Грек-рим күресінен Өзбекстан құрамасының құрамындағы қазақ балуан Түркияда өткен халықаралық турнирде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Өзбекстанның олимпиада комитеті

Өзбекстанның жастар құрамасында өнер көрсететін ұлты қазақ балуан Айтжан Халмаханов Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық турнирде топ жарды. 63 келі салмақта сынға түскен Айтжан ақтық сынға дейін еш қиналмай шығып, финалда ирандық балуан Еронлик Ерфанниден соңғы сәтте жеңісті жұлып алды. Осылайша, Айтжан Өзбекстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын жүлдені салды.

Айта кетейік, Айтжан Халмаханов Өзбекстанның Ташкент облысына қарасты Тойтепе ауылында туған. Ол 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.  


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.