2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еліміздің тұрғындары кішігірім көлік апатына ұшыраса, полиция шақырмай-ақ, онлайн сақтандыруды тез рәсімдей алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры Еуропротокол жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді. Ол арқылы жол полициясын шақырмай кішкене 

"Еуропротокол – жол полициясын шақырмай ЖКО ресімдеудің және сақтандыру компаниясынан өтемақы алудың жылдам тәсілі. ЖКО туралы хабарлама сақтандыру компаниясына автоматты түрде түседі. Ол үшін апаттың екі қатысушысы мобильді қосымшаны тегін жүктеп алуы керек. Жүйе арқылы жол-көлік оқиғасынжол полициясын шақырмай, сақтандыру компаниясына бармай,15 минутта рәсімдеуге болады. Осылайша 6 күн ішінде төлем алуға болады”, – делінген ақпаратта. 

Еуропротоколдың міндетті шарттары да қарастырылған. Ол үшін ЖКО қатысушыларының мобильді нөмірлері мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы керек.

"2024 жылға зардап шеккен тарапты жөндеу сомасы 369 мың теңгеден аспауы керек. Азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келмеген болуы шарт. ЖКО нәтижесінде тек көлік құралдары ғана бүлінген жағдайда ғана жүйені қолдана алады. Апатқа қатысушылардың екеуінде де қолданыстағы міндетті автосақтандыру полистері бар жүргізушілер қолдана алады”, – делінген ақпаратта.

Егер сақтандыру полисі ЖКО қатысушыларының кем дегенде біреуінде болмаса, онда ЖКО ресімдеу үшін жол полициясы қызметкерлерін шақыру ұсынылады.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.