Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



жүктеу 1.68 Mb.
бет5/9
Дата21.04.2019
өлшемі1.68 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үйірмелер мен клубтар
2017-2018 оқу жылында білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мен полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында колледжде жоспарлы әрі мақсатты түрде 7 клуб, 31 үйірме жұмыстанады.

Филология кафедрасында 5 клуб жұмыс жасайды: "Дарын","Зерде", "Вдохновение","Муза","Достық үйі"Оған 242 студент қатысады.



«Дарын» клубы - жетекшісі: А.Ж.Темрешова

Клуб құрамында 54 студент. (1п ҚМҚ, 1п ҚМБ, 2п ҚМҚ, 3п ҚМҚ, 3с ҚМҚ, 3а ҚМҚ, 2сКШО, 3аКШМ).

2017-2018 оқу жылында белгіленген жоспар бойынша клуб мүшелерімен оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Клубтың мақсаты дарынды студенттерді көркем әдебиетті сүюге баулып, көркем сөздің кестелі өрнектері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытып, ана тілін қастерлеуге баулу болғандықтан, әдеби-сазды кештер, оқырмандар конференцияларын, кездесулер өткізу, ақындар шығармашылығына арналған оқулар, жыр мүшәйрасын, түрлі байқаулар, танымдық кештер ұйымдастыру, студенттерді қалалық облыстық байқауларға қатыстыру, танымдық сайыстарды оздыру міндетке алынды.

«Дарын» клубының мүшелерін толықтыру мақсатында 1пҚМҚ және 1пҚМБ тобы студенттеріне арналған «Дарын» клубының жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында презентация өткізді. Клубтың 2000 жылы мәдениетті қолдау жылы аясында ашылғаны және сол жылдары клубты танымал ақын А.Таубаева басқарғанын, кейінгі жылдары А.Қыдырниязова жетекшілік етіп, дарынды студенттердің ақындық өнеріне ерекше мән беріп, көркем сөз оқуға баулығанын және қазір клуб өз жұмысын осы бағыттарда жалғастырып отырғанын баяндады. «Дарын» клубының мақсат-міндеттерін түсіндірді. Клуб қаламыздағы Ж.Молдағалиев, Х.Есенжанов кітапханалары, Қадыр Мырза Әлі мәдениет өнер орталығы, қазақ драма театры жән ЖОО мен кәсіптік техникалық колледж ұжымдарымен тығыз байланыста жұмыс атқаратыны және клубта белгіленген жоспар бойынша әдеби-сазды кештер, түрлі кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілетінін әңгімелеп, клуб мүшелерінің соңғы 3 жыл көлемінде жеткен жетістіктеріне тоқталдым. Презентация клуб мүшелерінің өнерін тамашалаумен аяқталды.

Қыркүйек айында Қадыр Мырза Әлі атындағы өнер орталығында өткен «Өз дәуірінің дауылпазы»атты ақын, Сағынғали Сейітовтің 100 жылдық еске алу кешіне «Дарын» клубы мүшелері қатысты.



Кешке облыс әкімі Алтай Сейдірұлы бастаған бір топ қонақтар: ақынның қыздары Дидар мен Ділбар, жиен қарындастары және ақын Ақұштап Бақтыгереева, сазгер Ілия Жақанов сынды еліміздің белгілі адамдары қатысты. Шара жас жауынгер Сағынғали Сейітовтің майдан даласында, от пен оқтың арасында жүріп ақын атанған тұлғасын бейнелейтін көріністен басталды. Кеш барысында Ақұштап апамыздың, Ілия Жақановтың, қызы Ділбар апамыздың естелік әңгімелерінен, фоэдегі ақын шығармашылығына арналған көрмеден, 1917 жыл Ақжайық ауданы Өлеңті ауылында дүниеге келіп, 1936 жылы алғашқы өлеңі облыстық газетте жарық көргенін, ғалым Қ.Жұмалиевтің ықпалымен алғаш ҚазПИ-ге оқуға түсіп білім алғандығын, соғыс жылдарында ақын Жұбан Молдағалиевпен майданда «Отан үшін!» газеті редакциясында бірге жұмыс жасағандығын, алғашқы жинағы 1951 жылы «Большевиктер» деген атпен жарық көргендігін, атақ-абыройға қызықпайтын адал адам болғандығын және де І. Жақановтың «Айлы түн» әнінің сөзін жазған автор екендігі секілді тағы да басқа мәліметтермен қанықты. Болашақ тіл мен әдебиет мамандарына кештің тағылымдық мәні зор болды. Кеш «Оралдың ерке самалы» әнімен аяқталды.

Қыркүйек айында «Рухани жаңғыру –ұлттың жаңғыруы» атты филология кафедрасының пән айлығының ашылу шарасына клуб мүшелері белсене қатысты. Айлықтың ашылу салтанаты «Әуезов әлемі» деп аталып, ұлтымыздың ұлы жазушысы М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына арналды. «Әуезов-ұстаз» 2п КШК тобы, 3а КШК тобы студенттері «М.Әуезов-ғалым» тақырыптарында баяндады. 3пКШК тобы М.Әуезовтің туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен ұлы суреткер, кемел ойдың кеніші, кенен сөздің кеңшісі болғанын дәлелдеді.

1пКШК тобы ұлы тұлғаның қайраткерлік қырын ашты. 3сҚМҚ тобы «Абай жолы» роман –эпопеясынан үзінді Құнанбайдың қажыға аттануындағы Құнанбай мен Ұлжанның диалогінен көрініс қойды. Кеш соңында Т.Молдағалиевтің, Қ.М.Әлидің, Қ.Сариннің ұлы тұлғаға арнау өлеңдері оқылды.



Клуб мүшелері М.Әуезов туралы Р.Гамзатовтың, Бенжамен Матиптің пікірлерін жатқа оқыды.Шараны кафедра меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова қорытындылады.

1-4 курс студенттері арасында оқытушы А.А.Жолдасова ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің мән-маңызын студенттерге таныстыру, олардың патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Мен елімді жырлаймын» атты шара өткізді. Шараға клуб мүшелері қатысты. І курс студенттері белсенділікпен қатысып, 9 топ додаға түсті. І курс студенттері әсем әндерімен көтеріңкі жақсы көңіл- күй сыйлады. Атап айтсақ, 1пКДО тобынан Қуанова Нұргүл «Халқым-ай», 1пКШМ тобынан Р.Мұратов домбыраның сүйемелдеуімен дәстүрлі «Туған жер» әнін, 1аКШО тобынан З.Асқарова «Астана», 1п КШО тобынан Ә.Бақтыбаева «Ерке сылқым» күйін, А.Ғылымова «Алтын бесік», Т.Рақымова «Қазақ елі осындай» әнін орындап, көрермен жүрегіне жол таба білді.

Сонымен қатар қатысушылар ЭКСПО тақырыбын қамтитын қабырға газеттерін шығарып, түрлі материалдардан көрме ғимраттарын бейнелейтін шығармашылықпен орындалған макеттер қойды. Олар осы шараға арнап Экспо-2017 көрмесі тақырыбында арнау өлеңдерін ерекше шабытпен оқыды. Соның ішінде 1пКДО тобынан Қуанова Нұргүлдің «Менің қазағым» және Аманбаева Ақкербездің «Астанаға арнау» өлеңін ерекше атауға болады. ҚМҚ топтарының арасында ЭКСПО-2017 тақырыбында эссе жазу байқауының үздік деп танылған жұмыстары «Дарын» клубы мүшелері Г.Даумова (3пҚМҚ), Л.Құмар, Б. Шәріпова, А. Нұғманова, Қ.Мұхтар, А.Садырбекова, Б.Құдайбергенова, М.Исайқызы оқыды. Олар қара сөзбен ой оралымдарын шебер жеткізе білді. 1пҚМҚ тобы студенті А.Мұсағалиева ЭКСПО көрмесіне арнау өлеңін оқыды.

Шараны қорытындылау үшін сөз тізгінін алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Садуақасқызы 1-курс студенттерінің белсенді дайындалғанын, шараның жоғары дәрежеде өткізілгенін, студенттердің сахнадағы кейбір кемшіліктерін түзеуге кеңес беріп, барша шара қатысушыларына, көрермендерге алғысын айтты.

Клуб жетекшісі А.Темрешева ретінде «Дарын» клубы мүшелерімен классик жазушы М.Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына арналған ұлы жазушының шығармалары мен әдеби мұрасын зерделеу,қиялы жүйрік, ойы ұшқыр киелі сөз өнері дарыған дарынды жастарды қолдау, кәсіптік оқу орындары студенттерінің шығармашылық қабілеттері мен тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында «Шалқар шабытты жазушы» атты колледжаралық Мұхтар оқуларын ұйымдастырды. Байқауға Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Батыс Қазақстан АТиСО академиялық колледжі, Республикалық жоғары техникалық колледжі студенттері қатысты. Филология кафедрасы меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова, оқытушы Б.М.Кәрімова, «Дарын» клубы жетекшісі А.Ж.Темрешева, музыка кафедрасы оқытушысы М.Хасановалар байқауға қазылық етті. Сайысқа қатысушылар қаламгер шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп оқып, «Абай жолы» романынан қойылым көрсетіп, танымдық сұрақтарға жауап беріп бақ сынасты. Шара қорытындысында І орынды РЖТК «Мұхтар мұрасы» тобы, ІІ орын Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі тобы, ІІІ орынды БҚАТиСО академиялық колледжі тобы иеленгендері үшін және жетекшілер М.Н.Габдешова, А.Л.Ихсанова, Л.А.Нагимовалар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Белсене қатысқан студенттер Саламат Ернар, Исатайқызы Марзия, Садыров Азиздерге «Алғыс хат» табысталды.





Клуб мүшелері салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. 3аҚМҚ-9 тобы студенттерімен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған колледжаралық денсаулық күніне қатысты. Клуб мүшелері денсаулық күніне арналған шараға түгел қатысып, белсенділік танытты. Студенттер арқан тартыс және ядро итеру ойындарына белсене араласты. Арқан тартыс ойынынан жүлделі ІІІ орынды иеленді.

«Дарын» клубы мүшелері 3аҚМҚ-9 тобы студенттері ұйымдастырған кафедра оқытушыларын ұстаздар мерекесімен құтықтау, мұғалім мамандығы мәртебесін ұлықтау, студентерге кәсіби бағдар беру мақсатында «Ұстаз-ұлағатты есім» тақырыбындағы тәрбиелік шараға қатысты. Шараға кафедра оқытушылары С.Е.Тампекова,А.Ж.Темрешева, Б.Б.Құрманғалиева, А.А.Жолдасова, Б.М.Кәрімова және 3асҚМҚ, 2пҚМҚ тобы студенттері қатысты. «Ұстазым» әнін шырқау арқылы шара шымылдығы ашылды. Студенттер мұғалімдер мрекесіне арналған арнау өлеңдерді мәнерлеп оқыды. М.Әуезовтің жазушылығымен қоса ұстаздық қыры шәкірті З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» атты шығармасы арқылы әңгімеленді. Ардагер ұстаздар Қ.Бітібаева, Ө.Құрмаш туралы да бейнебаян арқылы өнегелі өмір жолдары баяндалды. Студенттер Ф.Таупен, А.Мұхамбетқалиева М.Әуезовтың ұстаздық еңбегіне арналған презентацияны қорғап, студенттерге сұрақтар қойып жауаптар алды. «Гүл шоғы», «Ақиқат па, жалған ба?» ойындары арқылы кері байланыс жүзеге асырылды. Шараны оқытушы А.Ж.Темрешева қорытындылады.

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы алаңында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде жастарды патриотизмге баулу, халықтар достығын паш ету мақсатында ұйымдастырылған қазақтың «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасында «Достық үйі» және «Дарын» клубының мүшелері жастарға арналған «Бастаңғы» салты көрсетіліп, оның шығу тарихы туралы сахналық қойылым ретінде көрсетулеріне үлес қосты. Қойылымды халықтар ассамблеясы мүшелері және қала қонақтары тамашалады.

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақиық ақын Ж.Молдағалиевтің поэзиясына арналған «Артында өшпейтұғын сөз қалдырған» атты дәстүрлі облыстық «Жұбан оқулары» байқауына «Дарын» клубының белсенді мүшесі 3пҚМҚ тобы студенті М.Мажитова қатысып, үздік өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Қазақ поэзиясында өзіндік ерекше орны бар ақын, өлең сөз бен көсем сөзді тең ұстаған, қарымды қаламгер, журналист ,"Жайық ұстазы" газетінің редакторы, ақын Ақмаржан Таубаеваның дүниеден өткеніне жыл толуына орай "Алыстап кеткен бір бейне" атты еске алу кеші өтті. Кешке қонақ болып ақынның өнер жолындағы досы, БҚМУ-дың оқытушысы А.Ә.Ниязғалиева, інісі Қ.Таубаев, бала-келіні Әнасыл мен Айнұр қатысты. Кеш басында Ақзия Әділқызы өз естеліктерімен бөлісті. Кеште ақынның жастайынан жырға ғашық екенін, қазақ қызына тән болмысын көрсететін «Өлең», «Өзіңе ғашықпын, өлең», «Жайығым саған келем мен», «Жыр жазатын әйел болып қаламын» атты өлеңдерін «Дарын» клубы мүшелері Ж.Орынбасаров, М.Муратова, М.Мажитова, Г.Даумовалар оқыды. Фариза апасы секілді Ақмаржан да жанын тербеткен тәтті мұңлы, сырлы сезімді өзіндік үнмен жырға қосқан «Күндер-ай көктем» , «Жаныма жақын бір мекен» А.Мұхатова, А.Мәулетова өлеңдерін оқыса, қат-қабат тірліктегі тілшінің сан-салалы еңбегінің мәнін ақын «Тілші тірегі», «Аты шулы Ордаға барып келдім» А. Әйтенова Ә. Әубекерова оқыған өлеңдерінде жыр еткен. Ақынның ата-анасы, бауырлары, бауыр еті баласына, ұстазы мен құрбыларына арнап «Шығы мөлдір таң көрдім» (М.Сапенова), «Бір құрбыма» (А.Аманбаева), «Менің байлығым» (Н.Хибатовалар) оқыған өлеңдері әркімнің ойын тап басып айтқандай. Сонымен қатар ақынның алдын көрген 3-курс студенті А.Дәулетованың ұстазына арнап шығарған "Жайықтың ақ маржаны" атты өлеңі кімнің болсын жүрегін толқытпай қоймады. Ақынның інісі Қайыржан Бақытұлы мен баласы Әнасыл сөз алып, Ақмаржан Бақытқызының жайлы мінезді, жылы жүректі жан болғандығын сөз етті. Еліне, жұртына өлшеусіз еңбек етіп, бауырға да басқаға да қамқор, қыз болып келіп өмірге, аға жүгін арқалап өмірден өткен қаламгердің өмір жолы мен өнер жолына кафедра меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова тоқталып, ақынның туған күнінде жыр кешін ұйымдастыру дәстүрге айналанатынын жеткізді.

Қарағанды қаласында өткен Қаздауысты Қазбек бидің 350 жылдық мерейтойына арналған «Бабалар сөзі –ақылдың көзі» атты республикалық мәнерлеп оқу сайысында «Дарын» клубы мүшесі,4 аКШО тобы студенті А.Қайырғалиев жүлделі 2-орын алды.

«Дарын»клубы мүшелері қаламыздағы жастар шығармашылық орталығында ұйымдастырылған жергілікті ақындар мен сазгерлердің шығармаларын жастарға насихаттау, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін ояту, рухани әлемдерін байыту мақсатында жергілікті жас әнші Тарас Жауынбаевтың «Сүйемін туған елімді» атты ән кешіне қатысты. Кеш иесі композитор Ә.Еспавтың «Маржан қыз» әнін және жергілікті ақындар М.Баймолда, Б.Шерменде , Ж.Мусиналардың сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіре орындады. Кеш қонақтары Е.Айтымбетов,Р.Баекеев, И.Жантурин, Ж.Хасановалар және КТК «Назар аудар» өнер көрсетті. Шара соңында әнші Ішкі істер департаменті хоры сүйемелдеуімен «Жастарға аманат» әнін шырқады. Ән кеші өте әсерлі өтті.



Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА академигі Қ.Жұмалиевтің 110 жылдығына орай өткізілген «Зерделі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, зергер жазушы» атты конференцияға «Дарын» клубы мүшелері қатысты. Жиында батысқазақстандық ғалымдар, филология ғылымдарының кандидаттары А.Мамыров «Қ.Жұмалиев-көрнекті әдебиеттанушы», Қ.Аронов «Қ.Жұмалиев- махамбеттанушы» деген тақырыпта ой өрбітті.Ардагер ұстаз М.Жолдықайырова өз естелігімен бөліссе, Т.Әліпқали, А.Боранқұлдар Қ.Жұмалиевтің тұлғалық, қайраткерлік және ұстаздық қырларын аша түсті. Қатысушылар назарына «Көркем ой, көрікті тұлға иесі-қазақтың Қажымы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет бере отырып, студенттердің өз Отанын, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық патриотизмді қалыптастыру мақсатында филология кафедрасында ұйымдастырылған1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында өткізілген тәрбиелік шараға клуб мүшелері де қатысты.

Шара интелектуалды ойын формасында ұйымдастырылып, 3-кезеңнен тұрып, 3 топ қатыстырылды. «Тұлғани тани біл» атты 1-кезеңде Елбасы тұлғасын тануға байланысты ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап берді. Көрермендердің арасынан Елбасыға арналған Т.Молдағалиев, Н.Айтұлы, Ш.Сариев, Ұ.Есдәулеттің және жекелеген студенттердің арнау өлеңдері оқылса, 2-кезеңде «Елбасы еңбектері» кезеңінде топтар «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Тәуелсіздік белестері» Елбасы еңбектеріне презентация жасап, сұрақ-жауап әдісі арқылы кері байланыс жасалды. 3-кезеңде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдауда әр топ тапсырмалар таңдады. 1-топ мақала бойынша постер қорғаса, 2-топ ойтолғау жазды, 3-топ тақырып бойынша бейнеүзікті жалғастырды. Шара соңында әр топ Елбасының қанатты сөздері бойынша өз ойларын білдіріп, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерімен бөлісті. Шараны филология кафедрасы меңгерушісі Қ.Ү.Жақыпова қорытындылап, қатысушы топтарға алғысын білдірді.



Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Биылғы жылы 90 жылдығы тойланған, ұлт үшін өмірінің соңына шейін қалтқысыз қызмет етіп, ұлтымыздың жаңғыруына үлес қосқан ұлыларымызды ұлықтау мақсатында филология кафедрасында ҚМҚ, ҚМБ топтары арасында «Ұлттың адал ұлдары» атты әдеби-тағылымдық шара өтті. Әдеби тағылымдық шара 3 кезеңнен тұрды: 1. филология ғылымының докторлары Рахманқұл Бердібаев, Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек Кәкішев, Серік Қирабаев туралы танымдық шара; 2. «Жайықтың Жайсаңы» тақырыбында өлкетанушы ғалым Жайсаң Ақбаймен кездесу; 3. ф.ғ.д, профессор, ғалым-ұстаз, фольклорист Мәтжан Тілеужановтың ғылыми-әдеби шығармашылығына арналған «Ұрпаққа аманат» тақырыбындағы кеш. 4аҚМБ тобы студенттері әдебиеттанушы ғалым, фольклор зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері Рахманқұл Бердібаевтың тағдырымен «Дара жол» бағдарламасы негізінде таныстырды. Ғалымның «Роман және Заман», «Гүлістан бұлбұлдары» еңбектері талданды. 3пҚМҚ тобыжазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ және Қырғыз Республикаларының еңбек сіңірген ғылым қайраткер Зейнолла Қабдоловтың шығармашылығымен «Сыр сұхбат» бағдарламасы негізінде таныстырды. Ғалымның «Сөз өнері», «Қазақ әдебиеті» еңбектері талданды. 2пҚМҚ тобы ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің шығармашылығын, «Садақ» журналының тарихымен таныстырса, 2аҚМБ тобы Серік Қирабаевтң өмірін, 6 томдық еңбегін талдап баяндады.

Оқытушы Б.М.Кәрімованың ұйымдастыруымен «Жайықтың ұлы - Жайсаң» атты өлкетанушы ғалым Жайсаң Ақбайдың туғанына 90 жыл толуына арналған кездесу кеші «Жайықты қалайша мен жай сағынам, Жүрегін жерлестерім жайса ағынан?Күреңдей көкіректе күмбірлетіп, Жыр мініп қайтам талай Жайсаңынан» деген ақын өлеңімен басталып, Жайсаң Досболатұлына қош келдіңіз деп ілтипат көрсетілді. Шара мақсаты: Елбасы өз Жолдауында «Туған жерге туың тік!» деп өз туған жеріңді қадірлеуге шақырса, Отанды сүю- өз өлкеңді танудан басталады.

Клуб мүшелері «Жанша», «Алшын От-Ана», «Мағишат», «Сырым елі», «Жұбан» еңбектеріне жеке тоқталды. Жайсаң Досболатұлының ел үшін атқарған еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Ғалымның еңбегінің ескерілгені өзі үшін де, ұлықтаған елі үшін зор мерей.

1пҚМҚ тобы студенті А.Аманбаева арнау өлеңін оқыды. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұлтымыздың ардақтыларын ұлықтау ісі әрі қарай М.Тілеужанұлына арналған шарамен жалғасты.

Ғылым мен өнердің ордасынан шеттеу жүрсе де, ұлтының әдебиетін қаузаған, тағылымын терген, зергерлік бұйымдарын жинақтаған, тұңғыш республикада Этнопедагогика және фольклор атты кабинет ашқан, ұрпағы қояр ескерткішті өзі сомдаған бірегей тұлға, көп қырлы тұлғаны кеңірек таныстыру мақсатында кафедрада «Ұрпаққа аманат» тақырыбындағы өлкемізге танымал фольклорист-ғалым М.М.Тілеужановтың туғанына 90 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өтті. Кешке клуб мүшелері қатысты. Шара 4 формат әдісімен жүргізілді.

1-3- курс студенттері, кафедра оқытушылары және БҚМУ-дың доценті А.А.Ниязғалиева мен туысы Қаламқас Саламатқызы қатысты. Әдеби-танымдық кешті филология кафедрасының жетекшісі Қ.Ү.Жақыпова жүргізді.

Бірінші формат бойынша 3аҚМҚ тобының студенттері Қ.Мұхтар мен Е.Орынова 1950 жылдан бастап М.Өтемісұлы атындағы педагогикалық институтындағы елеулі еңбегі жайлы баяндап, ұстаздық болмысын танытты. Форматтың екінші бөлігін құрау үшін М.М.Тілеужанов жинақтаған «Қобыланды батыр» жырынан үзіндіні клуб мүшелеріФ.Таупен, А.Төремуханбетова, А.Утарбаева, З. Мамутова және«Беташар» өлеңі нұсқаларын Ж.Орынбасар, М.Ахметқалиев, М.Қанатов мәнерлеп жатқа оқыды.Ұстаздың ғалымдық қырын ашу мақсатында «Халық тағылымы», «Астарлы әзіл», «Ел әдебиеті» еңбектері туралы студенттер А.Нұғманова, Р.Хамидуллина, Ф.Таупен баяндады. Хоббиі және «Шахматшы Шамшиден» кітабы жөнінде И.Абай, Г.Туеш, А.Оралова, Д.Бақсықова әңгімелеп, немересі Нұрбек Ерболатұлының «Жайық ұстазы» газетіне жарияланған «Шахматы помагали ему жить» мақаласынан тағылымды үзінділерді Ж.Умарова мен Б.Санақова әсерлі оқыды. Кеш соңында ғалымның туысы Қаламқас Саламатқызы әкелік қамқорлығы жөнінде, шәкірттері А.А.Ниязғалиева үлкен жүректі тұлға екендігін еске алса, А.Ж.Темрешева ұстаздың тұлғалық ерекшелігі туралы сыр шертті. «Зерде клубының жетекшісі» Қ.Ү.Жақыпова рухани ұстазы Ғ.Мүсірепов айтқандай, болашақ ұрпақтың ХХІ ғасырға апаратын тарту-таралғысы болмақ қазақтың ғасыр-ғасырға жеткен ұлағатын алғашқы болып хатқа түсіріп, ұлықтау мен жеткізуді парызы санаған ұлт ұстазы еді деп қорытындылады.

«Дарын» клубы мүшелері 1п ҚМҚ тобы студенттері желтоқсан айы бойы қаламыздағы өтіп жатқан бірнеше шараларға көрермен болып қатысты. Соның бірі Достық үйінде өткен журналистика саласындағы облыстық «Шаңырақ» шығармашылық фестивалі. Фестивальде журналистика саласына өз үлестерін қосқан тілшілер марапатталды. Олар: Айгүл Лукашенко, Жанна Балыкова, Светлана Каткова, Мұнайдар Баймолда, Гүлсезім Баяшова, Динара Кендірбаева. Шарада ән айтылып, бишілер шара көркін қыздырды. «Хабар» арнасының редакторы бөлімінің меңгерушісі мен «Қазақстан» телеарнасының жүргізушісі Қымбат Досжан және Нартай Аралбайұлы тілшілерге құттықтауларын видеоролик арқылы жолдады. Кеш «Атамекен» әнімен аяқталып, жүргізушілер келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында студенттерге қолайлы сайттар жөнінде мәлімет беру мақсатында «Оқу үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» тақырыбында Ақпарат күні өткізілді. Шараға клуб мүшелері қатысты. Сонымен қатар, Ж.Молдағалиев кітапханасының zkolib.kz сайтынан кітаптардың электронды түрлерін жүктей алуға болатындығы айтылды. Шараға қатысқан 1п ҚМҚ, 3пҚМҚ тобы студенттері республикалық кітапханаларының Sabag.kz, Bilimsite.kz, Balalaralemi.kz, Kaznu.kz, Zkolib.kz. электронды адрестері туралы мол мағлұмат алды.Жоспар бойынша жұмыс жалғастырылады.

"Зерде" клубыныңжетекшісі Қ.Ү.Жақыпова. Қатысатын студенттер саны: 60Мақсаты: Клуб жұмысында ұлттық тұлғалар туралы сөз қозғап, олардың тағылымды өмір жолы мен ғибратты істері жайында дәрістер өткізіп, болашақ мамандардың бойында азаматтық көзқарас пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Адамгершілік тәрбиесін басты нысана еткен ғибраты мол еңбектің жазылу тарихын, екінші рет осыдан 25 жыл бұрын жарық көрген рухани мұраны талдап зерделеуге арнап клуб жетекшісі Қ.Ү.Жақыпова Ы.Алтынсариннің "Мұсылманшылықтың тұтқасы" еңбегі бойынша сабақ өткізді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты«Тәуелсіздікке тарту» атты колледжішілік әдістемелік байқауда кафедраның негізін қалаған ардагер-ұстаздар Ұ.М.Ысқақова, Н.Е.Мусинова, Б.С.Ғұбашева, Ж.М.Бахитовалардың іс-тәжірибелері таныстырылды. Аға буын іргесін қалап, шаңырағын көтеріп, уығын қадап, керегесін кеңейткен 25 жыл аралығын 4 белеске бөліп қарап, осы жылдар аралығындағы кафедраның тарихы мен жетістігін бейнелейтін презентациялық материал әзірленді. Екі онжылдықтағы кафедрадағы ұрпақтардың сабақтастығын, республика көлемінде жарық көрген оқытушылардың оқу-әдістем елік кешендерін, оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдықты ғалым-ұстаз, колледж директоры Ш.Х.Құрманалинаның есімімен байланыстырып көрсетті. Сондықтан кафедрадағы клубтың дәрісі «Ұрпақтың ұстазы- ұлттың ұстазы» деп аталып, тәуелсіздік тудырған тұлғаға, Шалқыма Хайроллақызының тәуелсіздік жылдарындағы еселенген еңбегіне арналды. Өмір жолындағы ғылыми-шығармашылық қызметіне кеңінен тоқталды. Студенттер ғалым-ұстаздың әр жылдарға ой-пайымдауларына тоқталды.

Әр қазақстандықтың бүгінгі күні қасиет тұтар 7 дүниесі бар: Ол –жер, тіл, көк ту,елтаңба, әнұран,елбасы, тәуелсіздік десек, "Зерде"клубының өнерлі өрендері арсында «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында шығармашылық байқау өтті. Талғатова А, Шамғонова Г, Мағзомова Р, Қожасова А.Рамашев Шыңғыстың жүректен жарып шыққан жырларын оқыды.

Клуб мүшелері жыл бойы қазақ халқының ғалымдарының еңбектерін зерттеп, тағылымды шаралар ұйымдастырды.

«Вдохновение» клубы колледждегі нәтижелі жұмыстарды ұйымдастырып жүрген клубтардың бірі. Жетекшісі -Г.С.Габбасова. Клубтың жұмыс жоспары оқу жылының басында жасақталып, бекітілді. Клуб құрамын бірінші курс студенттерімен толықтырды.

Клубтың жаңа мүшелері А.Мухамедрахим, У.Хасен филология факультетінің айлығының ашылу салтанатында Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына арналған әдеби композициясына қатысты.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әкімшілігінің шақыруымен Ақын Сағынғали Сеитовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Нұрлы ғұмыр тағылымы» атты шараға клуб мүшелері қатысып, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығының маңызды кезеңдеріне тоқталып, слайдтар дайындап, поэзияларын жатқа оқыды. Клуб мүшелеріне мұражай әкімшілігі алғыс білдірді.

М.Әуезовтың драматург ретінде Қазақстанның театр өнерін қалыптастыруға және дамытуға қосқан үлесі туралы жиналып, жүйеленген материалдарын, «Мұхтар Әуезов-драматург» тақырыбындағы баяндамасымен Умарова Жулдыз студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, қорғады. Баяндама үздік деп танылып, кафедра отырысында аталып өтілді.

«Шабыт» әдеби клубының мүшелерімен Марина Цветаеваның туғанына 125 жыл толуына орай шығармашыл жастарды анықтап, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, классикалық әдебиеттің шедеврлерімен таныстыру мақсатында «Пока горит свеча…» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. «Если душа родилась крылатой», «Золотая классика», «Мое любимое» еркін тақырыптағы 3 кезеңнен тұрған байқауға І, ІІ курс студенттерінен 28 студент қатысты. Қазылар алқасы құрамында Х.Есенжанова атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қоғамдық қатынастар бөлімінен жас ақын Сергей Быков, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. С.С.Жумиева, директордың оқу жөніндегі орынбасары С.С. Набидолина болды.


Залбайқау тақырыбына сай безендірілді



Е.Асадовтың «Мама» поэмасының қойылымы А.Бектеміров Р.Гамзатовтың өлеңін оқу сәті

Байқаудың қорытындысы бойынша І орынға 1аРШО тобының студенті Шаужан Асылгүл лайық деп табылды.

Облыстық «TDK-42» телеарнасының «Доброе утро» бағдарламасында «Шабыт» клубының мүшесі 2ас КШР топ студенті Донскова Евгения қонақта болып, клуб жұмысының мақсаттары мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп сұхбат берді. Марина Цветаеваның 125 жылдығына арналған оқырмандар сайысы туралы ақпаратпен бөлісіп, аталмыш шараның студенттерді шығармашылыққа тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының шақыруы бойынша «Шабыт» клубы мүшелері Марина Цветаеваның 125 жылдығына арналған әдеби кешке қатысты. Клуб мүшелері ақын өлеңдерін оқып, әндерін орындады. Ақынның шығармашылығына арналған облыстық конкурстың құрметті қонақтары қатарында Ресей Федерациясы Елшілігінің Орал қаласындағы вице-консулы В.А.Волков, «Старый Уральск» мәдени бірлестігінің директоры Г В.Мухин, қала мектептерінің директорлары, оқытушылар мен оқушылары болды. Клуб жетекшісі Г.С.Габбасоваға байқау жеңімпаздарына дипломдар табыс ету құрметі берілді.

9 қарашада «Информбиржа-Шаңырак» газетінің «Мәдениет» бөлімінде студенттерге эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, сыйластыққа, әсемдікке тәрбиелеу мақсатында «Пока горит свеча….» (Мәдина Цветаеваның 125 жасқа толуына арналған) көркемсөз оқу байқауының «Чтобы откликнулась душа» атты мақала жарияланды.

Осылайша, бірінші семестрдің қорытындысын шығара отырып, жергілікті тарихи-өлкетану мұражайымен, Х.Есенжанова атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен, ТДК-42 телеарнасы және облыстық «ИнформБиржа» газетімен байланыс орнатылып, жоспарланған іс-шаралар орындалды.

«Муза» клубы. Үйірме жетекшісі А.Б.Джамбаева

«Муза» клубының мақсаты – белгілі суретшілер, ақын-жазушылар, театр,кино саласындағы өнер қайраткерлерінің еңбектерімен, шығармашылығымен таныстыру. Клубтың ұраны: «В человеке все должно быть прекрасно и лицо, и одежда и мысли».

Клуб мүшелерінің саны – 70.

Қыркүйек айында клуб мүшелері Орал қаласындағы мұражайлар: Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Ескі Орал мұражайы, Пушкин мұражайы, С.Гумаров мұражайына саяхат жасады.

«МУЗА» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен ақын Марина Цветаеваның туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-сазды кеш өткізді.

Шараға студенттер мен оқытушылар қатысты. Ақын шығармашылығына арналған альбомдар мен кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Шараға директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.А.Искакова, оқытушылар А.Б.Жүрекенова, Т.У.Маденова, А.С.Бекбулатова, Н.ХДжуматаева, А.Нахметовалар қатысты.

«Достық үйі » клубының жетекшісі С.Е.Тампекова

«Достық үйі» клуб жұмысының негізгі мақсаты – студенттердің патриоттық сезімін арттыру, рухани байыту, білімдерін кеңейту, алған білімдерін практика жүзінде пайдалануға үйрету, сонымен қатар көпұлтты Отанына деген қызығушылықтарын арттыру және Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің әдет – ғұрпымен таныстыру.

Клуб мүшелері ҚХА БҚО – ның ұйымдастыруымен Достық үйіндеІшкі саясат басқармасы мен БҚО ҚБ «Мәңгілік қазақ елі» басшыларының ұйымдастыруымен «Қазақстандық біртектілік пен ұлтаралық бірлік – тұрақты мемлекеттің негізі» тақырыбында қозғалған әңгімеге клуб мүшелері қатысты

Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығы алаңында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде қазақтың «Дәстүр» мәдени-көпшілік шарасында колледж жанынан құрылған «Достық үйі» және «Дарын» клубының мүшелері, 3а КШМ топтарының студенттері және оқытушылардың қатысуымен «Бастаңғы» салты көрсетіліп, оның шығу тарихы туралы 3а КШИ топ студенті Е.Супығалиев келген қонақтар облыс әкімінің орынбасары Арман Кәрімұлы Өтеғұлов, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Ғайса Хамидоллаұлы Қапақов және түрлі ұлт бірлестіктерінің өкілдері мен зиялы қауым қатысып, студенттердің өнерін тамашалап, оркестрмен бірге ән шырқады.

Шарада өз еліміздің және көпұлтты Қазақстанда мекен етіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен танысты. Өз тілінде ән шырқап, Отан туралы өлең шумақтарын оқыды. Бүгінгі таңда колледжмізде армян, әзірбайжан, поляк, чуваш және басқа да ұлт өкілдері білім алуда. Олардың өздерінің қызықты мәдениеті, әдет – ғұрыптары бар. Біздің бұл іс – шара халық достастығына және колледж қабырғасындағы әр түрлі ұлт өкілдері достығына арналды.

«Достық үйі» клуб мүшелері студенттердің арасында достықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.


Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасынды «Жас саясаткер»,«Ұлағат» дебат клубтары,«Жас эколог» үйірмесі жұмыстарын атқарады.Оған 105 студент қатысады.

«Жас саясаткер» клубының мақсат-міндеттері:жастардың қоғамдағы саяси белсенділігін және азаматтылықты қалыптастыру; ұлттық патриотизмді дамыту; ұлттық сананы, ұлттық мәдениетті қалыптастыру;Клуб жетекшісі - С. К. Бисенова, саны-40.

2017-2018 оқу жылының қыркүйек айында «Жас саясаткер» клубының жұмыс жоспары бекітілді. Клубтың алғашқы отырысында клуб құрамын анықталып, Кеңес төрағасы сайланды.

«Жас саясаткер» клубы - белгілі Алаш қайраткері Ж. Досмұхамедовтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметімен таныстыру, ұлтжандылықты тәрбиелеу мақсатында Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, заңгер, зерттеуші Ж.Досмұхамедовқа арналған «Жаhанша есімі ұрпақ санасында» атты тарихи кеш өткізді.

Шара барысында Ж.Досмұхамедовтың өмірі мен қызметі туралы мағлұматтар беріліп, Ж.Досмұхамедовке және Алаш қайраткерлеріне арналған әндер мен өлеңдер оқылды. Шараның соңында Алаш автономиясы туралы бейнефильм көрсетілді. Шараға колледжіміздің 1 курс студенттері қатысты.

Жас ұрпақтың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру; Отансүйгіштікке, адамгершілікке, сыйластыққа, өз Отанының патриоты болуына тәрбиелеу мақсатында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласы аясында С.К.Бисенованың жетекшілігімен «Жас саясаткер» клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Рухани-жаңғыру– Мәңгілік ел болуға бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға жаратылыстану – қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушылары және 1пКДО, 2 пКШК, 3сКШК, 1аРШО, 1аРДО топ студенттері катысты. Шара барысында «Рухани жаңғыру – ұлттың жаңғыруы» және «Открытость сознания и модернизация общественного сознания» тақырыптарда баяндамалар оқылды. Баяндамаларда клуб мүшелері Елбасы мақаласына шолу жасай отырып, қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытына тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары рухани жаңғырудың барлық бағыттарына, мақалада көтерілген мәселелрге қатысты өз ойларын ашық айта отырып, белсенді және қарқынды талқылады.

Клуб мүшелері Батыс Қазақстан облысында, кала көлемінде және колледж ішінде «Рухани жаңғыру бағдарламасын» іске асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтала отырып, колледж туралы ақпарат келтірілген презентацияны көрсетіп, рухани жаңғыруға қатысты өз пікірлерін айтты.

Шарада клуб мүшелері ата-бабаларының құндылықтарын сақтай отырып заманға сай өмір сүру үшін не қажет, қазақ тілін латын әліпбесіне көшіру, көп тілді білу қажеттілігі туралы сұрақтарға қатысты өз ойларын айтты. «Дөңгелек үстел» соңында қорытындысымен Елбасының бағдарламалық мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша тиісті ұсынымдар жасалды.

Студенттердің Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары, саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу; көпшілік ортада еркін сөйлеу, өз ойларын ашық айта алу дағдысын, болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру мақсатында "Жас саясаткер" клубының жоспарына сәйкес "Тәуелсіздік нұры- тұңғыш Елбасы"атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешке қоғамтану-жаратылыстану кафедра оқытушылары, 1пКДО,1аРДО, 1аРШО, 2пКШК, 3пКШК, 3пМК, 1сКШФТ топтары қатысты. Елбасының балалық шағы, еңбек жолы туралы бейнефильм, слайдтар көрсетіліп, баяндалды. Клуб мүшелері Н.Ә.Назарбаевтың өмірінің кезеңдеріне тоқталып, толық ақпарат берді. Шарадан алған ақпараттарынан топқа бөлініп викторина жүргізілді, викторина қорытындысында 1аРДО студенттері сұрақтарға толық жауап беріп, жеңімпаз атанды. 1аРШО топ студенті Шаужан Асылгүл "Нұраға" әнін, 1пКДО студенті Куанова Нұргүл «Цвети земля моя» әнін орындады. 2пКШК топ студенті Мамут Зафура "Тәуелсіздік" атты өлеңін оқыды. Шарада баяндау, пікірталас, сұрақ-жауап әдістері қолданылып, слайд, фильм арқылы клуб мүшелері Елбасы туралы ақпаратты жан-жақты қамтыды. Студенттер Президенттің қойған талаптарын орындауға, елге адал қызмет етуге уәде беріп, «Жаса Қазақстан» әнімен мерекелік кешті қорытындылады.

Клуб мүшелері колледжде өткен ҚР-ң Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған тарихи –танымдық кешке қатысты. Жас саясаткерлер бұл шарада ел жетістіктері туралы айтты.

15 желтоқсанда клуб мүшелері Алаш қозғалысынң 100 жылдығына және ҚР-ң Тәуелсіздік күніне арналған митингте Ж. Досмұхамедовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

«Ұлағат» дебат клубының ашылу рәсіміне клуб жетекшісі М.К.Дүйсенгалиев жетекшілік етті. Пікір-сайыс клубының ашылуына Жәңгір хан атындағы БҚМУ-і жанындағы «Ақиқат» пікір-сайыс клубының мүшелері қатысты. Жаңадан клубқа мүше болған І-ІІ курс колледж студенттеріне семинар-тренинг өткізіп, АПФ форматы арқылы пікір-сайыс турнирі өткізілді. 2аКШК тобының студенті Абай Индира «Ұлағат» пікір-сайыс клубының төрағасы және «Ұлағат» пікір-сайыс клубының координаторы 1сКШО тобының студенті Гаухар Бауржанова болып сайланды.

«Жас эколог» үйірмесі. Жетекшісі - А.Т.Зайнуллина. Мақсаты - табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту. Табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету, Әр оқушыға экологиялық білімді қалыптастыра отырып, денсаулықты қорғауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын үйрете отырып, табиғат байлықтарын ұтымды пайдаланып,жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

«Жас эколог» үйірмесінің құрамында 48 мүшесі (1аКШО және 2сКДО тобының студенттері) Үйірме жұмысы жоспарға сәйкесті құрылып, алғашқы отырысында мақсат-міндеттері айқындалып өткізілетін шаралармен жұмыстың мазмұны бойынша мүшелері өз пікілерін қосты. Үйірме отырысы айына 2 рет ұйымдастырылады. Үйірме белсенділері болып Бижанова Аружан мен Ғалымова Шынар былтырғы жұмыстарын жалғастыратын болып 3п КШО тобы жетекшілікке тағайындалып, алғашқы отырыста бекітілді.



Алғашқы үйірме отырысына жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сапиев Біржан Кәрімұлы қатысып, студенттерге жұмыс барысында белсенділіктерін талап етті. Үйірме ұжымы әр түрлі топ студенттерінің достығына және студенттің өзін өзі ұстау қабілеттілігін арттыруға сонымен қатар жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына серпіліс береді.

Жыл бойына өткізілетін шаралар жоспарға сәйкесті І жарты жылдықта жүргізілді. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар тақырыбы бойынша үйірме мүшелерімен бірге студенттерге қоршаған ортаның ластануы, тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру; экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту; табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Экология - ел тағдыры» конференция өткізді. Конференция барысында студенттер өздері дайындаған баяндамалар мен зерттеу жұмыстарын қорғады. Зерттеу барысында Арал, Каспий теңізінің және Балқаш көлінің экологиялық жағдайына тоқталып, қазіргі кезеңдегі оңалту жұмыстары сөз болды.

Жыл мезгілдерінің әсем көріністерінің бірі күзгі табиғат көркемдігі, міне осы бағытта «Күздің сыйы» гербарий мен табиғат аясынан суреттер, көркем пейзаж, өзен жағасында, парк ішінде тусірілген суреттер үлгілері салып табиғатқа деген қамқорлықпен сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында үйірме мүшелері арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.



«Менің Ақ жайығым!» тақырыбында облыстық табиғат және экология музейіне барып зерттеу жұмыстарыны еңбектерімен, қызыл кітабымызға енген өсімдіктер мен жануарла дүниесімен таныса отырып тарихи жәдігерлермен танысты. «Жас эколог» үйірмесінің жоспарына сәйкесті табиғат және экология музейіне экскурсия жасалды: Музейдің табиғи тарихының жиналуына негіз салған саяхатшы және натуралист Г.С.Карелин 1852 жылы Орал музейінде мамонттың, мүйізтұмсықтың, бұғының қалдық сүйектерін көргенін жазған. Коллекция негізін бұрынғы Орал әскери музейінің экспонаттары құрайды. Табиғат және экология музейі 1990 жылы алғашқы орналасқан жері Театральная көшесіне, 1996 жылы қазіргі Достық данғылы 151/2 үйіне көшірілді. Музейдің үш залы бар. Бірінші залдан өлкеміздің ғалым-зерттеушілері, пайдалы қазбалары, жануарлар әлемі туралы мәлімет алуға болады. Екінші залда өлкеміздің Солтүстік Каспий жағалауының өңірінде кездесетін жәндіктің 30-40 түрлері, дала аңдары мен құстарының түрлері көрсетіледі. Үшінші залда «Орман» диорамасы назарыңызға ұсынылады. Музей экспозициясында құртпа балық, бекіре, сүйрік, тікенек құтпа балық, сазан балықтары көрсетілген. Экспозицияны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы бөлімі аяқтайды.



Табиғат қорғаудын экологиялық негіздері: Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары «Қызыл кітап және оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылып Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы неде? Не үшін біз жануарларды қорғаймыз?, Сирек кездесетін қандай аңдар мен құстарды білесіңдер?, Жойылып кеткен қандай жануарларды білесіңдер? Жануарлар дүниесіндегі ғажайыптар туралы не білесіңдер?, Жануарлар дүниесін қалай сақтауға болады? Сұрақтарға төңірегінде сөз қозғалып, «қызыл кітап» шығу тарихына тоқталынды. Шығармашылық жұмыс бағытта өздерінің шығарған өлең жолдарын оқыды.

Студенттердің қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу мақсатында «Табиғаттың тарылпайық тынысын, пәк табиғат жүректің ән – жырысың» атты кеш ұйымдастырылды. Тәрбиелік шара әдебиет әлеміне саяхат, ой-толғау түрінде өтті.Кеш барысында Қазақстанда қазіргі кезеңде туындап отырған экологиялық проблемамен оны болдырмау шаралары айта келіп, ядролық қаруларды сынауды тоқтату біздің егемендік алуымымызбен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ядролық қарудан бас тартқан мемлекетті қалыптастырғанын студенттер әсерлі, жүрек тебірентерлік күйде жеткізді. Осынау әсем, көркем байтақ жерді жырлап өткен ақын,жазушыларымыздың жырына табиғат бейнесіне, мезгілдерге,құбылыстарына сапар шеге отырып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әніне қоныр дауыста үндесілді. М.Жұмабаевтың, М.Мақатаевтың, Қ.Мырзалиевтің т.б. ақындарымыздың табиғат лирикасына байланысты өлеңдерін студенттер жатқа оқыды.

Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі СПИД дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу мақсатында Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күні «Ғасыр дертті....» тақырыбында шара оздырылды.

Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың обасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне ауруда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір-түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу және емдеу шаралары айтылып, мынадай сұрақтар төңірегінде ой қозғалды: СПИД вирусының қай жылы кім ашты?, СПИД вирусы адам ағзасында қалай өмір сүреді?, СПИД - тен сақтану үшін не істеу керек?

СПИД адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема ол тек медициналық қана емес, әлеуметтік проблема. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырды.



Каталог: images -> 2019-1
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
2019-1 -> «саяси қУҒын сүргін және халықтар депортациясы» студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет