Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында екінші күн бойы қамыс өртенуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото iStock

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 100 гектар алқаптағы қамыстың жануы 2 наурызда сағат 15:45-те Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде, Құрманғазы орманшылығының аумағында болған.

Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімінің, орман шаруашылығы мен әкімдіктің техникасын пайдаланып 36 адам өрт сөндірді.

Төтенше жағдайлар минстрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Каспий жағалауындағы отпен күрес әлі де жалғасуда.

  •  "Ағаттық кетсе, цианид өзенге құйылады": Шығыс Қазақстан облысында алтын өндіру фабрикасының салынуы төңірегінде дау шықты

  • "Семей орманы" резерватындағы алапат өртке қатысты тергеу аяқталды: Сот алдында кімдер жауап береді

"Елді мекендерге қауіп жоқ. Өртті сөндіру батпақты және тығыз жерлер мен өсімдіктердің әсерінен қиынық тудыруда. Бұл арнайы техниканың өтуіне кедергі жасайды", — деп хабарлады министрлік.

Экология министрлігінің мәліметінше, сапалы техниканың жетіспеушілігі Қазақстандағы орман және дала өрттеріне қарсы күрестің тиімділігін төмендетуде.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.