Ақмола облысы Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды қызметкердері үш жылдан астам уақыт бойы өз жалақыларын заңсыз есептеп келген. Зыңсыздық прокурорлық тексеру барысында анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған факті бойынша әкімдік қызметкерлеріне қатысты аса ірі көлемдегі ұрлық фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұрланған бюджет қаражатының көлемі 15 миллион теңгеден асады.

"Баптың санкциясында мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", — делінген хабарламада.

  • "Соққыға жығып, соңынан аңдыған": Алматылық қызды ұрып-соққан әкімдік қызметкері жұмысынан босатылды
  • Жамбыл облысында әкімдік қызметкері адамдарды 500 миллион теңгеге алдап, ақшаны бәске тіккен

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде әкімдік қызметкері алаяқтарға қомақты қаражат беріп алданғаны туралы жазған едік. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.