Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



жүктеу 1.68 Mb.
бет4/9
Дата21.04.2019
өлшемі1.68 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

І кезең. «Көңіл сергіту» Бұл кезеңде әр топ сөзжұмбақты тез дұрыс және үш тілде шешуі тиіс (сөзжұмбақты бұрын және дұрыс шешкен команда бұл кезеңде жеңімпаз болып есептеледі, оларға 2 ұпай беріледі. ) Көңіл сергітуде 2пҚМҚ тобы жеңіске жетті.

ІІ кезең Үй тапсырмасы (газет қорғау) Бұл турда әр топ лингвист ғалымдар туралы сөз қозғады. 4аКШР, 1аРШО, 2пҚМҚ, 2пҚМБ топтарының газеттері ерекшеленді.

ІІІ кезең. Эссе (Ұлттың ұлы жазушысы (М.Әуезов), Алаш қозғалысының қайраткері (Ж.Досмұхамедов), еркін тақырып Әр топ мүшелері өзі қалаған тақырыпқа эссе жазды.

Есенгалиева 4аКШР, Данскова Ж 2аКШР, НағымоваТ 2пҚМҚ, Абилова 2пКШО студенттерінің жазған эсселері өте жақсыға бағаланды.


ІҮ кезең. «Қызықты деректер». Бұл кезеңде команда 20 сұраққа тез және дұрыс жауап беруге тиісті (дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі) 
Ү кезең. Тест тапсырмалары бөлімінде 3нұсқада тест берілді. Нармамбетова (4аКШР), Данскова (2аКШР), Нағымова (2пҚМҚ), Абилова (2пҚМБ) тобы студенттері тест тапсырмаларынан жоғары ұпай жинады.

ҮІ кезең. «Бекет» Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақтар қойылды. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланды. Сайыс соңында әділқазылар сайысты қорытындылап, 1-орын 2пҚМҚ, 2-орын 2пҚМБ, 3-орын 2аКШР жеңімпаз топтарын марапаттады.





3ас КШИ тобы (жетекшісі З.Е.Ахметова) Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «ЭКСПО-жаңғырудың қозғаушы күші» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел барысында студенттер «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінен алған әсерлерімен бөлісті. Студенттер ЭКСПО көрмесі барысында еріктілердің жұмыс формаларын бейнелеген шағын көрмемен танысты.

Сонымен қатар топ студенттері «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез!» сөздерімен ұрандалған жастардың бойына халқымыздың мәдени мұрасына, тіліне және дәстүріне құрметпен қарауды қалыптастыру бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру, әр түрлі тақырыптарда дәрістер, сайыстар өткізіп, жастардың әдеби шығармашылығын дамыту, жергілікті ақын-жазушыларымыздың туындыларымен, өмірбаяндарымен тереңірек танысып, өсіп келе жатқан ұрпаққа насихаттау мақсатында «Мирас» танымдық клубының ашылуына куә болып қайтты.Пікірталас барысында сөйлеу мәнерлерімен ерекше көзге түскен топ студенттері А.Қуандих, А.Утегенова, Т.Орынов, Ж.Мубинов «Мирас» танымдық клубына мүше болып қабылданды.

«Менің халқымның салт-дәстүрлері» бағытындаағылшын тілі кафедрасындағы желтоқсан айында өтіп жатқан айлықтың жоспарына сай «Friendship» тілдер клубының ашылу салтанатына белсене атсалысты. Клубтың ашылуының негізгі мақсаты – студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Н.Б.Ешмуханова жетекшілік ететін 2а,с,п РШИ тобынан Габдуллин Э., Сейткерей Ж. жүргізушілер, Бахитова Ж., Алиева Т., Меллатова А., Бочковская К., Ахова М., Тастайбекова Г., Суйнешева А. өзбек, азербайжан, украина, грузин халықтарының тілдерінде сөз сөйлеп, амандасып, тілек білдіріп, ән шырқап, би билеп, өлең оқыды. Клубтың ашылу салтанатына колледж директорының міндетін атқарушы Ш.С.Набидоллина, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.С.Жумиева, ағылшын тілі кафедра оқытушылары қатысты. Кештің басында колледж директорының міндетін атқарушы Ш.С.Набидоллина сөз сөйлеп, клубтың ашылу салтанатына орай жылы лебіздерін білдіріп, клубтың әрі қарай жұмысына табыстар тіледі. Тілдер клубының ашылуына басқа да топтар белсене атсалысты. Атап айтсақ, 2аКШО, 2аКДО, 2сКШО, 3аКШМ топ студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Тілдер клубы одан әрі өз жұмысын арнайы жұмыс жоспары бойынша жалғастыратын болады.

Екінші курста студенттерді қалыптан тыс жағдайдан жол тауып шығуға, оқу бағдарламасын модельдеуге, ақпараттық оқу алаңын құруға үйрету,ұлтжандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылды.

Үшінші курста «Шығармашылыққа, өзін-өзі басқаруға үйренеміз!» бағытында өткізілген тәрбие шаралары студенттердің өз бетімен ізденуіне, пікірін ашып айтуға кез- келген жағдайдан жол тауып шығуына үйрету мақсатында ұйымдастырылды.

Математика, информатика және технология кафедрасында студенттердерті Отанды сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеріп, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриозм сезімін қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік ел - біздің болашағымыз» атты  ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған тәрбие сағаты өтті. 



Студенттер жеребе суырып, I топ – Ұстаздар, II топ - Архитекторлар, III топ - Дәрігерлер, IVтоп- Заңгерлер топтарға бөлінді.

Тәрбие сағатының шарттары: I бөлім: Таныстыру. (бұл бөлімде студенттер өз топтарымен таныстырады), II бөлім: Мамандығым мақтанышым. (Яғни бұл бөлімде әр топ өз мамандықтары бойынша…), III бөлім: Жаңа жоба. IV бөлім: Мадақтау, ұсыныс, сын, қорытынды.

Тәрбие сағатын бастамас бұрын студенттерді сергітіп алу үшін, караокемен  ән айтқызып, көңіл көтергізді.

Таныстыру бөлімінде әр топ мамандықтарына сай киім үлгісін ұстана отырып, таныстырды. Ұстаздар өздерін ән арқылы ерекшелеп таныстырды:Архитекторлар тобы жүректерінен шыққан өлең жолдарымен таныстырды: дәрігерлер тобы өздерін көрініс арқылы талқылап, дәрігердің адам өміріндегі маңызын көрсете білді:Заңгерлер тобы өздерін слайд арқылы таныстырып, ерекшеленді:

Тәрбие сағатының екінші бөлімінде әр топ өздерінің мамандықтары жайлы мағлұмат беріп, әр мамандықтың ерекшеліктерін айтып өтті:

Жаңа жоба бөлімінде Ұстаздар тобы өздері құрастырған жобаларымен таныстырды.1топ өздерінің ойлап тапқан УЧТІ 18 атты роботымен таныстырды. Бұл жобаның ерекшеліктерін көрсетті және бұл мұғалімдерге қажеттіліктерін толықтыратын жоба болды. Архитекторлар тобы Қазақстанның 26 жылдығына арнап, Қалаларда тұрғызылатын ауруханалардың макетін ұсынды. Бұл жобаның артықшылықтары өте көп және халыққа қолайлы болып табылады. Заңгерлер тобы адамдарға өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін, заңдарды жатқа білетін қаламды ойлап тапты. Студенттер жобаның пайдалылығымен қолайлығын көрсетті. Дәрігерлер тобы Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығына ЛЮКС БУК NM бейне ролик арқылы жүзеге асырып, таныстырды.

Бұл жобаның тиімділігі ауруханаларда болатын проблемалардың бірі  кезектің азаюына зор үлес қосады.

Облыстық тарихи өлкетану музейінде «Ел іші – өнер кеніші» жобасы аясын көрме өткізілді. Көрмеге Батыс Қазақстан облысының және қаламыздың жеке коллекционерлері мен қолөнер шеберлері, сондай-ақ колледж оқытушыларының жетекшілігімен орындалған студенттердің жұмыстары қойылды. Көрмені музей директоры ашып, студенттер, музей қонақтары тамашалады. Шараға колледжден 4асКШТ, 3асКШИЧ тобы студенттері қатысты.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестивалі аясында колледжде «Туған жерім – түп қазынам, байлығым» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрме фестиваль талаптарына сәйкес ұйымдастырылды. Көрмеге ұлттық құндылықтарымызды дамытуға мақсатында жасалынған ұлттық қолөнер бұйымдары, қазақтың ұлттық бас киімдері, сәукеле, бөрік, жәдігерлік бұйымдар, коллаж техникасында орындалған ұлттық нақыштағы композиция көрмеде көрініс тапты. Көрмені ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы тамашалап, бағалады.

Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында плакаттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3ас КШИЧ, 4с КШО, 4а КШО тобы студенттері қатысты. Студенттер өз жұмыстарында тақырыпқа сай композиция құрастырған. Акварель, гуашь техникасымен қатар компьютерлік техниканы да қолдана отырып орындаған. Плакаттарда композиция тақырыпқа сай толық ашылған.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым!» тақырыбында плакаттар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге 3асКШИЧ, 4сКШО, 4аКШО тобы студенттері қатысты. Өз жұмыстарында тақырыпқа сай композиция құрастыра отырып, тақырыпты аша білген.

13 желтоқсан күні қазақ драма театрында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған «Рухани жаңғыру - болашақтың кепілі» атты облыстық фестиваль қорытындыланды. Шараға қолөнер бұйымдарынан көрме қойылды. Көрмеде 4аКШТ тобы студенті Е.Нұрашев ұлттық қолөнер түрі бойынша шеберлік класын көрсетіп, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.



Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында өткен Батыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының форумында ұлттық қолөнерді дәріптеу, дамыту, студенттерге үйрету мақсатында колледжіміздің студенттердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары көрмесі қойылды.

Шараға БҚО облыс әкімінің орынбасары Оспанқұлов Ғабидолла Абдоллаұлы қатысып, көрмені аралады. қойылды. Көрмені 4а КШТ тобының студенті Қонысбаева Аяжан таныстырды.Дәл осы көрмені «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед аралады.

Оқытушы А.Б.Джамбаева өзі жетекшілік ететін «Муза» клубымен бірге ҚАЗИИТУ білім ордасы базасында ғалым К.ЭЦиолковскийдің 160 жылдығына және суретші Василий Яроцкийге арналған, көрмені клуб мүшелерімен бірге тамашалады.

Студенттер көрмеден тамаша әсер алды. Суреттердің көпшілігі космос, жер, махаббат тақырыбына арналған. В.Яроцский тек қылқаламмен жұмыс жасап қана қоймай, жұмыстарында фольга, айна материалдарын да пайдаланғандығын, фантазия, иллюзия жоспарында жұмыс жасайтынын білдік. Көрмеде жұмыстардың бірден бес бөлігі көрсетілген. Кей жұмыстары Қадыр Мырза Әлі орталығында орналасқанның айтылды.

Сан түрлі ұлт пен ұлыстан құралған Қазақстан халқы сыннан өткен достығын нығайта отырып, өзінің ырысын молайтып келеді. Экономикалық ілгерілеу ел-жұрттың бірлігіне, ұйымшылдығына тығыз тәуелді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да халықтар достығы бүкіл жетістігіміздің өзегі екендігін орынды атап өтті. Халықтың рухани мұрасы - баға жетпес байлық.

ІІ-ІІІ курс студенттері арасында «Сәлем сөздің анасы», «Ата салтың – асыл қазынаң» атты тәрбие сағаттарындаата-аналарын, үлкенді құрметтеу, олардың үмітін ақтау, қазақы тәрбиені сақтау туралы айтылып, қойылымдар көрсетіліп, студенттердің өз ойлары ортаға салынды,отбасылық салт-дәстүрлерді жалғастыру, өз отанының адал азаматы болуға дағдыландыру.

ІІІ курс студенттері арасында отбасылық құңдылықтарды дәріптеу мақсатында «Қазақ салт-дәстүрлер» үйірмесі 1а КШО, 1п КШО, 1а КШР, 2с КШФТ, 3с КШФТ, 3ас КШМ топ студенттерінің арасында педагогика, психология айлығының аясында Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттеріментаныстыру, әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында «Жігітке жеті өнер де аз» атты студент жігіттерге арналған салт-дәстүр үйірмесінің отырысы өткізілді. Шара екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде салт-дәстүрге көз жүгірт, яғни қазақтың ат әбзелдері туралы бейнебаян көрсетіліп, ат әбзелдерінің ер, ер тоқым, жүген, өмілдірік, үзеңгі, құйысқан, ноқта көпшік, қамшы т.б. әбзелдерін слайд материалдары арқылы суреттерін көрсетіп, жасалу жолдарымен атты еріктеу жолдарын түсіндірді. Шараның екінші бөлімі сайыс түрінде жүргізілді. Бұл бөлімнің ерекшелігі жігіттеріміздің салт-дәстүрден өнер-білімін, қабілеттерін, қызығушылықтарын, анықтауға арналды. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды. («Таныстырсам өзімді»- студенттердің өздерін таныстыруы, «Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету, «Күш атасын танымас» - қолмен күш сынасу, «Құралайды көзге атқан» - нысана көзде, «Ескірмейтін есті сөз» - кезеңі 2 бөлімнен тұрады. 1.Танымдық сұрақтар. «Асықтар қоржыны» арқылы сұрақтарға жауап беру және 2.Салт-дәстүрлерді сіз білесіз бе? жеребе суыру арқылы дәстүрлерімізге түсінік беру).

І-ІІІ курс студенттері арасында «Қазақстан 2020: болашаққа бастар жол» мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы негізінде 1-3 курс студенттері арасында «Армысың, Алтын күз» күзгі балл мерекелік кеші өткізілді. Байқауға 12 жұп қатысты. Байқау 6 бөлімнен құралды. Студенттердің тапқырлығын, шеберлігін бақылау, сахналық мәдениетті қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету, ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен шарада қатысушылар «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» атағына бақ сынасты. Сайыскерлер топ жетекшісімен бірге өлең жолдарымен, әнмен, қойылым түрінде өздерін таныстырып, «Ертегі әлеміне саяхат» - үй тапсырмасы (бір ертегінің желісі бойынша қысқа метражды ролик дайындау), «Тосын сый» (ұйымдастыру алқасы дайындаған сұрақтарына жауап береді), «Сән үлгісі» (тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып киім үлгісін дайындау), «Күзгі вальс», «Күзгі дәм» - үй тапсырмасы кезеңдерін қамтыды. Бойжеткендер салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, кешкі көйлектен сән үлгісін көрсетті. Қорытындысында «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» атағына 2а КДО-9 тобынан Ахметова Алтынай мен 1 ас ФК тобынан Амантай Қасымхан иеленді, ал қалған топтарға атаулы номинациялар мен алғыс хаттар табысталды.

02-05.11.2017ж күндері Петропавл қаласында өткен ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарында 3п КШМ топ студенті С.Гайсина «Алтын медаль» иегері, 3а КШМ топ студенті М.Жанболат «Күміс медаль» иегері, Т.Абуханов. «Арнайы диплом» иегері атанды

группа 61

Халықаралық студенттер күніне орай «Өнерлі студент – 2017» облыстық фестиваль өтті.

Байқауға ҚазИИТУ, АТИСО, ОГТК, Құрманғазы атындағы музыкалық коледжі, М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Ж.Досмухамедов атындағы педогогикалық колледж оқу орындары студенттері қатысты.

Конкурсқа 1п,3а,с, пКШМ топ студенттері Бекболатов Берікболат, Құбай Райымбек, Муратов Ақынбек, Талгатова Айсауле, Тастенова Арна (ән жанры), Хамитова Диана (би жанры) 1п КШМ, 3а КШМ тобынан Қожаниязова Гүлназия, Жанболат Мейірбек (ән), Асетова Альвина, Нұрмұханов Бауыржан (би), 3с КШМ Ұзақбаев Бағдаулет (ән), 3п КШМ Ысқақ Самат (ән) жанрлары бойынша өнер көрсетті.

Байқауға барлығы 40 үміткер қатысты, соның ішінде 24 вокал жанры бойынша, 15 би жанры бойынша өнер сайысына түсті. Байқау ІІ-кезеңнен турды, шарттары 1-кезеңде патроттық ән, 2кезеңде өз қалауы бойынша.

І-кезеңнен педагогикалық колледжден 5 студент Гала концертке өтті.

3а КШМ тобынан Қожаниязова Гүлназия (жет: М.Ж.Хайдарова) «Үздік әнші» номинациясы бойынша II- дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.

1п КШМ студенттерін конкурсқа топ жетекшісі А.Т.Жұбатова дайындап, нәтижесінде студенттер «Алғыс хатпен» марапатталды.









Би номинациясы бойынша Асетова Альвина, Нұрмұханов Бауыржан 3а КШМ тобынан жетекшілері Г.А.Қуанышева дайындап, қатыстырды. Хамитова Д. би жанрынан қазақ биі, өзбек билерін биледі.

Байқауға студенттерді М.Ж.Хайдарова, А.Т.Жұбатова дайындап, қатыстырды. 3а,с КШМ топ жетекшісі С.А.Утешкалиев топ студенттерімен барып, қатысушыларға қолдау көрсетті.

Колледждегі тәрбие жұмысының басты саласының бірі – құқықтық тәрбие. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын жетілдіріп, құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын-алу және оларды болдырмау.

Жастар тәуелсіз Қазақстанның болашағы десек, олардың бүгінгі жағдайы кім-кімді де толғандырмай қоймайды. Колледжде жастардың құқық бұзушылыққа жол бермеуін қамтамасыз ететін тәрбиелік шараларды жүзеге асыруда құқықтық тәрбие, құқық бұзушылық пен нашақорлыққа қарсы күрес Кеңесінің ролі зор. Құқық бұзушылық мәселелері Кеңесте қаралып, құқықтық тәрбие бойынша ұсыныстар жасалынады.

Колледжімізде студенттердің құқықтық білімдерін жетілдіріп, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің құқық бұзушылығын алдын-алу, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырып, адамгершілікке, салауатты өмір салтына баулып, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында БҚО жастар саясаты мәселелерінің басқармасы және жастар ұйымдарының Қауымдастығымен бірлескен «БҚО жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің мүшесі Науқан Талант Біржанұлы, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теолог маманы Романкулов Асет Исламбекұлы, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры Денгизбаева Алия Едресқызы, колледж инспекторы, полиция аға лейтенанты Теміртасов Мейірбек Қайырұлы, №3 қалалық емхананың акушер-гинекологы Нурушева Клара Турганбекқызы және психолог-дәрігер Бимурзина Раушан Маратовна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумиева Сандуғаш Садуоқасқызы, әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Мухсинова алтын Жолдасовна, колледж медбикесі Джумагалиева Айнагүл Сериккалиевнаның қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмауы» және «Нөлдік төзімділікті қалыптастыру» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Кездесуде қатысушы қонақтар жасөспірімдерге қатысты түйткілді мәселелерді талқылауда ашық әңгіме алаңында ой өрбітіп, студенттер пікірлерін тыңдап, болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтті.



Қазан айында Батыс қазақстан облысы білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кісңптңк білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Жастарға құқықтық тәрбие беру: жағдайы, мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелде «студенттерде құқықбұзушылықтың алды алуда колледж инспекторымен бірлескен жұмыс тақырыбында» баяндама оқыдым.

БҚО ӘӘД ҚР ІІМ 2018-2019 оқу жылына талапкерлерді іріктеу кәсіптік бағдар беру мақсатында, БҚО ІІД кадрмен жұмыс жөніндегі аға инспектор, полиция майоры Барасова Айгүл Маратқызы, Абай полиция бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция аға лейтенанты, колледжіміздің 2001 жылғы «Дене шынықтыру» мамандығының түлегі Амангожиев Ермек Ерболатұлы, колледж инспекторы, полиция аға лейтенанты Теміртасов Мейірбек Қайырұлының қатысуымен 3а КШФТ (топ жетекшісі Н.З.Утегалиев), 3а КШФ (Г.А.Жолдасова), 3п КШК топтарының студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде жалпы орта, орта-техникалық немесе арнайы кәсіптік білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сай келетін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, 4 жылдық оқу мерзімде Алматы, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе заң институттарына білім алуға үгіт жұмыстарын жүргізіп, оқу орындары туралы кеңінен мәлімет берер видео көрсетіліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және өз құқығын қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында Б.Кәрімова жетекшілік ететін 1п ҚМҚ тобында колледж инспекторы, полиция аға лейтенанты Теміртасов Мейірбек Қайырұлымен кураторлық сағат өтті. Кездесу барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарын колледж инспекторына қойып, нақты жауаптарын алды. Бұл кездесуде теріс діни ағымдардан сақ болу, колледж ішінде смартфон ұстамау, ұсақ бұзақылық жасамаужәне басқа қылмыстардан аулақ болу туралы сөз қозғалды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, көшеде темекі шегу, шемекі шегу, түнгі 23.00-ден кейін жүрмеу секілді ұсақ бұзақылық жасағандарға , әр студент 27 сағаттан көп сабақ жібергендерге 10 МРП көлемінде айыппұл салынатындығы (22610 тенге), сондай-ақ орталықта 106 камера орнатылғандығы, колледж іші мен айналысында да орнатылған камералардың бәрі қылмыстық әрекеттерді болдырмаудың шаралары екендігін айтылып, студент оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін орындау керектігі айтылды. Егер жеке басындағы проблемалар туындаса, колледж психологы немесе колледж инспекторымен анонимді түрде ақылдасуға болатыны жөнінде ескертті.

«Әлемді өзгертем десең өзіңнен баста!» тренингтері арқылы ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл- күйін көтеру, қарым-қатынастың белсенді стилін дамыту бағытында өткізілді.

студенттерді шыншылдыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеумақсатында«Доссыз өмір -тұзсыз ас» тақырыбында тәрбие сағаты достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғымыз емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру. «Достық неден туындайды, қалай түсінеміз?» сұрағы бойынша ойларын білдіріп, топтық жұмыстар орындады.

Жастардың, әсіресе, жасөспірімдердің, залалды дағдыдан аулақ болуы үшін, зиянды әдеттің жиіркенішті жағын, ағзаға зиянды әсерін жете әрі толық айтып түсіндіру мақсатында 1ас ФК тобында (жетекшісі Г.К.Суйнгалиева) «Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың денсаулығына байланысты»тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліп, насыбай, оның зиянды жақтары мен қазіргі таңдағы қоғамды жайлап бара жатырғандығы туралы топ студенттерімен ашық әңгіме өткізіліп, онда топ студенттері өз ойларын ортаға салды, оны қолданған адамдардың ауруы туралы ақпарат берілді. Болашақта зиянды заттардан, соның ішінде насыбайдан сақтану керектігі туралы ескертілді.

ІҮ курста кәсіби біліктерін арттыру мақсатында жүргізілген жұмыстар арқылы түлектер жұмыспен қамтамасыз етіліп, қоғамда өз орындарын табатынына сенімдіміз.

«Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделі бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар колледж студентерінің мәртебесін көтеруге, жеке тұлғаның әлеуметтік, адамгершілік, этикалық қасиеттерін, сана-сезімін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталды.


Каталог: images -> 2019-1
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
2019-1 -> «саяси қУҒын сүргін және халықтар депортациясы» студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет