Халықаралық сот Израильдің Газада геноцид әрекеттерін жасап жатқанын дәлелдейтін деректерді түпкілікті шешім деп санауға болатынын айтты. Шешім 26 қаңтарда Оңтүстік Африканың өтініші бойынша қабылданды. Ол "палестиналықтарға одан әрі орны толмас зиян келтіруді тоқтату" және "геноцидтің алдын алуға" бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: tvc.ru

Сонымен бірге Гаага соты ХАМАС ұстаған 136 израильдік тұтқындардың тағдырына "қатты алаңдаушылық білдіретінін" атап өтіп, оларды дереу босатуды талап етті.

"Израиль мемлекеті Газа секторындағы палестиналық топ мүшелеріне қарсы геноцид жасауға тікелей және жария түрде итермелеудің алдын алу және жазалау үшін өз құзыреті шегінде барлық шараларды қабылдауы керек", — деді Халықаралық сот төрағасы Джоан Донахью.

Ол Газа секторындағы палестиналықтардың тұрмыстық жағдайын шешу үшін гуманитарлық көмек көрсету керектігін атап өтті.

Израильдің Палестина анклавындағы әрекеттерін геноцид деп іс жүзінде мойындағанымен, Халықаралық сот Тель-Авивтегі атысты дереу тоқтатуға бұйрық бермеді.

Оңтүстік африкалық заңгерлер Еуропа елдерін сотқа қосылуға шақырды.

"Еуропа елдерінің көпшілігі адам құқықтары мен өмір сүру құқығын құрметтейді дейді. Бұл үкімге еуропалық елдер келіседі деп үміттенеміз. Біздің геноцид деп таныған себебім –адамдардың өмірін құтқару ", — деді Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрлігінің бас директоры Зейн Дангор.

Ал Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант өзіне қарсы іс қозғағаны үшін Оңтүстік Африканы антисемитизммен айыптады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.