Дәрілік өсімдік. Адыраспанның пайдасы Якуда. Б. Е



жүктеу 25.26 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі25.26 Kb.

Дәрілік өсімдік.Адыраспанның пайдасы
Якуда.Б.Е.

Талғар политехникалық колледжінің 2курс студенті

Алматы облыстық білім басқармасы

МКҚК Талғар қ.Политехникалық колледжі

Жетекшісі:Нуптекеева Б.И

Химия пәнінің оқытушысы



Зерттеудің жұмысының мақсаты: Адам денсаулығына пайдасы және дәрілік-емдік қасиетін ,зерттей отырып пайдасын Халық арасында дамыту.

Зерттеу міндеті:Адыраспан адам өміріне медеициналық жолдарын жандандыру .

Жұмыстың орындалу барысы: 1 Адыраспанның шығу тарихы

2 Адыраспанның химиялық құрамы

3 Адыраспанның әр салада қолданылуы

Тақырып өзектілігі: Туған табиғатымыздың құрамдас бір бөлігі-өсімдік. Өсімдік –табиғаттың тірі перзенті . Жас ұрпақтың көзге көрінбес бір қызметі үшін ата-бабаларымыз«өркенінің өссін»деп ризашылығын білдіріп бата берген . Бұл екі сөздің философиялық ,тәрбиелік мәні өте зор. Халықтың даналығынан шыққан «өркен » деген сөз бойында бүршігі ,жапырағы бар өсімдікті білдіреді.Өркен өсіп ,дамып ,бұтақтанып үлкен бәйтерекке айналғаны сияқты үлкейіп ,бала-шағаң көбейіп ,өміріңді жалғастырсын дегенді меңзейді .Сондай-ақ бұл бата адам баласы мен өсімдік арасындағы қарым-қатынастың тамыры тереңде жатқандығын көрсетіп тұр .Адыраспанның бір қасиеті,емінде.Адыраспанның дәрі жасалады.Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы адыраспан .Адыраспанды суық тигенде қайнатып және көзі нашар көргенде адыраспанда балмен, шараппен ,шырынмен және тауық өтімен араластырып қолданылады.Адыраспанның адам өміріне маңызы зор.

Дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы:Ас –адамның арқауы.Адам баласының тіршілігі өсімдіктер дүниесімен тығыз байланысты.Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі осы өсімдіктерден алынады.Өсімдік –адам үшін азықтық қайнар көзі «Өсімдік жақсы өссе-адамдардың да тіршілігі жақсармақ, өсімдік солып қалса, адамға да қатар төнгені», Сенің денеңнің қуаты –өсімдіктің шырынында». Өсімдіктің емдік қасиеті адам баласына ертеден белгілі.Дәрілердің барлығы дерлік өсімдіктерден алынады.Әйгілі ғалым және дәрігер Ибн Сина былай деп жазды:Дәрігерде үш қару бар.Олар :сөз ,өсімдік және пышық».Бұл қағида осы күнге дейін өз күшіңде.Дәрілік өсімдіктерді халық «өмір шөбі»деп атайды,сонымен бірге –«әр аурудың өз шөбі бар»дейді.Осы айтылғандардан-ақ емдік қасиеті бар өсімдіктерді халық өте ерте заманнан –ақ қолдана бастағанын аңғаруға болады.Өсімдіктен алынған дәрілер жүрек-қантамыр,жүйке жүйелері ,бүйрек ,бауыр ,асқазан ,тыныс жолдары ауруларына қолданылады.Өсімдіктердің барлық мүшелерінің шипалық қасиеті бар.Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерге күнделікті тұрмыста кездесіп жүрген :бақбақ, жолжекен,итмұрын ,мыңжапырақ,түймедақ т.б.жатады.

Қорытынды: Өсімдіктің табиғи байлықтары сарқылмайтын қазына емес,оларды орынды пайдаланып,қорғап отырғанда ғана ұзақ уақыт керекті заттарды алу мүмкіндігін туады.Адам баласы заттардың бәрін өсімдіктерден алатын болса,оны барынша аялап қорғай білу –әрбір адамның борышы.Өсімдіктер тіршіліктің тіргеі әрі айналамызда қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі болғандықтан ,олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап ,молайту және қоршаған ортаның әр түрлі қолайсыз жағдайынан жойылып кетуге жақын тұрған түрін сақтап қалуды қорғау.

Пайдаланылған әдеиеттер:



  1. Г.С.Калинова ,А.Н.Мягкова. Методика обучения биологии М:Просвещение

  2. Биология. «Атамұра»,2002.5. Биология,География,Химия,№11-12,1999.

  3. «Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы »,1-том

  4. Жетісу.Энциклопедия .-Алматы:Арыс баспасы,2004,-712бет.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет