Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары



Дата09.02.2022
өлшемі1.34 Mb.
#170581
Байланысты:
Ерсаин Еңлік Дене шынықтыру
Ерсаин Еңлік Практика

Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары

Орындағандар: Ерсаин Еңлік

Алимбаева Дариға

Пернебай Жания

Смайыл Баян

Қабылдаған: Омарова Г.Ж.

Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары


Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз – әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер.

Қағида – бір негізгі мәселенің түпкі, бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімінің, жүйелердің даму заңдылығы. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі үрдісін жетілдіреді.

Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары 3-ке бөлінеді:


Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы.

01

Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.

03

Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесімі

02

Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы дене тәрбиесі жүйесінде екі бағытқа бөлінген:


ә) дене тәрбиесінің әр түрлілігі. Жалпы және арнайы дене дайындығы, дене қасиеттерін дамыту, қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру сияқты дене тәрбиесі үрдісінің әр түрлілігі спортшыларды, жаттығушыларды қызықтырады.

а) дене тәрбиесінің басқа еңбек, ақыл-ой, өнегелік, эстетикалық тәрбиелермен тығыз байланыса отырып, жастарды өнегелікке, тәртіптілікке баулу, зейінділікке, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру, адамның көркемдік-әсемдік танымына көп әсерін тигізу; 

Адамның жан-жақты дамуы үшін қимыл шеберлігін меңгерумен бірге барлық дене қасиеттерін дамытуға ұмтылдырады.

Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесуі 


Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесуі дене тәрбиесінің жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға баулитын қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі таңдағы азаматтық және әскери мамандық адамның дене қуатының жетілуін талап етеді. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, кең көлемде қимыл ептілігі мен дағысын меңгеруге көмектеседі, жұмыс істеуге ынтасын арттырады.

Дене тәрбиесі және спортпен айналысқан адамдар игеру кезеңінде, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда 1,5-2 есе аз уақыт жұмсайды.

Дене дайындығына, әсіресе, әскерде үлкен мән беріледі. Сарбаздың жауынгерлік қабілеттілігі – оның жылдам жүгіретініне, төтенше жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне т.б. байланысты. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шақыруға дейін дайындаған жөн. Әскери мамандықты жақсы игеру үшін жас кезден бастап ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа т.б. тәрбиелеу керек.

Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижелілігі олардың көлемі мен жаттығудың орындау қарқынына байланысты. Оқытушы өсіп келе жатқан жасөспірім ағзасының биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педогогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.


Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОРЫТЫНДЫ


Жас ұрпақты жан-жақты дамыған, ой-өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал, оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені, болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін-тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де, қайратты болып өсуіне, көпшілік дағдыларын бойына терең сіңіруіне тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан-сау денеде ғана болады» — деген. Сондықтан да балалар ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру-міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу дене тәрбиесінің негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндеттерінің бірі.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет