Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов бүгін өткен брифингте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Оның айтуынша, министрлік полиция департаменттерінің қызметіне күн сайын мониторинг жүргізеді. Апта сайын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы Полиция департаменттерінің басшылығы есеп береді.

"Оқу жылы басталғалы жасөспірімдер арасында тәртіпбұзушылық жасауға бейім  1400 бейресми көшбасшы бар екені анықталып, ішкі істер органдарының бақылауына алынды. Кәмелет жасына толмағандардың 40 бопсалау фактісі анықталды", — деді басқарма бастығы. 

  • "Ақша бопсалаған": Ақтөбеде қаза болған 17 жастағы жасөспірімдердің аналары істің дұрыс тергелуін сұрайды
  • Қазақстанда жасөспірімдерге арналған алғашқы ЛГБТ сайт пайда болды: Оған қарсы петиция жарияланды

Сонымен қатар ол бала тәрбиелеудегі міндетін дұрыс орындамайтын 6 мыңнан астам ата-ана тіркеуге алынғанын атап өтті. 

"Оларға қатысты 1800 материал қаралып, сот 600-ден астам адамды ата-ана болу құқығынан айырса, 340-ның құқығы шектелді. Ата-ана ретінде міндетін орындамаған 12 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды", —  деді ол. 

Оның сөзінше, кейінгі он жылда кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған құқық бұзушылық 3 есеге жуық азайған. Бірақ оның үштен бір бөлігі жасөспірімдердің жыныстық тиіспеушілігіне қатысты екенін айта кеткен жөн. Талдау оларға қарсы күш көрсетуге өмірдің виртуал әлемге айналып кеткені, әлеуметтік желіге кіретін баланы үлкендердің дұрыс бақыламауы себеп болғанын көрсеткен. 

Қазір балалар денсаулыққа, балалардың дамуына кері әсер ететін, мінез-құлқын өзгертетін контент толып жүрген Instagram, Tik-Tok қосымшаларын пайдаланды. Әдетте, балалар телефонын ата-анасына бермейді, өзі қызыққан сілтемелерді тексеруге тыйым салады. 

"Өкінішке қарай, жасөспірімдер интернетте күмәнді адамдармен танысып, пәтер жалдап, түрлі оқиғаны атап өтеді. Көбінде ата-ана қадағаламайды, ішімдік немесе есірткі пайдаланады, салдарынан қылмыс құрбаны болады. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстың 30% жуығы ерікті түрде болады", — деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар Әсет Оспанов өткен жылдың өзінде құқыққа қайшы контент жасайтын 20 мың интернет-ресурс анықталғанын, оның 3,5 мыңнан астамы порнография таратқанын айтты. 

    
 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.