6 ақпан күні Семейдегі “Ақшын” базарынан өрт шыққан еді. Өрттен зардап шеккен кәсіпкерлерге басқа базарлардан орын қарастыруға немесе жұмыссыздық бойынша жәрдемақы беруге уәде етілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Алайда саудагерлер шығынның толық өтелуін талап етіп отыр. Өйткені саудагерлердің басым көпшілігінің барлық тауары өртеніп кеткен. Олар қарызға батып отырғанын айтып, шағымданды. 

Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың толық ауыздықталғанын мәлімдеді. Өртті сөндіруге бір тәулікке жуық уақыт кеткен. Базардың 7 мың шаршы метрге жуық аумағы жанып кетті. 

Жоғарыдан шыны әйнек пен құрылыс бөлшектері құлап кету қауіпі бар. Сол себепті адамдарды ғимаратқа жақындатуға блмайды. Ғимарат ішінде әлі де заттар бықсып жанып жатыр. Құтқарушылар қайта өрт шықпас үшін қирандыларды бөлшектеп, су шашып жатыр. Ал полиция мен Ұлттық гвардия ішке ешкімді кіргізбей, ғимаратты қоршауға алды.

“Өртке қарсы сынақ зертханасы өрттің орнын тексеру және зерттеу жүргізеді. Қазіргі уақытта суару жұмыстары жүргізілуде. Үйінділердің астында әлі де жанып жатқан заттар бар”,  – дейді Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Әділ Братаев.

Сауда үйінің үш қабаты өртеніп кетті. Іште жанғыш материалдар көп болғандықтан және ғимарат жобасының күрделігіне байланысты өрт тез тарады. Жалын 7 мың шарты аумақты шарпып, ғимараттың төбесі опырылып кеткен. Сондай-ақ қою түтіннен өртті сөндіру қиынға соқты. Сондықтан өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына қатысты тергеу жұмыстары ерекше бақылауға алынды. Өрттің себебі мен болған жағдайға кінәлі адамдар анықталып жатыр. Тексеру жұмыстарына өзге өңірлерден де мамандар жұмылдырылды. 

“Қылмыстық істі облыс прокуроры ерекше бақылауға алды. Бүгінде қылмыстық іс полиция бөліміне тапсырылды. Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынан қосымша күш жұмылдырылды.

“Орынынан да, тауарынан да айырылған саудагерлер биліктен көмек күтіп отыр. Бүгін Кәсіпкерлер палатасында зардап шеккендер кәсіпкерлер консультация алды. Қала және облыс әкімдіктерінің өкілдері алдағы уақыттағы шаралардың жоспарын айтты. Сондай-ақ олар келтірілген шығынды кім өтейтінін анықтау үшін тергеу нәтижелерін күтуді өтінді. Бірақ зардап шеккендер барлық тауарынан айырылғанын және ештеңені күте алмайтынын мәлімдеді. 

“2 мыңнан астам адам кәсіпкерлікпен айналысады. Қазір бәріміз мең-зең күйдеміз. Бар дүниемізден айырылдық. Бізге: “Мемлекеттен ешқандай өтемақы болмайды. Өйткені "Ақшын" корпорациясы жеке тұлға, ал сіздер кәсіпкерсіздер” деп айтып жатыр. Менің ойымша, біз өте үлкен қасіретті бастан өткеріп отырмыз”, – дейді кәсіпкер Мейірлі Кумашев.

Үкімет те Семейлік кәсіпкерлердің мәселесін көтерді. Вице-премьер Тамара Дүйсенова саудагерлерге басқа базарлардан жаңа орындар табуға немесе оларға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы беруге көмектесуге уәде етті.

“Тауарлары өрттен аман қалған кәсіпкерлерге жаңа жұмыс орындары беріледі. Сол жерде жұмысын жалғастыра алады. Егер ондай мүмкіндігі болмаса, біз кәсіпкерлерді заң бойынша тіркеп, оларға жұмыссыздық бойынша жәрдемақы бере аламыз. тТіпті қажет болса жеңілдетілген шағын несиелер де бар. Мұны іске асыруды ақпан айының соңынан бастаймыз”, – деді Тамара Дүйсенова. 

Жергілікті шенеуніктер де кәсіпкерлерге барынша көмектесуге уәде берді. Атап айтқанда, зардап шеккендердің өртенген құжаттар қалпына келтіруге, несие және салық төлемдері кейінге қалдыруға мүмкіндік бар.

Бұған дейін Семейде ірі киім базарларының бірі өртеніп кеткені туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.