Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі Бақылау мәселелері



Дата10.05.2019
өлшемі54.5 Kb.
#142295
түріБағдарламасы


Сыртқы мемлекеттік қаржылық

бақылау жүргізудің

бағдарламаларын әзірлеу

жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

№5 қосымша

Бюджеттік инвестициялардың тиімділігін бағалаудың бақылау бағдарламасында көрсетілетін мәселелердің ұсынылып отырған тізбесі
Бақылау мәселелері

1. Бұрынғы бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін бақылау объектісінің қабылдаған шаралары.

2. Бақылау объектісінің іс-шараларды орындаудың мерзімін қамтамасыз ету қызметін талдау, салыстыру және тексеру жолымен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуының және бюджеттік бағдарламаны іске асыру процесінде күтілген нәтижелерге, сондай-ақ индикаторларға қол жеткізу дәрежесінің тиімділігі.

3. Мынадай жолмен:

1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларды қоса қаржыландыру;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың тәртібі.

4. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау:

1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу:

- бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) инвестициялық жобаның салалық сараптамасының бар-жоғы;

- экономикалық сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғы және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару;

«Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын бағалау және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе лимит көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы №1343 қаулысына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамаларды жүргізу;


- бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу және Инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен олар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерге сараптама жүргізу;

5. Концессиялық жобаларды жоспарлау:

1) концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу:

- концессиялық ұсыныстарды концессиялар жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жіберу;

- сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық ұсыныстар бойынша қорытынды қалыптастыру, сондай-ақ концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне қажетті сараптамаларды жүргізу және оларды Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару;

- концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптама жүргізу;

2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптама жүргізу:

- концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету;

- концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін концессиялық мәселелер жөніндегі мамандандырылған ұйымға экономикалық сараптамаға жіберу;

- осы жобаның бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын экономикалық сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастыру және Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына шығару;

3) бюджеттен қоса қаржыландыруға жататын концессиялық жобаларды іріктеу:

- концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің бар-жоғы, мұнда бюджеттен қоса қаржыландырудың шарттары айқындалады;

- концессиялық мәселелер жөніндегі мамандандырылған ұйымның концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне берген экономикалық сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғы;

- жоспарлы кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесінде концессиялық жобаның бар-жоғы;

- бюджеттік комиссияның концессиялық жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджет жобасына енгізу туралы ұсынысының бар-жоғы;

- концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасының бар-жоғы.

6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен бюджеттік инвестицияларды жоспарлау:

1) бекітілген стратегиялық даму құжаттарының және заңды тұлғалардың даму жоспарларының бар-жоғы;

2) жоспарланған іс-шаралардың негізділік және нәтижелілік өлшемдеріне сәйкестігін растайтын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің бар-жоғы;

3) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы мен оның нәтижесін бағалау, бұл ретте заңды тұлғаны дамыту немесе кеңейту мақсатында ғана заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі;

4)  іс-шаралардың, техникалық-технологиялық шешімдердің өзгеруіне, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстардың ұлғаюына немесе қысқаруына байланысты кейіннен қажетті сараптамаларды жүргізе отырып, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізілді ме;

5) бюджеттік комиссия қарамаса да және ұсыныс бермесе де, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізілді ме;

6) қаржы-экономикалық негіздеменің стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі және экономикалық қорытындылардың бар-жоғы;

7) қаржы-экономикалық негіздеменің Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына сәйкестігі, заңды тұлғаның қаржы шығындары мен кірістерін бағалауды қамтитын қаржылық сараптаманы жүзеге асыру;

8) Республикалық бюджеттік комиссия қарау үшін қорытынды дайындау.

7. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру:

1) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелердің бар-жоғы;

2) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберіндегі құрылыс кезінде бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың бар-жоғы;

3) бірыңғай техникалық параметрлері бар инвестициялық жобалар бойынша үлгі жобалар әзірлеу, үлгі жобаларды өңірлердің геофизикалық жағдайларына, құрылыстың нақты алаңына байланыстыру;

4) бюджеттік комиссия қарамаса да және ұсыныс бермесе де, бюджеттік инвестициялық жобаның бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе үлгі жобасында көзделмеген қосымша шығыстарға әкелетін жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша құрамдас бөліктерді енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту оқиғалары орын алды ма;

5) республикалық бюджетке енгізілмеген бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу оқиғалары орын алды ма;

6) аяқталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;

7) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу.

8. Мердігерлердің жұмыстарды орындаудың бекітілген кестесін, жұмыстарды орындау үшін пайдаланған нақты нормалар мен бағаларды сақтауы.

9. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін ұлғайтудың және оларды қымбаттатудың негізділігі.

10. Құрылыс жұмыстарының бекітілген нормаларына сәйкес №2 нысандағы орындалған жұмыстар актілерінің анықтығы.

11. Шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын қолдану.

12. Бюджеттен концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру:

1) концессия шартының бар-жоғы;

2) «Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына сәйкес концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібінің сақталуы;

3) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы №1343 қаулысына сәйкес, Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау тәртібінің сақталуы.

13. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру:

1) бекітілген қаржы-экономикалық негіздеменің бар-жоғы;

2) заңды тұлғалардың жарияланған акцияларын төлеу үшін жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға және олардың еншілес ұйымдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аудару кезінде бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның куәлігімен расталатын жарияланған акциялардың (бағалы қағаздардың) шығарылымын мемлекеттік тіркеу;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы №374 қаулысына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі №558 қаулысына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібінің сақталуы;

4) ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі №126 бұйрығына сәйкес бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесінің мазмұнына, оны әзірлеу немесе түзету тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің сақталуы;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 наурыздағы №374 қаулысына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі №558 қаулысына сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібінің сақталуы;

14. Бақылау объектісінің іс-шараларды орындаудың мерзімін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талдау, мониторингілеу, салыстыру және тексеру жолымен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуының және күтілген түпкілікті нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізу дәрежесінің тиімділігін бағалау.


__________________________
Каталог: upload -> iblock -> 254
iblock -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
iblock -> 2016 жыл. 19 шілде №395 Әділет департаменті 2016 ж. 22 шілде №3905
iblock -> 2016 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша комитеті жариялаған хабарламалар тізімі
iblock -> 7 қазан күні сағат 17: 00-де Қр тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтеді
iblock -> Құрметті студент! 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар 2»
iblock -> Тест спецификациясы Тақырыбы: Жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларын Қазақстан тарихы
iblock -> Пресс-центр
254 -> Самые успешные pr-кампании в мировой практике


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет