Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



жүктеу 1.68 Mb.
бет2/9
Дата21.04.2019
өлшемі1.68 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
20 үміткер бақ сынап, 165 жатақхана тұрғыны көрермен ретінде қатысып, жанкүйерліктерін сездіріп отырды.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында жергілікті журналист, белгілі тележүргізуші, ақын Мұнайдар Балмолданың шынайы оқиғадан тұратын, 1940 жылы сол кездегі Орал облысы Фурманов ауданында құрылған жасырын ұйымы туралы «Он төрт» реквиемінің премьерасына колледжімізден 9 топ 1а КШО, 2аКДО, 2а КШФ, 2с КДО, 2с КШО, 3п КШК, 4аКШО, 4ас КШТ, 9 топ жетекші жалпы саны 90 студент, 10 топ жетекші тамашалады.

ҚР Тәуелсіздіктің 26 жылдығына, Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған Жаһанша Досмұхамедовтің және Жұбан Молдағалиевтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Ғ.Х.Қапақов, БҚ инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, алаштанушы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Д.Д.Сүлейменова қатысып, сөз алды. Шараға 125 студент, 30 оқытушы қатысты.

Студенттерге Ұлы дала елі - Қазақстан туралы туралы мәлімет беру, халқымыздың тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, студенттерді өз елін сүюге, қадірлеуге,осы елдің азаматы екенін мақтан етуге баулу мақсатында дене тәрбиесі пәнінің оқытушы Қ.Б.Таубаев жетекшілігімен 2а КШФТ тобында «Тәуелсіздік – төл мерекем тұғырлы», Б.К.Сапиев жетекшілік ететін 1а КШО тобында «Егемендік ел бақыты, ертеңі», оқытушы А.Т.Зайнуллинаның жетекшілігімен 3п КШО тобында «Қазақ елін тербеткен – Тәуелсіздік бесігі» тақырыбында, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріміз саралана отырып, ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, өз елін, жерін сүюге патриоттық рухта тәрбиелеу. Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру; ұлттық сана сезімін, саналы тәртіп, сапалы білім алуға дұрыс көзқарас, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту мақсатында 2сКШО және 2сКШФТ топтарында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік- қазақтың сан ғасырлық арманы!» тақырыбында тәрбиелік шара ұйымдастырылды. Шара сайыс түрінде, 2 топтан 4 команда құрылып, 6 кезеңді қамтыды. Әр топ өздерін таныстыра келе, «Сөз мәйегі- мақал» кезеңінде Отан, туған жер туралы мақал- мәтелдер келтірсе, «Бәйге» турында Тәуелсіз Қазақстан тарихынан өз білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетті. Капитандар сайысы кезеңінде Қазақстан қалалары атауын жұмбақтар арқылы тауып, сол қалалар туралы мәліметтер берілді. «Поэзия минуты» сәтінде қатысушылар туған жерге арналған өлеңдерін оқыды.

Шгруппа 1045
ара тақырыптық бейнематериал көрсету және музыкамен көркемдеумен әсерленді. Студенттер қызығушылық танытып, шара өз мақсатына жетті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында Ғ.Құрманғалиев атындағы БҚО филармониясы әртістерінің «Әнім саған туған ел!» концерттік бағдарламасын 3а КШК, 3п КДО топтары тамашаласа, Жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және жастар» атты облыстық акция мен мәдени шараға 3а КШК, 3п КШК топтары қатысып, Темірболатова Саида мен жастар ісі жетекшісі ТДК-42 арнасына сұхбат берді.

Жастар мәдениет үйі залында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» патриоттық акциясы шеңберінде «Тіл мәртебесі – ел болашағы» атты шараға 3 п КДО тобы көрермен ретінде қатысты.

Облыстық Ішкі саясат бөлімі, «Шабыт» шығармашылық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі және «БҚМУ «Ақиқат» пікір-талас орталығы» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асырудағы жастардың белсенділігін арттыруға, сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерді дамытуға арналған пікірталас турниріне 2с КШО Бауыржанова Гаухар, 2а КШО Капиятоллина Аяжан қатысып, сертификатталды.

БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен 27-28 қыркүйек аралығында Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық мәдениетті бойларына сіңіру мақсатында өткен «Бозбала мен Бойжеткен» байқауына колледждің намысын қорғаған 3а КШИ тобының студенттері Супыгалиев Ернат пен Кунаева Гүлназ І орынды иеленді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қадыр орталығында өткен «Ұлттық мүдде – ұлы мұрат» тақырыбындағы латын әліпбиіне көшу туралы дөңгелек үстелге оқытушы А.Ж.Темрешова және 1п КШК тобынан 25 студент қатысып, өз ойларымен бөлісіп, ұлт үшін маңызды өзекті мәселелердің оңды шешілуіне қосып отырған кәсіби білікті мамандардың пікірлерін тыңдап қайтты.



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына орай әртіс шығармашылығын насихаттап, театрлар арасында тәжірибе алмасу және театр өнеріне деген қызығушылықты арттыру мақсатында 6-9 қараша аралығында облыстық қазақ драма театрында өткен халықтық театрлар фестиваліне 1а КДО тобы жетекшісі Н.У.Ахметовамен Жалпақтал ауылдық М.Ғұмаров атындағы халықтық театрының Рей Кунидің «Тесік тиын», 2п КДО Ж.М.Сахипова Казталов аудандық С.Сыдықов атындағы халықтық театры Рақымжан Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан», 1п КДО С.К.Бисенова Қаратөбе аудандық халықтық театры Болат Ұзақовтың «Жан дауа», 1п КШО М.К.Дуйсенгалиев Сырым аудандық Бұлан халықтық театры Ж.Ақбаевтың тарихи әңгімесінен алынған «Жаһанша қойылымы» тарихи драмасын, 1а КИнф Р.С.Султангалиев Теректі аудандық «Дат» театры Г.Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымдарын тамашалады.

қалалық мәдени-ағарту бірлестігінде халықты мәдени-ағарту қызметімен кең көлемде қамтуды жүзеге асыруға, кәсіби және көркемөнерпаздық шығармашылықты дамытуға, шығармашылық қабілеттерін айқындауға, бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында мәдени-ағарту бірлестігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мәдениет – рухани қазына» атты концерттік шараға колледжімізден 4 а МК топ және топ жетекшісі М.С.Жұматова, 4а ФК топ жетекшісі Д.Ф.Сарсенова қатысып, көркемөнерпаздардың өнерімен сусындап қайтты.

Островский атындағы орыс театрында ұйымдастырылған «Михайлов күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Малиновое зори» атты казак өлеңдері фестивальна Н.Г.Спашева жетекшілігімен 1а РДО тобы қатысты.

Фестивальды Гайса Хамидоллаұлы Капаков және фольклор-этнографикалық орталығының председателі Игорь Спиридонов ашты. Мереке гүл көрмесі, тәтті тағамдар сайысынан басталып, студенттер казак ұлтының тарихынан сыр шертер қойылымын тамашалап, әндерін тыңдады.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында 21-22 қараша күндері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, композиторлар одағының мүшесі, әнші –композитор өткен Дөнеділ Қажымов әндері орындаушыларының ІІ республикалық «Ақ Жайық – ару мекенім» ән фестиваліне 1а КДОтобы жетекшісі Н.У.Ахметова, 3п КШК, 3 ас КШМ тобы жетекшісі А.С.Утешкалиевтер көрермен ретінде қатысып, патриоттық әндермен сусындап, рухани байып қайтты.



БҚО Мәдениет және архивтер және құжаттама басқармасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінЕлбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылды. Елбасының ұсынған «Туған жер» бағдарламасының негізі мақсаты – отаншылдық сезімнің әрдайым жоғары тұруы керектігін баршаға жеткізу. Осыған орай, ел ертеңі саналатын жастардың бойында патриоттық тәрбие беру, салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен бірегей ұлттық кодымызды сақтап, тәрбие жұмысын белсенді жүргізу мақсатында Ақ Жайықтың құнды тарихи қазыналары сақталған Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне және киелі Түркістан шаһарынан келген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының «Тарихы терең Түркістан» атты көрмесін бекітілген кестеге сәйкес, сабақтан тыс уақытта топ жетекшілерімен топтар бірге тамашалауда. Кесте бойынша Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған, халықтың санасын ояту мақсатында рухани жаңғыру қолға алу. Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегі. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезім ояту. Туған ел бағдарламасы мен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз ғана үлес қосып жүрген 100 азаматтың есім-сойын анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау мақсатында туған өлкеге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне ерекше құретпен қарау, ел ертеңі саналатын жастардың бойында патриоттық тәрбие беру, Ақ Жайықтың құнды тарихи қазыналарымен танысу мақсатында 1а КДО тобы студенттері топ жетекшісі Ахметова Назгүл Өтегенқызымен бірге Орал қаласындағы 1832ж. негізі қаланған тарихи-мәдени мұражайға саяхат жасады. Студенттер мұражай залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған  ыдыстар,  қыш құмыралар, қола мен темірден соғылған жебе ұштары, еңбек құрал-жабдықтары өлкенің көне замандағы тарихы мен мәдениетінен мағлұмат алса, 19 ғ. мен 20 ғ-дың бас кезінде қолданылған әшекей бұйымдар, үй жиһаздары, тұрмыстық заттар, ер-тұрмандар Батыс Қазақстан төңірегінде ғұмыр кешкен қазақ қолөнер шеберлерінің болған облыстық тарихи-өлкетану музейіне жасалған саяхаттың нәтижесінде студенттер салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз жайында көп мағлұматтар алды.

2сКШФТ-9 тобымен топ кураторы А.Т.Даулеткалиева Орал қаласында орналасқан мұражайлар туралы түсінікті қалыптастыру мұражайға саяхатқа барды. Студенттер Орал қаласындағы мұражайдың 1832ж. негізі қаланған тарихи-мәдени мекеме екендігі және 1920ж. қалалық реалды училище мен казак-орыс әскерлері мұражайларының негізінде қайта құрылғандығы, мұражай залындағы археологиялық қазбалар кезінде табылған қыш құмыралар, ыдыстар, қола т.б. заттармен танысты.



1п КШО топ студенттері топ кураторы М.К. Дюсенгалиевпен бірге мұражайына саяхат жасап, мұражайдың экспозициясы 100 мыңнан астам экспонаттармен ұсынылғандығы, олардың палеолит дәуірінен бастап қазіргі заманымызға дейінгі облыс дамуының тарихын көрсететіндігін, мұражайдың бай топтамасы 8 залға орналастырылған: Жайық қаласының Алтын ордалық кезеңі мен пайда болуының археологиялары, Кіші жүз тарихы, Бөкей хандығының тарихы, кеңестік кезең тарихы, өнер тарихы, Батыс Қазақстан облысындағы ғылым мен білім беру, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі тарихындағы қазақ халқының этнографиясы екендігінен мәлімет алса,

Жастардың бойында отаншылдық сезімді жоғарылатып, ел ертеңі – жастарға патриоттық тәрбие беру, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтауға баулу мақсатында С.С.Бекенова жетекшілік ететін 1ас МК тобы Ақ Жайықтың құнды тарихи қазыналары сақталған Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады. Мұражайда студенттер Батыс Қазақстан облысының тарихы, жалпы қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлері, елімізде тұратын ұлттар бірлігі, өңірімізден шыққан танымал адамдар туралы, т.б. құнды дгруппа 112еректер алып, терең біліммен қаруланды. Мұражайға саяхат студенттерге үлкен әсер қалдырды.

Рухани жаңғыртуға бағытталған, халықтың санасын ояту мақсатында рухани жаңғыру қолға алу, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегі екендігін ұғындырып, Туған жерге деген сүйіспеншілік, Қазақстанға деген патриоттық сезімді ояту, ұжымды қалыптастыру және студенттерді қаламен таныстыру мақсатында 1а РШО тобы, топ жетекшісі У.А.Алтаева топсеруенге барды. Топ серуенге шығар алдында студенттер музейде, жалпы қоғамдық орында мәдениеттілік таныту, өз өздерін ұстау ережелерін ескертілді.

2с КДО топ студенттері, топ жетекшісі А.С.Бекбулатовамен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды. Студенттер облысымыздың тарихы және біздің қаламыздың тарихы XIII-XV ғасырлардан бастау алатындығын, қала шетіндегі Круглозерное ауылының маңындағы ескі қаланың орны табылғандығы қызықтырды. Пугачев көтерілісі туралы, А.С.Пушкин және оның келу мақсаты туралы қалар. Студенттер экскаваторға қызығушылық танытты, сұрақтар қойды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру, салт-дәстүрімізді, мәдениетіміз бен бірегей ұлттық кодымызды сақтау мақсатында БҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Патриоттық тәрбие - отаншылдық кепілі» атты Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университетінің профессоры, алаштанушы, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменованың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге 50 студент қатысып, тағылымды шарадан тәлімді тәрбие алды.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы алаңында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде қазақтың «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасында колледж жанынан құрылған «Достық үйі» және «Дарын» клубының мүшелері, 3а КШМ топтарының студенттері және оқытушылардың қатысуымен «Бастаңғы» салты көрсетіліп, оның шығу тарихы туралы 3а КШИ топ студенті Е.Супығалиев келген қонақтар облыс әкімінің орынбасары Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов және түрлі ұлт бірлестіктерінің өкілдері мен зиялы қауым қатысып, студенттердің өнерін тамашалап, оркестрмен бірге ән шырқады.

«Қазақстан-Орал» телеарнасы репортаж жасады. Колледжден аталмыш шараға көрермен ретінде 100 студент, 30 оқытушы қатыстырылды.

Бұл шара студенттердің бойында ұлттық рух пен дәстүрді, қабілет-қарымдарын ашып, тұлғалық жағынан шыңдалуға талпындырды.

БҚО тілдерді дамыту басқармасының Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақ драма театрында облыс әкімінің қатысумен өткен «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа қадам» атты жастар форуымына оқытушы Қ.Ү.Жақыпова және 2п, 3а КШК топтарынан 40 студент қатысты.

«Гендірлік көзқарас» бағытындаБҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында Батыс Қазақстан облысының жастарына арналған салтанатты «Гранд балл» шарасы аясында ҚР-ның еңбек сіңірген қайтаркері, тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызының «Әр күнге махаббатпен....» мотивациялық шеберлік сағатына 2сКШО, 2пКШК, 3сКШК, 2пКШО 2аКШО және 1аКДО топтарынан студент қыздар қатыстырылды.

Шара барысында қызбаланың тағдыры, болмыс-бітімі, қоғамдағы орны туралы кең ауқымды пікірлер қозғалып, белсенділікпен қатысқан 10 студентке Ләйлә Сұлтанқызы өзінің «Менің екінші кітабым» атты қолтаңбасы қойылған авторлық кітабын табыс етілді.

І курс студенттері топ жетекшілерімен өңірдің экологиялық, өлкетану мұражайына саяхаттады. Саяхат барысында студенттер мұражай көрмелерінен БҚО аумағынан қазып алынған жануарлар сүйектерін, пайдалы қазбалармен, ҚР Қызыл кітабына еңгізілген жануарлар, жәндіктер, құстар, балықтар түрлерімен, өсімдіктермен танысып, облысымыздағы экология, өңір тарихы жөнінде деректі фильм көріп, сабақта алған білімдерін кеңейті.

2с,п КШО топтарының қыздарымен «Қыз тәрбиесі - Ұлт проблемасы» тақырыбында медбикемен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында колледж медбикесі тақырыптық әнгіме жүргізіп, қазіргі кездегі кәмелетке толмаған қыздарға қатысты туындайтын мәселерге тоқталып, жағымсыз қылықтарға жол бермеутуралы топ студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында анкета сұрақтарына жауап беру ұйымдастырылды.Тәрбие сағатына барлық студенттер белсене қатысты.Шара барысында «Сиқырлы қобдиша» тренингі өткізілді. Әр студент «Сиқырлы қобдишадан» қызға тән мінез қасиеттерін таңдап, сол мінезге лайықты қызға сыйлық берді. Мысалы:Тәрбиелі,ибалы, инабатты, т.б. Тақырыпқа сай видеоролик көрсетілді, сол бейнефильм бойынша қыз тәрбиесі туралы студенттер ашық ойларымен бөлісті. Қазіргі қоғамдағы қыз тәрбиесіндегі олқылықтарға не себеп екенін нақтылады. Студенттерге ой толғау ретінде әр түрлі сұрақтар қойылды. Бауыржанова Гаухар, Кубиялиева Бибигуль, Зайнеденова Нурлы өз ойларын ашық білдіре алды. Сонымен қатар қазақ қыздарының қолданылатын әшекей-бұйымдары туралы айтылып, сұрақтар қойылып, әшекей бұйымдарды тағудың сыры мен мәні туралы пікірлер мен әңгімелер айтылды. Қазіргі қыздардың қылықтары туралы көптеген суреттер көрсетілді.«Тілек ағашы» атты тренингінде әр студент қызға 40 үйден тиымдарды оқып, «Тілек ағашына» жапсырды.Бұл тренингке барлық студенттер белсене қатысып, «Қазақ қызы қайда барасың?» атты бейнеролик көрсетіліп, видеороликтен не түсінгенін қыздар өз ойларын ортаға салды. «Сиқырлы ұяшықтар» тренигібарысында ұяшықта жасырылған «Қыз тәрбиесіне» байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын ашуда белсенділік танытты. Сиқырлы ұяшықтарда «Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі», «Қызға қырық үйден тыйым», «Ақылды қыз білімге жүгірер, Ақылсыз қыз сөзге ілігер» т.б мақалдар талданды. Қыздар қыз тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдердің мән мағынасын аша білді. «Қыз баланың сұлулығы» атты өлең оқылып, қыздарға кеңестер айтылды. Аққұштап Бақтыгерееваның «Сіңліге сыр» аудиожазбасымен аяқталды. «Мен күн астындамын»атты кезеңінде әр студент тәрбие сағатынан алған әсерлерін жазды.



«Менің арманым, мақсатым және менің болашағым»Дәстүрлі түрде І курс студенттері арасында колледж психологы Л.С.Есенованың жетекшілігімен «Өмір, қымбатсың, маған!» тақырыбында тренинг жүргізіп, эссе жазып, өздерінің өмірлерінің мәнін ұғынуға мүмкіндік, серпіліс алды.

1-3курс студенттері арасында «Армысың, Алтын күз» күзгі балл мерекелік кеші өткізілді. Байқауға 12 жұп қатысты. Олар: 1а МК-9 тобы (Есболат Әлжан, Жасұланова Меңдіғаным); 1ас КИнф-9 тобы (Досымбай Ислам, Кенжешева Айымгүл); 1п КШК (Ермекқалиұлы Нұрғали, Есенбаева Жанар); 2с КШФТ тобынан (Ахметкалиев Бауыржан) және 1ас РШО-9 (Шаужан Асылгүл); 1ас КШТ-9 тобынан (Наурызов Нұржайсан, Тлекова Айжан); 1п КШМ тобынан (Бекболатов Берікболат, Мұратова Сымбат); 1ас ФК – 9 тобынан (Құмаров Нұрдәулет, Тасбаева Дана); 1аКДО-9 тобынан (Кушегалиев Алтынбек, Кыдырова Назира); 1пКДО-11 тобынан (Абдірейм Оразхан, Жармаханова Жұлдыз); 2аКДО-9 тобынан (Амантай Қасымхан, Ахметова Алтынай); 2с КДО-9 тобынан (Тілегенов Оразай, Тулеуова Айсана); 2аКШР тобынан (Бердашев Артур, Сулейманова Виолетта).

Мерекелік кеш төмендегідей



  1. Таныстыру (топ жетекшісімен бірге);

  2. «Ертегі әлеміне саяхат» - үй тапсырмасы (бір ертегінің желісі бойынша қысқа метражды ролик дайындау - 3 мин).

  3. «Тосын сый» (ұйымдастыру алқасы дайындаған сұрақтарына жауап береді)

  4. «Сән үлгісі» (тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып киім үлгісін дайындау)

  5. «Күзгі вальс»

  6. «Күзгі дәм» - үй тапсырмасы кезеңдерін қамтыды.

Мерекелік кеш қорытындысы бойынша жүлделі орындармен, номинациямен және ерекше таланттарымен тынылған топтар алғыс хаттармен марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей орындар мен марапаттаулар берілді:

Бас жүлде - 2аКДО-9 тобынан (Амантай Қасымхан, Ахметова Алтынай);І орын - 2сКДО-9 тобынан (Тілегенов Оразай, Тулеуова Айсана);ІІ орын - 1пКШМ тобынан (Бекболатов Берікболат, Мұратова Сымбат);ІІІ орын - 1ас КИНф-9 тобы (Досымбай Ислам, Кенжешева Айымгүл) топтары жүлделі орындармен марапатталса, ал қалған топтарға атаулы номинациялар мен алғыс хаттар табысталды.



«Үздік таныстырылым» номинациясы бойынша 2а КДО-9 тобы (Амантай Қасымхан, Ахметова Алтынай және топ жетекшісі Шолпан Еркебаевна);«Ертегі әлеміне саяхат» номинациясы бойынша 2сКШФТ тобы (Ахметкалиев Бауыржан) және 1асРШО-9 (Шаужан Асылгүл); «Тосын сый» номинациясы бойынша, «Сән үлгісі» номинациясы бойынша, «Күзгі вальс» номинациясы бойынша 1аКДО-9 тобы (Кушегалиев Алтынбек, Кыдырова Назира);«Күзгі дәм» номинациясы бойынша 1асКШТ-9 тобы (Наурызов Нұржайсан, Тлекова Айжан).

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты дәстүрлі облыстық «Жұбан оқулары» байқауына 2 КШКстуденті Мажитова Мөлдір өнер көрсетсе, 2п КДО тобы мен Баян Берікқызы, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өткен өңірімізге танымал өнер жанашырлары, білім беру ісі мен денсаулық сақтау саласының үздігі Мақсот Берен мен қоғам қайраткеріҒабдрахим Жаңбырбаевтың 70 жасқа толу құрметіне арналған «Жұртым деп соққан жүректер» атты әдеби-сазды кешке Г.С.Нурашева жетекшілік ететін 2п КШО тобы кураторымен бірге, Облыстық халық шығармашылығы орталығында қазақ драма театрына Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өскелең ұрпақты үлкенді құрметтеу, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу, батаның маңызы мен мазмұнын түсіндіру мақсатында «Ата сөзі – бата сөз» облыстық батагөй қариялар байқауына 2п КШК тобы көрермен ретінде қатысты.

«Отбасы» бағытындаІ-ІІІ курс топтарында студенттердің бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру, ынтымақ пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Отбасы –өмір аясы», «Отбасы – береке бастауы», «Отбасы тәрбиенің басты ұясы», «Отбасындағы салт-дәстүрлер» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Шарада отбасы туралы түсінік беріліп,отбасындағы тәрбиенің рөлі, соның ішінде ата-ананың тәрбиесі ерекше екенін айтылып, студенттерге ой салатындай сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды. Студенттер өлең шумақтарын оқып, ән орындап, тренингтер жүргізді.

Колледжбен ата-ана арасындағы қатынасты, жауапкершілікті нығайту мақсатында І курс студенттерінің топ жетекшілері 1 ас КИнф тобының жетекшісі С.С.Бекенова, 1 п КШМ тобының жетекшісі А.Т.Жұбатова, 1а КДО тобының жетекшісі Н,У.Ахметова, 2с КДО тобының жетекшісі А.С.Бекболатова ұйымдастыруымен өткен


«Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Шара барысында ата-аналарға ғасырдан астам тарихы бар шежірелі білім ордасы туралы таныстырылып, ата-ананың бала тәрбиесіне байланысты ой-пікірлермен бөлісті. Соңы студенттердің концерттік бағдарламасымен жалғасып, ата-аналар сауалнама толтырды. Кеш соңында ата-аналар колледж әкімшілігіне, оқытушыларға ризашылықтарын білдірді.

«Отбасым-тірегім» тақырыбында топтық қабырға газетін шығарылып, қараша айында 2с КШО тобының жетекшісі А.Б.Журекенова «Отбасы – қоғамның іргетасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізді. Күн тәртібінде: Топ тынысы, жетістіктері. Сабақ үлгерімі, сабаққа қатынасу мәселелері, Жатақхана жағдайы талқыланды. Ата-аналардың сұрақтары жалпы балаларының оқу үлгеріміне, оқу төлеміне,тәртіп жағдайына байланысты болды.



Колледж психологы Л.С.Есенова І курс студенттері арасындағы ата - аналар жиналысына қатысып,«Жасөспірімдердің жас ерекшеліктерін психологиялық өзгерістер» тақырыбында ақпараттық жұмыс жүзеге асырылды. Ата – аналарға қазіргі кездегі теріс діни ағымдардан сақтандыру, өмірге позитивті қарым – қатынас қалыптастыру, бала алдындағы жауапкершілік туралы кеңестер берілді. Өз балаларының әлеуметтік желілерін қадағалау қажеттілігі және студенттердің әлеуметтік жағдайы, жатақханадағы өмірі, сабаққа, колледжге бейімделгендігі, ата-аналарға колледжбен тығыз байланыста болуға барлық жағдай бар екендігі айтылды.

Бүгінгі жаһандану ғасырында өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, болашағына жөн сілтеу, ата - ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында 1а КДО тобының жетекшісі Н.У.Ахметова «Баланың бас ұстазы-ата-ана» атты ата-аналар жиналысын өтті. Жиналысқа 14 ата-ана және оқу бөлімінің меңгерушісі А.У.Кидришева тәрбие ісінің орынбасары С.С.Жумиева қатысты. Колледждің тарихымен таныстырылып, «Баланың бас ұстазы-ата-ана» атты баяндама оқыды. І-ші аттестацияқорытындысы айтылып, психолог Л.С.Есенова психологиялық жаттығулар, тренингтер өткізді. «Ата-анаға құрмет» атты бейнефильм көрсетіліп жиналыс қорытындыланды.

2п КШО тобында (жетекшісі Г.С.Нурашева) «Отбасымдағы менің орным» тақырыбында тәрбие шарасын өткізді. Шара барысында АКТ, ойын технологиялары қолданылды. Студенттер отбасы туралы түсініктерін айтып, өз отбасындағы дәстүрлер мен қызықты жағдайлар туралы айтты. Әке, ана туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтылып талданды және әндер орындалды. «Үлгілі отбасы қандай болады?», «Менің отбасыма пайдам», «Менің отбасымдағы орным» тақырыбында еркін әңгіме орнады. «Отбасындағы сыйластық» тақырыбында бейнефильмдер көрсетілді, содан соң олар өз жобаларын жасады. Топ ішіндегі студенттердің отбасынан үлгілі деген отбасыларын өздері тауып атады. Тренинг арқылы отбасындағы қарым-қатынастағы жағымды сөздер айтылды.

2ск КШФТ тобындағы (жетекшісі Р.С.Акқожина)«Жанұяның жарқын күндері» тақырыбындағы тәрбие сағатында топ студенттері өз отбасылары туралы, ата-аналары мен бірге отбасында өткізіліп тұратын дәстүрлерімен қағидалар туралы әңгімеледі. Студенттерді ізгілікке, адамгершілікке, кішіпейілдікке, халқымыздың асыл - мұрасы халық ауыз әдебиеті жанрларын оқып үйренуге тәрбиелеу мақсатында 2сКШО тобындағы (жетекшісі А.Б.Журекенова) «Ата баба мұрасын сақтаймыз» тәрбие сағаты сайыс түрінде өтіп, екі топқа бөлініп, 1кезеңде «Салт-дәстүрді білесіз бе?»- бұл бөлімде ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға жауап берді.2 кезеңде «Атадан қалған асыл сөз»- бұл кезеңде ертедегі шешен, билердің сөздері оқылып, авторын табу сұралды. 3кезең «Мақал- сөздің мәйегі » - бұл кезеңде ұсынылған сөз бойынша көрсетілген уақыт аралығында мақал құрастыру тапсырылды.




Каталог: images -> 2019-1
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
2019-1 -> «саяси қУҒын сүргін және халықтар депортациясы» студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет