Алматы полиция департаменті қару-жарақ сату туралы ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөзі

Желіде полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде тәркіленген 27-ден астам атыс қаруын сатып жатқаны туралы ақпарат тарады. Сонымен бірге, тәртіп сақшыларының бірінің қашып кеткені жөнінде айтылды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Департаменттің жеке қауіпсіздік басқармасы тексеру барысында 2023 жылғы қылмыстық істер бойынша тәркіленген және сатып алу акциясы кезінде халық тапсырған қарулардың толық өткізілмегенін анықтады. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған Алматы қалалық ҰҚК бұрынғы басшысы сотталды

  • Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты қозғалған іс сотқа жолданады — Бас прокуратура

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік қызметі Алматыдан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды тапқанын мәлімдеді. “Калашников" автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сонымен бірге 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынған.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.