Иранның Керман қаласында генерал Қасем Сүлеймани жерленген зиратқа апаратын жолда жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ирандық YJC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tasnim

Басылымның мәліметінше, жарылыс салдарынан 103 адам қаза тауып, тағы 141 адам жарақат алған.

Жарылыс 3 желтоқсан күні генерал Қасем Сүлеймани қайтыс болғанының төрт жылдығына арналған шеру кезінде болды.

Иранның Tasnim мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, зираттағы Гүлзар кесенесі ғимаратының кіреберісінде бомба салынған екі сөмке жатқан, олар қашықтан басқару құралы арқылы жарылған болуы мүмкін. 

Жергілікті билік бұл оқиғаны теракт деп атады.

Еске салсақ, 2020 жылдың 3 қаңтарында Иран әскерінің атақты генералы Сүлеймани Ирак астанасы Бағдадта АҚШ әуе күштерінің натижесінде нәтижесінде қаза тапқан.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.