Жоғары білім және ғылым министрлігі Алматыда студенттер мен оқушыларға оқу орындарында екінші ауысымдағы сабақ тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: batumi-today.com

Алматыда жоғары оқу орындарында сабақ тоқтатылды, деп хабарлады жоғары білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы. Ректоратқа жоғарғы оқу орны мен жатақханаларда кезекшіні тағайындап қою тапсырылды. 

Балабақша әкімшілігі ата-аналарға қалауына қарай, балаларды балабақшадан алып кете алатынын хабарлады. 

Ал Алматы облысының білім басқармасы жоғарғы оқу орны, колледж бен мектептерде екінші ауысымдағы сабақ толық тоқтатылғанын хабарлады.

Айта кетейік, Алматыда тағы да жер сілкінді. Алматы облысында зілзала қуаты 5 балл, Жетісуда (Талдықорған) 2 балл болған. 

Ал қалалық ТЖД басшысы Нұрлан Атығаев азаматтарды дүрлікпеуге шақырды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.