Дипломат пен консулдың жеке басына қол сұҚпаушылық иммунитеті кадралиева Н. А



жүктеу 73.2 Kb.
Дата30.01.2019
өлшемі73.2 Kb.
түріДиплом

ӘОЖ 341.7
ДИПЛОМАТ ПЕН КОНСУЛДЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНА

ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚ ИММУНИТЕТІ
Кадралиева Н.А.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен екі жақты және көп жақты қарым-қатынасын жүзеге асыру мемлекетіміздің дипломатиялық қызмет органдарына жүктелген. Сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар шет мемлекеттерге ресми өкіл ретінде жіберілгенде дипломатиялық немесе консулдық иммунитеттермен артықшылықтарды пайдаланатыны белгілі. Мұндай иммунитеттер мен артықшылықтар шетелдік ресми лауазымды тұлғаларға халықаралық құқық нормаларына сәйкес беріледі, әрі бұл әуел бастахалықаралық әдет ғұрып нормаларының негізінде қалыптасып, бүгінгі таңда халықаралық шарттық нысанда бекітілген.

Дипломатиялық және консулдық иммунитеттер мен артықшылықтар екі үлкен топқа бөлінеді. Біріншісі, дипломатиялық және консулдық мекемелердің иммунитеттері мен артықшылықтары. Екіншісі, дипломатиялық және консулдық агенттерге берілетін жеке иммунитеттер мен артықшылықтар [1].

Халықаралық құқықтың қазіргі доктринасы жеке басқа қол сұқпаушылықтың мазмұнын қабылдаушы мемлекеттің билік органдары мен азаматтары тарапынан туындайтын қандай да болмасын мәжбүрлеу шараларының (күш көрсету, қамау, ұстау және т.с.с.) әсерінен босату деп түсіндіреді. Соның негізінде жеке басқа қло сұқпаушылық иммунитеті дипломат пен консулға қатысты заңдық мәжбүрлеу шараларын қолданбауға кепілдік береді және оларды мемлекеттік органдармен жеке тұлғалардан төнетін кез-келген қол сұғушылықтардан қорғауға міндеттейді. Дипломатиялық және консулдық өкілдерді қабылдайтын мемлекеттің мұндай міндеті екі түрлі сипатқа ие: біріншісі бәсең немесе белсенді емес міндет – бұл белгілі бір әрекеттерді, қамау немес ұстауды, дипломат пен консулға қатысты қолданудан тартыну; екіншісі белсенді міндет – бұл дипломат пен консулды жергілікті лауазымды және жеке тұлғалардың тарапынан болатын кез келген күштеу әрекеттерін қорғау.

Осы тұста ең алдыменен, дипломаттар мен консулдарға иммунитеттер мен артықшылықтарды, соның ішінде, жеке басқа қол сұқпаушылық иммунитетін беруді құқықтық тұрғыдан қамтамасыз еткен екі маңызды құжатты атап өту керек. Олар: 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы және 1963 жылғы консулдық қатынастар туралы Вена конвенциялары [2].

Дипломат пен консулға қатысты мұндай айырмашылықтың туындау себебі олардың атқаратын функцияларының маңыздалығында. Мысалы, дипломатқа қарағанда консулдың қызметі сауда экономикалық, мәдени ғылыми, құқықтық көмек көрсету сияқты саяси сипатпен тікелей ұштаспаған функцияларды атқаруда көрініс табады. Ал дипломат болса, өз мемлекетінің ресми өкілі ретінде қызмет етеді. Яғни, оның қызметі жалпы мемлекеттік, оның егемендігін қорғаумен байланысты болса, консулдың қызметі негізінен жеке құқықтық мүдделерді, яғни, өз мемлекетінің заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғаумен жүзеге асады. Мына жағдайаттарға назар аударған жөн: Вена конвенциялары бекітілген мемлекеттер, соның ішінде батыс елдері, консулдық қызметті дипломатиялық қызметтен бөлек қарастырған. Олар консулдық қызметтің коммерциялық сипатын, яғни мемлекеттер арасындағы сауда экономикалық мәселелерді реттейтінін басты назарға алған. Бұрынғы Кеңестер Одағы мен басқа да социалистік мемлекеттерде консулдық қызмет дипломатиялық қызметтің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылған және консулдар негізінен дипломатиялық иммунитеттерді пайдаланатын болған.

Дипломаттар мен консулдарды жеке тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз ету міндеті теорияда да, іс жүзінде де дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қалыпты қызметін қамтамасыз етудің аса маңызды шарты ретінде қарастырылады. Дипломатиялық және консулдық лауазымды тұлғалардың тиімді әрі қалыпты жұмыс істеуі олардың жеке қауіпсіздігін, қадір-қасиеті мен ар-намысын қорғауды қамтамасыз етпейінше мүмкін болмайды. Соңғы кезде терроризмнің өршуіне байланысты дипломаттар мен консулдардың өміріне, қадір- қасиеті мен ар-намысына қол сұғу тұрақты үрдіске айналып кетті. Шетелдік дипломаттар мен консулдар террористік актілер үшін оңтайлы нысанаға айналып отыр, өйткені олар өз мемлекеттерінің ресми өкілдері болып табылады және соған орай олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қол сұғылса, олар бірден көпшілік назарына ілігеді. Бұған қоса, мұндай террористік актілер меммлекет аралық қарым-қатынастарды нашарлату, екі мемлекет арасына жік салу мақсатында да жиі жасалады [3].

Терроризмнің өршуі БҰҰ жүйесінде дипломаттар мен консулдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қақарастыру қажеттілігіне түрткі болды. Тұңғыш рет бұл мәселе БҰҰ Бас Ассамблеясының XXII сессиясында қарастырылған еді. Соның нәтижесі ретінде БҰҰ ның халықаралық құқық комиссиясымен 1973 жылдың 14 желтоқсанында халықаралық қорғауды пайдаланатын тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстардың алдын алу және солар үшін жазалау туралы конвенцияның жобасын жасап шығып, оны мемлекеттердің мақұлдап, қатысуына жол ашып берді. Конвенцияда қылмыстардың атап айтқанда (өлтіру, ұрлау, шабуыл жасау және т.б.) заңдық құрылымы ашылған, оған мүше мемлекеттерге дипломаттардың жеке басына қол сұққан тұлғаларға қатысты тиісті жаза көздеу міндеті жүктелге, сондай ақ қылмыскерлерді ұстап беру мәселелері көрініс тапқан.

Сонымен қабылдаушы мемлекеттің дипломаттар мен консулдардың жеке басын жеке тұлғалардың қол сұғуларынан қорғау міндеті үш көпжақты халықаралық конвенциялармен, атап, айтқанда, 1961 және 1963 жылғы дипломатиялық және консулдық қатынастар туралы Вена конвенциялармен, сондай-ақ жоғарыда аталған 1973 жылғы конвенциямен бекітілген.

Қабылдаушы мемлекет тарапынан шет мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдерін арнайы қорғауға алу шаралары мыналардан көрініс табады:

а) халықаралық құқық бойынша арнайы қорғауға ие, басқа мемлекеттердің өкілдерінің қауіпсіздігіне қол сұғатын тұлғаларға қатысты ішкі заңнама құқығында санкция қөздейтін нормаларды көбейту мен қаталдандыру;

б) халықаралық келісімдер мен конференцияларға сәйкес жасалған қылмыс үшін жазаның болмай қоймайтындығына кепілдік беретін жүйені құру;

в) қылмыстық құқық аясындағы заңнамаларды унификациялау, бұл өз кезегінде әр түрлі елдерде көзделген қылмыстардың салдары тұрғысынан алып қарағанда «жекелеген артықшылықтарды» жоюға мүмкіндік береді [4].

Консулдық қарым қатынастар орнатқанда мемлекеттер екі жақты консулдық конвенциялар мен келімісдер бекітуді дәстүрге айналдырғаны белгілі. Ондай екі жақты конвенцияларда консулдарға берілетін иммунитеттер мен артықшылықтар жан жақты реттеледі. Тіпті консулдық құқықтық жағдайын дипломатпен теңестіретін келісімдер де кездеседі. Мысалы: 1994 жылы наурыз айының 28 жұлдызында Қазақстан республикасы мен Ресей Федерациясы арасында бекітілген консулдық келісімдегі консулдардың жеке басына қол сұқпау иммунитеті абсолютті болып табылады. Яғни, аталған келісімнің 14 бабында консулдың жеке басына қол сұғылмайтындығ және ол қандай да болмасын нысанда қамауға немесе ұсталуға жатпайтындығыы нақты белгіленген. Осындай мазмұндағы нормаларды 1992 жылы 10 тамызда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында бекітілген консулдақ шарттың 31 бабынан 1995 жылы 9 наурызда Қазақстан Республикасы мен Венгрия Республикасы арасында бекітілген консулдық конвенцияның 16 бабынан қөруге болады. Жалпы, дипломат пен консулдың құқықтық жағдайын толығымен теңестіру бұрынғы КСРО, қазіргі ТМД мемлекеттері арасында тұрақты үрдіске айналып отыр деген қорытынды жасауға болады. Ал, ТМД мемлекетерінің үшінші мемлекеттерімен бекітілген ескі жақты консулдық келісімдерінде консулдың жеке басқа қол сұқпау имммунитетін шектейтін нормаларда кездеседі. Оған мысал ретінде 1992 жылы 18 наурызда Ресей Федерациясы мен Корея Республикасы арасында бекітілген консулдық конвенцияны келтіруге болады. Оның 18 бабына сәйкес консулды ауыр қылмысы үшін құзіретті сот қаулысының негізіннде қамауға немесе алдын ала ұстауға болады. Осындай салыстырмалы құқықтық талдаудың негізінде 1963 жылғы Вена конвенциясындағы консулдың жеке басына қол сұқпау иммунитетіне қатысты нормалар бүгінггі халықараллық тәжірибеде консулдардың құқықтық жағдайына қатысты қалыптасып отырған шынайы жағдайға толықтай жауап бере алмайды деген қорытындыға келіп отыр.

Қазақстандық заңнемада мұндай норма 1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген. Атап айтқанда, 163 – бап халықаралық қорғауға ие тұлғаларға немесе ұйымдарға шабуыл жасау деп аталады. Бұл норммада қылмыстық әрекеттің субьективтік жағына аудару қажет. Дәлірек айтқанда және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне шабуыл жасау, сондай-ақ осы тұлғаларды ұрлау немесе олардың бас бостандығын күшпен айыру тексоғыс өртін тұтандыру, яғни халықаралық қатынастарды әдейі шиеленістіру мақсатында жасалған ғана қылмыскердің ерекше жауаптылығын белгілейді. Егер халықаралық қорғаудағы тұлғаларға қол сұққан адамда ондай мақсаттар болмаса, онда ол қылмыстық кодексте көзделген жалпы санкциялар бойынша жауапқа тартылады.

Дипломатиялық және консулдық агенттің жеке басына қол сұқпау иммунитетін қамтамасыз ету ең алдымен оның өзінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға бағытталған қабылдаушы мемлекеттің заңдары мен ережелерін тиісті түрде құрметтеуін, оның басқа адамдарға зиян келтіруінің алдын алу үшін оған мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттігін туындататын барлық іс әрекеттерден тартынуын қажет етеді. Теория жүзінде дипломатиялық және консулдық тұлғалардың жеке басына қол сұқпау иммунитеті оларға қарсы ешқандай мәжбүрлеу немесе күштеу шараларын қолданбауды көздесе, ал іс жүзінде, кей жағдайларда белгілі бір дәрежеде оларға күш көрсетілуі де мүмкін. Бұл, ең алдымен, жеке тұлғалар тарапынан туындауы мүмкін. Оған жеке тұлғалардың өзін-өзі қорғау мақсатында дипломатиялық немесе консулдық тұлғаға көрсететін қарсылығын жатқызуға болады. Демек, егер дипломат немесе консул жеке тұлғаға қарсы дене күшін қолданатын болса, жәбір көруші тұлғаның тарапынан көрсетілген қарсылық және соның барысында дипломат немесе консулға келтірілген дене жарақаты, яғни басқадай зиян жеке басқа қол сұқпаушылық иммунитеті бұзылды деуге негіз бермейді [5].

Консулдық лауазымды тұлғаның жеке басына қол сұқпаушылық иммунитеті оның қабылдаушы мемлекетте ауыр қылмыстық әрекетке бой алдыруына байланысты 1963 жылғы Вена конвенциясының нормаларында бекітілгенмен, олар бүгінгі обьективтік жағдайға сай келмейді деуге болады. Бұл жердегі обьективтік жағдай консулдың жеке басына қол сұқпаушылық иммунитетімен теңестіру. Бұл соңғы екі он жылдықта дипломатиялық және консулдық құқықта белең ала бастаған үрдіс. Бұған біз Қазақстанның екі жақты консулдық келісім-шарттарын салыстырмалы талдау негізінде де көз жеткіздік. Сол себептен, консулдың жеке басына қол сұқпаушылық иммунитеті дипломатиялық агенттің жеке басына қол сұқпаушылық иммунитетіне қарағанда теория жүзінде тар көлемде болғанмен, қазіргі консулдық қарым қатынастардың тәжірибесі олардың теңестірілгенін айғақтап отырғаны даусыз.


Әдебиет


  1. Андреев С. Дипломатические привилегий и иммунитеты // Международная жизнь. –М., 1986.

  2. Демин Ю.Г. Статус дипломатических представительств и их персонала.- М.: Международные отношения, 1995 г.

  3. 18 сәуір 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы.

  4. 24 сәуір 1963 консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы.

  5. Қайырбек М.Ә. Жеке дипломатиялық және консулдық иммунитеттер мен артықшылықтар.

Каталог: rus -> all.doc -> konferencii -> 11-12
11-12 -> Азаматтық ҚОҒам мен қҰҚЫҚТЫҚ мемлекеттің Қазақ жеріндегі қалыптасу жолдары көшербаев С. Б., Алимбетов А. В
11-12 -> Религиозная идеология в сознании человека
11-12 -> Әож 342: 314. 745. 22 Қазақстан республикасындағы босқындар мәселесін қҰҚЫҚТЫҚ реттеу жолдарын жетілдіру
11-12 -> Әож 940,5 (574) ТӘуелсіз қазақстан бейбітшіліктің, келісімнің ЖӘне жасампаздықТЫҢ 20 жылы
11-12 -> Әож 342. 52(574) ТӘуелсіздік жылдарындағы мемлекеттілік пен ұлттық заңнаманың Қалыптасуы
11-12 -> Кеден одағЫ: интеграция үрдісінің негізгі кезеңдерінің бірі ретінде нұрмағанбетов Е. С
11-12 -> Заңды жауапкершілік-жеке адамның,ҚОҒамның, мемлекеттің мақсат мүддесін қОРҒаудағЫ Өте күрделі, маңызды шара. Рзабай А. И. «Жамбыл гуманитарлық-техникалық»
11-12 -> Әож 343. 232 Сот төрелігіне және жазаның орындалу тәртібіне қарсы қылмыстарды дұрыс саралаудың маңыздылығЫ
11-12 -> Әож 347. 426. 42 МҮліктік емес өзіндік қҰҚЫҚтардың ҰҒымы мен түрлері
11-12 -> Жерге жеке меншік қҰҚЫҒының ТҮсінігі және жалпы сипаттамасы онғарбаева А. К


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет