Чан кайшидің Өмірінің, ҚОҒамдық-саяси қызметінің кейбір қырлары



Дата14.03.2018
өлшемі113.75 Kb.
#21001

ЧАН КАЙШИДІҢ ӨМІРІНІҢ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕЙБІР ҚЫРЛАРЫ
Калимова А.А., студент, Смагулова Г.М., т.ғ.к., доцент

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

Қазіргі әлемдік тарихнамада Қытайдың мемлекеттік қайраткері, генералиссимус Чан Кайшидің қытай халқының тағдырындағы алатын орны туралы әр түрлі көзқарастар бар. Осыған байланысты оның өмірлік іс әрекетіне ғылыми тұрғыдан зерттеп білуге, тұлғалық қасиеттерінің қырын қарастыруға деген қызығушылық туады. Сол себепті осы мақалада Қытай Республикасының басшысы, Гоминьдан партиясының лидері, генералиссмус Чан Кайшидің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қырларын қарастыруды мақсат еттік.

Чан Кайшидің Қытай Республикасының тарихындағы қоғамдық-саяси қызметінен бұрын, алдымен қысқаша өмірбаянына тоқталып өтейік.

Чан Кайшидің дұрыс аты-жөні – Цзян Чжунчжэн. Чан Кайши есімінің қайдан шыққандығы және қытай коммунистерінің қалай атауды ұйғарғандары жайлы ресейлік ғалым Ю.М. Галеновичтің «Два генералиссимуса: И.В. Сталин и Цзян Чжунчжэн (Чан Кайши)» деп аталатын монографиясында көрсетілген [1, б.3-6]. Ол 1887 жылы қазанның 31 жұлдызында Нинбо порттық қаласынан шамамен 40 шақырымда орналасқан Чжэцзян қыстағында дүниеге келген. Чжэцзян Қытайдың ең бай қыстақтарының бірі болған. Бастапқы білім беру үшін ата-анасы Чанды 6 жасында жеке мектепке берді, сол жерде ол Жэнь Цземаяның жетекшілігінде жүйелі білім алды [2, б.5]. 1903 жылы Фэнхуа үйездік қаласында орналасқан мектепке оқуға түсті. Білім алып жүрген кезінде саяси оқиғаларға қызығушылық танытып, әскери бағытты таңдады. 1906 жылы әскери білім алу үшін алғаш рет Жапонияға келді. Жас Чан Кайши Жапонияның әскери училищесіне түскісі келді, бірақ оның бұл арманы орындалмады .Өкінішке орай, әскери академияға түсу үшін Қытай үкіметінің әскери мекемесінен кепілдеме қажет болды. Ал бұл кепілдеме Чанда Кайшиде жоқ еді. Сол себептен ол үйіне, яғни Қытайға қайтуға мәжбүр болды.

1907 жылдың жазында Чан Кайши Баодинде болған байқаудан өтіп, офицерлерді дайындайтын әскери училищенің қысқа мерзімді курстарына оқуға түсті. Сол жылы әскери оқуды Жапонияда жалғастыруды қалаушылардың арасында емтихан өтті. Бұл емтиханды Чан Кайши үздік тапсырды. 1908-1909 жылдары Чан Кайши жапондық жаяу әскер училищесінде білім алды. Оқуды бітірісімен Жапония армиясында кадет ретінде әскери қызметке алынды [2, б.9]. Оқу оқып жүрген кезде Чан Кайши жаңа саяси идеяларды меңгере бастады, әскери қызметтің қыр-сырларын үйренді. Сонымен бірге осы жылдары Қытай революционері, ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Сунь Ятсенмен танысып, тығыз байланыста болды әрі оның саяси бағытын қолдады.

1911 жылы Қытайда Синьхай революциясы басталды. Синьхай революциясын ұйымдастырушы әрі оның идеологы Сунь Ятсен еді. Революцияның әрі қарай жүруіне гомиьдан партиясы ұйытқы болды. Гоминьдан партиясын 1912 жылы құрған да Сунь Ятсен болатын. Гоминьдан партиясының көздеген басты мақсаты монархияны, яғни маньчжурлар әулеті басқарып отырған Цин империясын, оның орнына Қытай республикасын жариялау еді. Ал гоминьдан деген сөз «Го – мемлекет, Минь – ұлт және халық, ал Дан – партия» деген мағынаны білдіреді [3]. Партияның атының өзі айтып тұрғандай қытай халқы Гоминьданның қол астына бірігіп, өздерінің ұлттық мемлекетін құру үшін күресті. Міне, осы жолда Чан Кайши Сунь Ятсенның қасынан табылды. оның саяси бағытын қолдады. Жапонияда жүрген Чан Кайши революцияға қатысу үшін өз еліне қайтып оралады. Чан Кайши Шанхайда революциялық отрядқа басшылық еткенде,өзінің белсенділігін ерекше көрсете білді. Артынша өзінің қарулы отрядын жасақтады. Кантондағы бүлік кезінде Сунь Ятсенді қолдады, сол себепті оны Гоминьдан армиясының штаб басшысы етіп жариялады.

1911-1912 жылдарғы Синьхай революциясы Қытайда жеңіске жетті. Бірақ ұзақ жылдар бойы маньчжурлардың билігінің астында болған қытай ұлтына аласапыран кезеңі мен бытыраңқылық жағдайда өмір сүруге тура келді. Елдің ішіндегі әскери және саяси күрес-тартыс мемлекетті бірнеше бөлікке бөлінуге әкелді. Бір қарағанда 1912 жылы қытай ұлтының жаңа мемлекеті – Қытай Республикасы құрылғанымен, оны Қытайдың барлық өңірі мойындай қойған жоқ. Тіпті Қытайда орталықтандырылған үкімет пен оның біртұтас әскері де болған жоқ. Ал 1920-шы жылдардың басында Қытайда екі саяси орталық жаңа мемлекетті билеуге таласты: бір үкімет елдің солтүстігіндегі Пекинде, екіншісі Қытайдың оңтүстік бөлігіндегі Кантонда (немесе Гуанчжоу – авт.) орналасты. Басқаша айтқанда бір мемлекет – екі үкімет пайда болды. Солтүстіктегі үкіметті Юань Шикай, ал Кантондағы үкіметті Сунь Ятсен басқарды. Ол Кантондағы үкіметті басқару үшін генералиссимус шенін қабылдау саяси әрі әскери-стратегиялық тұрғыдан дұрыс деп тапты. Оңтүстік Қытайдағы өзінің билігін нығайту барысында әскердің барлық саласын бір орталыққа бағындырып, мемлекетті біріктіру жоспарын жасады. Міне осы кезде ол өзінің бас штабының басшысы және әскери комитеттің мүшесі орындарын Чан Кайшиге сеніп тапсырды.

1923 жылы Сунь Ятсен Чан Кайшиді Кеңес Одағының саяси-әскери жүйесін үйренуге жібереді. Осында ол біраз уақыт бойы тәжірибе жинақтады. Мәскеуден қайтқан соң, Чан Кайши Сунь Ятсенге советтік Ресейдің коммунизмі адамзатқа зиян келтіреді,«қазіргі досымыз», яғни советтік Ресей, біздің «болашақтағы ең үлкен жауымыз деп» баян етті. Бірақ, Сунь Ятсен сол уақытта, КСРО және қытайлық коммунистермен одақтық қарым-қатынасты үзбеу қажет деп санады [3]. 1924 жылы Сунь Ятсен Гуанчжоу жанында орналасқан Вампуде, әскерлік кадрларды дайындайтын мектеп тұрғызды. Чан Кайшиді әскери маман ретінде бағалай отырып, оны әскери мектепке басшы етіп тағайындады [4].

Жалпы кеңес үкіметі мен Гоминьдандық Қытай үкіметі арасындағы қарым-қатынасты Сунь Ятсен «Ресеймен одақтық қарым-қатынас» деп атаған болатын [1, б.77]. Шындығында Кеңестер Одағы Сунь Ятсенге қолдау көрсетіп отырды. Қолдау көрсеткендер сарапшылар, кеңесшілер, әскерилер болатын. Бұл қолдауға тек Сунь Ятсен ғана емес, Чан Кайши де арқа сүйеді. Жоғарыда айтылған Вампудегі әскеи мектепте Чан Кайшиге көмек көрсеткен оқытушылар мен тәлімгерлердің басым көпшілігі Кеңес Одағынан келгендер болатын. Бұл мектептегі әскери оқулар сол уақыттағы Қытайда ең таңдаулы әрі жақсы дәрежесімен танымал болды.

Сунь Ятсен қайтыс болғаннан кейін, Чан Кайши Гоминьдан үкіметінің құрамына кірді, кейін бас қолбасшы лауазымына тағайындалды. Біріншіден, Гоминьданның жаңа үкімет басшысы солтүстікке жорыққа шығу үшін алдыннан түзілген жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Чан Кайши Қытайды Гоминьдан билігінің астына біріктіруді жоспарлады. Солтүстік өлкелерде билік құрған әскерлерді жеңді. Осындай табысқа жетуде оған кеңестік әскери кеңесшілер көмектесті. Әсіресе В.К. Блюхердің рөлі күшті болды. Ол Қытайда «генерал Гален» деген атпен танымал еді. Бірақ оған осы кезде Ресейге қайтуына тура келді. Ал 1927 жылы тамызда Гоминьдандық Нанкин үкіметі құрылды [4].

1928 жылдың соңында Чан Кайши өз армиясының санын 2 млн. әскерге жеткізіп, әлемдегі ең үлкен армияға айналдырды. Енді Гоминьданның басшысын генералиссимус деп атай бастады. Осыдан соң, елде басқа саяси партияларға, ең алдымен, коммунистерге қарсы жаппай жазалау шаралары күшейді. Ресми түрде Қытай Гоминьдан билігінің қол астында болды [3].

Генералиссимус бірқатар реформалар жүргізіп, әлеуметтік дамуды ілгерілетті. 1936 жылға қарай ел бойынша 6 мың салық түрі жойылды. Тың жерлерді игеруге қолдау көрсетілді, арзан несиемен қамтамасыз ететін шаруа банкі құрылды. Ғалымдар іріктеліммен шұғылдануы үшін зерттеу станциялары құрылды. Тоқыма өнеркәсібі қарқынды дами бастады. Қағаз, сіріңке, цемент және қант өндірісі өсті. Шаруалар үшін жалгерлік ақы өнімнің 70% дейін жеткен болса, үкімет оны 37,5%-ға қысқартты. Көп жылдық күйзелістен соң, үкімет, ақыры, суландыру жүйесіне назар аударып, каналдар мен бөгеттерді қалпына келтірді [5].

Алайда, Қытайдың өркендеуі 10 жылға созылды. Осы кезде Қытайға Жапония тарапынан қауіп төне бастады. 1931 жылы 19 қыркүйекте жапондықтар Мукден ауданында әскери әрекеттерін бастады. Чан Кайши үш фронтпен - жапондықтармен, сепаратистермен және компартияның әскерлерімен соғысуға мәжбүр болды. Жапония 1931 жылы Солтүстік-Шығыс Қытайды, 1933-1935 жылдары Солтүстік Қытайды басып алды. Соңында, Жапония протекторатының астында Маньчжурияның тәуелсіздігі жарияланды. Чан Кайши қайтадан ҚКП-на қарсы күресті бастады. 1936 жылдың желтоқсанында Сианда Гоминьдан партиясының екі генералы - Чжан Сюэлян және Ян Хучун Чан Кайшиді ұрлап әкетеді. Қытай Коммунистік Партиясы лидерлерінің негізгі мақсаты Чан Кайшиді өлтіру еді. Бірақ Сталин ҚКП-ның Орталық комитетіне хат жазып, оны тірі қалдыруын сұрады. Сталин Қытайда жапондықтарға қалайда болса қарсылық көрсете алатын жалғыз адам Чан Кайши екенін өте жақсы түсінді. Чан Кайши босатылып, еліне қайтарылды. 1937 жылы Кеңес Одағымен шабуыл жасамау туралы шартқа қол қойылды. Осыдан соң, КСРО Қытай Республикасына қаржылық және әскери көмек көрсете бастады [6].

1937 жылдың шілдесінде Жапония Азияда Екінші дүниежүзілік соғысты бастады. Ал желтоқсанда, Гоминьданның астанасы Нанкин қаласын басып алды. Генералиссимус астананы батысқа қарай, Ханьчжау қаласына көшіруге мәжбүр болды [6].Чан Кайши әскери күшін қалпына келтіріп, армиясын 3 млн. әскерге жеткізді.1945 жылы Гоминьдан әскерлері Кантон ауданында 100 мыңдық жапон әскерлерінің жолын кесіп тастады. Осылайша Қытай жапон басқыншылығынан азат етілді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан соң, Қытай дүние жүзіне ірі держава деп танылып, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесінің бірі болып сайланды.

Соғыстың аяқталғанына қарамастан, 1946 жылы Гоминьдан үкіметі мен коммунистер арасында азамат соғысы қайта басталды. Сәуір айында Чан Кайши ҚКП-мен арадағы байланыстарды үзіп, коммунистерге қарсы соғысын жалғастырды. 1947 жылы Қытай Республикасының Конституциясы қабылданып, ұлттық парламент Чан Кайшиді президент етіп сайлады [5]. Бірақ, елдегі азамат соғысында жеңіліске ұшыраған ол 1949 жылы отставкаға кетті. Сол жылдың 1 қазанында коммунистер жеңіске жетіп, Қытай Халық Республикасы құрылды. Бұған сыртқы фактор да үлкен әсерін тигізді. Егер АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті ҚКП мен Гоминьдан арасындағы делдалдықтан бас тартып, өзінің миссиясын Қытайдан әкететінін жарияласа, Кеңестер Одағы керісінше, ҚКП-ны барынша қолдап, оған жан-жақты әскери қолдауын көрсетуді жалғастыра берді.Ал Чан Кайшиге келетін болсақ, ол бұл кезде қаржы мен қарулы күштерді бақылауды өз қолына сақтап қала отырып, барлық әскери күштер мен алтын қорын Тайваньға көшірді. Қызыл әскер Шанхайды басып алғане кезде ол өзінің отбасымен және жақтастарымен Тайвань аралына көшті. Осыншама қиындықты жеңіп, биліктен босатылса да, Қытай елінің дамуына өз үлесін қосқан генералиссимустың еңбегі ерекше.

Тайваньға келген соң Чан Кайши өзінің билігін күшейтті деуге болады. 1950 жылы наурызда ол Тайваньдағы Қытай Республикасының президенті болып сайланды және бұл орынға 1954, 1960, 1966, 1972 жылдары үздіксіз қайта сайланып отырды. Оны президент ретінде АҚШ және бірқатар еуропалық мемлекеттер мойындады.

Тайваньдағы Чан Кайши өкіметі батыстық үлгіде билік құрды. 1950 жылы АҚШ-пен «ортақ қорғану келісіміне» қол қойды, аралға АҚШ-тың 7-ші флоты кіргізіліп, одақтастық шарт жасалды. Сонымен бірге АҚШ-тың тарапынан саяси және экономикалық қолдауға да қол жеткізді және оны Тайванның өркендеуі үшін өте икемді қолдана білді [7].

Чан Кайши билік басында болған жылдары ел экономикасы нарықтық қатынастарға көшірілді де ҚХР-ға қарағанда қарқынды дами бастады. Ең алдымен, Чан Кайши әскери жағдай орнатып және кез-келген оппозициялық қызметке тыйым салып, жеке билік тәртібін нығайтты. Чан Кайши қайтадан аграрлық реформалар жүргізе бастады. Ең әуелі, жалдау ақысы өндірілген зат құнынан 37%-ға дейін төмендетілді. Помещиктерден жерлер сатып алынып, шаруаларға берілді. Жоғалтқан жерлер үшін жер иеленушілер мемлекеттік кәсіпорындарды акциялармен алып отырды. Осылай аграрлық реформа приватизациямен қатар қолданылды. Осының арқасында шаруалар жер үлестерін өз меншігіне алды. Бұл генералиссимустың Мао Цзэдунға бағытталған бірінші қарсы шығуы болды. Мао Цзэдун «Жер шаруаларға берілсін» деген ұранмен халықты Чан Кайшиге қарсы көтерген. Бірақ уәдесінің еш біреуін орындамаған еді. 1953 жылға қарай ауыл шаруашылығы жақсы табыс бере бастады. Алынған қаражатты үкімет өнеркәсіптің дамуына бағыттады. Бұл өте жақсы көрсеткіштер берді. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 7,5%-ды, ал 1960-1970 жылдар аралығында 9,7 % құрады. Сонымен қатар мемлекет теміржолдар мен автомобиль жолдарын сала бастады [3].

Чан Кайши Тайванда билік құрған жылдары «барлық Қытай халқы үшін жасағым келген» деп өзі айтқандай, жетістіктерге жете білді. Гоминьданның идеологиясы да өзгерді. 1943 жылы шыққан генералиссимустың «Қытай тағдыры» деген кітабында «әрбір жас жігіт Қытайда жауынгер немесе ұшқыш болуы тиіс» деп бекітілген еді, ал қазір басты тірек конфуциялық ережелерге, шенге бас ұрушылыққа, адамгершілікке жасалынды [2].

Чан Кайши поэзия мен музыкаға да қызығушылық танытты. Ерекше айта кететін жайт, генералиссимус өте жақсы көркемдеп жазушы болған. Оның кабинетінде екі бұрама қағаз ілініп тұрған. Біріншісінде, ерте замандағы ойшыл Мэн-цзыдың мынадай нақыл сөзі жазылған: «Жить ощущая себя человеком Поднебесной во всей ее широте, занимать в Поднебесной положение того, кто известен своей справедливостью, идти по тому великому пути, который предусматривает Поднебесная, свои удачи делить с людьми, а свои неудачи переживать самостоятельно». Ал екінші жазу Сунь Ятсеннің сөздері еді. Онда былай делінген: «Моему младшему брату: «Поднебесная - это наше общее достояние» [5].

Көп жылдар бойы генералиссимус Чан Кайши күнделік жүргізген. Сонымен бірге ол Қытайдың этикасына, оның саяси философиясына, сонымен бірге ұлттық және әлемдік тарихқа да қызықты

Чан Кайши өте діндар адам болған. Сун Мэйлинге үйленіп, христиан дінін қабылдаса да, ол әрдайым Буддаға дұға қылып, қытай құдайларын ұмытпаған. Генералиссимус Чан Кайши салауатты өмір салтын жүргізген. Ол кісі ішкілікке салынбаған, темекі де тартпаған, тіпті партия басшылары жиналған отырыстарда да спирттік ішімдіктер ішпеген. Чан Кайши әдетте әскери форма немесе дәстүрлі үлгідегі қытай киімдерін киген. Шынында, ол өзін конфуциялық байсалдылық үлгісі ретінде көрсеткенімен, кей кезде өзін бұл үлгіге сай тұтпады. Бір жолы кеңес өкілдерінің қатысуымен өткен банкетте, қытай коммунистері туралы сөз қозғап, өзін-өзі ұстай алмай қалды. Өзінің сөзін Чан Кайши дипломатиялық тостпен «Коммунистік партия жойылсын!» деп аяқтаған екен. Сол себепті генералиссимустың не айтқысы келгенін қытайлық дипломаттарға ұзақ уақыт түсіндіруге тура келеді [8].

Ал енді Чан Кайшидің отбасына келер болсақ, оның ұлы мен әйелі Қытай тарихында ерекше орын алған. Сун Мэйлинмен 1927 жылы желтоқсанда Шанхайдағы христиандық ғибадатханасында некеге отырды. Бұл уақытқа дейін Чан Кайши үш рет үйленіп, ажырасуға үлгерген. Сун Мэйлиннің апасы Сун Цинлин Сунь Ятсенге тұрмысқа шыққан болатын. Оның әкесі өте бай кісі болған және Сунь Ятсеннің революциялық әрекеттерін қаржыландырып отырған. Ал Сун ханымға келетін болсақ, ол АҚШ-та білім алған. Сондықтан ағылшын тілінде еркін сөйлей білген. 1943 жылы Каирде Рузвельт және Черчилльмен болатын кездесуге Чан Кайши өз әйелімен келді. Осында Сун Мэйлин аудармашы қызметін атқарып, үш ел арасындағы байланысты реттеу үшін күш салды. Осы кездесуден соң Черчилль Рузвельтке «Сильная женщина это китаянка» деп айтқан екен. Сун Мэйлин мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында Чан Кайшидің қолқанаты болды. Чан Кайши мен Сун Мэйлин 1927 жыдан бастап 1975 жылға дейін дерлік 50 жыл бірге өмір сүрді. Күйеуінің өлімінен соң, Сун Мэйлин АҚШ-қа қоныс аударады. Ол осында 106 жасында өмірден көз жұмды [9].

Чан Кайши 1975 жылы 5 сәуірде жүрек ауруына шалдығып, 88-ге келген шағында қайтыс болды. Чан Кайши өзінің саяси өсиетінде отандастарын Сунь Ятсеннің үш халықтық қағидасын жүзеге асыруды жалғастыра беруге шақырды: Қытайдың континенттік бөлігін жандандыру, ұлттық мәдениетті қайта дамыту және демократияны қорғау. Чан Кайшиді өзінің өсиет етуіне байланысты Сунь Ятсеннің табыты орналасқан Цзыцзиньшань тауына жерлеуді сұрады [4].

Оның тұңғыш ұлы Цзян Цзинго 15 жасында Мәскеуге оқуға жіберілді. 1927 жылы Чан Кайши коммунисттерге қарсы соғыс жүргізген кезінде, Цзян өз әкесін «сатқындықта» айыптап, одан бас тартуға мәжбүр болды. Ол тек 1937 жылы өз еліне қайта алды [5].

1972 жылы Цзян Цзинго әкесінің денсаулығының нашарлауына байланысты, мұрагер ретінде билік басына келді. Әкесінің өлімінен соң, Цзинго әскери жағдайды жойып, экономикалық реформаларды жалғастырды. Қазіргі таңда Тайвань ежелгі ұлттық мәдениетке құрмет пен батыс өркениетінің жетістіктерін өзіне біріктірген бай, дамыған, демократиялық мемлекет [9]. Көбінесе бұл Чан Кайши және оның ұлының еңбегі.

Чан Кайши билік шыңында болған кезінде,қытай халқы оны ұлы тұлға деп атап, 500 жылда бір дүниеге келетін батырлардың бірі деп санады. Оны Конфуциймен салыстыра отырып, Жапониямен болған көп жылдық соғыста жеңіске жеткені үшін марапаттады. Жиі Чан Кайши Мао Цзэдунның басшылығындағы коммунистерге қарсы 20 жыл бойы күрескен лидер ретінде еске түседі. Осыдан-ақ генералиссимустың болмысын, қайраткерлігін аңғаруға болады. Бар саналы ғұмырын қытай халқының жері мен біртұтастығын сақтап қалуға арнаған өр тұлғалы азаматтың өмірі мен елі үшін жасаған қызметі ұлан-ғайыр.

Чан Кайшиді жақын таныған ұлы тұлғалар Сунь Ятсен, Махатма Ганди, Черчилль, Рузвельт, Маршалл, Макартур, Эйзенхауер мынадай қасиеттерін ерекше айтады: отансүйгіштік, ұлтқа деген терең сезімі бар талантты саясаткер, әскербасы, өз дегенінен қайтпайтын, намысшыл адам. Дегенмен оның мінезінің ең негізгі қасиеттерінің бірі оптимизм болған. Тайваньдағы үйінде, өз үстелінің үстінде бір парақ қағазда мына сөздерді жазып қалдырған: «То, что оказалось способным согнуться, способно и выпрямиться» [3].

Чан Кайши отанына орасан зор еңбегі сіңірген, мемлекет және саяси қайраткер, әйгілі қолбасшы ретінде тарихта өз орны бар ірі тұлға болып қала береді.


Пайдаланған әдебиет тізімі

1. Галенович Ю.М. Два генералиссимуса: И.В. Сталин и Цзян Чжунчжэн (Чан Кайши).-М.: Институт Дальнего Востока РАН, 2008.-372 с.

2. Галенович Ю.М. Цзян Чжунчжэн или неизвестный Чан Кайши.-М.: Институт Дальнего Востока РАН, 2000.-368сб

3. Воронцов В.Судьба китайского Бонапарта.-М.,1989. -336 с.

4. Шишов А.В.100 великих военачальников. –М.:Вече.-2013.- 432 с.

5. Вагман И.Я., Мац В.А., Зиолковская А.В.100 знаменитых полководцев.-М.: Феникс,2009.-510 с

6. Капица М.С.КНР: три десятилетия-три политики.-М.: Политиздат,1979.-576 с.

7. Залесский К.А. Кто был кто во второй мировой войне. Союзники СССР. М., 2004



8. Джонатан Фенби. Генералиссимус Чан Кайши и Китай, который он потерял.-М.,2006.-736 с.

9. Лаура Тайсон-Ли. Мадам Чан Кайши.-М., 2008.-560 б
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет