1. Осы стандарттың мақсаты электрондық денсаулық паспорты арқылы және басқа өзара әрекет ететін өзгеде медициналық ақпараттық жүйелермен барлық медициналық көмек көрсету деңгейлерінде диагностикалық тексеріп-қараулар мен емдеу процедураларына (бұдан әрі – медициналық қызметтер) қатысты жиналатын ақпараттың сапасы мен ерекшелігін (сипатын) қамтамасыз ету болып табылады.
2. Осы стандарттың міндеттері:
1) келесі үдерістерді реттеу бойынша қосымша талаптар және ережелерді анықтау;
2) клиникалық мәліметтерді жинау;
3) диагностикалық тексеріп-қараулар мен емдеу процедураларына электрондық бағыттау;
4) медициналық қызметтерге бағыттау үдерісінде клиникалық мәліметтерді тұрақты ету үшін жіктеуіштерді және сәйкестендіргіштерді анықтау, жәнеде диагностикалық тексеріп-қараудың нәтижесін электронды денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) арқылы алу.
3. Осы стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылған:
1) медициналық қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылы;
2) клиникалық мәліметтерді жинау – ЭДП-да бар механизмдер мен құралдардың көмегімен, үйлесімділігін және электрондық мәліметтерді өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық стандарттарды, анықтамалар мен жіктемелерді қолдана отырып клиникалық мәліметтерді тұрақты ету үдерісі;
3) медициналық қызметтер мен ресурстардың электроды тізімдемесі (бұдан әрі – электронды тізімдеме) – медициналық қызметтер және медициналық қызмметтердің өнімберушісі бойынша стандартталған ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін анықтамалық ақпарат сервисі.
4. Бағыттау түрлері – бұл ЭДП пайдаланатын медициналық қызметкерлерге пациенттерді әрі қарайғы емдеуге бағыттау, және осындай жағдайларды осы стандартқа сәйкес құжаттау және тіркеу үшін қолжетімді медициналық қызметтер. Бағыттау түрлері 3 типті болады:
1) маман консультациясына бағыттау;
2) осы стандарттың ережесімен реттелетін диагностикалық медициналық қызметіне бағыттау;
3) осы стандарттың ережесімен реттелетін емдеу медициналық қызметіне бағыттау.
5. Бағыттау түрлері туралы ақпарат – медициналық қызметкермен электронды тізімдемесі арқылы берілетін, тағайындалған медициналық қызметтерге қатысты клиникалық мәліметтерді жинақтау үшін қолданылуы тиіс ақпарат. Бағыттау түрлері туралы ақпарат, нақты медициналық қызметті көрсету үшін қажетті ресурстарды ұсына алатын медициналық қызметтің өнім берушілері туралы мәліметтерді құрайды.
6. Анықтамалық ақпарат сервистері (Reference Information services) уәкілетті мүдделі тараптармен жүзеге асырылатын, электронды денсаулық паспорты және электронды денсаулық сқатаудың әрекеттесуші (ішкі және сыртқы) медициналық ақпараттық жүйелері көмегімен іске асырылған және орындалған электронды денсаулық сқатаудың көптеген үдерістерін қамтамасыз ететін.