Дәстүрлі және электронды құжаттарды зерттеудің теориялық, әдістемелік негіздері



Дата13.05.2022
өлшемі13.45 Kb.
#173851
Байланысты:
Часть 1. Начало. Қуат
тест тапсырмалары алгебра 7 сынып, Мелаев Сапа, Сөзжасамның теориялық ұғымдары, HTML

І. Дәстүрлі және электронды құжаттарды зерттеудің теориялық, әдістемелік негіздері.

1.1. Электронды және цифрлы құжаттардың теориялық негізі.

Ақпараттық технологиялардың дамуы «электронды құжат» және «электронды құжат айналымы» ұғымдарының қолданысқа енуінің алғышарты және негізгі күші болды.

Біз архив ісін ақпараттандыруды 4 кезеңдерге бөліп қарастыра аламыз:

1. ХІХ ғасырдың соңы – 1950 жылдар аралығы;

2. 1950 жылдан бастап – 1970 жылдың басына дейін;

3. 1970 жылдан – 1980 жылдың бірінші ширегі;

4. 1980 жылдың екінші ширегінең – осы уақыт аралығы.



Айта кетсек, 1990–жылға дейін «электронды құжат» ұғымы қолданыста болған емес. Оның орнына «машиналық құжаттар», «магниттік тасығыш құжат» жалпы, «машинограмма» термині аясында қолданылып келген болатын. Алайда машинада оқылатын құжаттардың барлығын электронды құжат деп қарастыруға мүлдем келмейді. Осыған байланысты компьютерлік технологиялардың дамуы бұл ұғымның қолданыстан шығуына үлкен септігін тигізді десек болады. Яғни ақпараттық технологиялардың даму деңгейіне сәйкес, электронды құжат айналымы жүйесінде жаңа ұғым пайда болды, ол ұғымды біз «электронды құжат» деп атадық. Елімізде электронды құжаттың нормативтік анықтамасы алғаш 2003 жылы «Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заныңда пайда болды.

Жалпы, электронды құжат – бұл ақпараттың электронды-цифрлы түрде ұсынылған түрі. Ал «электронды құжат» ұғымын біз ақпараттың арнайы тасымалдаушыларымен де, ақпаратты қорғаудың арнайы құралдарымен де байланыстырмай, ақпаратты ұсыну тәсіліне баса назар аударамыз. Толығырақ айтқанда, арнайы ақпарат тасымалдаушыларымен байланыстырамыз. Яғни бұл тасымалдағыштар – белгілі бір мүмкіндік беретін арнайы сақтау, тіркеу және анықтау бірліктері. Бірақ электронды түрде болғандықтан, бұл құжаттармен арнайы бағдарламалық құралдар мен техникалық құрылғылардың көмегінсіз жұмыс жасау мүмкіндігінен айырыламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет