Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы халықаралық іздеуде жүрген шетелдіктің ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құқық қорғау органдары ұсталған азаматтың халықаралық іздеуде екенін жеткізді.

“Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша халықаралық мемлекеттік іздеуге жарияланған 1993 жылы туған шет мемлекеттің азаматы Бішкек қаласының аумағында жасырынып жүргені туралы ақпарат келіп түсті”, –делінген Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының мәлімдемесінде.

Онда ер адамның бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарғаны үшін бап бойынша іздеуде жүргені атап өтіледі.

  • Ақша жымқырғаны үшін іздеуде болған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аргентинада ұсталды
  • Түркияда алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

Нәтижесінде тәртіп сақшылары оның орнын анықтап, ұстаған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

“Кейін экстрадициялау және Қырғыз Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактісіне құқықтық баға беру мәселесі шешілетін болады”, – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры БАӘ-де ұсталғаны туралы хабарланған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.