Дэн Сяопиннің социализм алдындағы жетістігі дәстүрлі үлгідегі социализмді заманауи, яғни қытайлық ерекшелігі бар социализмге ауыстырғаны болып саналады



Дата24.02.2022
өлшемі16.32 Kb.
#171126
Байланысты:
Дидактикалық материал (3)


Реформатор ретінде Дэн Сяопин Қытайды капиталистік даму жолына кетіп барады деген айыптаулардан қорықпай, экономикалық жүйенің қайта құрылымдауына және шаруашылық басқарудың жоспарланған әдістерінен нарықтық әдістеріне көшуге қол жеткізді. Консерватор ретінде ол елдің жаңғырту мен жаңару процестері социалистік сипатын сақтап қалуын, коммунистік партия өзінің көшбасшылық позицияларын нығайтуын, пролетариат диктатурасының әлсіремеуін қалады. Ол реформалар басталуынан бастап, кейде оң буржуазиялық либерализмге қарсы шабуылдар күшейтіп ал кейде ортодоксалдық маоизмге қайтып оралуды талап еткен солшылдарға соққы төндіріп, оң және «сол» бағыттарға қарсы үздіксіз күресіп келеді. Оның Қытайдың социалистік жаңғырту әдістері мен формаларына деген көзқарастары осы екі жаққа күресте қалыптасып, бүгінде сол көзқарастар Қытайда «Дэн Сяопиннің қытайлық ерекшелігі бар социализм құру теориясы»  деп аталады. Дэн Сяопиннің социализмді дамытудағы теориялық үлесі 1848 жылы Маркс пен Энгельстің социализмді утопиядан ғылымға айналдырған кезіндегі ой-пікірлердің серпілісімен теңестіріледі.

Дэн Сяопиннің социализм алдындағы жетістігі – дәстүрлі үлгідегі социализмді заманауи, яғни қытайлық ерекшелігі бар социализмге ауыстырғаны болып саналады. Оның теориясы социалистік ғылымдар тарихындағы екінші айтарлықтай секіріс болды. Қытайлық иделогтардың ойынша бұл серпілістің мәні ең алдымен, социалистік экономикаға жоспарланған деген дәстүрлі көзқарастан бас тартып, нарықтық механизмнің социализм ұстанымдарына қайшы келмейтін құбылыс ретінде мойындалуы. Дэн Cяoпин шаруалар мемлекетінде социализм құрудағы сұрақтарға, Маркс пен Ленин шығармаларында да, Мао Цзедун еңбектерінде де жоқ дұрыс жауаптарды таба білді.  Қытай коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 1978 жылдың басындағы ІІІ Пленумы социализмнің дамуына ғана емес, сонымен қатар халықтың қалыпты өмір сүруіне кедергі болған, ескірген идеяларды босатуға жол берді. Мао Цзедунның барлығын қамтыған күрес философиясын тәжірибе философиясы, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеялары, даму және әлеуметтік прогрес идеялары ығыстыра бастады.  Сыртқы әлемнен тұйықтану мен тасалану саясатының орнына  басқа елдермен қарым-қатынас кеңейту және ашықтық саясаты келді. Ескі тәртіптерді қолдаушылармен күрделі күрес барысында және радикалды реформаторлар мен батысшылдар шабуылдарының кесірінен ескі ойлардың жаңа идеялармен алмастырылуы бірден жүзеге асырыла қойған жоқ.

Мао Цзедунның «кедейлік деген кемістік емес, қайта жарылқау» деген идеясын жоққа шығара отырып, Дэн Сяопин кедейліктің ауыр жүктеме болып табылатынын айтып, Маркстың айтқан коммунизм ұстанымдарын жүзеге асыру үшін, яғни қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін материалды байлықтың мол болуы керек, ал ол үшін өндірістік күштің өсу қажеттігін айтады. Солшылдар көзқарастарының әсерін жою үшін оған бірнеше жыл қажет болды.

Дэн Сяопин социализмнің артықшылықтары туралы Маркс пен Лениннің көрсеткен принциптері мен ережелері бойынша емес, біріншіден, өндірістік күштердің тұрақты өсуін, екіншіден, мемлекет күшінің нығаюына септігін тигізуді, үшіншіден, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қаншалықты қамтамасыз ете алатыны бойынша бағалағанды жөн санады.

Дэн Сяопиннің 1983 ж.  ғылыми-технологиялық саясат бойынша Бэйцзин форумының шетел қатысушы мамандарымен әңгімесінен: «Біз қытайша  жаңғыртуді жүзеге асырып жатырмыз, біз құрып жатқан социализм қытай ерекшелігіне ие. Біз шынайы жағдайға негізделе отырып, өзіміздің шартымыз бойынша ең алдымен өз күшімізге бағытталамыз. Енді біз дұрыс жолдамыз, халық осыған разы және біз өзімізге сенімдіміз.  Біздің саясатымыз өзгермейді. Өзгерген жағдайда да тек жақсы жаққа өзгереді. Сыртқы әлеммен қатынастарды кеңейту саясаты одан да серпінді болады. Біздің жолымыз тарылмайды, одан әрі кеңейе түседі. Тар жолдың ащысын біз толығымен көрдік. Кері қайтатын болсақ, неге тірелеміз? Тек қана артта қалу және кедейлікке. «Жалпы қазаннан тамақтанудан» бас тарту саясаты өзгермейді.  Өндірістің де, ауыл шаруашылығының да өз ерекшеліктері бар болғандықтан, белгілі бір тәжірибені қабылдауға болмайды. Дегенмен, олар үшін негізгі ұстаным жауапкершілік жүйесінің ұстанымы болып қалады» [4]. Дэн Сяопиннің «жалпы ауқаттылық – болашаққа деген мақсат» екендігі туралы және қазіргі уақытта «кейбір адамдар басқаларға қарағанда байи түсе алады» деген ережесі де социализм туралы дәстүрлі идеялардың бұзылу себептерінің қатарында. «Байыңыздар!» деген ұраны осыған қатысты.  

