Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Грекия арасындағы ойынды тікелей эфирден тамашалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚФФ

Бүгін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Грекия құрамасына қарсы маңызды ойын өткізеді. Бұл матчты жүз мыңдаған қазақстандықтармен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та тамашалайды. Шешуші кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді. Матчтың жеңімпазы Грузия мен Люксембург арасындағы ойында жеңіске жеткен құрамамен плей-офф кезеңінің финалында ойнайды.

100 млн теңге: Кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасы Грекияны жеңсе сыйлық жасайтынын айтты

Айта кетейік, бұған дейін Грекияға қарсы ойнайтын Қазақстан футбол құрамасының нақты құрамы жасақталғаны туралы жазған едік.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.