Танымал әнші Мадина Сәдуақасова ел білмейтін біраз құпиясын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жарқын жүздесу” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Өнер иесі бала күнінде спортпен айналысқанын жасырмады. 

“12 жасымда дзюдомен айналыстым. Ол спортқа екі-ақ жыл қатыстым. Себебі қатысқаным мамама ұнамады. Ол мені сызылып қалған қыз қылғысы келді. Сол арманына жетті. Бірақ мен кішкентай кезімде өте шымыр болғам, екінің бірі құлата алмайтын. Қызылордада жаңа аудан, жаңа үйге көшкенбіз. Сол жерге бір қыз келіп, мені сыртқа шақырды. Ойымда дым жоқ, халатпен шыға салғам. Әлгі қыз "Сен неге өзінше боласың, маған ұнамай тұрсың?" деп тиісті. "Жүр, андағы кірпіш зауытына барып, әңгімелесіп қайтайық" деді бір кезде. Менде қорқу деген жоқ, әйтпесе мектепте оқитын кіп-кішкентай қызбыз ғой. "Жүр" дедім оған. Содан зауыттың ішіне кіргізіп алып, мені ұрмақшы болды. Мені жылап, алдына жығылады деп ойлап қалды-ау, менен ондай қадам күтпеді. Ал мен халатымның етегін түйіп алдым да жерге атып ұрдым. Жеңіп кеттім. Бірақ артынан "бекер істедім-ау, жай ғана әңгімелесіп, тіл табысып кетуге болар еді" деп өкіндім. Алғашқы және соңғы төбелесім осы болды"– дейді әнші. 

  • "Жапония аруы" сұлулық байқауын украин қыз жеңіп алған: Халық төрешілердің шешіміне наразылық білдірді

  • "Бұл атақ жаңа мүмкіндіктерге жол ашты": "Қазақстан аруы-2023” атанған Сабина Ыдырысова байқаудан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

Сонымен қатар өнер иесі “Техас штатының құрметті азаматы” деген атағының барын да жасырмады. 

“Ол атақты алғаным рас. 2012 жылы Қазақстаннан бір топ делегация Американың Хьюстон қаласына өнер фестиваліне бардық. Сол жерде халық әні “Бір баланы” орындадым. Ән басталғаннан көрермен жылады. Концерт біткеннен кейін 4-5 адамды қаланың мэрі шақырды. Бізге рақмет айтып, “Қазақстандық әншіге “Техас штатының құрметті азаматы” деген атақты сыйлағымыз келеді” деп сол жерде табыстады. Ол кезде мән бермеппін. Түрікменстаннан келген әнші қыз: “Мадина, сенде қағазы бар ғой, маған орденіңді бересің ба” деп сұрады, мен қолын қайтарғым келмей, сол жерде сыйлап жібердім. Кейін барып түсіндім, ең құрметті атақтардың бірі екенін”, – дейді өнер иесі.  

Еске салайық, әнші көйлек алу үшін көлігін сатқанын жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.