Д. А. ҚОнаевтың Өмірі және қОҒамдық саяси қызметі ибаділда М., Мырзаханова Н. Р



жүктеу 27.36 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі27.36 Kb.

ӘОЖ 323.13:929:94(574)
Д.А. ҚОНАЕВТЫҢ ӨМІРІ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ҚЫЗМЕТІ
Ибаділда М., Мырзаханова Н.Р.
Қазақтың біртума перзенті ХХ ғасырдың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым акдемиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биылғы жылдың 12 қаңтарында 100 жыл толды. Президент Н­.­Ә.Назар­баев­тың ел егемендігін алған алғаш­қы жылдары, яғни 1994 жыл­дың 24 ақпа­нын­да «Д.­А.Қо­наев­тың есі­мін мәң­гі есте қалдыру туралы» Жарлығында біраз іс-шара жөнінде ай­тылған еді. Одан бері де жылдар өтті. Бұл қау­лыдағы атап көр­сетілген іс-ша­ралар жүзеге асырылуда. Соның бір жарқын мысалы — Д.­А.Қо­наев­тың Ал­ма­ты қала­сын­дағы мұра­жайы.

Ғаламтануда, ғаламның кіп- кішкентай микромоделі адам десек, адамтануда ежелден – ақ басты- басты үш өлшем қалыптасқаны белгілі: Кеңдік, Биіктік, Тереңдік. Осындай үш бірдей философиялық категориялардың үшеуінің де талаптарына елге мәшһүр, өзіміз білетін арғы- бергідегі қай тұлғаның бүкіл болмысы толық жауап берер десек, ол Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қайталанбас бейнесі еді. Кеңдік те, Биіктік те,Тереңдік те және солар жеке адам басында тоғысуынан туатын Рухани тазалық та толық табылатын бейне.

Д.А.Қонаев 1912ж. 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтына оқуға жібереді. Тау кен инженері мамандығын алған Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығынан директорлыққа дейін өсті. Д. Қонаев 1955-60 және 1962-64 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-62 және 1964-86 жылдары Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Өз кезегінде кеңестік билік Д.А.Қонаевтың республика мен халықтың алдында жасаған еңбегін жоғары бағалап, оған үш рет Соцалистік Еңбек Ері атағын берді. Ол он бес одақтас республиканың ішінде осындай даңққа жалғыз өзі ие болды. Сегіз Ленин орденімен марапатталды. Сонымен қатар, Д.А.Қонаев Чехословакия, Куба, Монғолия, Корей, Болгарияның да ордендерінің иегері болды.

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің ең шұрайлы «ақ алтынның» төркіні саналатын мақталы өңірлер – Мақтаарал, Жетісай, Киров аудандарын қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. Ол Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Д.Қонаев Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. Мұнда Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орталығы, Медеу спорт кешені сияқты ірі ғимараттар бой көтерді. 1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д. Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.



Д.А. Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Сөз соңын ұлы адамдар өлмейді, ол халықтың жадында мәңгі сақталады дей отырып, Дінмұхамед Ахметұлының: «Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым. Қайтіп ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің- түбінде оралар ортаң – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім.Панаңда ел, данаңда ел.Соған арқа сүйедім, содан үйрендім»,- деген даналық сөздерімен аяқтағым келеді.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf kunaev 2012
konf kunaev 2012 -> Кешеуіл дамыған жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері жаманқұлова Н., Абдрахманова А. Т
konf kunaev 2012 -> Әож 687. 01-5 «тиын үЙІ» Ұраны негізінде балалар бөлмесі интерьерінің Қалыптасу жолдары
konf kunaev 2012 -> Қазақстандағы жел энергетика саласын дамыту жолдары қайназарова А., Бұтабаева Қ
konf kunaev 2012 -> Электр энергиясын өндірудің жаңа тәсілдері ділдабек Б., Жандарбеков Л. У
konf kunaev 2012 -> Ислам даму банкі
konf kunaev 2012 -> Академик д. А. ҚОнаевтың Қазақ Ғылымының дамуына қОСҚан үлесі аманкелді А., Шилібек К.Қ
konf kunaev 2012 -> Әож 31. Жамбыл облысында қант кластерін қҰрудың МҮмкіндіктері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет