Дәріс Халық ауыз әдебиеті пәні туралы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет1/15
Дата03.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#178030
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
лекция-халық ауыз әдебиеті 2
сезім, пери доклад толков — копия, ертегі, Гылыми тапсырма -2022 (1)-1


«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша 2021-2022 оқу жылында оқылатын 
дәрістердің тезисі  
 
Дәріс 1. Халық ауыз әдебиеті пәні туралы жалпы түсінік.  
Ауыз әдебиеті – ауызша таралған халықтық көркем-әдеби туындылардың әдебиеттану 
ғылымындағы жиынтық атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. Folk-
халық, lore-білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халық арасында ғылыми атау 
ретінде орныққан. Фольклор атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың 
ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Ол байырғы ата-
бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман 
туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. 
Шілдеханадан бастап рулар арасындағы даудамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, 
ем-домнан бастап лирикалық 
өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық 
дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге 
дейінгінің бәрі де ауыз әдебиетінде тоғысты. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да 
саналы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, 
наным-сенім, т.б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи жырлар, 
қара өлең, өтірік өлең, мақалмәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, 
драмалық үлгідегі шығармалар...-ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың 
өзі әрі қарай түртүрге бөлініп кете береді.
Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі - оның сапа және таптық жағынан біркелкі 
болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиял және айдармашының 
жорамалы болатынын, әсіресе бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан-ауызға 
көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан түйдектетіп қосатын 
қосымшалардың да мұндай шығармалардан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау 
керек. Мысалы, Кенесары жайында ауызша тарих айту шығармаларының бір қатары оны 
“кедейлердің көсемі”, “үйсіздер үшін баспана, күйсіздер үшін шын пана ” деп жырласа, бір 
қатар жырлар Кенесарының хандық өкіметін, оның “ақсүйектілігін”, “тектілігін” асқақтата 
мадақтауға арналса, үшінші жырлар көтерілісшілер қосындағы таптық қайшылықтарға аса 
мән береді.
Фольклор сарқылмас тіл қазынасы екендігі белгілі. Ана тіліміздің небір шұрайлы сөз 
оралымдары, сөз саптаудың сан сырлы, сұлу әуезді үлгілері фольклор деп аталатын 
халықтың ауызша жеткен әдеби асыл мұрасында жинақталған. Алайда фольклорға тек 
халықтың ауызша жеткен әдеби жинағы, сөз өнері деп қарау жеткіліксіз, фольклорда 
халықтың салт-санасы, әдеп-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, діні, философиялық ойлары, ұлттық 
болмысы, дүниетанымы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастары барынша мол орын 
алған. Сондықтан да халықтың бар болмысын, дүниетанымын, ой-зердесін танып білуде 
оның маңызы зор екендігі талассыз шындық. Түр жағынан да, жанрлық жағынан да бай 
қазақ 
фольклоры 
әр 
кезде 
тарихи-әдеби, 
тарихи-әдебиэтнографиялы қ , 
тарихиэтнографиялық зерттеулер нысаны болып, түбіміз бен тегімізді тану тұрғысындағы 
зерттеулерде ғалымдардың назарын үнемі аударып келеді.
Қазақ ауыз әдебиетінің жалпы мәселелерін қамтыған Байтұрсынов А., Досмұхамедұлы 
X., Сейфуллин С., Әуезов М., Смирнова Н., Ғабдуллин М., Сильченко М., Соболев Л., 
Уахатов Б., Н. т.б. еңбектері ауыз әдебиеті жанрларын жүйелеп, саралап жіктеумен 
маңызды. Дариядай шалқыған мол асыл мұраларымызды 30-40 жылдардан бастап жаппай 


жинау қолға алынып, жекелеген жанрлар бойынша зерттеу еңбектері дүниеге келді. Қазақ 
фольклортану ғылымы бойынша жарық көрген "Қазақ фольклорының типологиясы" /1981/, 
"Қазақ тарихи жырларының мәселелері" /1979/, "Қазақ фольклористикасының тарихы" 
/1988/, "Фольклор және өнер" т.б. ұжымдық монографиялық еңбектер ұлттық фольклортану 
ғылымына қосылған қомақты табыс болғаны сөзсіз.
Фольклордың жекелеген жанрларының табиғатын тануға арналған арнайы зерттеулер 
Уахатов Б., Қасқабасов С., Тұрсынов Е., Садырбаев С., Адамбаев Б., Абылқасымов Б. т.б. 
ғалымдарымыздың еңбектерінде қарастырылып, жекелеген жанрлардың, табиғаты, шығ у 
тарихы, көркемдік кестесі кеңінен қарастырылды.
Қазақ фольклорының жанрлық құрамы күрделі әрі сан алуан. Оның ішінде ұлттық 
фольклорымыздың өмірлік қажеттілік пен атқаратын қызметі жағынан жеке сараланатын 
бір саласы - ғұрып фольклоры.
Фольклортану ғылымында көркем фольклордан ара-жігі ажыратылған ғұрып 
фольклоры дүниежүзілік жалпы типологиялық зандылықтарға негізделген ғылыми жүйе 
бойынша отбасылық ғұрып фольклоры, маусымдық ғұрып фольклор, наным-сенім 
ғұрпының фольклоры болып сараланып қарастырылып жүр. Фольклордың қай жанры да 
өмір қажеттілігінен туып, халықтың тұрмыс-тіршілігінен маңызды орын алды, онымен 
бірге жасасып, ғасырдан ғасырға мазмұны жағынан толысып, түрі жағынан өңделіп, тәлім-
тәрбие жағынан байыған халықтың бірден-бір рухани мұрасы ретінде бүгінгі ұрпақ иелік 
етіп отырған әдеби-мәдени қазынаға айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет