Дәріс кешені Пән: «Айғақты медицина негіздері» Мамандық: : 5В110300 «Фармация» Курс-ііі



жүктеу 210.17 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі210.17 Kb.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ


«№2 қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасы

Дәріс кешені


Пән: «Айғақты медицина негіздері»

Мамандық: : 5В110300 «Фармация»

Курс-ІІІ

2014 ж.
Дәріс кешені кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген.

Хаттама № ______________2014 ж.
Кафедра меңгерушісі,

м.ғ.д., профессор м.а.: А.М.Жақсыбергенов

1.Тақырыбы: Дәлелді медицинаға кіріспе. Клиникалық эпидемиологияның қағидалары.
2. Мақсаты: Дәлелді медицинамен және клиникалық эпидемиология қағидаларымен таныстыру.
3. Дәріс тезистері: Дәлелді медиина "evidence-based medicine" – дәлелдерді іздеу, салыстыру, жалпылау, кеңінен таралу және науқастардың мүддесіне қолдану дәлелдерге негізделген медицина бөлімі. Дәлелді медицина – бұл жаңа бағыт немесе жинақтау, талдау, жалпылау және ғылыми деректерді түйіндеу технологиясы. Дәлелді медицина әрбір науқасты тексеру, емдеу адалдықпен, түсінушілікпен және статистикалық әдіспен өңделген ең жақсы, заманауи жетістіктерге негізделген қолдануды қамтамасыз етеді.

Дәлелді медицинаның принциптерін клиникалық тәжірибеге енгізудің негізгі мақсаты- медициналық көмек көрсету сапасын қауіпсіздік, тиімділік, баға және т.б. факторлар қарасынан оптимизациялау.

ТЕРМИННІҢ ТАРИХЫНАН. "Еvidence-based medicine" терминін бірінші рет 1990 жылы канадалық Торонтодағы Мак Мастер университетінің бір топ ғалымдары ұсынды. Бұл термин ағылшын тілдес ғылыми әдебиетке тез енді, бірақ сол кезде нақты бір анықтамасы болған жоқ. Бірақ казіргі кезде де бұл терминнің бір қалыпты анықтамасы жоқ, әр түрлі әдебиеттерде 10 шақты нұсқаларын кездестіруге болады.

КІМГЕ ЖӘНЕ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ? Бір де бір тәжірибелік дәрігердің тәжірибесі көптеген клиникалық жағдайдайларды шешуге мүмкіндік бермейді. Эксперттердің ойына, беделді әдістеме және анықтамалардан сүйенуге болады, бірақ бұл онша сенімді емес, өйткені перспективті терапиялық әдістер тәжірибеге тиімділігінің дәлелі анықталғаннан кейін енгізіледі. Екінші жағынан, оқулықтар, әдістемелер және анықтамалардағы ақпарат басылып шыққанға дейін ескіріп қалады. Бұл тұжырымдар дәлелді медицинаның негізгі сиатистикалық құралы – метаталдау көмегімен алынған.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ. Медицина ғылымдары мен денсаулық сақтау саласы жаңа заман талаптарына сай медициналық көмектің оптималды жүйесін ұйымдастыруда жалпы мәселелерін шешудің, дәрілердің нұсқауының оның түсінікті болуына ғылыми ақпараттың жаңа тәсілдер жинау технологиясы, тәркімасы, қорытындылары және насихаттауы қажеттілігін талап етеді.

Белгілі ауруды емдеу нәтижесі оның алдындағы сол сырқатты емдеу тәжірбиесіне сүйене отырып белгіленіп бағаланады. Сырқатты емдеуде жасалған қорытынды дұрыстығы мен оптималдылығы қаншама анық болуы бақылау тәсілдерімен оларды тәжімалдау жолдарына байланысты болады.

Дәрігердің қызметі белгілі науқастың проблемасын шешу. Кәдуілгі клиникалық оқып-үйрету физиология, анатомия және басқа фундаменталды ғылымдар негізінде аурудың даму механизмін анықтауға бағытталған. Бірақ, клиникалық бағыттармен болжамдар аурудың даму механизмінің биологиялық негізге сүйенуін тек дәлелденуі қажет гипотеза ретінде қарау керек. Клиникалық практикада теориялық көзқарастарға байланысты қарама-қайшылықтар жиі кездеседі.

Клиникалық эпидемиология дәлелді медицинаға жол көрсетеді. "Evidenke -based medicine" нeмece "дәлелге сүйенген медицина" (әрі қарай дэлелді медицина 1990жылы Торонтодағы Мак Мастер университетіндегі канадалық ғалымдар ұсынған түсінік. Олардың пайымдауынша "дәлелге сүйенген медицина белгілі науқас адамды емдеу үшін ұялмайтын анық және пайымдалған клиникалық зерттеулердің ең жақсы нәтижелерін таңдауға негізделген". (D. Sackett et. ab. -1996)

Дәлелді медицинаның халықаралық жүйесі "evidence bated medicine"Tepмині негізіне (аударылғанда аналитикалық оптималды, ғылыми негізделген немесе дәлелді медицина) соңғы вариант Мәскеу мемлекеттік университетінің дәлелді медицина орталығының жұмыс тобымен қабылданып, бірнеше авенорлардың ой-пікірінше:


  • нақты сырқатты емдеу тәсілдерін таңдау үшін барлық клиникалық бақылаулардың ішінен ең дәлелді, ақ ниетті, байыпты, дәл емдеу нэтижесін қолдану.

  • Ең сенімді және қолайлы дәлелдерге негізделген аса тиімді, қауіпсіз және тиімді емдеуге кепілдік беру.

Сынақ жүргізген мамандардың бақылаулары пациенттердің байқаулары нэтижелерінен аса сенімді клиникалық мәліметтер жинап, талдау, біріктіру,қортындылау.

Оптималды клиникалық шешім қабылдау үшін іздеу, талдау, қорытындылау технологиясын пайдалану.Барлық жеке тәжірибелердің дәлелдемелерінен ең сенімділерін біріктіріп, үздіксіз өзін-өзі басқарып оқыту процесі.Емдеу үшін аса эвомоцияланған принциптер, стратегиялар мен тактикалар жинақтау

Дәрігердің басқа эксперттер мен клиникалық байқаулардың нәтижесіне сын көзбен қарап, бұрынғы медицина сүрлеуінен айрықша жаңа клиникалық медицина парадмасының субективті факторсыз емдеу және диагностикалау критериін таңдау

- Медициналық қызметтің оптималды варианттарын ақпарат технологиясынан пайдалану.

Сонымен, дәлелді медицина мүмкіндіктері әрбір нақты сырқатқа оптималды вариантты таңдап алу үшін медициналық әлеуметке ең жаңа және оның мәліметтерден индивидуалды, субпопуляциялы, популяциялы мемлекеттік деңгейлерде аса дәреметті, қауіпсіз тиімді емдеу жолдарын қамтамасыз ету керек.

Әр түрлі клиникалық ситуацияларда дәрігер барлық қазіргі заманғы сонымен бірге ең анық сенімді ақпараттың барлығын бірдей меңгере алмайды. Дәрігердің көбісі негізсіз стереотипті емдеу тәсілдерін пайдаланады. Көп таралған сырқаттардың негізсіз емдеу жолдарына мысал келтірейік (Моисеев С.В., 1998):

артериалды гипертонияны емдеудің алғашқы этапында орталық әсер ету механизмі бар гипотензивті (клонидин, метилдофа және басқалар) және комбинирленген дәрілерді резерпинді) қолдану;


  • цирроздарды емдеу үшін "гепатопротекторларды" пайдалану;

  • жүрек жұмысы жетімсіздігінде рибоксин және кокарбоксилазаны қолдану;

  • ішкі мүшелер ауруларын емдеуде қосымша ем ретінде витаминдердің парентералды пайдалану

  • диабеттік микроангиопатияда ангиопротекторларды қолдану.

  • орташа ауырлықты бронх демікпесінде емдеу үшін антигистаминді дәрілерді қолдану.

  • Бір жағынан эксперттердің пікіріне сүйену беделді анықтамалар мен кітаптардың "кешігу эффектісі", практикаға енгізілген жаңалықтардың экспертизасы олардың пайдалылығы дәлелденгеннен кейін кешігіп оқулықтардағы мәліметтер олар шыққанша ескіреді.

Сондықтан дәлелді медицинаның пайда болу концепциясына практикалық дәрігерлер мен денсаулық сақтау мекемелері қызметкерлерінің аса көп информацияны критикалық бағалауды қажет етуінен туындады.

Жұқпалы ауруларда дәлелденген медицина негізіне сүйенеді:

-клиникалық критерийялар – аурудың патофизиологиясына сүйене отырып симптомымен объективті көрінісі.

-лабораторлы критериййясы маңызды тестілерді анықтау.

Эпидемиологиялық критерий – эпидемиялық анамнез, берілген жағдайда дәлелденген жағдайлардың эпидемиологиялық байланысы және т.б.

Соңғы 20 жылдағы «медициналық қызмет көрсету сапасы ұғымы» едәуір өзгеріске ұшырады. Медициналық көмектің жақсаруы дегенге жалпы көзқарас осы қызметті көрсететін ұжым деңгейінен адамдар командасы деңгейіне дейін, жалпылық деңгейінен жалқылық деңгейіне дейінгі қарқынды даму бағытына айналды. Алғаш рет клиникалық нұсқаулық туралы 2000 жылдың қараша айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сараптамалық кеңесінің мәжілісінде сөз болды.

Дәлелді медицина – әрбір науқасты тексеру мен емдеуде қазіргі заманғы жетістіктерді қолдана отырып, халықаралық және отандық стандарттар талаптарын мүлтіксіз орындау. Сондай-ақ қазіргі кезде жан-жақты ақпараттандыру мен компьютерлік технология дамуының негізінде интеграциялар жүруде. Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы медициналық қызмет сапасын арттыруда медициналық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізу басым бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл бағытта дәрігерлерді, ғылыми қызметкерлері, жоо оқытушыларын, клиникалық ординаторлар мен студенттерді дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда денсаулық сақтау сапасындағы қордаланған мәселелерді түрлі елдердің медициналық көмек сапасын басқару жүйесінде қалыптасқан тәжірибені қолданып шешу халықаралық кеңесшілердің күшімен зерделенуде.

Клиника және эпидемиология жұқпалы ауруларда тығыз байланысты. Эпидемияны білу клиникалық диагнозды қоюдан немесе клиникалық біртекті аурулардың өсуінен басталады. Көп жағдайда нозологиялық диагнозды болжам диагнозын қою эпидемиологиялық процеске байланысты, анығырақ эпидемиологтар жұғу көзіне, таралу және жұғу факторына көңіл аударады. Мысалы, тырысқақ ауруын анықтауда эпидемиологилық тексеруде бірінші кезекте су және тағам факторына көңіл аударады; Дизентерияда Флекснер Шигелласына – суға, Зонне Шигелласында сүт факторына назар аудару қажет. Белдемелі лишайды анықтаған жағдайда желшешекпен қатынаста болғанын анықтайды және т.б.

Клиницистер, эпидемиологтарға аурудың патогенезін білу өте маңызды. Егер де аурудың патогенезін білмесе клиницист сауатты ем тағайындай алмайды, ал эпидемиолог кешенді эпидемияға шараларды тағайындай алмайды. Кезеңдігі, циклдік ағымына байланысты көптеген жұқпалы аурулардың кезеңдігі,науқастан қоздырғышты бөлу, қоршаған ортада қауіпшілігі анықталады. Кейінгі жылдарда адамда патологиялық процестің дамуында инфекциялық агенттің ролі кеңінен анықталады. Бұрын анықталмаған нозологиялық формалар – легионеллез, микоплазмоз, прионды аурулар анықталады, сонымен қатар қайталамалы жаралық гастродуаденитте Helicobater Py lori ролін айқындалып осыған байланысты жара ауруын емдеу мен алдын-алудың жаңа тәсілдері ашылды.

Кейбір жұқпалы аурулармен онкологиялық аурулар арсында байланыс анықталады. Жаңа туындылардың вирусты инфекциямен байланыстылығы дәлелденеді. Вирусты гепатит В мен вирусты гепатит С біріншілік бауыр ісігімен қарапайым герпестің жатыр мойын ісігімен байланыстылығы талассыз дәлеледенеді. Линфома Беркитта және лейкоз ауруларының этиологиясы вирус. Жұқпалы патологияда туындаған мәселені клиницистер мен эпидемиологтар тор өзара шешеді.

Сонымен жұқпалы аурулардың социальды және әлеуметтік маңызы зор. Жұқпалы аурудың клиникасын және эпидемиологиясын білу кез келген мамандықтағы медицина қызметкерлеріне қажет.

«Клиникалық эпидемиология» -бұл ғылым «клиникалық», бұл клиникалық сұрақтар мен клиникалық шешулер сұрақтарына жауап береді. Бұл ғылым клиникалық зерттеулер әдістері анықтайды, сол арқылы жан-жақтық қорытындылар жасалады, жүйелік және кездейсоқ қателердің әсерін бақылайды. Бұл медицина саласы, медициналық ақпарат алу үшін эпидемиологиялық әдістерді қолданады, негізделген ғылыми фактірлерге сүйенеді, ал дәлелденбеген жүйелік және кездейсоқ қателерге емес. Нақты ауруларға көмек көрсету үшін жалпы тұрғындардың үлкен популяциясына қарап жүргізеді. Қауіпке ілініп тұрған топ адамдар нақты адам жұқтыратын болған жағдайда жалпы тұрғындардың жеке адамдардың денсаулығын қорғауда эпидемиолог пен клиницист бірлесіп жұмыс істеген өте тиімді, егер де бірлеспеген жағдайда олардың жұмысы тиімсіз, дұрыс бағытталмайды.

Клиникалық эпидемиологияның негізгі постулаты - медцицна тәжірибесінде әр бір шешім қабылдауда дәлелденген факторларға сүйену, дәлелденген медицина негізі болып табылады.

Клиникалық нұсқаулық – тәжірбиелі дәрігерге белгілі клиникалық жағдайларға медициналық көмек көрсету кезінде шешім қабылдауға жәрдемдесетін жүйелі түрде әзірленіп отыратын ереже. Нұсқаулық та хаттама секілді алгоритмдерге негізделеді, бірақ араласулардың әрбір кезеңін толық баяндамайды. Нұсқаулықты әзірлеуге барынша көп уақыт жұмсалғанымен, ол іргелі зерттеу болып табылады.

Әзірленетін нұсқаулықтардың басты талабы – дерек көздеріне сілтемелер көрсетілген нақты ұсынымдардың дәлелділік деңгейі. Клиникалық нұсқаулықтағы әрбір арнайы алынған ұсыным қолда бар сенімді дәлелдерге негізделуі тиіс. Клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеу мақсаты – дәлелді медицина қағидаларына негізделген медициналық көмек көрсету үдерістерін стандарттау.

Клиникалық нұсқаулықтардың негізгі міндеттері:

• Клиникалық тәжірибелерге қазіргі заманғы ғылыми мәліметтерге негізделген стандарттарды енгізу;

• Шешім қабылдау барысын жеңілдету;

• Жұмыс сапасы мен кәсібилік деңгейді бағалауға қызмет ететін негіз болу;

• Денсаулық сақтаудағы шығындардың тиімділігін арттыру;

Клиницистердің күнделікті қызметі денсаулық сақтау органдары басшыларынан өз қызметіне деген асқан жауапкершілікті талап етеді. Бұл бір жағынан тұрғындарға жаппай қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, клиникалық диагноз шешімін қабылдауға да барынша ықпалды. Клиникалық нұсқаулық пен клиникалық хаттама пациенттерге медициналық көмeк көрсетуде жалпы танылған әдіснамалық құрал және қазіргі заманғы ең таңдаулы мәліметтерді пайдалана отырып әзірленеді, содан кейін заңнамалық тәртіпте бекітіледі. Хаттамалар Денсаулық сақтау министрілігінде талқылаудан өтіп, бұйрықпен бекемделеді. Біз жоғарыда құжаттардағы ақпараттардың мәліметі пациенттерді емдеуде тәжірибеленуші дәрігерлерге ең қауіпсіз және шығыны аз емдеу әдісі болып табылатынын айтқан болатынбыз.

Клиникалық хаттама мен клиникалық нұсқаулық клиникаға жаңа келген жас дәрігердің пациентті емдеудегі бағасыз құнды көмекшісіне айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі дәрігерлердің де үздіксіз кәсіби білім беруде сенімді ақпарат көзі болады және қарастыру мен толықтыру қажет болған жағдайларда жаңартылып отырады. Осы жағдайда нұсқаулық немесе хаттама күнделікті клиникалық тәжірибеден туындайтын нақты клиникалық сұрақтарға жауап бере алатын ақпарат көзінің қызметін атқарады.

Медициналық көмек көрсетуде қажетті клиникалық хаттамалар және оның негізінде әзірленген алгоритмдер дәрігерлікке дейінгі жедел және шұғыл ме­дициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызды шешімі екені анық табылады. Кейде осы құжаттардағы ұсынымдар емдеудің ескі әдістерін қолдануға үйреніп қалған дәрігерлерге күтпеген соққы болды және олар өз тәжірибелерінде клиникалық хаттамаларды пайдалануға немқұрайлық танытады.


4. Иллютрациялы материалдар:презентация ( 10 слайд ұсынылады ).

5. Әдебиет:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.


  1. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):

  1. Дәлелді медицина термині нені білдіреді?

  2. Дәлелді медицинаның негізгі қағидалары қандай?

  3. Дәлелді медицинаны қай кезде қолданады?

  4. Сапалық зерттеу дегеніміз не?

  5. Сандық зерттеу дегеніміз не?


2.1. Тақырыбы: Дәлелді медицинаның терминологиясы мен құралды. Дәлелді медицинаның зерттеу түрлері.

2. Мақсаты: Студенттерді дәлелді медицинаның терминологиясы мен құралдарын таныстыру. ДМ зерттеу тәсілдерін талқылау.
3. Дәріс тезистері: Фармакотерапияда дәлелдер әр түрлі мәліметтерден клиникалық сынақтардан сырқат жағдайының сипаттамаларынан және клиникалық тәжірибеден алынады. Швед кеңесінің пікірінше денсаулық сақтау бағалау технологиясын дәлелдер санасы мұндай анықтығы бойынша айырмашылығы барлығын және төмендегі ретпен азая беруін айтады.

  • рандомизацияланған бақылау сынағы

  • бейрандомизациялы бір мезгілді бақылау сынағы

  • бейрандомизациялы тарихи бақылау сынағы

  • когорталы зерттеу

  • "жағдай - бақылау" типті зерттеу

  • қиыстырмалы сынақ

  • бақылау нәтижелері

  • жеке жағдайларды сипаттау.

Айтып өтілгендей емдеудің жаңа тәсілдерін өңдегенде бір жағынан жаңа идеялар қажет болса, екінші жағынан оларды сенімді тексеруден өткеру әдістері, яғни емдеу тәсілдері туралы гипотезаларды әрқашан емделген және емделмеген сырқаттардың ауру ағымдарын салыстырып тексеретін клиникалық зерттеулер қажет. Жеке тәжірибе гипотезаларды қалыптастыруға маңызды, бірақ сандық анамезімен және бағалауды бұрмалаушылықтың мүмкіндігі көптігінен аса пайдалы емес.
Клиникалық зерттеулер - өткізу жағдайы жүйелі қателерге жол бермейтін когорталы зерттеудің арнайы түрі (қатысу тобын таңдау, қатысу сипаттамасы, бақылауды ұйымдастыру және нәтижесін бағалау). Бақылау және басқару дәрежесі бойынша клиникалық зерттеудің қарапайым когорталы зерттеуден артықшылығы мол.

Рандомизацияланған бақылауды зерттеуде көзсіз тәсілді қолдану емнің дәреметтілігін ғылыми зерттеудің сапа жағынан алтын стандартты болып табылады.



Рандомизациялы бақылау сынағы.

Зерттеу үшін көп адамның ішінен зерттеуді қажет ететін жагдайды пациенттер алынады. Бұдан соң пациенттерді салыстыратын неізгі болжамды белгілері бойынша кездейсоқ екі топқа бөледі. Бір топ -эксперименталды немесе емдеу тобы, зерттеу шарасы өткізіледі ем болады деп күтілген жаңа дәрі беріледі.



Келесі топ - бақылау немесе салыстыру тобы дәл бірінші топтың жағдайлары жасалғанмен емдік шара қолданылмайды. Клиникалық зерттеудің анықтығы емнің нэтижесін анықтайтын шарадан басқа факторлардың бірдей болуына байланысты.

Таңдауды қалыптастыру. Көптеген себептердің ішінен зерттелетін ауру түрімен байқауға алынбайтын негізгі үш себеп:



  • сырқат адам арнайы зерттеу критерийлеріне сәйкес еместігі. Бұл ауру түрінің өзгеше сипаттылығы, басқа да ауру түрінің өзгеше сипаттылығы басқа да ауру түрімен ауыратындығы, сырқаттың ауру болжамының нашарлығы, сырқаттың берілген ем шартын орындау мүмкіндігінің жоқтығы. Аталған шектеу зерттеудің анықтығын жоғарылатып, емге байланыссыз нэтижелердің мүмкіндігі қысқарады.

Плацебо емі. Зерттелетін емнің нәтижесін (дәрілік заттың) плацебо емімен салыстырады. Плацебо - берілетін емдік дәріден түрінің, түсініктеу дәмінің, иісінің айырмасы жоқ, тек спецификалық емдік әсері жоқ ( мысалы, глюкоза таблеткасы, изотониялық ерітінді инфекциясы). Плацебо - эффект сырқаттың жағдайының (өзі немесе емдеуші дәрігер анықтайтын) емдеу фактіне байланысты өзеруі, бірақ дәрілік заттың фармакодинамикалық әсері емес. Плацебо эффектті зерттеушілер арнайы емдік нәтижені болжайтын базалды деңгей деп атайды. Емдік шаралар нәтижесін обьективті бағалау үшін спецификалық және бейспецификалық нәтижелерді ажырата білу керек.

Дәрілік заттарды клиникалық зерттеулер жүргізгенде плацебо төмендегі мақсаттарға пайдалы:



  • препараттың фармакодинамикалық жэне психологиялық эффектілерін ажырата білу керек.

  • Дәрінің эффектісін спотанды мерзімді ремисси арқылы өзгеше сыртқы факторлар әсерінен ажырата білу үшін

  • Жалған жағымсыз қорытындыға келмеу үшін.

  • Зерттелетін ем түрінің нәтижесін кәдуілігі ем түрімен салыстыруға болады - бұл кәдімгі ем түрінің дәреметтілігі дәлелді болған жағдайда емдеу шарашылық (дәрілік заттың) спецификалау емдеу әсерін зерттеу үшін пациенттерді топтарға кезейсоқ әдіспен бөлу, яғни рандализация әдісімен болу керек.

Рандамизация- пациенттерді топқа бөлгенде жүйелі қателерді болдырмайтын емді таңдаудың оптималды әдісі. Рандомизация жүргізу сырқаттарды топқа бөлуді көбінесе бірдей сипаттама етеді. Егер зерттеуге қатысушылар, кім қандай ем түрін алатынын білетін болса, олардың жүріс-тұрыс қылықтарының өзгерісі жүйесі қате жіберуге себеп болуы мүмкін. Осы нәтижені болдырмас үшін көзсіз тәсіл қолданылады. Көзсіз тәсіл клиникалық дернпедилерде аталған деңгейлерде қолданылады:

  • Когорталы зерттеу. Пациенттердің когортасы белгілі уақыт мөлшерінде зерттеуде болады. Белгілі уақыт ішінде қайтадан сырқаттану тіркелуі бағалаудың негізгі тәсілі.

  • Жағдай- бақылау типті зерттеу.

  • Бұл тексеру тәсілінде кез-келген пациентке сырқат сипаттамасына сәйкес салыстыру жұбы таңдалып алынады. Сонымен қоса бақылау тобын жинақтағанда рандомизация тәсіліне пайдаланады.

  • Қиыстырмалы сынақ Қиыстырмалы тексеру сынағында сол аурулардың өзі алдымен бір ем түрін, кейін екінші ем түрін қабылдайды. Тек аурудың стабильді түрінде өтетін пациенттерге ғана қолданады. Алдыңғыда өткізілген терапияның әсерін жоққа шығаруға болмайды.

Фармакоэкономика дәлелге негізделген медицинаның маңызды бөлігі. Фармакоэкономика күрделі ғылым ретінде көптеген сұрақтарға жауап береді, соның ішінде дәрілерді пайдаланудың дәременшілігі мен сапасының анализі (басқа да шаралардың) дәрілердің дәрметтілігі мен қауіпсіздігін бағасыда өзара әрекеттесуі мен бір-бірін алмастыру оптималды клиникалық және экономикалық жолдарын анықтауға жол ашады.

  • Қазіргі уақытта медикаментозды пирапияны экономикалық бағалаудың негізгі түрлері пайдаланылады (жақша ішінде ағылшын тілді аббревесатура мен түсіндірмесі бар)

  • «Аурудың қүны» анализі (CO/-cost of illness). Белгілі сырқаттанушы емдеу қүнының бағасын анықтап беретін анализ түрі.

  • Дәлілді медицина практикасы түбегейлі жеке клиникалық тәжірибемен жүйелі зерттеулер

  • арқылы алынған анық дәлелдерді қоса пайдалануды үсынады. Дәлелді медицинаның негізгі мақсаты- зерттеу нәтижелерін дәрігерге оптималды клиникалық науқастармен нақты клиникалық ситуацияларды қолдандыру. Миша-анализдерінің публикациясынан кейін клиникалық практикада 90% аса жағдайды клиникалық нүсқаулар пайдаланғаны байқалады.

  • Дәлелді медицинада қолданылатын кейбір терминдер

  • Альфа-қате - нолдік гипотезадан қате ауытқу мүмкіндігі. Клиникалық зерттеуде емнің бір түрі екінші түрінен дәрметтірек көріктілігімен, шындығында айырмашылығы болмайды.

  • Р мөлшері - алынған нәтиженің абсолютті мүмкіндігі. Р мөлшері 1 (нәтиже анық кездейсоқ) 0 ге дейін (нәтиже абсолютті кездейсоқ емес). Р мөлшері альфа-қатенің деңгейімен тең немесе бірдей болса (мысалы, 0,05) алынған нэтиженің статистикалық маңыздылығын корсетеді.

Сараптау - сараптау арқылы белгілі папуляция бөлігін алу. Клиникалық зерттеулер таңдау тобында өткізіледі. СИ- (сенімді интервалы) - пауляцияда нақты мәннің ауытқу диапазоны зерттеу кезінде сырқаттарды сараптауда алынған шамалар папуляциядағы нақты шамалардан кездейсоқтықтан айырмашылығы болады. Яғни 95% СИ, шаманың нақты мәнінің 95% мүмкіндікпен есептелген интервал шамасында болатынын көрсетеді. СИ бағдарды анықтайды: нақты диапазон мәндерінің оқырман ойындағыдай нәтиженің клиникалық мәнділігіне сәйкес пе және дәл сондай сырқат аталған әдісті қолданғанда қандай нәтижелер күтуге болады. СИ шамасы – мәннің дәлілділік дәрежесін сипаттап, р шамасы нольдік гипотезадан ауытқу мүмкіндігін көрсетеді.

Анықтамалық - өлшем нәтижесі қандай шамада нақты өлшемге сәйкестігін көрсететін сипттама. Зерттеулердің анықтығы белгілі сараптау шамасына қатысты қандай да алынған нәтиженің әділдігін, анықтығын көрсетіп және басқа топтарға таралмайды.

Шешімі - клиникалық маңызды жағдай, лабораториялық көрсеткіш немесе белгі, зерттеушіні қызықтыратын объект. Клиникалық зерттеулер жүргізгенде шешімі яғни нәтижесі емдеу немесе профилактикалық шаралардың дәрменттілігінің бағалау критериі болып табылады.
4. Иллютрациялы материалдар: презентация ( 12 слайд ұсынылады ).

5. Әдебиет:


  1. 1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

  2. 2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.


6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):

  1. ДМ терминологиясын қалай түсінесіз?

  2. ДМ қандай құралдары бар?

  3. ДМ қандай зерттеу түрлерін білесіз?



3.1. Тақырыбы: ДМ-ның сүзгісін пайдаланып интернеттен ақпаратты іздестіру. Жүйелі шолу және мақалалардың мета-анализі.
2. Мақсаты: Дәлелді медицина фильтрін дұрыс қолдана отырып, интернеттен ақпарат алуды үйрету.
3. Дәріс тезистері:

Соңғы он жылдың ішінде медицинада – дәлелді медицина (ДМ-evidence-based medicine) деген жаңа білім саласы қалыптасты. Оны сөзбе-сөз аударғанда – «тек фактыға

негізделген, медицина» немесе бұл термин «ғылыми – негізделген практикалық медицина» деген ұғымды береді және «ғылыми-дәлелденген медицина» деуге де болады. «Дәлелденген медицина» - бұл медицина бөлімі, жалпы тұрғындардың дәлелденген алдын-алу медицна және науқастың клиникалық медицина мәселесін шешуде қолданатын, кең таралған нақты дәлелдемелерді қолданып, салыстыра жүргізе отыратын, үнемі іздеуде болатын медицина бөлімі.

«Дәлелденген медицина» - нақты ауруларды емдеулік таңдауында клиникалық зерттеулердің ең тиімді қорытындыларын түсіне отырып қолдану, нақты қатерсіз медицина бөлімі (клиникалық эпидемиология).

- Қатерсіз зерттеуде дәлелденген әдістерді дәрігер науқасты емдеуде қолданады. (клиникалық медицина)

- бұл медициналық көмектің ең ыңғайлы, яғни жинау, дәлелденген медицина қолданатын нақты, сенімді әдістерге сүйене отырып, арнайы зерттеулерден алынған, науқастардың шағымы мен клиницистердің бақылауынан алынған, (клиникалық эпидемиология), сонымен қатар тұрғындардың денсаулық жағдайын (қоғамдық денсаулықсақтау) қарастыратын бөлім.

- бұл медициналық ақпараттардың талдауы және жалпыландыруды, технологияны жинақтарға жаңа ыңғай жасау.


  • Дәлелденген медицина негізіне «клиникалық эпидемиология» жатады. Дәлелденген медицинаның негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулерді қайта қалыптастыру, нақты клиникалық және алдын-алуда дәрігерлерге нұсқаулар беру. Дәлелденген медицинаның негізі аспектісі медициналық ақпараттың «дәлелденуі», дәлелдемелік дәрежесін анықтау.

  • Жұқпалы ауруларда дәлелденген медицина негізіне сүйенеді:

  • -клиникалық критерийялар – аурудың патофизиологиясына сүйене отырып симптомымен объективті көрінісі.

  • -лабораторлы критериййясы маңызды тестілерді анықтау.

  • Эпидемиологиялық критерий – эпидемиялық анамнез, берілген жағдайда дәлелденген жағдайлардың эпидемиологиялық байланысы және т.б.

  • Соңғы 20 жылдағы «медициналық қызмет көрсету сапасы ұғымы» едәуір өзгеріске ұшырады. Медициналық көмектің жақсаруы дегенге жалпы көзқарас осы қызметті көрсететін ұжым деңгейінен адамдар командасы деңгейіне дейін, жалпылық деңгейінен жалқылық деңгейіне дейінгі қарқынды даму бағытына айналды. Алғаш рет клиникалық нұсқаулық туралы 2000 жылдың қараша айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Сараптамалық кеңесінің мәжілісінде сөз болды.

Дәлелді медицина – әрбір науқасты тексеру мен емдеуде қазіргі заманғы жетістіктерді қолдана отырып, халықаралық және отандық стандарттар талаптарын мүлтіксіз орындау. Сондай-ақ қазіргі кезде жан-жақты ақпараттандыру мен компьютерлік технология дамуының негізінде интеграциялар жүруде. Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы медициналық қызмет сапасын арттыруда медициналық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізу басым бағыттардың бірі болып табылады.

Бұл бағытта дәрігерлерді, ғылыми қызметкерлері, жоо оқытушыларын, клиникалық ординаторлар мен студенттерді дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда денсаулық сақтау сапасындағы қордаланған мәселелерді түрлі елдердің медициналық көмек сапасын басқару жүйесінде қалыптасқан тәжірибені қолданып шешу халықаралық кеңесшілердің күшімен зерделенуде.

Клиника және эпидемиология жұқпалы ауруларда тығыз байланысты. Эпидемияны білу клиникалық диагнозды қоюдан немесе клиникалық біртекті аурулардың өсуінен басталады. Көп жағдайда нозологиялық диагнозды болжам диагнозын қою эпидемиологиялық процеске байланысты, анығырақ эпидемиологтар жұғу көзіне, таралу және жұғу факторына көңіл аударады. Мысалы, тырысқақ ауруын анықтауда эпидемиологилық тексеруде бірінші кезекте су және тағам факторына көңіл аударады; Дизентерияда Флекснер Шигелласына – суға, Зонне Шигелласында сүт факторына назар аудару қажет. Белдемелі лишайды анықтаған жағдайда желшешекпен қатынаста болғанын анықтайды және т.б.


  • Кейбір жұқпалы аурулармен онкологиялық аурулар арсында байланыс анықталады. Жаңа туындылардың вирусты инфекциямен байланыстылығы дәлелденеді. Вирусты гепатит В мен вирусты гепатит С біріншілік бауыр ісігімен қарапайым герпестің жатыр мойын ісігімен байланыстылығы талассыз дәлеледенеді. Линфома Беркитта және лейкоз ауруларының этиологиясы вирус. Жұқпалы патологияда туындаған мәселені клиницистер мен эпидемиологтар тор өзара шешеді.

  • Сонымен жұқпалы аурулардың социальды және әлеуметтік маңызы зор. Жұқпалы аурудың клиникасын және эпидемиологиясын білу кез келген мамандықтағы медицина қызметкерлеріне қажет.

  • . «Клиникалық эпидемиология» -бұл ғылым «клиникалық», бұл клиникалық сұрақтар мен клиникалық шешулер сұрақтарына жауап береді. Бұл ғылым клиникалық зерттеулер әдістері анықтайды, сол арқылы жан-жақтық қорытындылар жасалады, жүйелік және кездейсоқ қателердің әсерін бақылайды. Бұл медицина саласы, медициналық ақпарат алу үшін эпидемиологиялық әдістерді қолданады, негізделген ғылыми фактірлерге сүйенеді, ал дәлелденбеген жүйелік және кездейсоқ қателерге емес. Нақты ауруларға көмек көрсету үшін жалпы тұрғындардың үлкен популяциясына қарап жүргізеді. Қауіпке ілініп тұрған топ адамдар нақты адам жұқтыратын болған жағдайда жалпы тұрғындардың жеке адамдардың денсаулығын қорғауда эпидемиолог пен клиницист бірлесіп жұмыс істеген өте тиімді, егер де бірлеспеген жағдайда олардың жұмысы тиімсіз, дұрыс бағытталмайды.

  • Клиникалық эпидемиологияның негізгі постулаты - медцицна тәжірибесінде әрбір шешім қабылдауда дәлелденген факторларға сүйену, дәлелденген медицина негізі болып табылады.

Клиникалық нұсқаулық – тәжірбиелі дәрігерге белгілі клиникалық жағдайларға медициналық көмек көрсету кезінде шешім қабылдауға жәрдемдесетін жүйелі түрде әзірленіп отыратын ереже. Нұсқаулық та хаттама секілді алгоритмдерге негізделеді, бірақ араласулардың әрбір кезеңін толық баяндамайды. Нұсқаулықты әзірлеуге барынша көп уақыт жұмсалғанымен, ол іргелі зерттеу болып табылады.

Әзірленетін нұсқаулықтардың басты талабы – дерек көздеріне сілтемелер көрсетілген нақты ұсынымдардың дәлелділік деңгейі. Клиникалық нұсқаулықтағы әрбір арнайы алынған ұсыным қолда бар сенімді дәлелдерге негізделуі тиіс. Клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеу мақсаты – дәлелді медицина қағидаларына негізделген медициналық көмек көрсету үдерістерін стандарттау.

Клиникалық нұсқаулықтардың негізгі міндеттері:

• Клиникалық тәжірибелерге қазіргі заманғы ғылыми мәліметтерге негізделген стандарттарды енгізу;

• Шешім қабылдау барысын жеңілдету;

• Жұмыс сапасы мен кәсібилік деңгейді бағалауға қызмет ететін негіз болу;

• Денсаулық сақтаудағы шығындардың тиімділігін арттыру;

Клиницистердің күнделікті қызметі денсаулық сақтау органдары басшыларынан өз қызметіне деген асқан жауапкершілікті талап етеді. Бұл бір жағынан тұрғындарға жаппай қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, клиникалық диагноз шешімін қабылдауға да барынша ықпалды. Клиникалық нұсқаулық пен клиникалық хаттама пациенттерге медициналық көмeк көрсетуде жалпы танылған әдіснамалық құрал және қазіргі заманғы ең таңдаулы мәліметтерді пайдалана отырып әзірленеді, содан кейін заңнамалық тәртіпте бекітіледі. Хаттамалар Денсаулық сақтау министрілігінде талқылаудан өтіп, бұйрықпен бекемделеді. Біз жоғарыда құжаттардағы ақпараттардың мәліметі пациенттерді емдеуде тәжірибеленуші дәрігерлерге ең қауіпсіз және шығыны аз емдеу әдісі болып табылатынын айтқан болатынбыз.

Клиникалық хаттама мен клиникалық нұсқаулық клиникаға жаңа келген жас дәрігердің пациентті емдеудегі бағасыз құнды көмекшісіне айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі дәрігерлердің де үздіксіз кәсіби білім беруде сенімді ақпарат көзі болады және қарастыру мен толықтыру қажет болған жағдайларда жаңартылып отырады. Осы жағдайда нұсқаулық немесе хаттама күнделікті клиникалық тәжірибеден туындайтын нақты клиникалық сұрақтарға жауап бере алатын ақпарат көзінің қызметін атқарады.

Медициналық көмек көрсетуде қажетті клиникалық хаттамалар және оның негізінде әзірленген алгоритмдер дәрігерлікке дейінгі жедел және шұғыл ме­дициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызды шешімі екені анық табылады. Кейде осы құжаттардағы ұсынымдар емдеудің ескі әдістерін қолдануға үйреніп қалған дәрігерлерге күтпеген соққы болды және олар өз тәжірибелерінде клиникалық хаттамаларды пайдалануға немқұрайлық танытады.


4. Иллютрациялы материалдар: презентация ( 10 слайд ұсынылады).

5. Әдебиет:

1.Дербісалина Г. Ә. Дәлелді медицина негіздері : әдістемелік нұсқау . - 2-бас., толықт. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013.- 250 экз.

2.Доказательная медицина в вопросах и ответах: учеб.-методическое пособие. - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2013. – 100 экз.
6. Қорытынды сұрақтары(кері байланыс):

1. ДМ фильтрін қолдана отырып, интернетте қалай дұрыс жұмыс жасауға болады?



2. Мақалалардың жүйелі шолуы дегніміз не?

3. Мақалалардың мета-анализі дегеніміз не?


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет