13 наурыздан бастап “Мечта” тұрғын үй кешені сүріліп жатыр. Бірақатар заң бұзушылықтар анықталған нысан Обсерватория көшесінде орналасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматы қалалық құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, нысанды сүруге қатысты сот процесі 2022 жылдан бері жалғасып келеді.

“Кешенді салу барысында бірқатар заң бұзушылықтар жіберлген. Атап айтқанда тексеру кезінде 2 нысанды салу туралы рұқсат қағаз болмаған және бүкіл нысан бойынша көптеген қателіктер анықталған”, – деп мәлімдеді қала құрылысын бақылау басқармасындағылар.

Тұрғын үй кешенінің өзі тұрғын үйді пайдалану және қызмет көрсету жөнінде нысаналы мақсаты бар жер учаскеде орналасқан. Осылайша, жеке тұрғын үй ретінде салынған кешен арқылы құрылыс салушы қала тұрғындарына жалған мәлімет беріп, пәтерлерді сатуды жоспарланған.

Бұған дейін басқарма Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен заңсыз құрылысты бақылауды күшейту бойынша бірлескен жұмыс аясында нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізген еді.

2022 жылғы 1 тамызда тексеру нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты ӘҚБтК сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды және жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді, алайда тапсырыс беруші өз кезегінде оны орындамаған. 

“2024 жылдың 30 қаңтарында Жоғарғы Сот Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі нысанды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды”, – деп мәлімдеді басқармадағылар.

"Мечта" тұрғын үй кешені заң бұзушылықтарға байланысты сатып алу үшін жарамсыз болып шықты. Ол заңнама талаптары мен құрылыс нормаларын бұза отырып салынған 54 таулы аймақ нысандарының жарияланған тізіміне енді.

Бұған дейін Алматыда сатып алу ұсынылмайтын тұрғын үйлер тізімі жаңарған еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.