Дәріс 1 Кіріспе Құстар мен аңдарды аулау тәсілдері мен құралдарының жіктелуі



жүктеу 386.83 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі386.83 Kb.

Дәріс 1

Кіріспе

Құстар мен аңдарды аулау тәсілдері мен құралдарының жіктелуі

Түсінік, пән, тапсырма және курс мазмұны. Аңшылық жануарларды аулау техникасын оқудың негізгі этаптары.Аңшылық түрі.

Адамдардың құстарды пайдаланған ең көне әдісі аңшылық. Құс салып аңға шығу ел арасында кең тараған. Әсіресе әуесқойшылық сұңқармен, қаршығамен, бүркіттермен Орта Азияда, Қазақстанда, Кавказда кейбір Еуропа жерлерінде аң аулау күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ.

Аңшылықтың тарихынан

Қазіргі қазақ жерінде ең алғашқы адамдар ежелгі палеолит дәуірінде ақ аң аулағаны жөнінде тарихи деректер бар. Үшбұлақ қойнауында (Қаратау қаласының солтүстік батыс жағындағы отыз алты шақырым жерде) мүстье кезеңінде өмір сүрген аңшылардың шағын топтарының қысқа мерзімді тұрақтарының іздері сақтаулы тұр. Бұл тұрақтар суатқа келетін аңдарды (бизон, бұғы, киік, жылқыларды) аңдуға қолайлы бұлақ түбінде салыныпты. Ғалымдар палеолит заманында ірі жануарларды аулаудың адам қорегінің басты негізі болғанын айтып, Жайық өзенінің бойынан мамонттармен жүндес мүйізтұмсықтардың ауланғанын, сүйектерінен әртүрлі кескіштер, қырғыштар, найзалар мен сүңгілердің ұштары, шанышқылар, лақтырылатын найзалар, сүйек инелер мен біздер жасағанын, адамдардың аң терісінен киімдер тігуді үйренгенін дәлелдейді.

Қазақтар аңшылықты жақсы меңгерген адамдарға арнайы атаулар да ойлап тапқан. Кейбіреулерімен таныса кетейік;


  1. Аңшы - түз тағысын аулауды кәсіп еткен адам. Құсбегі, бапкер деп те аталады. Қазақ аңшылары қолданатын құралдарына, істейтін амалдарына сәйкес былайша жіктеледі:

Саятшы - аңға қансонарда шығатын кісі. Аң аулауда қыран бүркітті, ұшқыр тазыны, түзу мылтықты пайдаланып, бұзау тіс қамшыны да, сойылды да қару етіп сілтейді.

Мерген - садақпен, мылтықпен аң аулаушы. Аю, қасқыр, бұғы, марал, арқар елік, таутеке, қарақұйрық тәрізді аңдарды атып, олжалайды.

Қақпаншы - аңды қақпанмен аулаутын, түз тағыларының ерсілі қарсылы жүретін жолын дәл табушы. Түлкі, қасқыр, суыр сияқты аңдардың ініне, ізіне қақпан құрады.

Моршылар - түлкінің, күзеннің, борсықтың, суырдың ініне түтін салып, іннен шыға қашқанда ұстап алатындар.




  1. Аңтөстік аң аулаудың сырларын жетік меңгеруші, кәсіпқой аңшы.

  2. Құсбегі қыран құстарды түрге, топқа жақсы ажыратушы. Бүркітші бүркітті баптай алатын, қағушы бүркітшілерге қолғанат болатын адамдар. Аңшылық мақсатына қарай мынандай топқа бөлінеді:

  1. Кәсіптік аңшылық: аңдар мен құстардан ет, тері, мамық, қауырсын, мүйіз, т.б. өнімдер алу үшін.

  2. Спорттық әуесқойлық аңшылық: аңдар мен құстарды белгілі тәртіппен аулап, табиғат аясында тынығу.

  3. Ғылыми аңшылық: кәсіптік аңдар мен құстардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, сан мөлшерін көбейту, алынатын өнімін арттыру, сапасын жақсарту, аң аулау әдістері мен құралдарын жетілдіру үшін.

Аң аулаудың ежелгі тәсілдері Қазақ аңшылары түз тағыларын аулауда сан алуан айла шарғыларды кеңінен пайдаланған: ор қазып, ұшпалардан ұшырып, қарға омбылатып аулау: тасқақпанмен, тормен, құмқақпанмен, тұзақпен ұстау; құспен, итпен қуу; түтін, жемтік салу; мұзға отырғызу және т.б.

Аран. Тау арасынан екі тар қоршау жасап, жан жағына өткір істік қадаларды орнатады. Аңдарды осы қоршауға айдап кіргізгендеғ жаны қысылған түз тағылары кейін шегінбек болғанында, әлгі істіктерге түйреліп, қозғала алмай тұрып қалады.

Сояумен түйреу. Қыста мұз бетіндегі қамыстың бетін қырқып, сояуын қалдырады. Қашқан қоян осындай тәсілге арандағыш келеді. Сол себепті қазақтар: Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді, дейді.

У салу. Өлген малдың, аңның өлексесін улайды. Қасқыр, түлкі, қарсақ жегенінде уланып өледі. Осы аңдардың терісін бүлдірмей алу үшін жасалады. Уды қазақ аңшыларының өздері ақ әзірлей алатын болған. Аңшылықта ушылар қорғасынды да, күшәланы да пайдаланған.

Бұлғап (шақырып) ату. Суыр аулағанда түлкі, қарсақ құйрығынан бұлғауыш жасап, ақырын бұлғаңдатса, түз тағылары алданып, жетіп келеді. Мерген мылтық шүріппесін басады.

Қарды омбылатып аулау. Киік, қарақұйрықтарды қалың қарға қарай қуып, омбылап жүре алмай қалғанында соғып алады.

Құмқақпанмен аулау. Түлкі, қарсақ аулағанда аң інінде болса, қар аралас құмды ініне нығыздап тығып, аузын үлкен жалпақ таспен бастырып бастырып қойып аулайтын тәсіл.

Мойын қатыру. Аңды ұзақ уақыт бойы бір жағына қарай мойнын бұрғызып қуса, мойны сіресіп, келесі жағына бұрыла алмай қалады. Сол кезде аңшы екінші жағынан атпен қуып жетіп сойылмен соғып, қамшымен ұрып олжалайды.

Мұз қатыру. Қасқырды сары аязда күні бойы дамылсыз қуғанда терлейді. Келесі күні денесінің мұзы ерімей тағы қуғанда, бойындағы мұзынан аң дұрыс қаша алмайды.

Мұзға отырғызу. Мұз үстіне жемтік тастағанда аң оны кеміріп отырады да, құйрығының сулы мұзға жабысып, қатып қалғанын білмей, аңшының қолына түседі. Көбінесе мұндай жағдайға тап болатындар айлакер саналатын қу түлкі.

Ор қазып аулау. Ауланатын аңның ірілігіне қарай терең, таяз, кең, тік, көлбеу ор қазылады, бетін жұқалап шөп шаланмен көлегейлеп жабады да, марал, елік тәрізді аңдарды алдап түсіреді.

Тасқақпанмен аулау. Жалпақ тастардан қақпан жасап, күзен, сусыр тәрізді аңдарды ұстау әдісі.

Тормен аулау. Аңды тор қолданып олжалау.

Тұзақпен аулау. Қылдап, сымнан тұзақ жасап, аңдардың жүретін жолына құрып тастайды.

Түтін салу. Аңның ініне түтін жіберіп тұншықтыру, сыртқа шығартып ұстап алу.

Тік жардан немесе жартастардан ұшырып аулау. Тобымен, үйірімен жүретін киік, арқар, тау ешкілерін көп адам қаумалап қуып, таулы сырғыма, ұшпа жартастардан, тік жардан құлатып (ұшырып) аулайды.

Ұлып тау. Қасқыр жүретін жерге аңшы жалғыз барып, жасырынып қалады да, қасқырша ұлиды. Қасқырлар да ұлып дауыс беріп, аңшыға жақындайды. Мылтық сарт етіп атылып, арлан жер құшады.

Із шалу, ізге түсу. Қансонарда қасқыр, түлкінің, құмды жерде аша тұяқты аңдардың ізі түсіп қалады ғой. Аңшылар сол ізге түсіп аң аулайды.

Ін қазып аулау. Суырдың інін түбіне дейін қазып ұстайды.

Інге су құю. Таяз інге кірген аңды су құйып ақ аулауға болады.

Шақырып ату. Аңшылар шөпке жасырып тышқан болып шиқылдаса, түлкі жүгіріп келеді де, қолға түседі.

Итпен аулау. Аң аулауға аңшы иттер тұқымы пайдаланылады. Аң аулайтын тазылар тұқымы: құмай тазы, құны тазы, дүрегей тазы. Олар күштілігіне және өжеттілігіне қарай: қасқыр алатын тазы, түлкі, қоян алатын тазы, жүн түгіне қарай: құны, тақыр, сабалақ, жарғақ, құлақ, шашақұлақ, дүрегей түкті тазылар, сүйек бітіміне қарай: ірі сүйекті, шөпеті сүйекті, жарғы сүйекті тазылар болып бөлінеді.

Құспен аулау. Аңды қыран құстармен аулайды. Құс аңшылығына пайдаланылатын қырандар тобы: бүркіттер. Бұлар ой бүркіті, қыр бүркіті, тау бүркіті. Қаршыға тектес құстар: қаршыға қара қаршыға, тұнжыр қаршыға, сырғақ қаршыға. Тұйғын аң тұйғын, кір тұйғын, құл тұйғын. Қырғи. Сұңқар тектестер: сұңқар ақ сұңқар, ақбас сұңқар. Ителгі, жағалтай, лашын, тұрымтай, бидайық, қарақылыш.

Аң аулауда қолданылатын құрал жабдықтар;

Арқан аңды атпен қуып жеткенде шалма тастап, ұстап алатын құрал түрі.

Атқы садаққа ұқсас, өзінен өзі атылатын құрал.

Дырау қамшы онымен қуып жеткен аңды ұрып, соғып алады.

Жемтұзақ түйір түйір етті тізіп, бүркітке жұқтырып, қыран құсты ұстап алады да қолға үйретеді.

Қылтұзық аттың жалынынан, кекілінен, құйрығының қылынан жасалады, бөдене, шіл тәрізді құстарды ұстау үшін құрылады.

Мылтық бұрындары шиті мылтық, бердеңке болды, қазір аңшы мылтығының түрі көп.

Пышақ жүзі өткір де ұзын келеді, жекпе жекте аңды есеп, орып өлтіруге болады (қасқырды, аюды, қабанды).

Садақ жауынгерлік құрал, аң аулауға да қолданылады.

Сойыл онымен арқар, қасқыр, еліктерді де соғып алады, бұрындары барымташылар жылқы ұрлағанда да қолданатын еді.

Сымтұзақ сымнан жасалады, суыр аулауға қолайлы.

Темір қақпан қандауыз үлкен аңдарға құрылады, қолқақпан кішірек аңдарға арналғаны.

Тор ширатылған жіптерден әзірленеді, аң, құсты ұстау үшін.

Шоқпар азулы аңдарды (қасқыр, түлкіні) соғып алуға арналған аңшылық құралдардың бірі. Бұрындары шайқастарда да қолданылған.


Практикалық сабақ 1

Аңшылық қару және оның классификация.
Дәріс 2

Оқ-дәрі және патронды жабдықтау

Аңшы қарудың техникалық дамуының негізгі этапы.Аңшы қарудың негізгі бөліктері. Қолдануына, конструкциясына және сапасына қарай қаруды таңдау.Қаруды күту.

Оқ-дәрі және оның негізгі бөліктері. Түтінсіз порох және оның құрамы мен маркасы. Капсюли. Дробь және картечь және оның нөмірлері. Патронды дробьпен және картечьтің дробты қаруға арналған оқпен жабдықтау, олардың үлгісі, типі мен системасы. Пыжи.

Аңшы қаруы

Ойық ұңғылы атыс қаруы; тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 мм аспайтын атыс қаруы; аралас (ойық және тегіс ұңғылы), оның ішінде алмалы салмалы және жиналмалы ойық ұңғылы атыс қаруы; үрмелі қуаты 25 Дж дан аспайтын пневматикалық қару; сұқпа суық қару жатады.

Аңшы қаруы толық жарамды және әрекетке дайын болуы керек. Бұған оны дер кезінде тазалау, майлау және дұрыс сақтау арқылы қол жетеді. Қарудың ұңғы қорабы, ұңғы арнасы, газ камерасы, газ поршені, бекітпе жақтау, бекітпе тазартылып, майланады. Қолданылмаған жағдайда жетісіне бір рет тазартылып отырады.


Оқ дәрі және патронды жабдықтау
Оқ дәрі жабдықтары бірнеше құрама бөліктерден тұрады. Ол патрон ұғымымен тең. Қолданылатын оқ дәрі жабдықтарының мынындай түрлерін көрсетуге болады: әскери, аңшылық, спорттық, оқытуға арналған.

Патрон деп әдетте, гильза арқылы бір бүтінді құрайтын оқты (бытыра, картечь), порохты, капсюльді айтамыз. Патрон жабдықтарының қалған барлық элементтерін гильза құрайтын (біріктіретін) болғандықтан мұндай патрондар унитарлы деп аталады; Патрондарды төмендегідей бірқатар топқа бөлуге болады:



  1. Конструкциясы бойынша: унитарлы барлық элементтері гильза арқылы біріктірілген; унитарлы емес оқ гильзаға орнықтырылмайды. Оқпан ұңғысына орналастырылады, гильзасыз патрондар автоматтандырылған әскери қару жарақ үлгілерінде ғана болады Винтовка С 11 (ФРГ);

  2. Қолданылатын қару жарақ оқпан ұңғысының сипатына байланысты: иір оқпанды: тегіс оқпанды: аралас оқпанды болып бөлінеді.

  3. Қару жарақты қолдану орны (мақсаты) бойынша: жауынгерлік; спорттық; аңщылық қару жарақ

  4. Қолданылатын қарудың түрі бойынша: тапаншалық: револьверлік: аралас; винтовкалық; мылтыққа арналған.

  5. Дайындалып шығару әдісі бойынша: зауыттық: қолдан жасалған: қайтадан жасалған.

  6. Қолданылған қару жарақтың сипатына байланысты: штаттық: патронды алмастырушы;

  7. Калибрі бойынша; кіші калибрлі (6,5 мм дейін); орташа калибрлі (6,5 мм ден 9 мм ге дейін); ірі калибрлі (9 мм ден жоғары).

Элементтердің саны бойынша патрондар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ гильзадан, капсюльден, порохтан және оқтан тұрады. Екінші топқа гильзаны, капсюльді, порохты, тығын және бытыра немесе картечь немесе оқты жатқызамыз. Аталған компоненттерді жеке жеке қарастырайық:

Порох түтінді (қара), аз түтінді (механикалық араласқан түтінді және түтінсіз) болып келеді. Түтінсіз порохтар кең тараған, олар пішіні мен түсі бойынш ерекшеленеді.

Капсюль оқ дәрінің тұтандырғышы.

Снаряд дегеніміз оқ дәрі (патронның) лақтырғыш элементі, оған: бытыра немесе картечь, оқтар жатады. Бытыра мен картечь зауытта немесе қолдан жасалуы мүмкін. Өндірісте бытыраның үш тобы (ОМ, ОТ, СТ) және аңшылық картечь (КО) кең түрде шығарылады. Бытыра (дробь) диаметрі өлшеміне байланысты (1,5 тен 5,0 мм ге дейін) нөмір бойынша ерекшеленді (11 ден 1 ге дейін). Картечьтің нөмірі болмайды, ол тек қана диаметрі арқылы ерекшеленді (5,25 тен 10,00 мм ге дейін). Бытыра мен картечь зауытта қорғасыннан жасалады. Зауытта жасалған бытыра шар тәрізді болып келеді, оның беті тегіс және жылтырап тұруы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра немесе картечь қорғасыннан, шегеден, темірден және басқа да қолда бар материалдардан жасалуы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра мен картечь форма жағынан әртүрлі болып келеді.

Гильза құрылысының негізгі бөлшектері қалыптан (корпус), түпкі қалпақшадан (донышка гильзы) қалпақшаның жиегінен (фланец), капсюль ұяшығынан (түпкі қалпақшаның ортасындағы) тұрады.

Пыж патроннан порох пен дробь зарядының шашылып шығуының алдын алатын төсем. Ол порохты дробьтан, бытыраны немесе ядроны бір бірінен ажыратып, шашылып кетуінен сақтап, зарядты фиксациялайды. Олар войлоктан, жүннен, пенькиден, теріден, картоннан, қағаздан дайындалады. Қазіргі заманғы зауыттан шыққан патрондарда полиэтиленді пыж контейнерлер қолданылады. Ол дробь не картечьпен бірдей құйып жасалған,обтюратор, амортизатор және контейнерден құралады.



Практикалық сабақ 2

Аңшылық қару және оның классификация.
Дәріс 3

Қолданбалы баллистика бойынша қарапайым мәліметтер

Баллистика жайлы жалпы мәліметтер. Баллистика бөлімдері: ішкі және сыртқы.

Ішкі баллистика. Сыртқы баллистика. Сыртқы баллистика мағлұматын практикалық пайдалану.

Қолданбалы баллистика бойынша қарапайым мәліметтер

Баллистика жайлы жалпы мәліметтер. Баллистика бөлімдері: ішкі және сыртқы.

Ішкі баллистика. Сыртқы баллистика. Сыртқы баллистика мағлұматын практикалық пайдалану.

Баллистика – (немісше Ballistik, грекше ballo – лақтырамын) – жоғары математика, теориялық математика, теориялық механика, газ, жылу динамикалары, жарылғыш заттар мен оқ-дәрі теориялары және т.б. ілімдерге сүйенетін әскери-техникалық ғылым. Ол артиллериялық және реактивтік снарядтардың, миналардың, авиабомбалардың, ракеталардың, оқтардың, гарпундардың атылу, ұшу, құлдилау (әуеден тастау) кезіндегі қозғалыстарын зерттейді.

Баллистика – ішкі баллистика және сыртқы баллистика болып бөлінеді. Ішкі баллистика оқ-дәрі оталғаннан кейін оқ, снаряд, мина т.б. –лардың қару ұңғысындағы қозғалысы мен жану камерасында өтетін процестерді зерттейді. Ішкі баллистиканың негізгі салалары: пиростатика және пиродинамика, сондай-ақ, аралық баллистика мен оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы. Пиростатика белгілі бір тұрақты көлем ішінде оқ-дәрінің жану (оталу) және газдану заңдылықтарын, ал пиродинамика ату кезінде ұңғы (оқпан) ішінде өтетін процестерді және олардың арасындағы өзара байланыстық құбылыстарды зерттейді; ұңғының құрылымдық сипаттары мен нысана көздеу шарттарын: қарулардың, ракеталардың, атыс құралдарының баллистикалық жобаларын белгілейді. Аралық баллистика процестердің кезеңдік салдарын, ал, оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистикасы камерадағы оталған заттардың жану және газ бөліну, сондай-ақ ракетаға әсер ететін күштердің пайда болу заңдылықтарын зерттейді.

Сыртқы баллистика – снарядтардың, миналардың, оқтардың, басқарылмайтын ракеталардың қару (қондырғы) ұңғысынан ұшып шыққаннан кейінгі қозғалыстарын, сондай-ақ ол қозғалыстарға ықпал жасайтын өзге де факторларды зерттейді. Сыртқы баллистиканың негізгі мәселелері: снарядқа ұшу кезінде әсер ететін күштер мен әр түрлі жәйттерді зерттеу; траектория элементтерін есептеу үшін снаряд массасы (салмағы мен инерциясы) орталығының қозғалысын, сондай-ақ, ұшу бағдары мен ауытқушылық сипаттарын айқындау мақсатында снаряд қозғалысын оның масса орталығына қатынасы арқылы зерттеу. Сыртқы баллистика осымен бірге атыс кестелері мен сыртқы баллистикалық жобаларды әзірлеу үшін мәліметтер алу әдістерін жасау және түзетпелер теориясы мәселелерін де қамтиды. Ерекше жағдайда снарядтар қозғалысын сыртқы баллистиканың авиациялық баллистика, су асты баллистикасы, т.б. арнаулы салаларымен байланыстыра зерттейді. Баллистика ғылым ретіне 16 ғасырда қалыптасты.

Баллистика жөнінде алғашқы еңбекті (“Жаңы ғылым” деп аталатын) 1537 жылы италиялық математик Н.Тарталья (1499-1557) жазды. Кейін баллистиканың мәселелерін Г.Галилей, И.Ньютон, Л.Эйлер, т.б. зерттеді. Италия физигі Э.Торричелли (1608-1647) және француз М.Мерсенн снаряд қозғалысы жөніндегі ғылымды “Баллистика” деп атауды алғаш рет 1644 жылы ұсынды. Әйтсе де, ежелгі соғыс құралдарының, соның ішінде садақтардың, жебелердің қолдану орны мен ретіне қарай түрліше болып келуі баллистика заңдылықтарымен есептесудің көне замандардан бастау алғандығын көрсетеді.

Ішкі баллистика - оқ-дәрілі газ әсерімен шығарылатын снарядтардың, миналардың және оқтардың қару ұңғы арнасындағы қозғалысын, сондай-ақ атыс кезінде ұңғы арнасында немесе оқ-дәрілі ракетаның жану камерасында болатын басқа процестерді зерттейді. Ішкі баллистиканың негізгі бөлімдері: пиростатика, ол оқ-дәрі жану заңдылығын және тұрақты көлемді газ түзілуін зерттейді; пиродинамика – атыс кезінде ұңғы арнасындағы процестерді зерттейді және ұңғы арнасының конструктивті сипаттамалары мен оқталу жағдайларының аралығындағы байланысты анықтайды; қарулардың, ракеталардың, атыс қаруының баллистикалық жобалануы. Сондай-ақ ішкі баллистиканың аралық баллистика (әрекеттен кейінгі кезеңдердегі процестерді зерделейді) және оқ-дәрілі ракеталардың ішкі баллистика тарауы бар (камерадағы отынның (жағар-, жанармай) жану заңдылығын және сопло арқылы газ өтуін, сондай-ақ басқарылмайтын ракеталарда әрекет жасайтын күштердің пайда болуын зерттейді.

Сыртқы баллистика – басқарылмайтын объекттердің (снарядтардың, миналардың, оқтардың, басқарылмайтын ракеталардың, авиабомбалардың және т.б.) қозғалысын, олардың қару стволымен немесе пускты құрылғыны бағыттайтын, сондай-ақ осы қозғалысқа әсер ететін басқа да факторлар мен жағдайларды зерттейтін баллистиканың бөлімі.

Сыртқы баллистиканың мақсаты артиллериялық және ракеталық кешеннің, снарядтар мен олардың ракеталарын жобалау үшін бастапқы мәліметтерді алу, жаңа жүйелерді сынауды қамтамасыз ету, көздеу міндеттерін шешуге арналған атысу кестесін құру, атысу мен баллистикалық есептердің нәтижелерінің баллистикалық алгоритмін құруда жалпылау, траекториялық өзгертулердің жүргізу және т.б.

Сыртқы баллистиканың мәні және ол нені анықтайды:

Траекторияның қалпын, тастау бұрышының үлкендігін немесе кішілігін, снарядтың бастапқы жылдамдығын, сыналатын снарядтың жүктемесінің маңызына қойылатын талаптарды, әртүрлі конструкциядағы снарядтардың қозғалысының төзімділігін, бастапқы жағдайды анықтауда қарудың тасымалдағышының қозғалысына әсерін есептейді. Ракетаның сыртқы баллистикасы қораптың ішінде орналасқан жағармайдың жануынан түзілетін соплядағы газды струяның өтуіне әсер ететін снарядтың қозғалысы жүретін траекторияның активті учаскесін зерттеуге бөлінудің қажеттілігін бағамдайды. Траекторияның пассивті учаскесі – реактивті күштің әсері тоқтаған соң снарядтың тоқтаған траектория учаскесі.

Сыртқы баллистиканың негізгі міндеттері

Горизонтқа бұрыштан тасталған және белгілі бір жылдамдықтағы денеге жүктілік күші мен аэродинамикалық күш пен моменттің кешені әсер етеді. Ұшқан снарядқа әсер ететін күштің өзгеру заңдылықтарын зерттеу сыртқы баллистиканың міндетінің бірі болып табылады.

Сыртқы баллистиканың тікелей міндеті алдын ала белгілі объекттің қоозғалысы ның траекториясын есептеуде жатыр. Мұндай міндетті шешу үшін ұшқанда аппаратқа әсер ететін күш пен оның уақытының әрбір кезеңіндегі маңызын анықтауы қажет. Әсер ететін күшті есепке ала отырып, объекттің қозғалысының дифференциалды теңдеуін құру. Берілген бастапқы жағдайда құрылған дифференциалды теңдеудің шешуінің нәтижесі болып траектория құрылуы мүмкін қозғалыстың барлық сипаттамасы болып табылады.

Сыртқы баллистиканың кері міндеті берілген шектеуші жағдай бойынша қозғалыстың баллистикалық сипаттамасын, оптималды режим мен берілген жағдайда экстремумды жеткізетін траектория қозғалысын анықтауда жатыр.

Сыртқы баллистиканың үшінші міндеті стабилизация мен объекттің қозғалу төзімділігін есептеу. Ракетаға немесе снарядқа бұл міндетті шешу арқылы жететін ұшудың төзімділігінің талабы қойылады.

Сыртқы баллистиканың төртінші міндеті траекторияның таралуына әсер ететін факторлар, олардың әрекет ету деңгейін анықтау, таралуды төмендету тәсілдері және атудың дәлдігін арттыру болып табылады.

Сыртқы баллистиканың бесінші міндеті ракета пускы мен артиллериялық атысты жүргізу үшін бастапқы мәліметтерді дайындаудың оперативті алгоритмі мен атыс кестесін құруды әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.



Практикалық сабақ 3

Қарудың негізгі бөліктері және олардың әрекеттестігі.
Дәріс 4

Аңшы қаруының атылуын тексеру, ату практиксы

Қарудың атылуы. Дробты аңшы қаруын тексеру.Таулы жерде атылу ерекшелігі.
Практикалық сабақ 4

Қарудың негізгі бөліктері және олардың әрекеттестігі.
Дәріс 5

Қысып және жаншып ұстағыштар

Қақпандар және олардың характеристикасы.

Тірі ұстағыш және олардың классификациясы. Қысып ұстайтын қақпандар, істеу әдісі, жұмыс істеу классификациясы. Жаншитын қақпан және оның классификациясы. Черкандар, олардың құрылғысы.

Аңды өлтіру барысында салмақты пайдалану. Аран. Қоян ұстағышы. Құс ұстағыш. Кулемка, проскоктар және плашкалар

Қақпан қазіргі уақыттағы аңшылық практикасында кеңінен қолданатын құралдың бірі. Қақпанның артықшылығы: үлкен емес мөлшері мен салмағы, қарапайым қмұрылысы, құрудың оңайлығы, осылардың барлығы қақпанды ең кең таралған ұстағыш етеді.

Аяқтан ұстағыш қақпандар осыдан көптеген жылдар бұрын пайдаланылған. Қақпандарды ірі және орташа жыртқыштарды (аю, жолбарыс, қасқыр т.б.), кейбір тұяқтыларды (джейран, сайгак, қабан), ұсақ пушный аңдардың барлық түрлерін аулауда, тіпті кейбір құстарды: жартқыш құстарды негезінен ястребті, пластинкатұмсықтыларды, үйректер мен қаздарды ұстауда пайдаланады. Гигант қапқандарды аю мен тұяқтыларды аулау үшін қолдануға рұқсат етілмейді, өйткені олар тиімсіз және адам мен үй жануарлары үшін қауіпті болып табылады. 1960 жылдары бұтақты қақпандар қолдана бастады да, сосын зауыттық қақпандарға ауысты. 1977 жылы зауыттан №0 және №1 нөмірлі қақпандар 7 млн аса шықты. Қапқан жасаумен Кеңес одағы кезінде 9 ірі зауыт айналысты. Пушный аңдарды аулау үшін осы қақпрандар кеңінен қолданылды. Бірақ 90 жылдарда қысып ұстағыш қақпандарға қарсылық танытыла бастады. Ондай қақпандарды қолдануға тыйым салынды, бірақ бұл заң пушный аңдарды ұстауға таралмайтын еді. Сол кездерде Кеңес Одағы пушный аңдарды аулау бойынша ірі эспортер болып табылды.

Аңды башпайынан ұстайтын қақпандар қысып ұстайтын қақпан деп аталады. Қақпандар модель бойыншы араб әріптерімен нөмірленеді №00, №0,1нөмірлі қақпандарды көртышқандарды, су крысасы мен сусликті, ондатраны, горностаяны, хорейді, күзенді аулау үшін қолданады. №2. №3 қақпандар сурктарды, қоняндарды, түлкілерді, песецтерді аулау үшін пайдаланылады. №45 қақпандар ірілек аңдарды қасқырларды, росомахты, рысты аулау үшін пайдаланады. Қақпандар практикада аңның№ бір түрын аулау үшін құру тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Боберді аулау үшін №2, №7 қақпандар қолданылады

Сыртында пруджинасы бар тарелкатәрізді қақпандар. Ең кең таралған отандық қақпан. Ол әртүрлі пішіндегі аңдарды, көртышқандардан бастап, қасқырға дейінгі аңдарды аулайлды

Рамалы қақпандар. Пружинасы сыртаында болады. Оны түлкіге, песецке, қасқырға, росомахаға қолданады. Қақпанның қалыңдығы 8 мм пруттан тұратын пружинадантұрады. Доғасы 30x5 мм стальдан жасалған. Ол пружинаның төменгі иығында еркін айналады. Соған тікбұрышпен плвастикалық настороді бекітіледі. Екінші иығы болып П-тәрізді рама болады. Раманың қысқа жағында иілген предохранитель еркін бекітіледі. Раманың екі ұзағын жағында предохранитель ролін атаратын стопорлы сырға қозғалады. Қақпанды настроживать еткенде қақпан сторожогы пружинаның рамасының ұзағына отеді. Сосын қақпан доға тәрізді айналып раманың П-тәрізді жағына отеді. Пружина хомуттың томенгі иығы арқылы рамкаға қысып, және оның бойымен стопорлы сырғаны насторожка жағына қарай қозғалады. Сөйтіп пружинаны қысқан жағдайда фиксациялайды.


Практикалық сабақ 5

Оқ-дәрілер және патронды жабдықтау.
Дәріс 6

Тірі ұстағыштар

Тірі ұстағыштар және олардың классификациясы. Шұңқыр, садки, срубы, мұздар, шыңыраумен орауыштар, қамба тор, тұмсықтар. Айла-тұзақ — шарбақ қасқырлар. Сымды тірі ұстағыш.
Практикалық сабақ 6

Оқ-дәрілер және патронды жабдықтау.
Дәріс 7

Өздігінен ұстайтын торлар және ілгектер

Кәсіптік аңшылық торлары. Орағыш, жолдар, жеңғаптар, тената, қуу, салмақ басу және т.б. Жыртқыш және қоймалы торлар. Тенета, шатёр, вентерь.

Практикалық сабақ 7

Баллистика негіздері.
Дәріс 8

Өздігінен ұстағыштарға тыйым салынған.

Жалпы қауіпті өздігінен ұстағыштар. Өздігінен атқыш, қыйғыштар, қысу, поножи, кляпцы, башмаки, ілгектер және шұңқырлар және ірі жануарларға арналған ілгектер.
Практикалық сабақ 8

Баллистика негіздері.
Дәріс 9

Улы, ұйықтататын және қозғалыссыз қалдыратын заттар

Активті әсер ететін химиялық заттарды аңшылықта пайдалану тарихы.Фторацетат бария, оның қасқырларға қарсы күресте пайдалануы. Веронал. Оның басқа дәрілерден тиімділігі кәсіпте бағалы аңдарды тірідей ұстағанда.

Активті әсер ететін химиялық заттарды аңшылықта пайдалану тарихы. Фторацетат бария, оның қасқырларға қарсы күресте пайдалануы. Веронал. Оның басқа дәрілерден тиімділігі кәсіпте бағалы аңдарды тірідей ұстағанда.


Аңдар мен құстарды уланған жем арқылы ұстау өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастап кеңінен тарала бастады. Ақ түлкі, росомаха, қасқыр, түлкі, песец, жолбарыс, тіпті қоңыр аюларды ұстау үшін де пайдаланды.

Улаушы зат ретінде азоцт қыщқылды және тұз қышқылды стрихнин, сулема, калий цианиді, барий фторацетаты, және т.б. пайдаланылды. Уланған жемді қолданар алдында удың белгілі бір мөлшері парафин гильзада (капсулада) қыздырып алып, жемді маскалады.

Улар негізінен түлкі, ақ түлкі, аю және жолбарыс сияқты аңдарды жеке аңшылар немесе қасқыр мен ақ түлкіні ұстауға арнайы дайындалған бригидалар қолданды.

Уланған жем арқылы аңшылық жасаған кездерді Рахманиннің Г.Е. (1951) кітабынан оқуға болады. Онда страхиннің көмегімен бір маусымда 400 шамасында песец ауланған. Бригада кеткен соң ауыл тұрғындары тағы да 300 уланған песецті табады. Аңшылардың айтуы бойынша стрихиннің көмегімен улағанда аңдардың 80-90% аңшылардың қолына түспейді. 20 ғасырдың ортасынан бастап, уланған жемдер (барий фторацетаты) тек қасқырды аулау үшін ғана пайдаланылды. Басқа аңдарды удың көмегімен аулауға тыйым салынды. Ресей аумағында 60-шы жылдарда уланған жемдердің көмегімен қасқырдың 15%, ал 80-ші жылдары 15% көзін жойып отырды. Уланған жемдерді қасқыр аулау үшін тұрғыны аз ауылдық аудандарда жүргізді. 21 ғасырдың басында Ресейде у көмегімен (барий фторацетаты) жыл сайын қасқырдың мыңнан аса мөлшерін жойып отырады. Уды қазіргі уақытта қолдану қатаң түрде «Қасқырды аулау үшін барий фторацетаты қолдану жайлы» ережемен сәйкес жүргізіледі.

Барий фторацетаты. Фторацетамид (CH2FCONH2) мен барий фторацетаты Ba(CH2FCOO) монофторсірке қышқылының туындылары, фторорганикалық қосылыстар тобына жатады. Ақ түсті, ірі кристалл тәрізді, иісі мен дәмі жоқ, суда тез ерігіш зат. Фторайетамид пен барий фторацетаты әсер ету механизмі бойынша ферменттік уларға жатады, гол орталық жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Екі препарат та әсері жоғары. Фторацетамид фторацетаттан айырмашылығы уланудың оңайырақ клиникалық картинасы болуымен ерекшеленеді. Фторацетамидпен улану симптомы ұзағырақ уақыттан кейін туады. Препарат адам мен үй жануарлары үшін қауіпті. Еміргіштерді өлтіру үшін де қолданады. Дәндерді улайды. Фторацетамидпен кеміргіштердің іні мен жолдарын улауға тыйым салынған. Егеуқұйрықтардың ініне қойылады. Ол үшін оның ініне уланбаған дәнді қойып жүреді де, әбден үйренген соң уланғанын қояды. Бұл кезде шығын аз болады. Бұндай улармен жұмыс жасаған кезде резеңке қолғап киіп жұмыс жасау керек. Жұмыс аяқталған соң қолын жақсылап жуып, қолданылған ыдыстардың бәрін жақсылап жуады. Уланған кезде металл дәмі келеді аузына, асқазанда ауырсыну, іш өту, пульстың бұзылуы, шырыштың қабаттың көгеруі, құсу, судорог байқалады. Оның шаңымен дем алса, бронхит немесе бронхопневмания туындайды. Емделіп болған согң әлсіздік, истерикалық іс-әрекеттер, жүйке жүйесінің сыр беруі болуы мүмкін. Тез арада емдеу жолдары; жедел жәрдем шақыру немесе ең жақын медициналық пунктке жеткізу қажет. У асқазанға түскен жағдайда 1% натрий күкірт қышқылының ерітіндісімен жуады. Сосын, 10% натрий күкірт қышқылының немесе магнийдің 4/1 ерітіндісімен жуады, әрбір 15 мин сайын, 2 сағат бойына. Асқазанды жуатын мүмкіндік боглмаса, апоморфиннің ½ мл 1% ерітіндісін немесе 1,0 мыс күкірт қышқылының ерітіндісін егеді. Және натрий күкірт қышқылының немесе магний күкірт қышқылының ерітіндісін (20,0:200,0) мөлшерінде береді. Көктамырға 3% магний күкірт қышқылының стерильді ерітіндісін 10-20 мл егеді.

Қасқырлар үшін барий фтограцетаты, 0,3 г желатин капсулаға салынған. Бұл доза қасқырлар үшін өлімге алып келеді. Капсула қатты маймен майланады. Екі үшкірленген таяқшаның көмегімен еттің кесегіне тесік жасап салады да, қасқыр жеген аңнын терісіне орайды. Терінің бұралған бір түйінін 25-30 см диаметрмен суыққа шығарып қояды. Қатқан соң алдын ала межеленген жерге апарып тастайды. Қасқыр жаңа ғана жеген жемтік жатқан жерге тастаған уақытта, қасқырды көп ұстау мүмкіндігі мол болады. Теріге оралған ет кесегін қасақырлар шұқымайды. Түлкі де огны сүйреуден қашады. Тіпті сүйреген күннің өзінде оны 100-200 м жерге апарып тасатап кетеді немесе қарға көміп кетеді. Өйткені ол әдетте аязға қатқан теріні мүжімейді. Қасқыр теріге оралған етті теріні жырта отырып оңай алып, шайнамастан ақ ет кесегін қылғыта салады. Теріде қара дақ болса, огл түнде ақ қарда қасқырға жақсы көрінеді. Немесе уланған етті туша астына салады. Түлкі мен құстар тушаны үстінен жейді, ал қасқыр болса орнынан қозғап жеп, уланған етті жейді. Уланған қасқырды жоғалтып алмас үшін жеиді тексеріп тұру қажет. Барий фтограцетаты баяу әсер етеді, бірақ барлық жағдайда өлімге алып келеді. Қар қалың болған кезде қасқыр 2 км-ге, таза жағдайда 6 км-ге дейін кете алады. Оларда құсу мен қозғалысы бұзылған жағдайда карьерға көшеді. Өлім оларда ылғи карьерда келеді.


Уйықтатқыштар

Ұйықтатқыштардың көпшілігінің дәмі қышқылдау, сондықтан жемге салғанда қасқыр дәмін сезбеуі қажет. Бұл жағдайда білдірмеудің бірнеше тәсілі бар: ет кесектері кішкентай болса, қасқыр шайнамай ақ жұтады, согндықтан олардыу 25-50 граммға дейін жасайды. Дайындау тәсілі: ұйықтатқышты екі рет еттартқыштан өткізілген фаршпен араластырады. 1/10 қатынасында. Мұндай жемді шыны немесе эмаль ыдыста дайындайды, бөтен иәіс болмауы үшін. Сонымен қатар, жем үшін сиыр немесе қой етінің қатты майы алынады, оны ерітіп 1/1 қатынаста араластырады. Қатқан пилюлді 10 граммнан кеседі, пилюлді туша арасына салады, 2-3 кг етке 1 кесектен тура келеді. Пилюлді де, фаршты да тушаны ағаш таяқпен тсеіп салады, оны құстар мен түлкі жеп қоймайтындай етіп салады. Майлы пилюлдер ыңғайлы, ол температураның өзгергеніне төзімдірек. Туша қасына адам ізін көрсе, қасқыр оған көп уақытқа дейін жоламайды, кейде апталап. Бұл уақытта ұсақ жыртқыштар тушаны тартқылап тастайды да, бүкіл еңбек зая кетеді.



Уланған жемді теріге орау, гол үшін лосьтің, қойдың, жүнді ұзын иттің терілерін қолданған жөн, жүні ұзын тері болғаны дұрыс. Сиыр немесе аттың терісмін де пайдалануға болады. Алдымен 20*50 см етіп қиынды кесіп алады. Оның бір шетінен ортасынан және шетінен кеседі де, сол шетіне жемді байлайды. Сырт пішіні шар сияқты болады, аңшылар оны комок деп атайды. Әрбір комокта 2-3 дана ет кесегі болады. Дайын комгоктарды мұзға қойып қатырады, да алдын ала межеленген жерге, қасқырдан қалған жемтікке орнатады. Қасқыр ізінен 10-15 м жерге шаңғымен әкеліп тастайды. Комокты күнделікті таңертең тексеріп отырады. Жемге бұрынғы ескі ізді пайдаланған дұрыс. 20 м артыққа жақындауға болмайды. Қасақырлар теріге оралған комгокты таласып алып, шайнамастан жұта салады. Комоктар қарға батып қалмайтындықтан оны бір орыннан, екінші орынға тасымалдауға қолайлы.
1 кг тірі қасқыр салмағына арналған ұйықтатқыштың мөлшері


Препарат

Орташа

Максималды өлімге әкелетін мөлшері

Намбутал

40

55

Люминал

54

90

Барбамил

60

80

Тигопентал

100

160

Веронал

150

200

Үлкен мөлшерден соң әдетте аң аязды күндері қатып қалады. Жылы ауа-райында бірнеше тәулік ұйықтайды. Кейде жем қасында жартылай ұйықтап тұрған қасқырды байқауға болады. Егер қасықна жақындай алмаса, оны аңдуды қойып жатқанға мүмкіндік беру керек. Жарты немесе 1 сағаттан соң қасқырға жақындап келіп, картечьпен ату керек. Егер арнайы мемлекеттік аңшылық инспекциядан рұқсат болмаса қасқырды тұрғындар тұратн жерге әкелуге тыйым салынады.
Привада астына жем қою. 200-300 г ұйықтатқышы бар ет кесегін привада астына салады. Приваданы жеген кезде қасқыр приваданы орнынан қозғап, ет кесегін тауып алып жеп қояды. Жыртқыштарды жгою үшін әритүрлі ұйықтатқыш заттар қолданады. Ұйықтау мерзімі ұзағына люминал, тиопентал, барбампил жатады. С.А. Корытиннің ұсынуы бойынша тірі қасқырдың 1 кг салмағына арналған мөлшері бекітілген. Ұйықтатқышы бар жемді күнделікті тексереді. Әйтпесе оянған қасқыр оны екінші рет қайта алмайды немесе басқа қасқырларды уйықтататын салған жемге жоламауды үйретеді. Нәтижесінде бұл ауданда қасқырды ұстау қиындайды. Ұйықтататын препараттармен жұмыс істеуге мемлекеттік аңшылық инспекциясының арнайы инструктажынан өткен аңшыларды ғана жібереді.
Практикалық сабақ 9

Өздігінен ұстағыш. Олардың құрылымы, істеу құрылымы
Дәріс 10

Аңшылық жабдық, обмундирование, инвентарь, транспорттық тәсіл.

Аңшының киімі мен аяқ киімі. Аңшының аңшылық алқапта орналасуы, жабдықталуы және жеке инвентарі. Уйдің жабдықтары. Лабаздар және мұздар. Вышкалар.
Практикалық сабақ 10

Өздігінен ұстағыш. Олардың құрылымы, істеу құрылымы
Дәріс 11

Аңдар мен құстарды аулаудың негізгі тәсілдері

Жалпы технология (аңшылық тәсілі). Қарулы аңшылық. Қарулы аңшылық иттің көмегімен және итсіз.

Аңшылықты қарулы аңшылық, аң аулайтын жануардың көмегімен ұстайтын аңшылық, арнайы ұстағыштармен ұстайтын аңшылық және химиялық препараттың көмегімен аулайтын аңшылық деп бөлінеді. Қарулы аңшылықтың негізгі және соңғы мақсаты құсты көздеп ату. Бұл әдіс әртүрлі, сондықтан оның бірнеше түрге бөледі. Қарулы аңшылық қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлінеді.



Аңшылықтың қозғалмайтын түрлері:

Аяқпен кешу арқылы аңшылық (бродовый) – ең кең тараған және оңай аңшылық түрі. Аңшы құстардың тіршілік аймағын сипаттап, зерттеп жүріп, кездескен жануарды көздеп атады. Бұл тәсіл ұсақ және орташа құстарды аулау үшін қолданылады, мысалы, қоян, суда жүзетін құстар және т.б.). Мұндай аңшылықтың нәтижесі аңшының кейбір аса мән бере бермейтін белгілеріне қарап, құстардың орнын табу қабілетіне және сол жерді білу қабілетіне, сондай-ақ жануарлардың мінез-құлқын білу қабілетіне де байланысты. Аяқпен кешу арқылы аңшылықтың ішіндегі ең көп қолданылатыны үйрекке аңшылық.

Із кесу және жол кесу – мұндай аңшылықтың мәні аңды ізімен табуда жатыр. Із ретінде табанының немесе тұяқтың ізі, бұтақтарда жүннің ілініп қалуы, жемтігі немесе оның кеміріп кеткен жерлері жатады. Бұл әдіс көбінесе қыстың күні, қарда із жақсы көрінетін уақытта қолданылады. Із арқылы аңшылық құру қоянды, сусарларды аулау кезінде қолданылады. Кейде бұғыны, қабанды, түлкіні, тіпті қасқырды аулайды. Бірақ бұл кезде аңшылықтың басқа да тәсілдерін қоса қолданады. Немесе аңшылықтың басқа түрін толықтырады. Аңшы із кесу кезінде аңның ізін таптап тастамауы керек. Басқа мезгілдерде бұл әдіс айқын із қалдыратын орташа және ірі жануарларды аулау кезінде қолданылады.

Құсты жасырын келіп аулау жай аңшылық жасаған кезде қарумен көздейтін жерде жүрмейтін, секемшіл, үркек аңдарды аулау кезінде қолданады. Өз орны бойынша өте абайшыл тәсіл, аңды көздеп атуға дейін жақындағанда, аңға білдірмей жақындау қажет. Мұндай аңщылық кезінде маскалау қабілеті, аңдардың мінез-құлқын білу және шусыз қозғала алу қабілетінің болуы қажет. Бұл тәсілмен түлкілерді, сусарларды, құр мен саңырау құрларды аулау кезінде қолданылады. Мұндай тәсіл таулы жағдайда ешкілерді, аюлар мен қойларды аулауда қолданылады.

Қозғалмалы аңшылыққа итпен аңшылықты жатқызады.



Итпен аңшылық – көбінесе жылжитын аңшылыққа жатады. Мысалы, тіміскіші (тыңшы) итпен аңшылық аяқпен кешу арқылыға ұқсайды, бірақ аңшыдан итке жетекшілік ету қабілетінің болуын қажет етеді.

Қозғалмалы аңшылықта құсты табу үшін немесе көздеу үшін жақындауда қайықты, атты немесе басқа да тасымал құралдары мен жануарларды пайдаланады.



Аңшылықтың қозғалмайтын тәсілі.

Қарауылдау – аңды арнайы тамақтану кезінде қарауылдау тәсілі. Жыртқыштарды арнайы қойылған қармақ жем немесе желінбей қалған жемтіктің маңында тосып тұрады да аулайды. Мысалы, орқоянды қыстың күні мая (шөмеле) маңынан және сүйікті жолдары мен жемдік аймақтарынан қарауылдайды. Мұндай аңшылыққа су қоймалары маңында ұшып келетін немесе отыратын мезгілде құс аулауды жатқызуға болады. Аңшылықтың мұндай тәсілі үшін жақсы маскалау немесе арнайы жапқыштар (күрке, лабаз, маскаланған үңгір, кейде мұнаралар) қажет болады. Аңшылықтың мұндай түрінде орынды дұрыс таңдау, дұрыстап көздеп ату қабілеті және құстың түсу орнын байқау қабілеті маңызды. Көктемде көбінесе күркеде тұлып немесе жем ұнтағын қойып құрларды ұстайды. Күзде шалаштар суда жүзетін құстарды үшін, ал қыста құрларды аулау үшін қолданылады. Шалаштар маскалануға қолайлы материалдан жасалады. Өте биік емес, бірақ кең, отыруға қолайлы, қажет болған жағдайда қарумен жинай салатын етіп құру қажет. Шалаштың қабырғасы тығыз болуы керек, әйтпесе мерген көзге түсіп қалады. Ең маңыздысы шалашты ертерек құрып қойған дұрыс, сол кезде құстарды оған үйренеді, аңшылық мерзімі басталғанша.

Суда жүзетін құстарды ұшып бара жатқанда ұстау. Бұл жағдайда арнайы жабынды құрудың қажеті жоқ. Алғашқы орында аңшының басқа қабілеттері, аңды көздеу, дәл уақытында ату және қолайлы орынды таңдай білу қабілеті. Негізі үйректердің белсенді ұшатын уақыты кешкі уақыт. Сондықтан құс ату орнын ашық асапанға ұшып бара жатқан кезде атқанда ол ашық жерге түсіп, оны оңай табу үшін қолайлы орын таңдау.

Қармақ жем қарауылдау көбінесе түлкі аулауда, сирек қасқыр мен аю аулауда қолданылатын. Мерген үшін таса жер болып жануарларға арналған таса жер ыңғайлы.



Топтық немесе ұжымдық аңшылық. Мұндай аңшылыққа ең кең тараған, қоршауда, аңды қуып келіп ұстауды, тумен ұстауды, жел қумамен ұстау және т.б. жатқызады. Аңшылықтың мұндай түрінде кем дегенде екі адам қатысады. Мұндай аңшылықта әр аңшының өзінің атқаратын міндеті нақты бөлініп алынады.

Қоршаудағы аңшылық қоян, түлкі, қасқыр және тұяқтыларды аулау үшін қолданылады.

Тумен аулау қысқы аңшылыққа жатады және тек қасқыр мен түлкілерге қолданылады. Егер түлкі аулаймын деген мақсат болса, онда ту қардың бетін жауып тұратын. Ал қасқырды аулау кезінде ту қар бетінен 35 см жоғары болып тұрады. Аңшылықтың бұл түрі көп аңшыны қажет етпейді, 3 қуғыш аңшы, және 5-тен көп емес мерген қажет. Топ ішінде аңшылық тәжірибесі көбірек аға аңшы тағайындалады. Оның міндетіне кіреді;


  1. Лицензияның барлық бағаналарды толтырудың дұрыстығын тексеру

  2. Аңшылыққа қатысатындардың тізімін форма бойынша жасау

  3. Аңшылыққа шықпас алдында, барлығының аңшылық құжаты алдында ма тексереді

  4. Қауіпсіздік техникасы және аңшылық жасау бойынша инструктаж өткізу

  5. Аңшыларды нөмірі бойынша қойып шығу

  6. Аңшылық біткеннен соң лицензияның екінші бетін толтырып, барлық аң ату жайлы құжаттарды аңшылық шаруашылығына өткізеді.

Топтағы аға аңшы топ үшін аңшылық жасау кезінде топқа толық жауапкер болады.

Құрамдастырылған аңшылық – екі немесе одан да көп тәсілдерді біріктіретін аңшылық түрі.


Практикалық сабақ 11

Опадты өздігінен ұстағыш.
Дәріс 12

Аңшылық өнімнің сапасына қарудың, уақыттың, амалдың әсері

Жүн жабындысының зақымдануы. Аңшылық өнімнің сапасының төмендемеуі үшін уақыт пен ұстау амалын дұрыстау.
Практикалық сабақ 12

Опадты өздігінен ұстағыш.
Дәріс 13

Шаруашылықтық өздігінен ұстағышқа баға

Өздігінен ұстағыш өндірімділігінің есебі.Өздігінен ұстағыштың күтуінің еңбек сыйымдылығынығ есебі.Өздігінен ұстағыш қарудың шаруашылықтық бағасының методикасы.

Практикалық сабақ 13

Қысып өздігінен ұстағыш.

Дәріс 14

Аңдар мен құстарды ұстаудың негізгі биологиялық және табиғи ландшафы

Жануарлардың азықтық және шағылысу активтілігін, кәсіпте шоғырлану жерлері.

Аңшылықта маскировканың негізі. Көру және дыбыстық маскировка. Иістік маскировка.
Аңдар мен құстарды ұстаудың негізгі биологиялық және табиғи ландшафы

Қазақстан Республикасының географиялық жағдайы, территориясының кеңдігі, климаттың аймақтың әртүрлілігі, табиғи ортаның биоәртүрлілігін, табиғи ландшафтын, флора мен фаунаның түрінің әралуандығын қамтамасыз етеді. Қазақстандағы биологиялық әртүрліліктің, биологиялық және табиғи ландшафтының төмендеуі мен жоғалуы негізгі фактор болып табылады. Сонымен қатар адами факторлардың әсері, шөлейттену сияқты табиғ процестер әсер етеді. Биологиялық әртүрліліктің жоғалуы табиғи экожүйенің бұзылуынан, территорияның су режимінің бұзылуынан, орман алқаптарының жоғалуынан, биологиялық ресурстарды шексіз эксплуатациялаудан, өнеркәсіп және суармалы егістіктің қалдық суының табиғи ортаға жайылуынан, бөтен өсімдіктер мен жануарларды әкелуден туындайды.

Биоәртүрліліктің азаюы әсіресе таулы, орманды, шөлейт аудандарда, су қоймалары мен жағалау экожүйелерінде байқалады.

Қазақстан Республикасының территориясы төмен таулы, таулы, жазық далалармен ерекшеленеді. Биіктігі 300 м ден 500 дейінгі жазық далалар республика территориясының 60% құрайды.

Ұсақ шоқылар еліміздің 30% территориясын алып жатыр. Олар төбешіктер, қырлар, атыздар, төбелер, төмен таулар сияқты жерлер. Таулар Қазақстан территориясының 10 пайызын алып жатыр, негізінен шығыста, оңтүстік-шығыста, және еліміздің оңтүстігінде. Олар Оңтүстік Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шань, сонымен қатар орталық Қазақстанның керемет төмен таулары. Фауна мен флораның биоәртүрлілігін сақтау үшін экожүйелердің ішіндегі маңыздысы су-батпақты жерлер, олар Қазақстанның сулы жерлері, ірі суқоймалары болып табылады.

Фактті ақпараттар

Зоология институтының деректеріне сәйкес Қазақстан территориясында омыртқалы жануарлардың 850 түрі, оның ішінде; сүтқоректілер – 180, құстар – 500, бауырымен жорғалаушылар – 49, қосмекенділер – 2, балықтар – 104, олардың жартысының кәсіптік маңызы бар, 16 түрі жойылып кетудің алдында тұр, дөңгелек ауыздыларға 3 түры жатады. Каспий бассейнінде балықтың 130 түрі және әртүрлілігі бар, олардың бірі бекіретұқымдастар (бекіре, белуга, севрюга, қылқандылар). Олар ең ертедегі тұщы су балықтары болып табылады, әлем бойынша ауланатын балықтардың 85 пайызы кездеседі.

Омыртқасыздар фаунасы 100 мың түр, олардың ішінде бунақденелер 50-60 мың. Соңғы 10 жылда зоологтар ғылым үшін жаңа 500 және Қазақстан үшін жаңа 1000 түрді сипаттады.

Қазақстанның флорасы өте бай, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5754 түрі, саңырауқұлақтардың 5000 түрі, қылқанжапырақтылардың 485 түрі, балдырлардың 2000 түрі, мүктәрізділердің 500 түрі өседі. Қазіргі флорада онымен қоса, сүректі ағаштардың 68 түрі, бұталардың 266 түрі, бұташықтардың 433 тұрі, көпжылдық өсімдіктердің 2598 түрі, ал біржылдық өсімдіктердің 849 түрі өседі. Эндем өсімдіктер 14 пайызға дейін құрайды.

Табиғатта адамның шектен тыс әсер етуінен флора мен фаунаның биоәртүрлілігі азайды, омыртқалы жануарлардың 125 түрі, омыртқасыздардың 96 және жоғары сатыдағы өсімдіктердің 287 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енді. Өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті, 19 түрі жойылып кетудің аз ақ алдында тұр.

Әрбір бұрғылағыш құрылғының маңындағы, 500-800 м жердегі өсімдіктердің 70-8 пайызы жойылып отарады. Аса қауіптілерге аварялық жағдайда мұнайдың атмосфераға төгілуі, суға төгілуі, қалдықтарының шашылыуы жатыр. Тың жерді игеру барысында еліміздің территориясындағы фаунаның 70 пайызы жойылды.

Тянь-Шанның таулы және төмен таулы аймақтарында биоәртүрлілікті сақтау үшін қолайсыз жағдайлар туындап отыр. Жұптұяқты сүтқоректілердің ішінде; лось, кабан, косуля, сайгак, сибирский горный козел, марал и хищные: рысь, медведь, росомаха, соболь, степной хорек және т.б., сонымен қатар көп таралған суырлар, ондатралар. Қазақстандағы маралдардың саны 5,5-6 мың, косульдар – 35- 40 мың, тау ешкілері 13,5-14 мың, қабандар 10 мың, суырлар 2,5-3 млн, ондатралар 300 мың, өзендік боберлар - 4,5- 5 мың, саболь – 3,7-4 мың. Сатында жасалған шаралардың арқасында ақбөкендердің саны 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 86,8 пайызды құрады. Қазақстанда дала тасбақасын аулау нәтижесінде тасбақалардың 40-180 мыс, жылына, олардың саны азайды. Сондай мақсатта уы үшін улы жыландарды аулау нәтижесінде жыоандардың саны азайды. Сондықтан қорғалатын аймақтарды құрудың маңызы зор.



2007 жылы аса қорғалатын табиғи аймақтардың саны 114 болды, олардың ішінде мемлкеттік табиғи қорықтар 10, мемлекеттік орманды ұлттық бақтар 10, мемлекеттік орманды табиғи резерваттар 3, мемлекеттік табиғи тапсырыс берушілер 55, мемлекеттік қорықтар аймағы 5, мемлекеттік ботаника бағы -3, мемлекеттік табиғи бақтар -26.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі сипаттамалары (2009 жыл)

Қорық атауы

Жалпы алаңы, га

Қорғалатын түрлердің саны

Сұтқоректілер

құстар

балықтар

өсімдіктер

Қорғалжын (Ақмола)

543171

42

335

14

443

Алматылық (Алматы)

71700,0

39

177

-

1440

Алакольдік (Алмаылық)

19712,9

33

269

17

271

Батыс-Алтай (ШҚО)

56078,0

52

129

2

824

Марқакөл (ШҚО)

102979,0

58

260

6

935

Науырызым Қостанай)

191381,0

44

288

10

687

Барсакелмес (Қызылорда)

160826,0

25

178

-

306

Үстірт (Маңғыстау)

223342,0

29

111

-

263

Ақсу-Жабағалы (ОҚО)

131934,0

52

267

5

1737

Каратау (ОҚО)

34300,0

20

118

2

539

Ақпарат көзі: ҚР статистика агенттігі, АШМ орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті
2007 ж есеп бойынша барлық қорғалатын аймақ территориясы 14,5 млн га құрайды (еліміздің территориясының 5,3%).
Аса қорғалатын табиғи территориялар мен орман қоры алаңы





2002

2003

2004

2005

2006

2007

Аса қорғалатын табиғи территориялар, оның ішінде:

1378,1

2659,9

2892,6

2893,8

3281,4

4540,8

Емдік сауықтыру бағытында

5,8

3,3

3,1

3,2

3,1

3,2

Қорықтар, ұлттық бақтар, дендрологиялық және зоологиялық бақтар, экологиялық бақтар, ботаникалық бақтар

13678,8

1983,6

1991,3

2186,5

2335,6

2772,5

Орман қорының жері:

22432,4

22363,3

23348,4

23408,8

23426,4

23245,5

Қорықтар, ұлттық бақтар, дендрологиялық және зоологиялық бақтар, ботаникалық бақтар

838,8

344,0

341,2

341,1

347,9

297,1

Ақпарат көзі: ҚР жер ресурстары басқармасының агенттігі
Аса қорға табиғи территориялардан басқа 3 сулы-батпақты алқап бар, Рамсар конвенциясы бойынша халықаралық маңызы бар деген жерлердің қатарына кіреді (Солтүстік Каспийдің шығыс жағы, Волга, Орал өзендерінің құйылатын жері, Қорғалжын және Алакөл көлдері). Экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар 134 су қоймасы бар. 2009 жылдың 6 ақпанынан бастап ҚР мемлекет басшысының бекітуімен мемлекеттік табиғи резерват «Акжайык»құрылды. Ол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан, оның алаңы - 111500 га.

ҚР даму концепциясына сәйкес 2030 жылға дейін қорғалатын табиғи аймақтар территориясын 17,5 млн га дейін арттыру керек. Ол ҚР барлық террияториясының 6,4% құрайды.



ҚР биоәртүрлілігін, табиғи ландшафтық жағдайын жақсарту мақсатында 2003 жылы Жер, Орман және Су кодекстері «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» қабылданды. Оған 2004 жылы жануарлар әлемін қолдануды реттеу ережелері бойынша 40 нормативті-құқықтық актілері бар заңнама енгізілді. 2000 жылдан бастап биоәртүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ландшафты сақтау бойынша көптеген бағдарламалар жүзеге аса бастады.


Практикалық сабақ 14

Қысып өздігінен ұстағыш.


Дәріс 15

Ит және мысық тұқымдастарды аулау

Флагтармен, иттермен аңшылық. Тікұшақ, вертолеттар, аэросандер, снегоходтар қасқырларды аулау үшін.
Практикалық сабақ 15

Тірі ұстағыш, шұңқырлар, садки, мұздар, срубы.
Дәріс 16

Мемлекеттің аңшылық фонд.Аңшылардың саны мен құрамы

Біздің еліміздегі аңшылық алқаптар, кәсіпшілік маңызы бар жануарлар түрі.

Кадрларды дайындау
Практикалық сабақ 16

Тірі ұстағыш, шұңқырлар, садки, мұздар, срубы.

Дәріс 17

Аңшылық құқы, аңшлықтың негізгі ережелері. Аңшылық ережелері туралы ҚР Заңнамасы.

Аңшылық және аңшылық шаруашылық туралы жағдай. Аңшылық құқық. Жануарлар түрінің тізімі – аңшылық нысаны. Аңшылық жасауға тыйым салынған жануарлар түрі.
Практикалық сабақ 17

Сети. Вентеря, тенета, қуу, шатрлар

Дәріс 18

Биоэкономикалық тексеру және аңшылық алқаптар ұйымы

Охотоустроительдік жобалау. Аңшылық алқаптар ұйымы, аңшылық шаруашылықтың шекарасын анықтау, шекараны телімге бөлу.
Практикалық сабақ 18

Сети. Вентеря, тенета, қуу, шатрлар

Дәріс 19

Биоэкономикалық тексеру және аңшылық алқаптар ұйымы

Охотоустроительдік жобалау. Аңшылық алқаптар ұйымы, аңшылық шаруашылықтың шекарасын анықтау, шекараны телімге бөлу.

Практикалық сабақ 19

Ұйықтататын, улар.

Дәріс 20

Аңшылық алқапты түгендеу және бонитировка

Аңшылық алқаптың жарамдылығын анықтау, аңшылық алқаптың типологиясының зерттемесі. Аңшылық алқаптың сапасының бағасы.

Практикалық сабақ 20

Ұйықтататын, улар.

Дәріс 21

Аңшылық алқапты түгендеу және бонитировка

Аңшылық алқаптың жарамдылығын анықтау, аңшылық алқаптың типологиясының зерттемесі. Аңшылық алқаптың сапасының бағасы.

Практикалық сабақ 21

Жемтік және жем.

Дәріс 22

Аңшылық жануарларүшін өсімдік тектес жемтік қорының қамы.

Алқаптың азықтылығын анықтау. Басты жемтік қоры түрінің бағасы. Өсімдік жемтігі, жануар тектес жемтік, минералды қорек.
Практикалық сабақ 22

Жемтік және жем.
Дәріс 23

Аңшылық жануарларүшін өсімдік тектес жемтік қорының қамы.

Алқаптың азықтылығын анықтау. Басты жемтік қоры түрінің бағасы. Өсімдік жемтігі, жануар тектес жемтік, минералды қорек.

Практикалық сабақ 23

Аңшылық өнімді өңдеу.
Дәріс 24
Аңшылық шаруашылық картографиясы

Картографикалық материал, шартты белгі. Кәсіптік жұмыс кезінде картаны пайдалану ерекшелігі.


Практикалық сабақ 24

Аңшылық өнімді өңдеу.

Дәріс 25

Аңшылық шаруашылық кәсіпорны, олардың мағынасы және мақсаты.

Бекітілген аңшылық алқаптар, материалды-техникалық база. Алқаптар мен ресурстарды күзету және тиімді пайдалану.


Практикалық сабақ 25

Аңшылық өнімді өңдеу.
Дәріс 26
Кәсіпті материалды-техникалық қамту.

Транспорттық тәсілдер. Аңшылқ алқаптардағы өндірістік – тұрмыстық бөлмелер.
Практикалық сабақ 26

Аңшылық өнімді өңдеу.
Дәріс 27

Жануарлар алапасын нормалау, Нормирование добычи животных, аң өсіру шерулер.

Аңдардың саны және алқаптағы құстар. Ату нормасы. Кәсіптік телмелерге паспорттар еңгізу. Аң өсіру шерулері аңдардың санын қалыпқа келтіру үшін.

Практикалық сабақ 27

Аңшылық өнімді өңдеу.
Дәріс 28

Кәсіптік ұйым және аңшылық азық-түлікті дайындау. Аңшылармен ұйымдық жұмыстар.

Аңшылар категориясы. Кәсіптік және кәсіптік емес аудандар. Сынақтық ату. Келісімдердің қорытындысы. Аңшылық жарылқаушылық.
Практикалық сабақ 28

Аңшылық өнімді өңдеу.
Дәріс 29

Бағалы және құс етті ресурстарды игеру.

Орман шаруашылығы және басқа да жер шаруашылығымен қарым - қатынастар. Мемлекеттік аңшылық фондын ұқыпты пайдалану.
Практикалық сабақ 29

Аңшылық қару мен карабиннен ату әдісі мен тәсілдері

Дәріс 30

Жабайы жануарлардың етін табу және өткізуді ұйымдастыру.

Жабайы жануарлар алапатын нормалау,оның етінің санының сәйкестігі. Нормирование добычи диких животных, ее соответствие численности дичи. Аңшылық өнімін өткізу.
Практикалық сабақ 30

Аңшылық қару мен карабиннен ату әдісі мен тәсілдері
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет