2024 жылы 23 ақпанда Алматыда екінші жер сілкінісі тіркелді. Оның күші екі балл болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі сағат 16:33-те тіркелді.

"Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Бұл – афтер сілкініс. Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген сейсмикалық стансалар желісінің хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігі алматылықтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуді қатаң түрде ұсынады.

  • Сейсмодайындық: 23 ақпанда Қазақстан қалаларында дабыл системалары қосылады
  • Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікке жауапты жаңа басқарма құрылады

"Жағдай тұрақты", – деп атап өтті департамент.

Алматылықтар алғашқы жер сілкінісін жалпықалалық сейсмикалық дайындық кезінде сезінді.

Еске салайық, сейсмикалық станциялар желісі бүгін сағат 10:08 шамасында жер сілкінісін тіркеді. Дәл осы уақытта қалада сейсмикалық жаттығу өткен еді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.