Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып беріп отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Istock

Аталған фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтық департаменті тергеді.

“Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, салдарынан мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген. Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам қылмыстық жолмен тапқан табысы мен құны 50 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Бұған дейін Шымкентте балабақшаға келмеген балалар үшін бюджеттен ақша алып отырған кәсіпкер сотталған еді. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.