Республикалық партияның өкілі Клаудия Тенни АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі FoxNews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: BBC
Палата өкілінің айтуынша, АҚШ-тың экс-президенті Таяу Шығыста бейбітшілік келісімдерін жасауда маңызды рөл атқарды.

"Ондаған жылдар бойы бюрократтар, сыртқы саясаттың "кәсіпқойлары" және халықаралық ұйымдар Таяу Шығыста Израиль-Палестина қақтығысын шешпей, бейбіт келісімдер жасау мүмкін емес екенін айтып келеді. Президент Трамп мұның өтірік екенін дәлелдеді", – деді Клаудия Тенни басылымға берген түсініктемесінде.

“Дональд Трамптың дипломатиялық және экономикалық қатынастарды қалыпқа келтіруге бағытталған істері лайық бағаланбады”, – деп атап өтті Тенни.

Өткен аптада Нью-Йорктегі алқабилер соты Дональд Трампқа қарсы зорлау және жала жабу баптары бойынша шешім қабылдады. Онда жәбірленуші жазушы Элизабет жан Кэрролл болды. Алқабилер 83,3 миллион доллар өтемақы төлеу туралы сот шешімін шығарды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.