Денсаулыќ мол байлыќ



Дата16.12.2018
өлшемі27 Kb.
#57122

Денсаулық мол байлық

Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы дейтін болсақ, салауатты өмір сүрудің дағдыларын қалыптастыру дүниеге шыр етіп келгеннен басталады. Адам баласы жетіле келе қоршаған ортаны танып біледі. Жетілу жолында ананың омырауынан бөлінгеннен кейін ақырындап жеке өмірінің қалыптасу кезеңдері басталады. Осы бір балаң шақтың жетілу кезіне мемлекеттің тарапынан берік сатылар заң жүзінде қалыптасып, тұлғаны тұғырынан көретіндей дәрежеге жеткенше бәйек болып сан түрлі шаралар өткізеді. Соның бірі Көркем негізгі мектебінде өткізген «Денсаулық алауы» байқауы. Осы байқау аралығында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Джусупов С.Е. «Денсаулық-ұзақ өмір кепілі» атты тәрбие сағатын өткізіп, мектеп алаңына денсаулық алауын жаққызу арқылы апталық басталып, сынып жетекшілері Муканова Р.Ж. «Өмірдің мәні қимыл-қозғалыста» спорттық билер, Рахметова Гүлбақыт «Зиянды әдеттен аулақ бол» дөңгелек үстел ұйымдастырып, Жаркынбекова Ж.О , Муканова Р.Ж «Мен өмірді сүйемін» трениг өткізіп, белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау рәсімдері болып өтті. Денені үнемі шынықтыру, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді. Мектеп сатысына көтерілген оқушылардың тағдыры, денсаулығы, өмірді танып білуі, рухани құндылықтармен айналысуы бәрі- бәрі мектепке байланысты. Мемлекет мәртебесінің ірге тасын бірге қаласып келе жатқан Көркем негізгі мектебінің ұстаздары оқушылардың салауатты өмір сүру салтының барлық бағытына белсене араласады, өмірлік борышы деп біледі.



Көркем негізгі мектебі Бейсенова А.С


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет