Дерматовенеролог және косметолог Александра Филева скинни деп аталатын тар джинс шалбарлар адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізетінін айтты. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, жиі әрі ұзақ уақыт тар шалбар кию жамбас және аяқтың төменгі бөліктерінде қан айналымының бұзылуына әкеліп, ауырсыну сезімін тудыратынын айтады.

”Сондай-ақ тар шалбардың салдарынан жамбас пен балтыр бұлшықеттері шаншып ауырады. “Тар шалбар бедеулікке әкеледі” деген ақпарат медицинада дәлелденбеген. Десе де, егер жабысып тұратын шалбарларды күні бойы шешпей кисе бедеулікке әкелетіні сөзсіз. Шап аймағындағы температураның жоғары болуы ерлер ұрығы сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Ал әйелдерде қынап кандидозының өршуіне алып келеді”, – дейді Александра Филева.

  • Түнде қорылдау мидың ерте қартаюымен байланысты – Дәрігер

  • "Қан тамырлары жарылып кетеді": Дәрігер түшкіруді тежеудің қаупін айтты

Дәрігердің айтуынша, мәселе скинни шалбарда емес, оның өлшемінде. Егер қарынды тартып тұратын шалбарды жиі кисеңіз ол ас қорыту жүйесіне кері әсер етеді. Адамды асқазаннан өңештің сілті ортасына түсетін қышқылдың әсерінен пайда болған қыжыл мазалайды. 

Сарапшы тар киімдердің орнына табиғи матадан тігілген кең шалбар мен іш киім киюге кеңес береді. 

Бұған дейін дәрігер қысқа толқынды пешке жылытуға болмайтын бес өнімді атаған еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.