Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



жүктеу 1.68 Mb.
бет9/9
Дата21.04.2019
өлшемі1.68 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.Вокал жанры номинациясы бойынша: I-орын: II-орын: Айболатова Жадыра- 1асФК, III-орын:Куанова Нургул- 1пКДО, III-орын: Муратова Дана және Булатова Жансая – 1аКШО.

Би жанры номинациясы бойынша:I-орын:Ғаділханова Наргиза -1асРДО, II-орын: 1пКШМ студенттері, III-орын:1пКДО студенттері

Дәстүрлі және өнер аспаптарында орындаушылық жанры номинациясы бойынша:

I-орын:Мұратов Ақынбек- 1пКШМ, II-орын:Шаяхметова Нурай-1асМК, III-орын: Саимова Айгерим – 1аКШО



Шығармашыл тұлғаI-орын: Амантайқызы Айдана- 1аРШО, II-орын: Есенжолова Аягул-1пКШМ, III-орын:Құбаш Райымбек-1пКШК

Көркемсөз» жанры номинациясы бойынша:I-орын: Барасова Альфинур- 1пКШК, II-орын: Жауғашты Нұрайна- 1асФК, II-орын:Шаужан Асылгул- 1аРШО, III-орын: Құбаш Райымбек- 1пКШК

Төмендегі топтар өздерінің өнерлерін көрсеткен болатын:

1асРДО – топ жетекшісі: Н.Г.Спашева, музыка жетекшісі: В.А.Кожевников;

1асРШО- топ жетекшісі: У.А.Алтаева, музыка жетекшісі: Т.С.Ольхова;

1асКШТ - топ жетекшісі:М.А.Молдағалиева, музыка жетекшісі: Б.Н.Бакимов;

1асМК - топ жетекшісі: С.С.Бекенова, музыка жетекшісі: Р.Ж.Қуаншалиева;

1асФК -топ жетекшісі: Г.К.Суйнгалиева,музыка жетекшісі: А.А.Батырханова;

1асКИНФ - топ жетекшісі:Р.С.Султангалиев, музыка жетекшісі:А.Б.Жардемова;

1аКДО - топ жетекшісі:Н.У.Ахметова, музыка жетекшісі: Ғ.А.Бекеева;

1аКШО – топ жетекшісі: Б.К.Сапиев, музыка жетекшісі: С.А.Утешкалиев;

1пКШО-11 - топ жетекшісі:М.К.Дуйсенгалиев,музыка жетекшісі:М.А.Амирханов.

Жатақхана тұрғындарымен бірге «Студенттік өмір – игі өмірдің бастауы» атты 1-курс студенттірімен танысу кеші өтті.Мақсаты: Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру болса, жоспар бойынша концерттік бағдарлама, студенттер арасындағы ойын, сетуациялық сұрақтар койылды. Кеште 1-курс студенттері өздерінің тапқырлықтарын көрсетіп, өз ойларын ортаға салып, ән айтып , әр түрлі жанрдағы билер биледі.1-курс студенттерінің аралығында талантты студенттердің бар екендігі анықталды. Кеш өз деңгейінде өтті студенттер үлкен әсерде болып соңынан өз би кештерімен жалғасты.

Колледж акт залында студенттер күніне орай «Қызықты көңіл, студенттік өмиір» атты студенттер күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Кешке биыл оқу жылына қабылданған 1 курс студенттері топ жетекшілерімен қатысты. 

Мақсаты: Сдуденттерді мереке тарихымен таныстыру.Оларды ізденіштікке,ұтымды жауап айтуға,тапқырлыққа баулу. Белсенділікке. Тәрбиелікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға тәрбилеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу. Кешке биыл оқк жылына қабылданған 1 курс студенттері топ жетекшілерімен қатысты.

Жоспар: 1.Коцерттік бағдарлама

2. Студеттер арасындағы ойындар.

3.Сетуациялық сұрақтар.

4.Марапаттау

Сонымен қатар студентер өдеріне арнайы фуршет ұйымдастырды. «Сенің жұлдызды сәтің 1курс студентті» атты байқауда үздік өнер көрсеткен студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Алдымен топ жетекшілері кейін 1 курс студенттері қызыл кілем арқылы ортыға шақырылды. Бағдарламада 1курс студенттерін әр топ бойынша әр түрлі номинациямен марапаттады. Номинация атаулары «Ең әдемі жұп,ең үздік көйлек т.б» дипоммен мрапатталды. Кеште 1 курс студенттері халықаралық студенттердің әнұранын барлығы орындап салтанатты түрде ант қабылдады.

Оқу жылының басында колледж студенттерінің кезекшілік кестесі жасақталып, бекітілді. Кезекші топтарға олардың қызметтері туралы алдын-ала айтылып, кестеге, колледж ережесіне сай кезекшілер қызметтерін атқаруда..

«Азаматттарға арналған үміткер» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамдық ұйымының БҚО бойынша фелиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің құжаттарды қабылдау маманы-Дәрмен Жәдігер Қанатұлы, Муксинова Алтын Нұрланқызы электронды Үкімет қызыметін таныстыру,тұрғын халықтың электрондық қызыметпен жұмысын жетілдіру мақсатында.Кездесуде смартфонға электорнды Үкімет қызыметінің электрондық нұсқасын орнату арқылы қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өздеріне қажетті анықтамаларды алып, құжаттарын рәсімдей алатындығын түсіндірді.

Педотрядтың іс-шарасы өтті. Мақсаты: биыл оқу жылына қабылдынған студенттерді осы педотрядқа қабылдау. Отрядта 50ден астам студент бар екені және республикалық, облыстық іс-шаралардың жүлделі иегерлері екені айтып өтілді. Шара флешмобпен ашылды. Топ мүшелері үнді биі мәнерлеп оқу, баянмен ән салып түрлі ойындар ойнатты. Кейін 1 курс студенттерін отрядқа қабылдау үшін анкета таратылып, өз қатарларын толықтыруға ұсыныс жасалды.



Жәңгір хан атындағы батыс қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Сакошев Аян Қажимерұлының ұйымдастырумен өткен «Жастардың өзін өзі басқару» форумы өтті. Бұл форумда 4 жоғары оқу орны және 38 колледж қатысты. Мақсаты: жастарды рухани жаңғырту 2018 жылы жастарды немен қызықтыру және соған байлынсты ұсынгыс жасау. Нұр Отан жастар жетекшісі Асхат Ерболұлы студенттер жеке кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында әр оқу орынадары студенттер қандай жұмыс атқарылып жатқандығын және өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстар жасалды. Бұл форумға колледж президенті Супагалиев Ернат қатысты.

Оқушылар сарайында«Ұрпақтар сабақтастығы»атты Темірболат Қуанышбайұлымен кездесу өтті. Ол елбасмыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы және Теміртау қаласында бірге еңбек еткен. Кездесу барысында студенттер өдерінің қызықты сұрақтарын қойып, елбасымыз туралы көп ақпарат білді.

10 желтоқсанда Абай алаңында Астана қаласының 20жылдығын мерекелеу бойынша бастау акциясы ұйымдастырылып, өзін-өзі басқару ұйымының 20студенті қатысты. Шараға Облыс әкімі Алтай Көлгіновқа қатысты. Ол Ел ордамыз астананы құттықтап жастарға үлкен сәлем жолдады. Студенттер әкіммен фотға түсіп жақсы көңіл күйде сергіп қайтты.

Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің 100 студенті Абай алаңында студенттер флешмобына қатысты. Мақсаты:жастардың салауатты өмір салтын сақтауға насихаттау болып табылады. Студенттер флешмопқа белсене қатысты.Жақсы көңіл күйде болды.




Батыс Қазақсан Өлкетану музейінде «Ел іші- өнер кешені» атты жобаның жабылу салтанаты өтті. Колледжімізден 20 студент көрермен ретінде шақырылды.Ол жерде әртүрлі атақты адамдардың қолөнерлері:сәукеле, сырға, сақина, әр түрләі майлы бояумен боялған суреттер Едіге Нәбиевтің «Құрманғазы» домбырасын жасағаны және Ж.Досмұхамедов колледжінің атынан жаңқарбаева Жанар «Құда қоржыны», «Ғибадат» компаниясы самаурын, портреттер, жастық тоқыма жұмыстар, қыз жасауы, бойтұмарлар, газеттен жасалған себет, сабыннан жасалған ойыншықтар. «Марал» ательсі Етік түрлерін.жұмыстары көрсетілді. 180 жыл тарихы бар музейінде барлық қолөнерлері барлық Қазақстан музейлерінде көрсетілімде жүреді. Осы музейде «рухани жаңғыруға »байланысты «Ұлы дала құндылығы», «Ел іші өнер кешені» жобалары қолға алынып жүргізілді. Осыған диін өткізген туынды жұмыстары туралы Ерболат Бакенұлы сөйлеп ұсыныс жасады. Орал қаласындағы барлық мүгедек балдардың туынды жұмыстарын осы музейге қойсақ деп ұсыныс білдірді. Құрманғазы атындығы саз колледжінің студенттері ән айтып, би билеп өз өнерлерін шашу етті. Шара соңында барлық көрмеге туынды берген авторларға алғыс хат пен сыйлықтар таратылды.

«Достық» үйінде Батыс қазақстан облысы қоғамдық келісім кеңестерінің 5-ші форумы өтілді.Форумға Ж.Досмұхамедов колледжінен 10 студентіміз көрермен ретінде қатыстырылды. Форумда облыстық, аудандық мәдениет үйінің әкімшілігіне және әнші бишілеріне және қаламыздың өнерге еңбегі сіңген қайраткерлерімізге алғыс хат ұсынылды. Форум жақсы концертпен аяқталды.

«Зенит»мәдениет үйінде колледж студенттеріне арналған Жаңа жылдық мерекелік кеш өткіздік.Кеште студенттерге арнай дресскод болды. Барлық студенттер көйлек және кастюмен қатыстырылды. Жаңа жылдық кеште 4 жүргізіші 2-уі орыс тілінде 2-уі қазақ тілінде жүргізілді. Мерекелік шараға әр группаның топ жетекшілірі және тәрбие бөлімі, 3-ші аймқтық бөлімшенің инспекторы Батыров Тенел Меңдібаевич қатысты. Колледжімізден 350 қатысты. Сценарий бойынша Жаңа жылға Аяз ата ақ шақар,әншіі биші қонақтар келді. Колледжіміздін белсенді студенттері кештің жақсы өтуіне көп көмек көрсетті. Кеште студенттерге арнайы лотория ойнатылды лоториядан ұтқан студенттерге сыйлық таратылды. Әр түрлі ойындар ойнатылып оларға да сыйлықтар таратылды. Аяз атаға өз өнерлерін көрсеткен студенттерге де сыйлықтар таратылды. Жаңа жыл кешіне колледжіміздің түлегі Республикалық Облыстық байқаулардың жеңімпазы әнші,рэпер Райымбекті қонақ ретінде шақырдық және колледж студенттеріде ән шырқап кешті көңілді өткізді. Шара барысында ешқандай тәртіп бұзушылық, құқық бұзушылық орын алмады, топ жетекшілері шараның соңында студенттердің үйлерне қайтуын қадағалады.

Елбасы Н.Ә Назарбаев«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты биылғы жолдауында «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін!  Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға Қазақстан. Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Ең жақсы жоспар уақыт талабына бейімделген жоспар болып саналады. Біз де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отыруымыз қажет. Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету», - деген болатын. Осы жолдауда айтылып өткендей колледжде білім алып жатқан әр студент еңбекқор, өз елінің нағыз патриоты болса, ұлтаралық келісімді көзінің қарашығындай сақтап, «Мәңгілік ел» идеясының дамуына өз үлесін қосса болашақта олардан жауапкершілігі мол, от жүректі, көзі ашық, көкірегі ояу, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті еліміздің азаматы мен азаматшасы болатынына сеніміміз мол.  

Колледждегі клубтар мен үйірмелер жұмыстары студенттерге танымдық, патриоттық тәрбие беруде, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда, мамандықтарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуде маңызды орын алады. Жарқын жұмыстарының нәтижесін көрсеткен үйірмелер мен клубтар: «Вдохновение» (жетекшісі Г.С.Габбасова), «Зерде» (жетекшісі Жакупова Қ.Ү), «Жас саясаткер» (Бисенова С.К.), «Муза» (Джамбаева А.Б.), «Ақ кеме» эстрадалық студиясы (Р.Ж.Қуаншалиева, Б.Н.Бакимов), «Жайық жастары» (Отарбай А.Ж.).
2017-2018 оқу жылының жарты жылдығында жатақхана тұрғындарының

арасында өткізілген тәрбиелік шаралар
Жатақхана – қызық пен қуанышқа толы студенттік кезеңнің басты мекені. Өзіндік даму жағынан студенттік жас ерекше кезең.Жатақхана тәрбие жұмысы жылдың басында жатақхана кеңесі отырысында бекітіледі.Оқу жылының басынан қабат старосталары мен Студенттік Кеңес мүшелері сайланып, жоспары құрылып, отырыстар оздырылып, жұмыстарын жүргізеді.

Жатақхана тұрғындарымен жоспарлы тәрбиелік мәні бар шаралар өткізілді

Жартыжылдық барысында жұмыс жоспарына сәйкес колледж жатақханасы тұрғындары арасында төмендегідей тәрбиелік шаралар ұйымдастырылды:

21.09.2017 күні колледж акт залында жұмыс жоспарына сәйкес «Жатақхана – жанға жайлы өз үйім» 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді Студенттік Кеңес және барлық тәрбиешілер ұйымдастырды. Кездесу барысында 1сРШО-9 тобының студенті А.Максимчук «Помолимся за родителей» әнін, 6б қабаты тұрғындары флешмоб, 1аРШО-9 тобының студенті К.Суркова «Вера» әнін, 1бКШФ-9 тобының студенті жеке би, 2сКДО-9 тобының студенті Г.Шахиева «Жібектің елі» әнін, 6а қабаты тұрғындары флешмоб және 1аРШО-9 тобының студенті В.Говорухина «Туған жер» әнін орындаса 1аМК-9 тобының студенті А.Амангелді, 2сКДО-9 тобының студенті Г.Шахиева және т.б студенттер Абайдың, Мұқағалидың өлеңдерін оқыды. Ал өз шығармаларын орындаған 4сКШО-9 тобының студенті І.Файзолла «1 студенттеріне арнау» және 3бКШО-9 тобының студенті Ж.Қалқаманова «Жатақхана өмірі» өлеңдері көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Кездесу кеші аяқталған соң би кеші ұйымдастырылды.

10.10.2017 күні БҚО «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының 03.10.2017 күні жолдаған №40 хатына сәйкес колледж акт залында жастар арасында дәстүрлі діни құндылықтарды сақтауға және діни экстермизмнің алдын алу мақсатында кешенді ақпараттық – түсіндіру жұмыстары аясында «Жастар – ел болашағы» тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге ҚМДБ Орал медіресесінің оқытушысы Т.Есқалиев қатысып діни адасушылықтың алдын алу, ислам діні ішіндегі жат ағымдарды қалай ажырата білу жолдарын және Қазақстандағы жат ағымды насихаттайтын діни ғалымдар жөнінде жеке-жеке тоқталды. Кездесуге директордың ТІЖ орынбасары С.Жумиева, жатақхана тәрбиешілері және 150 жатақхана тұрғыны қатысты.

17.10.2017 күні БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жастар шығармашылығы орталығының 17.10.2017 күні жолдаған №298 қатынас хатына сәйкес жатақхана тұрғындары «Нұр Отан» акт залында еліміздің және алыс-жақын шет елдердің сахыналарында өнер көрсетіп, Италияның Пезаро қаласында тағылымдамадан өткен өлкемізден шыққан дарынды баритон дауысты әнші Жұлдызбек Утешқалиевтің концертіне барды. Концертке көрермен ретінде колледж жатақханасынан 43 студент қатысты.

19.10.2017 күні колледж акт залында жұмыс жоспарына сәйкес «Арайлы алтын күз» қабатаралық сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты студенттердің күз мезгілінің ерекшелігі туралы, күзгі молшылық, береке туралы түсініктерін кеңейту, адамгершілікке, әдептілікке және тіл байлығы мен таным белсенділігін арттыруға баулу.



Сайысқа


  1. 4а «Жүзім» Сембиева Бекзат 1пКШО-9, Қайырғалиев Ақниет 4аКШО-9.

  2. 5а «Сары алма» Қылышбекова Айдана 2сКШО-9, Тағыберген Рысбек 2скКШФТ-9.

  3. 6а «Құлпынай» Салахиятова Диана 1пКШМ-9, Хангереев Әділгерей 1аКИНФ-9

  4. 6б «Мизам шуақ» Семғалиева Раушан 1асКШТ-9, Акишев Абай 2аМК-11.

  5. 7аб «Сherry» Айтқалиева Ләйлә 2пМК-11, Тарзан Ерболат 3бКШФ-9.

  6. 8б «Аpple» Сәбитов Мерлан 1бКШФ-9, Максимова Мәдениет 2аКШР-9.

  7. 9а «Таңқурай» Ермекқалиев Берік 4бКШФ-9, Сейітжан Жеңісгүл 3бКШК-9

  8. 9б «Ананас» Едігенов Нұрлан 3бКШК-9, Түменбаева Гүлсезім қатысты.

Сайыс қорытындысы бойынша «Бас жүлде» 8б «Аpple» Сәбитов Мерлан 1бКШФ-9, Максимова Мәдениет 2аКШР-9, 1 орын 4а «Жүзім» Сембиева Бекзат 1пКШО-9, Қайырғалиев Ақниет 4аКШО-9, 2 орын 5а «Сары алма» Қылышбекова Айдана 2сКШО-9, Тағыберген Рысбек 2скКШФТ-9, 3 орын 7аб «Сherry» Айтқалиева Ләйлә 2пМК-11, Тарзан Ерболат 3бКШФ-9 иеленді. Сайысқа қатысушылардың барлығы да дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сайысқа директордың ӘІЖ орынбасары А.Мухсинова, директордың ТІЖ орынбасары С.Жумиева және жастар ісі комитетінің жетекшісі А.Тілегенова әділқазылық етті.



26.10.2017 күні жұмыс жоспарына сәйкес жатақхана кітапханасында жатақхана әкімшілігі мен Студенттік Кеңес мүшелері саф өлеңнің жүйріктері, ақиық ақындар, қазақ поэзиясының алыптары, Абай, Шәкәрім, Қадыр Мырза Әлі, Жұбан, Мұқағали, Фариза, Ақұштап сынды жүйріктерге арналған "ЖЫР ЖҮЙРІКТЕРІ" атты әдеби-сазды поэзиялық кеші ұйымдастырды. Кеш барысында аталған ақындардың өлеңдерін оқудан сайыс ұйымдастырылып 1аМК-9 топ студенті Амангелі Айсезім 1-ші орын, 3бКШО-9 топ студенті Қалқаманова Жұлдызай 2-ші орын, 1пКШК-11 топ студенті Аманбаева Ақкербез 3-ші орын алды. Сайысқа директордың ТІЖ орынбасары С.Жумиева, жастар комитетінің жетекшісі А.Тілегенова және тәрбиеші А.Нугманова әділқазылық етті.

Жұмыс жоспарына сәйкес 16.11.2017 күні 17 қараша халықаралық студенттер күніне орай «Студенттік өмір деген, игі өмірдің бастауы» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды. Шара барысында 9а қабаты №121 бөлме тұрғындары В.Говарухина мен А.Максимчук «Әсем әуен» әні, 6б қабаты тұрғындары заманауи би, 8а қабаты №98 бөлме тұрғыны З.Асқарова «Сағынбаймын» әні, 5а қабаты 52 бөлме тұрғыны А.Усербаев заманауи би орындады. Студенттік кеңес мүшесі Е.Қалыбаев әртүрі ойындар өткізіп, қатысушыларға сыйлықтар таратты. Кеш 4а қабаты №40 бөлме тұрғыны С.Ысқақ «Мен қазақпын» әнімен аяқталып, би кешіне ұласты.


30.11.2017 күні дене тәрбиесі және спорт кафедрасының меңгерушісі Қ.Б Таубаев тұрғындар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды. Жарысқа барлығы 20 студент қатысып, ер балалар арасында 3 орын №88 бөлме тұрғыны Е.Тарзан, 2 орын №126 бөлме тұрғыны Ж.Жұмағалиев, 1 орын №61 бөлме тұрғыны Е.Бақтығалиев алды. Қыздар арасында 3 орын №35 бөлме тұрғыны А.Жұмажан, 2 орын №125 бөлме тұрғыны Қ.Өтеген, 1 орын №104 бөлме тұрғыны Ә.Демеуова алды.

14.12.2017 күні колледж акт залында жатақхана тұрғындары арасында ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Жасай бер, жаса Мәңгілік елім» мерекелік кеші ұйымдастырылды.

Шара барысында жүргізушілер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасымен таныстырып өтті.

«Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

1. Бәсекелік қабілет Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек..

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы Бұл кезеңде елімізде белгілі бір жаңғыру болды.

6. Сананың ашықтығы»

Шара барысында тұрғындар өз өнерлерін ортаға салып 4а қабатының тұрғындары Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсетті.

25.12.2017 күні жұмыс жоспарына сәйкес жатақхана әкімшілігі мен Студенттік Кеңес мүшелері бірлесе отырып жаңа жыл мерекесіне орай «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік кешін ұйымдастырды. Мерекелік кешке орай тұрғындар колледж акт залын жаңажылдық мерекеге орай безендірді. Әр қабат тұрғындары өз өнердерін ортаға салып Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды. 4аФК-9 тобының студенті Б.Баймұханов тұрғындармен қызықты ойын ойнатып, көтеріңкі көңіл сыйлай білді. Шараға колледж әкімшілігінен директордың ТІЖ орынбасары С.Жумиева қатысты. Шара соңы би кешіне жалғасты.

Колледж жатақханасы тұрғындары оқу мен қатар көңілді демалуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға да уақыт тауып келеді. «Ұлт болам десең бесігіңді түзе» демекші әр ұстаз,әр ата-ана елдің ертеңін ойлап, ел болашағы саналатын бүгінгі жастардың тәрбиесіне дұрыс бағыт- бағдар беріп, ұлтжанды тұлғаға айналдыруға бәрімізде атсалысуға тиістіміз.

2017-2018 оқу жылында жүргізілген тәрбие жұмысын бойынша қорытынды:
2017-2018 оқу жылында «Жеке тұлғаны қалыптастыру» моделіндегі бағыттар басшылыққа алынып, жалпы колледжішілік тәрбие жұмыстары жоспарланып, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамытуда жан-жақты тәрбие беру қарастырылды. Ұйымдастырылған тәрбие жұмыстары колледж студентерінің мәртебесін көтеруге бағытталды. Осыған орай мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған барлық іс-шаралар жеке тұлғаның әлеуметтік, адамгершілік, этикалық қасиеттерін қалыптастырды.

Әрбір топтарда өткізілген тәрбиелік шараларға топ жетекшілері белсене қатыстыра білді. Әсіресе педагогика, филология және музыка кафедраларында өткізілетін шараларға студенттер қызығушылықпен қатысып, тығыз қарым-қатынас орнатты. Ата-аналар жиналысын талапқа сай өткізген және ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген топтар:1аКДО(Н.У.Ахметова),1п КШМ (А.Т.Жубатова), 1ас КИнф (С.С.Бекенова),2с КШФТ (А.Т.Даулеткалиева). 3асКШМ (С.А Утешкалиев).



Ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатуға, студенттерді әлеуметтік қолдау, жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған шараларды психологиялық тренингтерді, танымдық шараларды жүйелі түрде ұйымдастыруды қажет ететін топтар: 1ас РШО (У.А.Алтаева), 3с КШК (С.Е.Тампекова), 3с КШФТ (Н.З.Утегалиев).
ҰСЫНЫС:


  1. Жеке тұлғаны қалыптастыру моделіне сәйкес білім алу мен тәрбие беруде әрбір студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуында әлеуметтік ортаға бейімделу жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;

  2. Толеранттылық пен ұлтаралық келісім, патриотизм мен мораль, заңға мойынұсынушылық, рухани-адамгершілік тәрбие бағыттары бойынша тәрбие шараларын ұйымдастыру.

  3. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында діни ахуалды үнемі қадағалау және студенттердің құқықтық сауаттылығын тереңдету мақсатында жұмыстарды түрлендіру;

  4. Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында топтардағы әр студенттің психикалық ерекшелігін, әлеуметтік жағдайын толық білу және қиын жағдайларда дер кезінде қолдау көрсетуде колледж психологымен қарым-қатынаста жұмыстану;

  5. Облыс көлеміндегі жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастар бастамаларына қолдау көрсету бағытында жастар ісі комитетінің жұмысын жетілдіру;



Каталог: images -> 2019-1
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
2019-1 -> «саяси қУҒын сүргін және халықтар депортациясы» студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет