Танымал актриса, тележүргізуші Әсел Асқар әкесінің туған күніне тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Актриса 7 жасқа толғанда ата-анасы екі жаққа кетіпті. Әкесі екінші рет шаңырақ көтерген.

“Әкемнің туған күнімен құттықтауға келе жатырмын. Ол мені күтіп отыр. Мейрамханада жолығамыз. Туған күніне телефон алдым. Бұрын да алып берген едім, бірақ жаңартқым келеді. Құлаққап та алдым. Ертерек бара жатырмын, тосынсый жасауым керек. Жолдан торт та алдым. Есте қалатындай кездесу болмақ. Мен 7 жасқа толғанда ата-анам бөлек кетті. Ол кісінің бөлек отбасы бар”, – дейді актриса. 

  • "Құны 625 мың теңге": Гүл шоғының орнына бренд сөмке лақтырған қалыңдық көпшілікті таңғалдырды

  • "8 жылдан бері күтіп жүрміз": Туған күнін ерекше тойлаған Елдос "Колобок" көпшілікті жылатты

Бейнежазбадан көргеніміздей, блогер әкесінің туған күніне орай оған iPhone 15 Про Макс ұялы телефоны мен AirPods құлаққабын сыйлады. Актриса сыйлықты ерекше әдіспен табыстаға. Әкесін бірге тамақтануға мейрамханаға шақырып, тамақтың орнына тәрелкеге сыйлығын салып, бетін ыдыспен жауып ұсынды. Әкесі бұл шынымен де тосынсый болғанын айтты.

Еске салайық, Әсел Асқарды қырғыз режиссері киносына түсіруден бас тартқанын жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.