Дэн Сяопиннің айтуынша 1983 ж. мемлекеттік экономикалық комитетінің және ауылшаруашылық ведомстволардың жауапты жұмысшыларымен сөйлесу кезіңнде айтуы бойынша: «Елдімекендерде де, қалаларда да адамдарға басқалардан бұрын баюына рұқсат беру керек. Адал еңбектің арқасында бай болу заңды. Адамдар мен аудандардың басқаларға дейін байып кетуіне жол беру – жақсы құрал болып табылады.  Бұл жаңа құралды барлығы қолдайды. Ол бұрынғылардан жақсырақ. Мен ауылдарға ірі мердігерлердің келуін мақұлдаймын. Бір сөзбен айтқанда, біздің бүкіл жұмысымыздың дұрыстығын растайтын критерий ретінде, қытайлық ерекшелігі бар социализм құруға, оның мемлекеттің дамуы мен көркеюіне, халықтың бақытты және байлықта өмір сүруіне септігін тигізуі болып саналады» [6].

Дэн Сяопин оның қағидалары буржуазиялық қағидалардан ерекше екендігін түсіндірген. «Социализм кезінде байлық халыққа тиесілі, ол кезде байлыққа деген ұмтылыс жалпы халықтың ауқаттануына ұмтылыс деп есептелінетін» дейді ол 1986 ж. америкалық тілшімен әңгімелесу барысында [7].  Социализм принциптері, біріншіден, өндірісті дамытуға, екіншіден, жалпы баюға негізделген.  Жалпы халықтың тезірек байып кетуі үшін, біз кей адамдар мен аудандарға өмір сүру деңгейлерін басқалардан ертерек жақсартуға мүмкіндік береміз. Сондықтан да біздің саясатымыз қоғамның поляризациясына жол бермеуге бағытталған, біз байлардың одан әрі байи түсуіне, ал кедейлердің төмендеуіне қарсымыз. Шындығын айтқанда, жаңа буржуазияның пайда болуына жол бермейміз». Дэн Сяопиннің әлеуметтік экономиканың көпқұрылымдылығы жайлы ережесі марксизм саласындағы инновациялық серпіліс болып табылады. Мао Цзедун меншік түрлерінің біркелкілігін қолдап, оларды бүкілхалықтық яғни мемлекеттік-бюрократиялық саналуы, оның ойынша, коммунизмге тез арада ауысуына септігін тигізеді [8]. Дэн Сяопин бұл идеядан бас тартып, бүкілхалықтық меншік ретінде экономикадағы жетекші рөлін мойындады.  Экономиканы қалпына келтіріп әрі қарай дамыту үшін нарықтық механизмдерді енгізу қажеттігі бірден жете түсінілген жоқ. Реформалар енгізілер бұрын ұзақ пікірталастар нәтижесінде социалистік шаруашылықтың тауар шаруашылығы болуы тиіс деген шешім қабылданған.  Содан кейін жоспар мен нарықтың үйлесімділігі жайлы концепциясы пайда болды.  Бұл жерде жетекші рөл – жоспарға беріліп, ал нарық екінші орында тұр. Мұндай корреляция ұлттық экономиканың социалистік сипатын сақтау үшін қажетті деп саналды.

Қытай – ірі мемлекет және әлем экономикасы мен бүкіл әлемдегі халықаралық қатынастардың  дамуы осы үлкен мемлекетте орын алып жатқан процестерге байланысты. Дэн Сяопиннің арқасында қытайлықтар қоршаған әлемді және өздерін объективті түрде қабылдай бастады. Қытайдың интеллектуалды элитасының ойынша, ХIХ ғасыр Қытайдың қорланған кезеңі және ХХ ғасыр жаңғыру кезеңі болса, ал XXI ғасыр Қытай халқының шарықтайтын уақыты болмақ.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Бeргeр Я.М. КНР. Дecятилeтия пoиcкoв и cвeршeний // AAC. – 2009. – №10. – С. 7-13

2. Бoни Л.Д.  Китaйcкaя дeрeвня нa пути к рынку. В 2-х ч. – М. , 1995. – Ч. 1. – 210 с.

3. Бoни Л.Д. Рынoк в китaйcкoй дeрeвнe (1988-1995). – М. , 1998.



4. Бoни Л.Д., Вoлкoвa Л.A.  Мoдeрнизaция aгрaрнoгo ceктoрa // Китaй нa пути мoдeрнизaции и рeфoрм 1949–1999. – М., 1999.

5. Бoрoх O.Н. Coврeмeннaя китaйcкaя экoнoмичecкaя мыcль. – М.: Восточная литература, 1998.– 295 с

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет