Дәріс сабақтарына арналған әдістемелік ұсыныстар



жүктеу 82.8 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі82.8 Kb.
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Философия және мәдениеттану кафедрасы

«Павлодар Ертіс өніріндегі ағартушылықтың дамуы» пәні бойынша

6N0204 Мәдениеттану, 6N0201 Философия мамандықтарының магистранттарына арналған

ДӘРІС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

ФжМ кафедрасының т.ғ.к., доцент

Г.М. Раздыкова

Павлодар


1 Дәріс сабақтарын жүргізудің мақсаттары мен міндеттері

Дәріс сабақтары магистраттардың ғылыми білімін арттыратын маңызды білім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми - тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: магистранттардың оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық - тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

А) Алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін магистрант дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын-ала дайындық магистранты шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

Магистрант дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына магистранттар беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу - оқытушының магистранттардың материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында магистранттар тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтың кұні, тақырып, мақсаты, сабақтың жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге және берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:




Дәрістің негізгі сұрақтары


Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.








Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:


Дәрістің негізгі сұрақтары



Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау


магистранттың ескертпесі және оның оқытушыға сұрағы.











Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.

Магистранттың жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, магистранттқа оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Магистранттың жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар магистрантқа оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.



2 Пәннің тәжірибелік мазмұңы

Дәріс І. Кіріспе. Арнайы курстың пәні мен міндеті

«Павлодар Ертіс өңірінде ағартушылықтың дамуы» курсының пәні мен міндеттері. Курсты меңгерудің әдістері мен методологиясы. Негізгі қайнар көздері. Басқа тарихи пәндермен (өлкетану, Павлодар Ертіс өңірінің тарихы, этнография және т.б.) байланысы.



Дәріс ІІ. ХІХ ғасырға дейін Баянауыл ауданының ағартушылық тарихы. Бұхар жырау Қалқаманұлының мұрасы

Қазақтардың Баянауыл ауданына көшіп-қону тарихы. Түріктер әлемінің мәдени салт-дәстүрлерін өлке. Жырау мұрасы. Бұхар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.



Дәріс ІІІ. Баянауыл ауданының ағартушылық негізін қалағандар – Едіге би, Шоң би, Шорман, Мұса Шорман

Билер институты – қазақтың ұлттың қоғамында атқаратын қызметі мен мағынасы. Едіге би, Шоң би, Мұса Шорман – ел санасында. Мұса Шорманның ағартушылық іс-әрекеттері. Ғылыми жұмыстарының Қазақстан мәдениеті мен тарихында алатын маңыздылығы. Мұса Шорманның Ш.Уалихановпен және Г.Потанинмен ара-қатынасы.



Дәріс IV. М.–Ж. Көпеев және оның шығармашылық мұрасы

М.–Ж. Көпеевтың өмірлік жолы. Ағартушылық қызметі. Әдеби шығармалары. Философиялық көзқарастары. М.–Ж. Көпеев – жазық даланың ауызша исторологиясын сомдаушы. М.–Ж. Көпеевтың шығармашылық мқрасы. Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесінің маңыздылығы. М.–Ж. Көпеевтың жолын жалғастырушылар.



Дәріс V. С.Торайғыровтың қоғамдық және ағартушылық қызметі

С.Торайғыровтың өмірлік жолы. С.Торайғыров – ХХ ғасырдың жарық қоғам қайраткерлерінің бірі ретінде. С.Торайғыровтың шығармашылық мұрасы. С.Торайғыров және ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллегенциясы.



Дәріс VI. Қ.И.Сатпаев – қазақ ағартушылығы мен ғылымындағы жаңа бағыт

Қ.И.Сатпаевтың өмірлік жолы. Қазақстан ғылымының қалануына қосқан үлесі. Қ.И.Сатпаев қоғам қайраткері. Қ.И.Сатпаевтың Қазақстан тарихы жайлы жазған еңбектері. Қ.И.Сатпаев – жерлестерінің есінде мәңгілікке сақталмақ.



Дәріс VII. З.Шашкиннің, Ж.Аймауытовтың, Ш.Айтматов, Ж.Шанин және т.б. ағартушылық қызметі

З.Шашкиннің, Ж.Аймауытовтың, Ж.Шанин, Ш.Айтматовтың өмірі меншығармашылығы.Қоғамдық және ағартушылық қызметтері. Қазақстанның мәдениетін, өнерін, әдебиеті мен киносының дамуына қосқан үлестері.



Дәріс VIII. Баянауыл ауданынан шыққан ғалымдардың өмірі мен еңбектері:

Атақтары даңқ жарған баянауылшылар: А.Р.Бектұров, С.Б.Бейсембаев, З.Д.Дүйсенбекова, Ж.С.Ержанов, Х.Ж.Жұматов, Ш.Ш.Шөкін, М.М.Бекенов, Н.И.Баяндин және т.б. Олардың Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлестері. Қоғамдық және ағартушылық қызметтері.



Дәріс ІХ. Баянауыл ғалымдары – Қазақстанның тарихи ғылымының негізін қалаушылар:

Е.Б.Бекмаханов – тұңғыш кәсіби тарихшы, Бекмахан эпопеясы. Қазақстандық археологияының негізін қалаушылар – А.Х.Марғұлан, М.Қ.Қадырбаев, Қ.А.Ақышев, Х.Алпысбаев. Х.Арғынбаев – тұңғыш қазақ-этнограф.



ҰСЫНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Инсебаев Т. А. Очерки истории Павлодарского Прииртышья. Ч. 1. С древнейших времен до XX века. - Павлодар, 2000.

  2. Шевченко СВ. Очерки истории Павлодарского Прииртышья. 4.2.
    XX век. - Павлодар, 2000.

  3. Арын Е., Нухулы А., Инсебаев Т. Павлодарская область: календарь
    исторических событий и дат. - Павлодар: ПТУ, 2003.

  4. Баян Аула (иллюстрированный альбом) - Астана: Фолиант. 2001.

  5. Тлеке Жеңіс. Кереку-Баянаула өңірінің щежіресі - Павлодар, 1995.

  6. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірі тарихы туралы очерктер 1-бөлім. Көне дәуірден XX f. дейін – Павлодар, 2001.

  7. Исаханова К.С. Просветители Павлодарского Прииртышья конца 19 - начала 20 вв, - Учебное пособие для студентов педагогических и гуманитарных специальностей. - Павлодар, 2004.


Қосымша әдебиет:

  1. Академик К.И.Сатпаев в памяти земляков (составитель
    О.Кожанов). - Алматы-Павлодар, 1999.

  2. Алькей Хаканович Маргулан - Алматы, 1984.

  3. Аджигалиев С. Этнограф Халел Аргынбаев //Наука Казахстана -
    1994, №23.

  4. Богатенкова Д. Народный артист СССР Ш.Айманов - Алма-Ата,
    1973.

  5. Жусупов Е.К. Машхур Жусуп Копейулы и исторические личности
    в его рукописях - Автореф. Канд. Диссерт. - Алматы, 2000.

  6. К.Сатпаев- Алма-Ата, 1989.

  7. С.Торайгыров - Алма-Ата, 1989.

  8. Батырбеков Б. К.И.Сатпаев. Школа - начало всех начал //Наука
    Казахстана - 2000, №4.

  9. Букетов К. Исполины казахстанской науки: К.И.Сатпаев и
    Е.А.Букетов //Наука Казахстана - 2000, №7-8.Ю.Джусупбеков У.Ж. Слово об академике А.Б.Бектурове//Ученые записки ПТУ - 1998, №2-3.

17. Кантарбаев Б. К.И.Сатпаев - обществовед//Мысль - 1998, №5.

18. Кантарбаев Б. К.И.Сатпаев как историк//Мысль - 1999, №13. 19.Джаксыбаев С. Муса Чорманов - наш знатный земляк//Звезда Прииртышья - 1999, 20 марта.

20. Джаксыбаев С. Полковник Чорманов «Улкен мырза». Страницы истории //Звезда Прииртышья - 1991, 14 мая.

21. Дюсеков С. Муза, дочь Жусупбека: неизвестные страницы жизни Ж. Аймаутова//Звезда Прииртышья - 1991, 1 мая.

22. Ильин П. Зеин Шашкин - наш земляк // Звезда Прииртышья - 1999, 1 июня.

23. Марчевский Н. Сын земли Баянаульской М.-Ж.Копеев//Звезда Прииртышья - 1999, 22 сент. Машрапов К. Жумат Шанин//Звезда Прииртышья - 1998, 8 января.

24. Наши великие земляки (Бухар жырау, Г.Н.Потанин, Жаяу Муса, С.Торайгыров и др.) // Звезда Прииртышья - 1997 - 18 февр.

25. Наши великие земляки (К.И.Сатпаев и А.Х.Маргулан)//Звезда Прииртышья- 1997, 18 февр. 21.Хазыров Б. Алаш Орда в Павлодаре//Звезда Прииртышья - 1996 -17 авг.

26. Ученые Павлодарской области - Павлодар: ПГУ им. С.Торайгырова, 2002.

27. Жамбыл Омари. Букар жырау: Он ею тарих - Караганды, 1993.

28. Енсебаев Т.А. Машhүр Жүсіптің қызметі.//Мәшhүр Жүсіп оқулары. 1-шi жинақ - Павлодар, 2001.

29. Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыровты зерттеу, тану мәселесі //Жулдыз-1993, №10.

30. Абилев Д. Жүсіпбек аға//Қазақ әдебиеті - 1989 - 13 қазан.

31. Бәделханулы А. Шоң, Шорман - Баянаулдың қос еркесі//Сарыарка самалы - 1994, 16 шілде.

32. Машрапов К. Баянаула туралы тарихнама жаграфиялык мәліметтер //Сарыарка самалы - 1991, 6 наурыз.

33. Мусагетов М. Туңгыш режиссер //Сарыарка самалы - 1992, 15 желтоқсан.



З4. Ногербеков Б. Ш.Айманов және қазақ киносы //Атамекен - 1994, 11 наурыз.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет